Қазақстан республикасы мәдениет және спорт



бет26/42
Дата06.09.2024
өлшемі2,5 Mb.
#203888
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42

Әдебиеттер тізімі


  1. Сарай Ә. Исатай Махамбет тарихы. -Алматы, 2012, «Мереке» баспа үйі», 2003

  2. Шарафутдинов З. Тастөбе соғыс. -Орал, «Полиграфсервис» баспасы, 2004

  3. Медиханов Қ. Жеті баулы беріш шежіресі. -Ақтау, «Полиграф» баспасы, 2010

  4. Атырау ақын-жазушыларының кітапханасы. Мұрат. 4-кітап. –Алматы: Арыс баспасы, 2001

  5. Құлтумаұлы Қ. Ар жақтан Тілеубай мен Шолым өткен. -Орал, «Ағартушы» баспасы, 2012

  6. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві (ҚРОМА) 4 қ., 1 т., 3751 іс.

  7. Ресей Федерациясы Орынбор облысының мемлекеттік архиві (РФ ОрОМА) 6 қ., 10 т., 7786 іс

  8. РФ ОрОМА 231 қ.,1 т., 2 іс

  9. Индер ауданы энциклопедиясы. –Алматы:«Қазақ кітабы» баспасы, 2018



ГУРЬЕВ УЕЗІ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ- ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСІ. ХІХ – ХХ ғ. І ЖАРТЫСЫ


С.К. Молдашева - магистр, оқытушы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Атырау облысына өзге халықтардың қоныстану тарихы, қазақ жерінің көп ұлтты болып қалыптасу тарихымен тығыз байланысты. Қазақстанға басқа ұлт өкілдерінің келіп қоныстануы патшалық билік тұсында басталып, кейіннен кеңестік жүйе тұсында жалғасын тапты. Қоныстандыру саясаты түрлі жағдайларға байланысты мемлекет тарапынан қолдау арқылы ұйымдасқан түрде немесе шашыранды, өз күштерімен жүйесіз түрде, қоныс аударушылардың өз еркімен немесе оларды зорлап жер аудару арқылы жүргізілді. Атырау өңірі көп ұлтты құрамы жер аударылған кулактармен, сталиндік қуғын-сүргінге ұшыраған және тарихи мекенінен қуылған
халықтармен, одақтық ведомствоаралық биліктің ұйғаруымен және басқа жақтан келушілермен толығып отырды.
ХІХ ғасырда өлке халқын қазақтармен бірге орыс шаруалары, қалмақтар, башқұрттар, татарлар құрады. 1890 жылдары Ресей мен Украинадан келген шаруалардың отарлауы күшейе түсіп, Ресейдің әскери және миграциялық экспансиясының барысында салынған бекіністердің негізінде орыстар, украйндықтар және татарлар мекендеген алғашқы отарлық қалалар пайда болды [1, 152 б.].
1870 жылы патша өкіметінің қоғамдық есеп жүргізуі нәтижесінде 1870 ж. Гурьев уезіндегі халық саны 47,6 мың адам болса, 1897 ж. Бүкілодақтық халық санағының негізінде 86,8 мың адамға өскенін байқаймыз. Бұл 1870 ж. көрсеткішке қарағанда 39 158 адамға көбейіп, 81,7%-ын құрады. 1915 ж. 125, 0 мың адам болып, 77,1%-ға теңеліп, 38 242 адамға көбейді [2. 316 б.]
Төмендегі кестеден 1870-1897 жж. аралығындағы Гурьев уезіндегі тұрғындардың құрамын салыстыруға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет