Қазақстан Тәуелсіздігінің қалыптасу тарихы. Алматы: Таймас, 2008.– 106 б.
Қазақстан халықтарының Ассамблеясы. Алматы: Эдельвейс, 2005.- 104 б.
Атырау этностары. Алматы: Тау қайнар, 2015. – 46 б.\70Б
Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мәселелері. Алматы: ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, 2010. - 11 б.
Бейбітшілік пен келісімнің формуласы: әлеуметтік бірлік және жаңғырту/ www.akorda.kz. Пайд. уақыты: 25.04. 2020 ж.
Садвокасова А. Бейбітшілік пен келісімнің 25 жылы: Қазақстан халқы
Ассамблеясы моделі. // «Қоғам және дәуір», №4, 2016. – 94 б.
Атырау облысы әкімі аппараты жанындағы Қоғамдық келісім КММ-нің ғылыми қорының материалдары
Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік белестері. Алматы: Атамұра, 2003. - 238 б.
Қазақстанның мемлекеттік этносаясаты: жаңа үрдістер //Жалпы ред.басқ. Е.Л.Тоғжанов.- Астана: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, 2011.–77 б.
КИЕЛІ ЖЕРЛЕР – ҰЛТТЫҚ БІРЛІК ПЕН ЖАҢҒЫРУ НЫШАНЫ
А.С. Омарова - тарих пәні мұғалімі,
№ 17 жалпы орта білім беретін мектеп, Жылыой ауданы, Құлсары қ.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр.
Қай халықтың болсын өзге ешбір ұлтқа ұқсамайтын бөлек болмыс- бітімін даралап, өзгеше тағдыр-талайын айқындайтын тарихи-мәдени мұралары бар. Осындай құндылықтар қатарындағы қорымдар, киелі орындарды зерттеу, зерделеу жастарды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Демек, киелі орындарды, олардың тарихи тағылымын тарихи ой елегінен өткізу, қызметтеріне нақты баға беру Отан тарихының басты міндеттерінің бірі деп ойлаймын. Менің бұл ойымды,
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы, оның аясында жүзеге асып отырған Қазақстанның мәдени мұрасының қазіргі жай-күйін зерттеу, халқымыздың бірегей ұлттық құндылықтарын әлемге әйгілеу, өзімізге таныту арқылы қазақстандық отаншылдықты тәрбиелеу, сан ғасырлық дәстүрлерді сақтау мен одан әрі дамыту жөніндегі шаралар кешені айқындайды. Сонымен қатар Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында атап көрсетілгендей «Туған жер» бағдарламасы аясында жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіру, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына сәйкес тарихи-мәдени орындарды әрбір қазақстандық білуі үшін оқу-ағарту дайындық шараларын жүргізу кешені нақтылай түспек.
Елбасы «Туған жер» бағдарламасында кіндік қанымыз тамған жеріміздің, еліміздің тарихына баса көңіл аударғаны байқалады. Онда білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізу, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіру көзделуде. Осы бағытта «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына сәйкес жәдігерлер кешенін, көне қорымдар мен киелі мекендерін және басқа да мекендерді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды меңзейді [1, 3 б.].
Қорымдар, киелі орындар өз дәуірінің «жыршылары» деуге тұратын хас шеберлер жасаған ондағы таңғажайып ою-өрнектер, келісімді таңбалар мен кескіндер – мәңгі жалғастығын үзбеген қаншама ұрпақтың көркем ойы мен тарихи жадының іздерін аңдатады. Олар әлемнің еш жерінде теңдесі жоқ дерлік «ашық аспан астындағы мұражай» іспетті. Тағылымды тарихы бар, мәуелі мәдениеті дамыған Кең Жылыойда мәдени мұралар жүздеп саналады. Жылыой ауданындағы тарихи-мәдени мұраның бүгінгі таңда 1-і республикалық, 69-ы мемлекеттік, 75-і алдын ала есепке алу тізімінде тіркелген [2, 49 б.].
Тарихи-мәдени ескерткіштер қатарынан маңызды орын алатын киелі орындарды атап айтуға болады. Өңірде киелі орындардан Ақмешіт, Ұшқан ата, Қарашүңгіл, Желтау, Ортатау, Дәден ата, Қарамола қорымдары, Қайнар, Шерліғұл, Шолабай діни-тұрмыстық кешендері, Бәли мазары және басқа да мемориалдық-рәсіми архитектура ескерткіштері кездеседі. Бұл киелі орындарда тарихи-этнографиялық жағынан құнды сағанатам, құлпытас, қойтас, сандықтас, кесенелер бар. Сонымен қатар құлпытас, қойтастардағы парсыша және ескі түркі тілідегі араб ғарпімен ойып жазылған сөздер, таңбалар сол кезеңдегі халықтыңтұрмыс-тіршілігінен мол мәліметтер берері сөзсіз. Мәселен, Ұшқан ата қорымында тарихи-этнографиялық жағынан құнды 94 құлпытас, 3 қойтас, 8 сағанатам және 1 сандықтас бар болса,
Қарашүгіл қорымында 15 дәстүрлі кесене, 10 сағанатам, 238 құлпытас, 8
қойтас, 2 сандықтас, 702 қоршау, Ақмешіт 32 құлпытастан, 2 қойтастан, 2 күмбез кесенесінен және 1 сағантамнан құралады. Ортатау қорымында барлығы 23 объекті бар. Негізінен, мұндағы құлпытастар өздерінің сан алуандығымен көзге түседі. Ондағы тас қашау өнерінің озық үлгілері, құлпытастар ортасынан бой түзеген сағанатамдар сәулет өнерінің қайталанбас туындысы деуге болады. Қайнар діни-тұрмыстық кешенінде – 2 мазар, 1 мешіт-медресе, 35 сағанатам, 75 қойтас, 350 құлпытас бар. Шолабай кешенінде сәулеттік құндылығы бар мешіт, құлпытас, үштас, сағанатам, тұрғын үй және тағы басқалары көптеп кездеседі. Шерліғұл кешенінде 1 мешіт, 2 мазар, 10 қойтас, 15 сағанатам, 50 құлпытас, 50 қоршау және 200 үстінде қабір үйінділері бар. Шерліғұл кешеніндегі қорым алуан түрлі қабір үсті ескерткіштері, архитектуралық сәулет үлгілерінің типтері, маңызды көркемөнер туындыларымен ерекшеленеді [3, 159-163 бб.].
Аталмыш киелі орындарға кезінде экспедициялық зерттеулерде жүргізілген. Оның ішінде Ұшқан ата қорымына 1979 жылы Т.Джанысбеков бастаған экспедиция, Қарашүңгіл қорымына 1989 жылы А.О. Итенованың басшылығымен «Қазреставрация» институтының сәулетшілері, 2004 жылы С.Е.Әжіғали басшылығымен Батыс Қазақстандық кешенді этноархеологиялық экспедициясы зерттеулер жүргізді. Шолабай кешенін 2004 жылы С.Е.Әжіғали бастаған Батыс Қазақстандық этноархеологиялық экспедициясы зерттеп, анықтады. Дегенмен өлкеміздегі жүргізілген бұл зерттеулер аздық етеді. Өйткені өлкедегі киелі орындар туралы деректер мардымсыз. Өлкетану сабақтарына кеңірек пайдаланатын ақпараттар жеткіліксіз. Мендегі мақсат қазіргі жүзеге асырылып отырған жоба аясында өлкеміздегі киелі орындар қайтадан зерттеліп, республикалық маңызы бар киелі орындар қатарына енгізіліп, қайта жаңғыртылып, халықтың келер орнына айналса екен деген ой. Ескерткіштердің басым көпшілігі бірнеше ғасырлық уақыт тауқыметін тартқанымен жергілікті халық арасында әлі күнге өз қадірін жоғалтпаған. Еліміздегі киелі орындардың тізімін тек ғалым, археолог, тарихшы-мамандар ғана жасамайды, бірінші кезекте оған әр өңірдің жергілікті халқы атсалысуы қажет. Себебі, әрбір нысан, қасиетті орын сол жердің жергілікті халқының өмірімен, тыныс-тіршілігімен тығыз байланысты. Қазақ халқының ұлттық санасының ерекшелігі сонда – оның өзінің туып-өскен жерін, өнген ортасын кие тұтып, қадір-қасиетін бағалай білуімен құнды.
Өлкеміз қойнауы тарихи-мәдени мұраларға лық толы, сондықтан да мынадай ұсыныс туып отыр. Отандық және шетел туристеріне өлкеміздің тарихи-мәдени мұраларын ғаламтор арқылы жарнамалап, басқа шалғайда орналасқан мәдени мұраларымызға да туристік экскурциялар ұйымдастырылса екен. Ендігі кезекте, оcы тapихи ecкepткіштepді көpкeйтe oтыpып, туpиcтік жepлepгe aйнaлдыpып, бapыншa oтaндық жәнe шeтeлдік туpиcтepгe жaғдaй жacaп, ecкepткіштepді eл экoнoмикacының көтepілуінe ceбeбін тигізуінe мүмкіндік туғызуымыз кepeк. Aлaйдa бұл мәceлeлepді шeшудe тeжeйтін біpнeшe фaктopлap бap. Oлap:
тapихи-мәдeни ecкepткіштepгe бapaтын жoл қaтынacының нaшap бoлуы;
тapихи-мәдeни ecкepткіштep қaтынac жoлдapынa жaқын opнaлacқaнымeн, oлapдың қaзіpгі жaғдaйы oтaндық жәнe шeтeлдік туpиcтepдің тaлғaмынa cәйкec кeлмeуі;
apнaйы туpиcтік бaғыттap мeн coқпaқтapдың бoлмaуы;
тapихи-мәдeни мұpaлap caқтaлғaн opындap жөніндe aқпapaттық дepeктің aздығы;
ғылыми-тaнымдық туpизмді дaмыту бaғытындaғы жapнaмaлap мeн apнaйы тeлeбaғдapлaмaлapдың нaшap жүpгізілуі;
қapжы тaпшылығынa бaйлaныcты ecкepткіштep opнaлacқaн aуылдық eлдімeкeндepде туpизм мeн дeмaлыcты дaмытуғa мүмкіндік бepeтін
инфpaқұpылымдapдың қaлыптacпaуы (қонақ үйлep, қoғaмдық тaмaқтaну, жoл қaтынacы);
ecкepткіштepді қaйтa қaлпынa кeлтіpіп, aшық acпaн acтындaғы тapихи- этнoгpaфиялық қopықтap aшу іcінe қapжының бөлінбeуі.
Зерттеу бойынша жасалынатын ойлар, тұжырымдар тәуелсіз мемлекетіміздің жас ұрпақтарының Жылыой өңіріндегі қорымдар мен киелі орындар тарихы турасында ғылыми көзқарасын қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды қадір тұту, құрметтеу секілді сана-сезімін арттыруға көмектескен болар еді. Сонымен қатар, зерттеу материалдарын Жылыой мәдени тарихына арналған оқулықтар жазуда, арнайы курстар мен факультатив сабақтарын жүргізуде пайдалануға болады.
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бес жылға жоспарланған. Яғни 2017–2021 жылдарды қамтиды. Осы аралықта әр жыл сайын бір-бір томнан барлығы бес томдық үлкен еңбек «Қазақстанның қасиетті жерлерінің энциклопедиясы» жасалады деп жоспарланып отыр. Осы энциклопедияға Жылыой өңіріндегі киелі орындар да енгізілсе екен. Қасиетті жерлерге қызығушылық танытқан адамдар табиғатты тамашалап, көңіл көтеріп қана қоймай, ел-жер көріп, тәлімдік-тәрбиелік азық алады деген сенімдемін. Қазақстандағы қасиетті жерлердің картасы жасалуда. Картаға өзіңіз іздеген, қызығушылық танытқан нысанның орналасқан жерінен бастап, тарихы, аңыз-әфсанасы, ғасыры, тіпті әлеуметтік сипаты, суреті де орналастырылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, орта мектеп оқушыларына арналған өңірлік өлкетану оқулықтары қолға алынбақ, мектеп бағдарламасына өлкетану сабағы енгізілмек.
Енді осы бір жоба бойынша қуанарлық жаңалық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Атырау облысының төрт тарихи нысаны
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының тізіміне енді. Атап өткен жөн, Сарайшық қаласының орны, Махамбет Өтемісұлының кесенесі және ауданымыздағы Ақмешіт қорымы, Ұшқан ата қорымы Қазақстанның киелі орындарының жалпы тізіміне енді. Ауданымыздағы қалған киелі орындарда тарихтан осындай орнын алса екен.
Eндeшe, тapихи-мәдeни мұpaғa жaны aшу – жac ұpпaқты, біздің әpқaйcыcымызды oтaншылдыққa, жaһaншылдыққa, шынaйы пaтpиoтизм мeн гумaнизмгe бaулудың eң тиімді, eң ықпaлды жoлы бoлып тaбылaды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айырықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» деп атап көрсеткен болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |