Қазақстан республикасы мәдениет және спорт



бет22/42
Дата06.09.2024
өлшемі2,5 Mb.
#203888
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42

Әдебиеттер тізімі:


  1. Хайдарұлы С. Қанды асу. – Алматы: «Өлке» баспасы. – 1997. – 164 б.

  2. Халит Ақботин. Жұлдыз журналы. -1992. -№12.

  3. Табылдиев Х. Халық құрметтеген Халит. Алтын Орда // 2005. 3 маусым-9 маусым. - №22 (280)

  4. Алашорда үкіметінің 100 жылдығына және 31 мамыр саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Алаш тағылымы және Тәуелсіздік» тақырыбындағы көрме/ http://atyrau- museum.kz/index.php/kz/murazhaj-turaly/kormeler/ Пайд. уақыты: 10.05.2020



ЛЕНИН ОРДЕНДІ МЕТЕОРОЛОГ - ҒАЙНЕДЕН ЖӘЛЕКЕЕВ


А.Ж. Жұмабаев- магистр.
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы РМҚК археологы
А.Р. Салыхова- тарих пәні мұғалімі,
№24 орта мектеп, Атырау қаласы

Қазақ халқы өткеннің қадірін кәрінің райына, болашақты жастардың шырайына, заманның ыңғайына, көптің бағытына қарай таныпты. Қасиет қонған, киелі Нарын топырағынан түлеп ұшқан, ерең еңбегімен танылған тұлғалар аз емес. Өлкемізден ауыл шаруашылығының, мәдениет, білім беру саласының үздігі атанған тұлғаларды жиі естиміз. Мақаламызға арқау болып отырған Жәлекеев Ғайнеден Жәлекейұлы - өлкемізде сирек аталатын мамандық ауа-райын бақылау саласының майталманы болған азамат. Ғайнеден Жәлекейұлы - 1931 жылдың 23 тамызында қазіргі Атырау облысы, Исатай ауданы, Забурын селосында қарапайым балықшының отбасында


дүниеге келген. Әкесі - Жәлекей, анасы - Хафуза бірлігі жарасқан, татулығы кейінгіге үлгі боларлықтай 6 бала тәрбиелеген жанұя еді. Үйдің үлкені - Ғайнеден, алғашқы еңбек жолын 1951 жылы Забурын селолық ауа-райын бақылау станциясында бақылаушы болып бастады.
Ғайнеден Жәлекейұлы 1951-1954 жылдары Кеңес армиясы қатарында әскери борышын өтеді. Әскер қатарынан оралған соң 1955-1958 жылдары Забурын селосындағы ауа-райын бақылау станциясында бұрыңғы қызметін жалғастырды. 1955 жылы Ақтаева Ғайнижамалмен шаңырақ көтерді.
Кейіннен 1958-1961 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысының Чапаев ауданында орналасқан ауа-райын бақылау станциясының басшысы болып тағайындалды. 1965-1968 жылдары Өзбекстан Республикасының астанасы - Ташкент қаласындағы ауа-райын бақылау техникумын «Техник- метеоролог» мамандығы бойынша бітірді. 1961 жылдан бастап дүниеден озғанға дейін, яғни 1994 жыл арасында Исатай ауданы, Новобогат (қазіргі Қамысқала) селосындағы ауа-райын бақылау станциясының басшысы болып қызмет атқарды [2].
Жәлекеев Ғайнеден адал өлшеусіз еңбегінің арақасында бірнеше жетістіктерге қол жеткізді. Тоқтала кетсек, 1959 жылдың қыркүйек айында еңбектегі жоғары жетістігі үшін «Өз ісінің үздігі» атағы берілді. 1962 жылы Социалистік жарыстың жеңімпазы деп танылып, «Өз ісінің үздігі» атағын 2 мәрте алды. 1964 жылы Социалистік міндеттемені асыра орындағаны үшін ҚазақКСР ауа-райын бақылау орталығының «Құрмет тақтасына» ілінді. 1966 жылы КСРО-ның «Гидромет қызметінің үздігі» атанды. 1969 жылы наурыз айында Социалистік жарыстың жеңімпазы ретінде ҚазақКСР ауа-райы бақылау орталығының «Құрмет грамотасымен» марапаттала отырып, ҚазақКСР ауа-райын бақылау орталығының «Құрмет кітабына» тіркелді.
Өлке ауа-райын бақылаудағы көп жылдық еңбектегі жетістіктерін ескеріліп, 1970 жылдың тамыз айында ҚазақКСР-інің құрылғанына 50 жыл толуына орай «Мақтау грамотасымен» марапатталды. 1971 жылдың 21 шілдесінде ең жоғары марапаттардың бірі - КСРО Жоғары Кеңесінің қаулысымен «Ленин» орденімен марапатталды. Аталған марапатты Ғайнеден Жәлекейұлы 1971 жылы Ленинград қаласында өткен Бүкілодақтық метеорологтар сьезіне делегат болып қатысқанда алған [2].
Ғайнеден Жәлекейұлы өз ісінің үздігі екенін әр жылдары дәлелдеп отырды. Мысалы, 1972 жылы Социалистік жарыстағы еңбек жетістігі үшін
«Мақтау грамотасымен», 1976 жылы Мемлекеттік жоспарды асыра орындағаны үшін Социалистік жарыстың жеңімпазы деп танылып, тоғызыншы бесжылдықтың жеңімпазы деп танылып, тоғызыншы бесжылдықтың жеңімпазының төс белгісі және бағалы сыйлықпен марапатталды. Кейіннен 1982 жылы 27 қаңтарда ҚазақКСР-ы Ауа-райы бақылау қызметінің 60 жылдығына орай көп жылдық қызметі үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталады.
Жолдасы Ғайнижамалмен екеуі 6 ұл, 4 қыз тәрбилеп өсірді. Балаларынан 34 немере-жиен, 6 шөберелері бар. Ғайнеден Жәлекейұлы жапырағы жайылған, тамыры тереңге кеткен мәделі бәйтерекке теңесек қателеспеген болар едік. Себебі артындағы ұрпақтары да әке салған сара жолмен өз еңбектерінің арқасында елге елеулі, саналы азаматтар болып өскен. Қысқаша ұл-қыздарына тоқталып кетсек. Жәлекеев Қамбар (1958 ж.) - Гурьев педагогикалық институтының физика-матемика факультетін бітірген. Мамандығы - физика пәні мұғалімі. Бүгінде - Исатай ауданы, Аққыстау селосындағы Абай орта мектебінің директоры. Жәлекеев Амантай (1960 ж.) - Гурьев педагогикалық институтын тәмамдаған. Мамандығы - математика пәні мұғалімі. Қазіргі таңда Х. Ерғалиев ауылындағы Ғибатолла Мәсәлімов атындағы орта мектептің директоры. Жәлекеева Гүлбаршын (1962 ж.) - Аққыстау орта мектебінің химия-биология пәнінің мұғалімі. Жәлекеева Зоя (1964 ж.) - Атырау қаласындағы №2 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі. Жәлекеев Аманбай (1966 ж.) - Алматы қаласындағы Ішкі істер академиясын бітірген. Қазіргі таңда запастағы подполковник-зейнеткер. Жәлекеева Айсұлу (1968 ж.) - үй шаруасында. Жәлекеева Сандуғаш (1974 ж.)
- сақтандыру компаниясында қызмет атқарады. Жәлекеев Абай (1971ж.), Жәлекеев Бисембай (1972 ж.), Жәлекеев Ардақ (1979 ж) қазіргі мезгілде автокөлікті терең меңгерген әр салада тәжірибелі жүргізушілер.
Ғайнеден Жәлекейұлына Атырау облысы, Исатай ауданы, Хамит Ерғалиев ауылында орналасқан Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Х. Ерғалиев атындағы бөлімшесінде өмірбаяны жайлы стенд орналасқан. Стендте метерологтың өмірбаяны, еңбек жолы, Алматы қаласында семинарда метеорологтармен түскен, отбасы және жұмыс кезінен, әскер қатарында болған, марапаттарының фотосуреттері бар. 2003 жылы жарық көрген Исатай ауданының Шежіре кітабына енгізілген. Қорытындай келгенде, осындай қиын мамандықтың иесі, Ленин орденді метеоролог Ғайнеден Жәлекейұлына 1961 жылдан бастап, тапжылмастан 30 жылдан астам уақыт еңбек еткен қазіргі Хамит Ерғалиев ауылында ескерткіш тақта орнатып, көше атауын беруге лайықты деп санаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет