Агитаева Дария Тулегеновна «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Дружба орта мектебі»



Дата07.02.2022
өлшемі23,19 Kb.
#94731
Байланысты:
ДСШ баяндама
baibaktina 6

Абай мұрасы-халық даналығы мен санасының таусылмас қайнар көзі.
Агитаева Дария Тулегеновна
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Дружба орта мектебі » ММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Менің балаларым мен ертеңгі ұрпағыма


Абайдан артық, Абайдан ұлы,
Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс.

Ұлы кемеңгер, білім, ақыл - өсиет, тәлім – тәрбие, рухани баю.


Мен қазақпын дейтін әрбір адамның жүрегінің түкпірінде Абайға деген бір жылы сезім жататыны айдан анық болар. Оның терең мағыналы өлеңдері мен әндерін, қара сөздері мен дастандарын оқып, жаттап, айтып өскен әрбір адам Абай десе елең ете қалары сөзсіз.


Қазақ елінің ақыны көп болғанымен, Абайы біреу-ақ. Абайы бар қазақ бақытты. Абайы бар ел қай халықпен де терезесі тең. Абайы бар елдің мерейі үстем.
Абай халқымыздың мақтанышы ғана емес, оның ар-ожданы, біздің ұлттық ұранымыз. Ол туралы айтылар сөз, жасалар істер әрқашанда өз арнасын табуы тиіс. Біздің ғұмырлық парызымыз: қазақ даласында өз заманының кемеңгері, халық даналығының нары болған тұлға, қазақтың ұлттық «МЕНін» әлемдік деңгейге көтерген жан Абайды алдымен өзіміз танып, сосын әлемге таныту.
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе,
Адалдықты көздесең, жаттап тағы көңілге...- деп ақын С.Торайғыров жырлағандай, Абай өмірінің шың белесіне дейінгі кезеңін білу әр қазақтың міндеті деп ойлаймын.
Қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл-ойы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің асқар шыңын бейнелейтін кемеңгері - Абай Құнанбаев. Дана ақын Абай 1845 жылы тамыз айында қасиетті Шыңғыс тауында туған. Абайдың әкесі Құнанбай өз еліне атағы шыққан аға сұлтан, зерделі, зерек, ел ағасы, ірі тұлға. Абайдың анасы - Ұлжан, әжесі - Зере.
Он үш жасында Абайды әкесі Құнанбай оқудан шығарып, ел билеу әдісін үйретеді. Жас кезінен ол өзінің зеректігімен және байқағыштығымен көзге түсті, көп оқып, әкесіне руаралық дау-дамайды шешуге көмектесті, мәселенің түп мәніне бойлауды үйренді. 60-шы жылдардың аяқ кезінен бастап Абай аздап оқыған орысшасын өз бетімен оқу арқылы дамытып, орысша кітаптарды көп оқиды. Семей кітапханасынан кейде өзі барып, кейде арнайы кісі жіберіп кітаптар алдырады. Сөйтіп жүріп, ол 1870 жылы Петербургтен жер аударылып келген жас революционер Е.П.Михаэлиспен кездеседі. Кітапханада Л.Толстой кітабын сұрап тұрған қазақы адамды көріп таңырқаған Михаэлис оған таяп келіп, жөн сұрайды. Екеуінің таныстығы осыдан басталып, кейін үлкен достыққа ұласты .
Бұл жылдары Абай орыстың ұлы классиктері Пушкин, Толстой, Лермонтовтармен қатар революционер-демократтар Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов, Салтыков-Щедрин, Некрасовтардың және Еуропаның ақын, ғалым, философтарының да еңбектерімен танысып, әдеби білімін, философиялық ой-пікірін, дүниетану көзқарасын кеңейте түседі. Абай орыс әдебиеті мен публицистикасын тек оқушы, үйренуші ғана болып қойған жоқ, оларды қазақ даласына насихаттаушы, өзінің мазмұнына түрі сай, көркем аудармалары арқылы оның идеясы мен мазмұнын да, эстетикалық қасиеттерін де қазақ оқушыларына дәл жеткізуші болды. Өзі үстем таптан шықса да, Абай бұқарашыл тілектегі халық ақыны болды. Ол шығармаларында сол халықтың мүддесін, арман мұңын жырлады. Соның жарқын болашағын аңсады. Ақын адамның адамдық қасиеті еңбекте, ғылым-білім үйренуде, адамгершілік мінез-құлықта деп ұқты. Сондықтан елін еңбекке, өнерге үндеді. Абай ойының басқа ақындардан биіктігі – ол мәселенің сыртқы жағын ғана ашып қоймай, ішкі, тереңдегі мәнін де аша білді. Дала ойшылдарының даналығын бойына сіңіріп, көшпелі қоғамның барлық артықшылықтарын қолдана отырып өз өлеңдерінде ақыл мен білімді мадақтайды, билік пен оңай олжаға жаны қас. Ал оның «Қара сөздері» әлем мен адам жанын түсінудегі баға жетпес құндылыққа айналды. Данагөй адам ретінде ол алдымен алдыңғы қатарлы далалық ой өкілдерінің бар даналығын бойына сіңірді, қазақ халқының аңыз-әңгімелерін, әдет-ғұрыптарын жақсы білді. Ал оның орыстың және батыстың классикалық әдебиеті шығармаларымен танысуы оның жадында білімнің артықшылығын түсінуін нығайта түсті. Ол қазақ халқының жарқын болашағын білімді жастардан көрді. Ол жастарды надандықтан, арсыздықтан және бетпақтықтан аулақ жүруге, нәпсінің құлы болмауға шақырды. «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»,- деп еске салады ұлы ойшыл. Ақын тек өз еңбегің мен ақылыңа сен, асыра мақтап, ішіне құлық сақтап тұратындардан сақ бол деп ескертеді. Абайдың айтуынша, тек білім мен тәрбие ғана биік шыңдарды бағындырып, табысқа апарар жолды қысқартады. Бұл үшін қазақ балаларына арнап көп мектеп салу керек, оларды мектепке беріп, олардың бір бөлігін бір түрлі мамандық алуға бағыттаса, екіншісін басқа түрлі мамандық алуға бағыттау керек. Тек білім ғана талантты жастарға өркениетті болашаққа жол аша алады. Абай даналығы – халық даналығы. Оның ішкі әлемінің көрінісі ретіндегі ойшылдың мұрасы – халық даналығы мен санасының таусылмас қайнар көзі.
Ұлы Абай – қазақ руханияты мен мәдениетінің символы . Оның ілімі халықтың рухани жаңғыруымен тығыз байланысты, ал даналығы әлі күнге дейін әр қазақтың жүрегінен орын тауып келеді. Абай шығармашылығымен танысу сананы оятып, кең әрі терең ойлауға мәжбүрлейді, жаңа көңіл-күй мен сезім сыйлайды, ақжарқын армандарға жетелейді, өз-өзіңді тану арқылы тазару мен рухани баюға итермелейді. Абай өз халқы үшін ғана емес, сонымен қоса әлемнің барлық халқы үшін баға жетпес үлес қосты. Абай даналығын терең бағалаған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кезінде Абай Құнанбаевтың мерейтойын ЮНЕСКО-ның тарихи даталар күнтізбесіне қосуын сұрап, ЮНЕСКО-ға хат жолдаған болатын. Абай мұрасы мәңгі өшпес, таусылмайтын рухани азық, мөлдір бұлақ, құнарлы нәр, асыл қазына екенін бағалаған ЮНЕСКО 1995 жылды Абай жылы деп жариялады. Елбасының парасатты ерік-жігерінің арқасында шетелдік оқырманның ұлы ақынның мұрасына деген қызығушылығын тудырып, Абайдың 150 жылдық мерейтойы әлемдік деңгейдегі оқиғаға айналды. «Абай әлемі – бізді жеті түнде адастырмайтын – темірқазық. Соған қарап тірлігіміздің дұрыс-бұрысын сараптай аламыз. Өйт­кені жанды же­гідей жеп жүрген көп сауалдың жауабын Абай әл­де­қашан айтып кет­кен»,-дей отырып, «Менің балаларым мен ертеңгі ұрпағыма Абайдан артық, Абайдан ұлы, Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс». Қаншама сыр, қаншама ой жатыр осы сөзде. «Болмасаң да ұқсап бақ»,- деген Абай атамыздың асыл сөзін еске ала отырып, болашақ ұрпағымыздың бойына данышпан бабаларымыздың асыл қасиеттерін сіңіруді, Абайдай халық қамын ойлайтын саналы азамат тәрбиелеуді қазіргі өмір талабы деп түсіну керек» деп тамаша, тұшымды ой айтқан болатын.
Абай – кемеңгер! Бүкіл халықтың бетке ұстар данышпаны. Сондай-ақ, Абай көзі тірісінде өзінен кейінгі өнерлі ұрпақты әдебиетке, поэзияға жетелеген өрелі Ұстаз, Хәкім!
Абай қазақ поэзиясын жаңа биікке көтере білді. Ол өзіне дейінгі қазақ әдебиетіндегі кемшіліктерді қайталамады. Шығыс, батыс, орыс мәдениетін өз шығармаларына үлгі етіп, сол арқылы өз өлеңдерінің сапасын жоғарылатты, ұлттық түрді сақтай отырып, оған интернационалдық нәр берді, әдебиетімізді шын өнер дәрежесіне жеткізді.
Өнер жолындағы жоғары, аса керемет жетістіктер мен ескілікті біржолата сыпырып, жаңашылдықты тарихи түрде мойындатуы және халық өмірінің ішкі дүниесін жан-тәнімен түсінуі, өлеңдерінің бай қоры Абай шығармаларының классикаға көтерілуіне, әлем әдебиеті мен орыс әдебиетінің бай қазынасынан нәрлі қорек ала білген Абай қарапайым қазақ халқын реалистік түрде жырлай бастады. Оған жұртшылыққа кеңінен танымал: «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Қақтаған аң күмістей кең маңдайлы», «Қартайдық, қайғы ойладық ұйқы сергек», «Интернатта оқып жүр» атты, сол кездегі ел басқарушылар, жыл мезгілдері, махаббат лирикасы қамтыған өлеңдері куә.
«Абай арманы – халық арма­ны... Абай мұрасы – біздің ұлт болып бір­­ле­суімізге, ел болып дамуымызға жол аша­тын қастерлі құндылық».Абай өз заманында жазып қалдырған баға жетпес мұрасы бүгінгі және келешек ұрпағымызға ақыл - өсиет, тәлім – тәрбие ретінде сабақ болады. Абай әле­мін жер-жаҺанға таныту, халық мәдениетін, бі­тім-бол­мысын, өмір-тарихын, тұр­мыс са­пасын – Абай арқылы таныту, ақынның соңында қалған шығармашылық мұралары ана тілімізде, сондай-ақ басқа тілдерге тәржімаланып, әлемдік деңгейде танылуда, зерделі зерттеу еңбектері де өз оқырманын тауып жатыр.
«Абайды қалай дәріптесек те жара­сады. Оның ғибратты ғұмыры мен шынайы шығармашылығы – қазақ халқына ғана емес, жаҺан жұр­тына да үлгі-өнеге, Абайдың адам мен қоғам, білім мен ғылым, дін мен дәстүр, таби­ғат пен қоршаған ор­та, мемлекет пен билік, тіл мен қа­рым-қатынас ту­ра­лы айт­қан ой-тұжы­рым­дары ғасыр­лар өтсе де маңызын жоғалт­пайды.
Өйт­кені ақынның мұ­расы – бүкіл адам­зат баласының рухани азығы»
Ойымды қорыта келгенде, әрқайсымыздың ішкі әлемімізде өз Абайымыз бар. Өмір баспалдағынан өткен сайын халықтың терең ойлы ұстазы, ақын, ойшыл хакім Абайдың өмірлік өсиеттері мен нақылдарына қайта оралған сайын
Сөзімнің тобықтай түйінін айтар болсам,
Бәрімізге қасиетті Абай ақын,
Оқып-біліп өзіне болдық жақын.
Жылы тиіп жүрекке өлеңдері,
Әр сөзінен ұғамыз ақыл-нақыл.
Үйретті ол ұрпағын жақсылыққа,
Қара сөзі әркімге басшы-нұсқа.
Қаншама жыл өтсе де сөзі өлген жоқ,
Өсиетін аламыз басшылыққа, - дей отырып
«Абай сөзі – қазақтың бойтұмары. Абай мұрасы- қазақтың ең қасиетті қазынасы. Заманалар ауысып, дүние өзгерсе де, халқымыздың Абайға көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қазақ елін жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді. Абайдай данышпан перзентті дүниеге әкелген қазақ халқы ата-бабаларының арманы болып келген ел тәуелсіздігін көзінің қарашығындай сақтайтындығына, қорғайтындығына сенемін. Ылайым, халқымыз Абай армандаған өмірге жетсін деп тілеймін» деген Елбасының сөзімен аяқтаймын .
ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Абай: Энциклопедия / Ред. Р.Н.Нұрғалиев.-Алматы: Қазақ

энциклопедиясы.-Алматы: Атамұра, 1995.-720 б.
2. Әуезов М. О. Абай Құнанбаев: Монографиялық зерттеулер мен
мақалалар.-Алматы: Санат, 1995.- 320 б.
3. Бақтыбаева Г.О. "Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе" //Ұлағат.-2004.-N2.-Б.27-30.
3. Жолдасбекұлы М. Елтұтқа: Ел тарихының әйгілі тұлғалары.-Астана: Күлтегін, 2001.-356 б.
4. Ысмағұлов Ж. Абай: ақындық тағылымы.-Алматы: Ғылым, 1994.-280б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет