Қазақстан республикасы мәдениет және спорт



бет34/42
Дата06.09.2024
өлшемі2,5 Mb.
#203888
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   42

Әдебиеттер тізімі


  1. Бекет ата (имандылық-тағылым кітабы). Ақтөбе. 2008. - 740 б.

  2. Первые русские научные исследования Устюрта: Сборник материалов. Москва. 1963. 145 с.

ЖАЛҒЫЗ ҰШҚЫШ ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ - ХИУАЗ ДОСПАНОВА


А.Б. Сатанова - тарих пәні мұғалімі,
№13 жалпы білім беретін орта мектеп, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы.

Хиуаз Қайырқызы Доспанова 1922 жылы Атырау облысы, Құрманғазы ауылында дүниеге келді. Әкесi Қайыр - балықшы, анасы Меруерт - мұғалiм болып еңбек еткен. Хиуаз қыздың балалық шағы нәубетті жылдармен тұспа- тұс келеді. Хиуаз Орал қаласындағы жалғыз қазақ мектебіне іліге алмай, №1 орыс мектебінде білім алады. Ол мектептегі оқуымен бірге Оралдағы аэроклубта қатар оқиды. Бұл туралы ұшқыш апамыздың өзі көзі тірісінде былай деген : "Мен мектепте комсомол ұйымында қоғамдық жұмыстарға белсене араластым. Қаламызда ұшқыштар дайындайтын курс ашылған болатын. Соған оқушылар іздеп келгенде, ешкім жазыла қоймады. Мен орнымнан атып тұрып, мені жазыңыздар дедім. Содан кейін біртіндеп басқалар да жазыла бастады. Сөйтіп ойда-жоқта осы мамандықты игеруге тура келді". 1940 жылы мектепті үздік бағамен аяқтап қана қоймай, "Запастағы ұшқыш" куәлігін де қоса алады[1]. Солайша арман қуып, Мәскеудегі Жуковский атындағы әскери-әуе академиясына түспек болып келеді. Бірақта ондағылар академияға тек ерлер ғана қабылданады деген желеумен қазақ даласынан келген қыздың құжаттарын қабылдамай қалады. Алғашқы қадамы сәтсіз болса да, Хиуаз кері кетпей, Мәскеудің бірінші медициналық институтына оқуға түседі [2].


Қарапайым балықшының шаңырағында дүниеге келді. Оқушы кезінде комсомол ұйымына қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытанын Хиуаз апамыз мектеп қабырғасын аяқтарда ұшқыштарды даярлайтын арнайы курсқа жазыла бастады. Мектепті аяқтағаннан кейін № 1 Мәскеу медицина институтында оқуға аттанып кетті. Бұл оқу орнының 1-курсын аяқтар уақытта аяқ астынан соғыс басталады. Екінің бірі армандаса да, өлкеден
біреу ғана ұшқыш болады. Көк аспанның төрінде әуелеуді армандаған Хиуаз бала арманына соғыс басталғанда ғана жетті. Марина Раскова басшылық етіп, Кеңес әскеріне көмек ретінде тек әйелдерден құралған түнгі бомбалаушы-ұшқыштар полкі құрылады. Кейін жасаған ерліктеріне байланысты Қызыл Ту орденді Таман гвардиялық, 3-дәрежелі Суворов орденді түнгі бомбалаушы әуе полкі деп аталған нәзік жандылардың қатарында жалғыз қазақ қызы болып саналды. Бойы небәрі 150 сантиметр, әсем қыз Хиуаздың жасы ол уақытта 19-да еді. Жер бауырлап ұшатын ПО-2 ұшағына отырып, бомбалаушы ұшқыштардың негізгі міндеті – түн ішінде жаудың соғыс техникалары мен қару-жарақ, оқ-дәрі сақталған қоймаларын бомбалап атқылау. Күтпеген жерден жау қонысын бомбамен тұншықтыратын нәзік жандылардың полкін немістер "түнгі мыстандар" деп атады. Түн қараңғыда қоныстарына қырғидай тиетін Марина Раскова қыздарының ұшағын құлатып түсірген фашиске Гитлердің өзі темір крест беріп, аз күнге үйіне демалысқа жібруге уәде берген екен деседі. Ол кісінің кезінде апамыз Мәншүк Мәметовамен бір көшеде тұрып,
көрші болғанының өзі өмірінің естен кетпес естелік деген екен. Әйгілі болып есімдері тарихта мәңгі қалатын бір көшенің батыр қыздарында мінездерінде де, ұқсастық бар ма деп ойлап қалған. Адалдық, отансүйгіштік ,алғырлық, қайсарлық, адалдық. Бұл екеуіне ортақ қасиет болып табылады. Атақты есімдері кең тараған ұшқыш әйелдер Гризобудова, Осипенко, Расковаларға еліктеген Хиуаз Доспанова үмітті ақтаған. «Арада ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де, алғашқы әскери операцияға барғаным көз алдымда кеше ғана болғандай сайрап тұр» деген Хиуаз апа…. Дала бұл кезде түн қараңғылығы жайлаған кез. Алғашында жарық бергіш бомба тастады. Өйткені жау әскері мен техникасының қай жерде орналасқанын біліп алу үшін қажет болды. Бұл кезде төңірек жап-жарық болып қалады. Звено командирі Е. Пескова мен Х. Доспанова бұйрық түсісімен жаудың атыс ұясын бомбалай атқылады. Әрқашанда сақ отыратын жау әскері естерін жинап та үлгермеген. Сан мәрте бомбалап, даланың астаң-кестеңі шығып жатқанда ұшқыш қыздар аққан жұлдыздай көзден ғайып болып кетеді. Еі бірінші әскери тапсырманы осылай сәтті орындаған қос қыз жан-жақтан қаумалап алған майдандастарының қошеметіне емес, өздерінің осындай маңызды іске дайын екендіктерін сезініп, қуанған-ды. Ол кезде жасыратыны жоқ, Хиуаз апай соғыс жылдары тірі қалғанына қайран қалатынға ұқсаған дейді. Бұл кісінің олай дейтін жөні бар екен. Оның оғы тек жерде ғана емес, көкте де күні-түні атқылаған жаумен аспандағы шайқаста 300 рет болып қайтқан Хиуаз апай ұшақтан 14 рет құлаған. Төрт мәрте ауыр жарақат алып, есін жиысымен ұрыс даласына қайта оралып отырыпты. Бір байқағанымыз, Хиуаз жаумен шайқаста асқан ерлік көрсеткен. Ол майдандағы ерлігі үшін ол «Қызыл жұлдыз», ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталды. Ал төсіндегі «Еңбек Қызыл Ту» ордені соғыстан кейінгі жылдардағы елеулі еңбегінің жемісі болды. Ол бейбіт
өмірде көрсеткен еңбегіне де қысқаша тоқтала айта кетсек, артық болмас. Апамыз Хиуаз Доспанова «Абай» операсы мен «Шоқан Уәлиханов» драмасын сахналауға, «Медеу» спорт кешенін салуға және көптеген тарихи маңызы бар еңселі ғимараттардың құрылысына ер азаматтармен иық тірестіре жүріп араласып, көптеген игі жұмыстардың ортасынан табылған. Оның бәрі апамыздың өзі айтқандай «әрекетсіз отыра алмайтындығының» белгісі болып саналады.
Соғыс аяқталғаннан кейін лауазымды қызметтер атқарған атақты апамызға Хиуаз Доспановаға Елбасының Жарлығымен Халық қаһарманы атағы берілді. Ол 2008 жылы мамырдың 21-інде Алматы қаласында 86 жасында дүниеден өтті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет