«Дария кеуде, тау мүсін » Ізгілік сағаты Дайындағандар: Ажибекова Г. Тәрбиешілер Түркістан, 2022 ж Ізгілік сағаты: «Дария кеуде, тау мүсін »



бет1/3
Дата01.12.2022
өлшемі154,45 Kb.
#160839
  1   2   3
Байланысты:
қарттар күні


Нұртас Оңдасынов атындығы Түркістан мамандандырылған мектеп-интернат



«Дария кеуде, тау мүсін...»
Ізгілік сағаты
Дайындағандар: Ажибекова Г.
Тәрбиешілер
Түркістан, 2022 ж



Ізгілік сағаты: «Дария кеуде, тау мүсін...»
 
Мақсаты:  жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап, тыңдай білуге, халқының салт-дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу .

Кітапханашының кіріспе сөзі: Сәлеметсіздер, құрметті ақ жаулықты әжелер мен ертеңгі ұрпағына өсиет сөз, тәлім тәрбие берер ақсақалды қариялары, ұстаздар мен оқушылар! Бүгін дана халқымыздың аталы сөздерін еске түсіріп, ертеңгі күнімізге сабақ алып , бала тәрбиелеудегі әр баланың бойында сыйласымдық, мейірімділік, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету мақсатында өткізіліп отырған «Дария кеуде, тау мүсін...» тақырыбындағы ізгілікті тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Қарттар күні құтты болсын,
Қариялар, денсаулығың мықты болсын.
Отбасың, бала-шағаң аман болып,
Жастарға мызғымастай бақыт қонсын!
Сіздерді 1қазан -Қарттар күнімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларыңызға береке, бірлік, қуаныш тілейміз, балаларыңызды жақыннан көріп, немерелеріңіздің маңдайынан сипап жүре беріңіздер!
Жүргізуші: Көп жасаған қария
Ақылы теңіз дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі-соқпақ, сөзі-нәр.
Ата салты ардақты
Әрбір сөзі салмақты
Сол сөздерді ұқпасаң
Тістерсің бір күн бармақты.
Жүргізуші: Қәзіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп , көңіл аударып , жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне , еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектермен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата-әжелеріміздің еңбегі ерекше. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Қарттар-біздің асыл қазынамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет