№1 кесте. ХІХ ғасырдың соңғы ширегіндегі Гурьев уезінің негізгі ұлттық құрамы (мың адам,-%) [3].
1870 ж.
1897 ж.
Жалпы саны
47,6
%
86,8
%
Қазақ
40,6
85,3
70,9
81,7
Орыс
7,0
14,7
14,7
16,9
Украин
-
0,1
0,1
Басқалар
-
1,1
1,3
Бұл кестеден ХІХ ғасырларда Гурьев уезіндегі халықтың құрамындағы өзгерістерді анықтау саяси эккономикалық, әкімшілік-территориялық реформалар негізінде орыс, украин, татар, болгар, неміс және т.б. ұлт өкілдерінің қоныстанғанын көрсетеді.
ХІХ ғасырдың орта кезеңінен бастап Қазақстанның әлеуметтік-ұлттық құрамына әсер еткен үлкен процестің алды басталды. Бұл шаруаларды Орталық Ресейден шет аймақтарға көшіру болды. Шаруаларды Қазақстан жеріне көшіру патшаның отарлау саясатын жүзеге асырудың негізгі тәсіліне айналған. Осы мақсатта құрылған жер қоры қазақтарды ғасырлар бойы өмір сүрген табиғи ортасынан күштеп айыру болды. Қоныс аудару жұмысын Ішкі істер министрлігі жер бөлімінің штатындағы ерекше тапсырмаларды орындайтын алты чиновник басқарып жоспарлы түрде жүргізді. Солардың нұсқауы бойынша Орталық Ресей мен Украинадан көшкен шаруалардың көптеген қоныстары пайда болды. Мысалы, 1885-1893 жылдары Ақмола облысының қазақтарынан 251779 десятина, ал Семей облысынан 33064 десятина жерді тартып алынып қоныс аударушыларға берілді. 1868-1880 жылдарда Жетісуға 3324 отбасы көшіп келіп қоныс тепті. 1896 жылға дейін Ақмола, Петропавл, Көкшетау, Атбасар, Омбы, Павлодар және Өскемен
уездерінде қоныс аударушылардың 43 болысын құрған. 1897 жылы осы қонастарда 350 мыңдай адам тұрған.
Осы кезеңде Ресей империясының ішкі губернияларынан көші-қон ағынының дамуы нәтижесінде Қазақстан халқының тез өскендігі де байқалады. Оған дәлел: Ресей империясының бірінші жалпыға бірдей санағынан кейінгі алғашқы екі онжылдықта (1897-1917жж.) Қазақстан халқының саны 4147,7 мың адамнан 5045,2 мың адамға, яғни 25,7% көбейген. Солардың ішінде қазақтар 3 млн 400 мың адамды құрады. Қалған 750 мыңдай адам басқа ұлт өкілдері болды [4.138].Ал, өлкенің демографиялық деректерінің табиғи өсу деңгейіне салыстырмалы талдау жасасақ, мыналарды аңғаруға болады. Өлкенің (1869 ж. Гурьев уезі Орал облысының құрамында болды) сол кездегі негізгі алты облысы бойынша 1897-1906 жылдарда жалпы алғанда бір мың адамға халықтың табиғи өсімі 11,3%, ал 1907-1916 жылдарда 15,3% дейін өскендігі байқалды. Ал Гурьев өлкесіндегі халқының саны 175334 мың адамды құрады. Өлкенің негізгі тұрғындары қазақтар 81,7% құрады. Ал орыстардың үлес салмағы 10,9%-ға, украиндар 1,9 %-ға өскен. Осы екі онжылдық ішінде халықтың табиғи өсімі 38,9% болған. Ал қазақтары басым облыстарда табиғи өсімнің едәуір төмен болғандығы көрінеді: Жетісуда – 25,7%, Сырдарияда-25,6%, Оралда-20%, Семейде-15,6% [5.21]. Сөйтіп, Қазақстанның байырғы халқының үлес салмағының азаюына ғасырдың басында орыстардың, украиндардың және басқа да ұлт өкілдерінің империяның ішкі аймақтарынан жаппай қоныс аударуының қатты әсер еткендігін аңғаруға болады.
Ал, жалпы алғанда ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қазақтар, орыстар, украиндар бүкіл өлке халқының 87% -ынан 95% -ына дейін құрады да, өлкеде бұлардан басқа татарлар, өзбектер, дүнгендер және басқа ұлт өкілдері қоныстанған. Тарихшы Х.Табылдиевтің зерттеуінде ХХ ғасырдың басында (1926 ж.) Гурьевте 11 ұлт өкілі тұрса, 1935 жылы олардың саны 16-ға жетті [6.89 б.].
Әйтсе де ХІХ ғасырдың соңында осы ұлан-байтақ өлкенің негізгі тұрғындары қазақтар болды. Олардың едәуір бөлігі (3 миллионнан астам) Ресейге бағынды. Қазақтар Астрахань губерниясы (210 мың), Орал облысы (412601 адам, яғни 79%), Торғай облысы (338802 адам), Ақмола облысы (341414 адам, 83%), Семей облысы (547577 адам, 90,6%), Жетісу облысының солтүстік уездері (600 мың), Сырдария облысы (730 мың), Әмудария облысы (40 мың), Самарқанд (20 мың) және Каспий сыртындағы облыстарда (40 мың) тұрды [7.19 б.].
Ерекше назар аударатын тағы бір жайт – өлке тұрғындарының 90% - ынан астамының ауылдық жерлерде қоныстануы еді. Олардың негізгі кәсібі ежелден келе жатқан мал шаруашылығы болатын. Алайда, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Патша өкіметінің қоныс аудару саясаты қазақтардың шаруашылығына орасан нұқсан келтіргені белгілі. Осы кезеңде халықтың отырықшылық жағдайға көшіп, егін шаруашылығымен
айналысушылардың қатары тез өсе бастады. Оңтүстік Қазақстанда көп ғасырлар бойы дағдыланған суармалы шаруашылық кәсібімен айналысушылар көбейді. Жалпы алғанда ХІХ ғасырдың соңында қазақ халқының 40% отаршылықта өмір сүрді. Олардың басым бөлігі егін өсірумен айналысты. Ауылда әлеуметтік жіктелу басталды. Осының нәтижесінде кедейлер саны көбейіп, ал байлардың қорлары молая түсті. Мәселен, байлар мен аса ауқатты шаруалар саны барлық қазақ шаруашылықтарының 15 пайызы ғана болса, олардың қолдарында барлық малдың 60 пайызы ғана болды.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында, әсіресе, Столыпин реформасынан кейін қоныстандыру саясаты кең қанат жайды. Тек Батыс Қазақстанда қоныс аударушыларға арнап жер қорын құру үшін 1,2 млн. десятина жер тартып алынды және бұрын қазақтардың дәстүрлі- шаруашылық экономикалық айналымға кіретін Жайықтың сол жағалауындағы территорияда 15 орыс болысы құрылды. Жалпы аймаққа 200 мыңнан артық адам қоныс аударды. Қоныс аударушылардың көптеп келе бастауы 1906-1910 жылдар аралығында еді. Бұл кезеңде жаңадан 47018 адам келіп қоныстанды, оларға 102 жер учаскесі немесе 638 мың десятина жер бөлініп берілді. Орал және Ілбішін уездерінің қазақтары солтүстіктегі шұрайлы, шаруашылыққа қолайлы жерлерінен оңтүстікке, құмды, шөлейтті жерлерге ығыстырылған болатын. Орал уезінде 54 участок жерге немесе 252429 десятина жерге 25946 қоныс аударушы келсе, Гурьев уезімен көршілес Темір уезінде 21073 қарашекпен 48 учаскені немесе 386032 десятина жерді тартып алынды. Шабындық жердің жетіспеуі, қысқа арнайы шөп жинауға мүмкіндіктің болмауы, үнемі қайталанып отыратын жұт және жайылымдық жердің одан әрі қысқаруы мыңдаған бөкейлік қазақтарды Астрахань, Самара губерниялары мен Орал облысындағы тұз кендерінде, Гурьев уезінің біраз қазақтарын мұнай, балық кәсіпшіліктерінде жалдануға немесе өз малдарын қырып алмау үшін малшы ретінде жалданып, ақы- пұлсыз шөбін шауып, малын бағуға мәжбүр етілді.
ХХ ғасырдың басындағы Гурьев уезінде 5 қазақ-орыс станциясы,
17 қазақ болысы, теңізге жақын үш кент болған. Олар Жылыой, Ракуш, Прорва кенттері. Оның аумағы 58 243,1 км2, халқының саны 119063 адамға жеткен. Каспий теңізіне жақын болыстар мен кенттерде балық шаруашылығы жақсы дамыған. [8.98 б].
Жүз мыңдаған орыс, украин, беларусь шаруаларының Сібір, Қазақстан және Орталық Азияға қоныс аударуы Ресейдің аграрлық саладағы саясатымен тығыз байланыста дамыды. Ресей самодержавиесі жер мәселесін помещик-дворяндардың пайдасына шешіп берген. Помещиктер шаруаларды
«азат ету» барысында олардың бұрын пайдаланып келген жерінің басым бөлігін тартып алынды. XIX ғасырдың соңғы ширегінде Еуропалық Ресей мен Украинадан қоныс аударушылардың келуі есебінен халықтың ұлттық құрамы өзгерді. Қазақ, қырғыздармен бірге орыстар, украиндар, татарлар,
тәжіктер, түрікмендер, башқұрттар, чуваштар, қараноғайлар, армяндар саны өсе түсті. XIX ғасырдың 70-жылдарында орыстар мен украиндар барлық Қазақстан мен Қырғызстан тұғындарының 8%-ын (246,9 мың) құрады. Бұдан барлық облыстарда жергілікті тұрғындардың бірден-бір жоғары үлес салмағын анық байқауға болады. 1897 жылы Қазақстан тұрғындарының саны
4 млн 150 мың адамға жетті. Солардың ішінде қазақтар 3 млн 400 мың адамды құрады. Қалған 750 мыңдай адам басқа ұлт өкілдері болды. Өлкенің негізгі тұрғындары — қазақтардың үлес салмағы төмендеп, 1897 жылдары шамамен 81,7%-ға жетті. Ал орыстардың үлес салмағы жоғарыда көрсетілгендей — 10,9%-ға, украиндар — 1,9%-ға өсіп, татар, ұйғыр, өзбек сияқты ұлттардың да үлес салмағы арта түсті [9.124 б.].