Қазақстан республикасы мәдениет және спорт



бет14/42
Дата06.09.2024
өлшемі2,5 Mb.
#203888
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42

Әдебиеттер тізімі


  1. Journal von der Reise aus Astrachan nach Chiwah und Bucharen. Спб. 1902. 96 с., 9 б.

  2. Рычков П. Топография Оренбургская. Ч.1. Спб. 1762. 331с., 260-261

б.

  1. Паллас П.С.Путешествие по разным провинциям Российской

империи. Ч.1. Спб., 1773. 657 с., 610-612 б.

  1. Полное собрание ученых путешествий по России. Т.7. Спб. 1825. 223с., 58 б.

  2. Левшин А. Известия о древнем татарском городе Сарайчик // Северный архив. 1824. №4. С.179-190.

  3. Первые русские научные исследования Устюрта.М., 1963. – 326 с. 14-

16, 89 б.

  1. О развалинах татарского города Сараиль-Джадита // Уральские войсковые ведомости. 1867. №30. С.2-7.

  2. О развалинах татарского города Сараиль-Джадита // Уральские войсковые ведомости. 1867. №30. 6 б.

  3. Железнов И.И. Уральцы: очерки быта уральских казаков. Т.1. М.,1858. 374 с.

  4. Протокол №14. Очередное заседание (Оренбургской ученой архивной комиссии) 17 декабря 1904 г. // Труды Оренбургской ученой архивной комиссии. Вып.16. Оренбург. С.49-57].

  5. Протокол №9. Очередное заседание (Оренбургской ученой архивной комиссии) 23 сентября 1905 г. // Труды Оренбургской ученой архивной комиссии. Вып.16. Оренбург. С.271-274].

САРАЙШЫҚТЫ ЗЕРТТЕГЕН АРХЕОЛОГТАР


Б. Абдешев - аға ғылыми қызметкер, ф.ғ.к.
А.Тұрарұлы - ғылыми қызметкер,
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени
музей-қорығы РМҚК

Сарайшықты зерттеген әртүрлі саладағы зерттеушілер жалпы көп. Біз солардың ішінде қолына күрек алып Сарайшықта қазба жүргізген зерттеушілер жайлы ғана әңгімелесек дейміз.


Көпшілікке белгілі мәлімет бойынша Сарайшықты археологиялық тұрғыдан алғаш зерттегендер патшалық Ресей зерттеушілері.
Сарайшық құландысында Дерпт университетінің профессоры, химик- фармацевт Карл Христиан Гебель (Гёбель Карл Христиан Траугот Фридеман) 1834 жылы 15 мамырда кішігірім қазба жүргізгені туралы оның «Обзор путешествия в степи южной России 1834 г.» кітабынан білеміз. Бұл материалдардан Гебельдің қазбасында қыш кірпішті көрхана құрылысын ашып, онда 3 адам қаңқасы табылғанын, оның 2-ін Дерптегі остеологиялық кабинетке зерттеу үшін алғанын білдік. Көне құнды бұйымдар мен монеталар табылмаған.
Патшалық Ресей кезінде қазба жүргізген тағы бір зерттеуші, әскери топографы Алексей Ермолаевич Алексеев. Ол ескерткішке қазбаны 1861 жылы салды.Ол жергілікті қазақтардан ақылы жұмысшылар жалдап төбе үстіндегі құландыларды, склептерді қопарып, табылған бұйымдарды жинаумен айналысқан екен.Осы күнгі археологиялық методикамен алып қарағанда, бұл қазба «жабайы» сипатта болса да А.Алексеевтің қалдырған жазба мәліметтері, оның сызған қала орнының сызбасы өте құнды боп табылады. Сол кезде патшалы Ресейдің Сарайшық бекінісінде тұрған казактарда А.Алексеевтің жалдамалы жұмысшыларға жақсы ақша төлеп жатқанына қызығып, оларда қала орнының мәдени қабатын қопарып, тапқан бұйымдарын оған сатып отырған. А.Алексеев топырақ қабаттарын аршу
барысында ашылған қыш кірпіштен тұрғызылған жерлеу құрылыстарын сипаттап жазады. Көне құлпытастардағы жазуларды жариялап, Мұхамед пайғамбардың ұрпақтары саналатын қожа-сейіттердің құлпытастарын тапқан.Қала орнынан табылған тиындардың басым көпшілігі Сарай-әл- Жәдид қаласында соғылғандықтан, А.Алексеев Сарайшық құландысын сол тиындардағы жазу бойынша «Сараиль Джадить» қаласы деп қате атаған. А.Алексеевтің сызбасында Сарайшықтың толық аумағы салынған, оңтүстік- батыс жағында орналасқан цитадель орны, көне жерленімдер көрсетілген. Сонымен бірге Жайық өзені мен оның Сарайшық саласы да бейнеленген. Сызбадағы Жайық өзенінің орналасуын қазіргі күнгі өзен саласымен салыстырып қарасақ, оның 160 жыл арадағы өзгерісін байқауға болады.
76 жыл өткен соң, Кеңестік кезеңде 1937 жылы қыркүйек айында Сарайшықта кәсіби археолог Николай Константинович Арзютов 14 күндей жұмыс жасаған.Оның басты мақсаты қаланың тұрғын үйлерін табу болған. Осы мақсатпен қала орнына 13 шурф салған. Бір бақылау шурфынан 5 бөлменің сұлбасы ашылған екен. Табылған жәдігерлердің ішінде 11 тиынның оқылғаны белгілі, оның 9-ы Өзбек ханның кезінде соғылған болса, 1-і Қызыр ханның кезіне тиесілі.
Н.К. Арзютовтың Сарайшықта қазба жүргізген уақыты оның ұстазы, атақты археолог, профессор Павел Сергеевич Рыковтың саяси репрессия құрбанына айналып, тұтқындалуы кезіне сай келеді. Келесі жылы, 1938 жылы Н.К. Арзютовтың өзі де жаппай қуғын-сүргін нәтижесінде тұтқындалып, «халық жауы» ретінде жалған жаламен сотталады. Ол 1942 жылы сталиндік азаптау лагерінде қайтыс болды.
1950 жылы Әлкей Хақанұлы Марғұлан жетекшілік еткен Батыс Қазақстан-Сарайшық археологиялық экспедициясы қала орнында жұмыс жасады. Бұл экспедицияның атауында Сарайшық сөзі қосақтала жазылып, ол экспедицияның негізгі зерттеу объектісі ортағасырлық Сарайшық қаласы болғанын көрсетсе керек. Экспедиция жұмысының ғылыми есебі архивтерде сақталған, ал табылған жәдігерлер Алматы қаласындағы ҚР Мемлекеттік Орталық музейі қорына тапсырылған. Экспедиция жетекшісі Ә. Марғұлан болса, оның орынбасары археолог Героним Иосифович Пацевич болды. Сондай-ақ, құрамында археологтар Евгения Ивановна Агеева, Анна Георгиевна Максимова, суретші Павел Васильевич Агапов, фотограф Александр Александрович Попов болған.
Героним Пацевич «Қазақстанның археологиялық картасын» баспаға әзірлеуге қатысқан, қала қазу ісіне маманданған тәжірибелі археолог. Қазақстанның ежелгі тұрғындарының шаруашылығы мен тұрмысын, архитектурасын, топографиясын, құрылыс ісін қамтыған 50-ге тарта еңбектер жазды. Ол патшалық Ресей кезінде-ақ Мәскеу археологиялық институтын 1914 жылы бітірген. Г.Пацевич ІІ-дүниежүзілік соғыс жылдарында Айша бибі мен Бабаджа Хатун кесенелерін бұзып, кірпішінен монша салуға әрекеттенген әскери қызметкерлерге тойтарыс беріп, көне сәулет өнері
ескерткіштерін аман алып қалуда азаматтық ерлік жасағанын айта кету керек. Ескерткіш кірпішін бұзып алуға рұқсат еткен жергілікті басшылардың және әскерилердің қылмысты әрекеттері жөнінде Жамбыл облысы партия комитетінің 1-хатшысына, басқа да жоғары құзырлы органдарға дер кезінде хабарлап, олардың назарын аударды. Өз кәсібіне шындап берілгендігінің, азаматтық ерлігінің арқасында Тараз өңіріндегі тарихи сәулет өнерінің ХІ– ХІІ ғасырлардағы тамаша ескерткіштері – Айша бибі мен Бабаджа Хатун кесенелері біздің заманымызға аман-есен жетіп отыр.
Е.Агеева, А.Максимова кейіннен археология саласындағы Қазақстандағы мықты ғалымдар боп қалыптасқаны жалпыға белгілі. Е.Агееваның «Керамика Сарайчика» атты қыш ыдыстарға арнаған сараптамалық мақаласы да бар.
Попов Александр Александрович - бұл кісі Таңбалы петроглифтерін тауып, оларды алғаш фотосуретке түсірген адам. Көптеген археологиялық экспедициялардың фотографы ретінде қызмет еткен.
Павел Васильевич Агапов болса, «тасмола мәдениетін» ашқан атақты археолог Мир Қадырбаевпен бірге «Сокровище древнего Казахстана» атты кітап-альбомды жарыққа шығарған маман.Көптеген археологиялық экспедицияларда жұмыс жасап, көне ескерткіштердің реконструкциясын сызып, әр түрлі жәдігерлердің суретін салған мықты суретші болған.
Бұл Ә.Марғұланның экспедициясы Сарайшық қаласы аумағына 5 жерге қазба салған. Оның 3-і өзен жағасындағы жарқабақ үстінен салынса, 2-і жағадан сәл әріректе қазылған. Ол қазбалардың бірінен өндірістік кәсіпорынның құландысы табылса, екіншісінен қыш күйдіру пеші ашылған. Үшінші қазбадан әр түрлі мақсаттағы 3 пештің құландылары ашылды.
Осы 1950 жылы шілде айында Сергей Павлович Толстов жетекшілік еткен Хорезм археологиялық-этнологиялық экспедициясы, құрамында, Толстовтың орынбасары болған, архитектор М.А.Орлов бастап 15 адамдық отрядпен, 4 ГАЗ автокөлігімен Мәскеуден шығып Орал қаласына келеді. Онан әрі Сарайшық қаласы орнына келіп, ескерткіштің мәдени қабатын зерттеген. Бұл отрядтың құрамында ғылыми қызметкерлер мен тәжірибеден өтуші студенттер: Нина Николаевна Вактурская, Ольга Александровна Вишневская, Юрий Александрович Рапопорт, Р.Л. Садоков, А.Г. Тургенев- Амитаров, С.Толстовтың қызы - Лада Толстова, архитектор А.А.Сипко. фотограф Г.А. Аргилопуло т.б. жүргізушілер мен техникалық қызметкерлер болды. Бұл кісілердің бәрі кейіннен мықты археолог, этнограф ғалымдар боп қалыптасты. Отряд Сарайшықтағы жұмыстар барысында қаланың мәдени қабатын бақылап, «Сарайшықтың төменгі қабаттары ХІ ғасырдағы Хорезм мәдени қабатынан еш айырмашылық жоқ» деп түйіндейді. Осыған негіздеп, С.П. Толстов «Х-ХІ ғасырда Сарайшықты Хорезмнен қоныс аударушылар салған, ол ортағасырлық сауда қаласы Саксин болуы мүмкін» деп болжам жасаған.
Бұдан кейін түрлі жағдайларға байланысты археологиялық экспедициялар өз жұмысын ұзақ уақытқа тоқтатты. Батыс Қазақстан аймағы осылайша, Қазақстанның басқа аймақтарымен салыстырғанда, еліміздің археологтарының зерттеулерінен тыс қалды. Кейбір жекелеген ғылыми ұйымдардың талпыныстары болғанына қарамастан бұл кезде археологиялық зерттеулер өте аз болды. Бұл бір жағынан аймақтық ғылыми мектептің қалыптаспағанынан деп саналса, екінші жағынан, сол кезде Қазақстан археологиялық ғылымының негізгі тенденциясы - Орталық Қазақстанның қола заман ескерткіштері, оңтүстік-шығыс Қазақстанның ерте көшпенділер кешені және оңтүстік Қазақстанның қалалық мәдениеті айналасында өрбіді. Бұл қазақстандық археологиялық қауымдастықтың ғылыми қызығушылығы аясынан Батыс өңірдің шығып қалғанын көрсетеді. Қазақстанның көптеген аумағы еліміздің археологтарының күшімен игерілгеніне қарамастан, ұқсас зерттеулердің болмауы, біртұтас бағдарламалар болмауы салдарынан Батыс Қазақстанда біраз ғылыми-зерттеулерді көршілес ресейлік ғалымдар жүргізді.
1973-1983 жылдары, алдымен Орта Еділ археологиялық экспедициясы, кейіннен Еділ-Жайық археологиялық экспедициясы атанған ғылыми топтың мүшесі Л.Л. Галкин, ара-тұра Сарайшықта барлау-бақылау, қазба жұмыстарын жүргізіп тұрған. Оған Гурьев облыстық тарихи-өлкетану музейінен В.К.Афанасьев, Шакуров, Гурьев педагогикалық институты тарихшы студенттермен көмектесіп тұрған екен.
1983 жылы Галкиннің Жайық өзені жарқабағынан қазған қазбасынан ірі кірпіш күйдіретін пештің табылғаны бізге белгілі.
1989 жылы Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясы қайта құрылды. Экспедиция басшысы болып тәжірибелі археолог Зайнолла Самашев тағайындалды. Бұл кісі бүгінде бәрімізге таныс, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен, «Парасат» орденімен марапатталған.Герман археология институтының корреспондент-мүшесі.
З.Самашевтің жетекшілігімен 1990 жылы Сарайшықта зерттеу жұмысы жүргізіле бастайды. 1996 жылдан бастап, экспедиция жұмысы сол кездегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің вице-премьері И.Тасмағамбетовтың ықпал етуімен қайта басталған болатын.Экспедиция сол кездері Атырау облысы Мәдениет басқармасының басшысы болған Серік Мұхамбетовпен, Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Қуанғали Жұмалиевпен, Сарайшық ауылдық округінің әкімі Асқар Құрманбаевпен, Сарайшық музейін басқарған Мұстажап Намазғалиевпен, басқа да облыстағы әкімшілік құрылымдармен тығыз байланыста жұмыс жасады. Сол кездері Атырауда болған Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының Батыс Қазақстан бөлімшесі мен облыстық телевидение де экспедиция жұмысына көп көмек берді.
З.Самашев жетекшілік еткен экспедицияның құрамында Сарайшықта әр жылдары қазақ археологиясының ардагерлері ретінде белгілі т.ғ.д. Виктор
Андреевич Грошев, Бақыт Халелұлы Әділгереев, Абдықадыр Итенов, Юрий Аркадевич Мотов т.б. жұмыс істеген.
Олардан кейінгі толқын саналатын т.ғ.д. Мұқтар Қожа (Түркістан), т.ғ.к. Дөкей Талеев (Алматы), т.ғ.к. Марат Қасенов (Атырау) т.б. археологтар қазіргі күні де елімізде жемісті еңбек етуде. Олардың қатарына т.ғ.к. Мұрат Қалменов (Орал), Татьяна Лошакова (Алматы), Яна Лұқпанова (Орал), т.б. қосуға болады.
Сарайшықта әр жылдары археологтар Ойрат Ишманов, Дәулет Қожақов, Айман Досымбаева, нумизмат Евгений Гончаров, этнограф Ахмет Тоқтабай, т.б. Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясы сапында қызмет атқарды.
Олардың астраханьдық әріптесі Вячеслав Васильевич Плахов Сарайшыққа алғаш 1992 жылы зерттеу жүргізді. 1997 жылдан бастап Батыс Қазақстан экспедициясы құрамында жемісті еңбек етті. Сарайшық туралы шыққан екі монографияның авторлар құрамына кірген. Орыс география қоғамының толық мүшесі.
Бір кездері жас археологтар қатарында Сарайшықта жұмыстарын бастаған Ғ.Қиясбек, А.Чотбаев, А.Оңғар, Е.Оралбай, Ұ.Үмітқалиев, Н.Жетпісбаев, Е.Атагелдиев т.б. бүгінгі күнде еліміздің әр өңірінде археология, тарих саласында табысты еңбек етуде.
Атап айтар болсақ, Ақан Оңғар – т.ғ.к., ҚР Ұлттық музейі «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының басшысы, Ұлан Үмітқалиев – т.ғ.к., доцент, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі. Ғалымжан Қиясбек, Ерден Оралбай, Айдос Чотбаевтар Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми қызметкерлері, тәжірибелі археологтар. Нұржан Жетпісбаев – Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері боп еңбек етеді.
З.Самашев басқарған экспедиция 2009 жылға дейін кешенді қазба- зерттеу жұмыстарын жүргізді. Осы кезде көптеген қазба нысандары ашылған болатын. Өкінішке орай, Жайық өзені жағалауы бекітілмеуі салдарынан олардың біразы суға құлап кеткен.
2017 жылы Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің археологиялық экспедициясыСамашевтің жетекшілігімен Сарайшықта авариялық құтқару мақсатындағы қазба жұмыстарын жүргізді. Бұл кезде өзен жағасын бетондау бекіту жұмыстары қолға алынған болатын. Жайық өзені жағалауы аумағынан
6 жерге қазба салынды. Сол қазбаның бірінен Сарайшық цитаделінің солтүстік қақпасы анықталған болатын. 2019 жылықақпа орнының қазбасы аяқталды. 2019 жылғы қазбаны Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі мен біздің «Сарайшық» музей-қорығының мамандары бірлесе жүргізген болатын. Алдағы жылдары да Сарайшықта археологиялық зерттеулер жүргізу жоспарлануда. Жаңа зерттеулер тарихтың жаңа қырларын, жаңа есімдерді
ашатынына сенімдімін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет