Ғарыш әлеміне саяхат



Дата07.02.2022
өлшемі38,5 Kb.
#82606
Байланысты:
Ғарыш әлеміне саяхат 2


Ғарыш әлеміне саяхат.
Сәлеметсіз бе, Тоқтар аға? Мен арман арқалаған бала Тоқтар туралы және сіздің сынақшы-ұшқыш болуда басыңыздан өткізген қиындықтарыңыз жайлы кітаптардан көп оқыдым. Сіз туралы ата-әжемнен де қызықты әңгімелер естідім. Тоқтар аға, сіздің ұшқыш болуыңызға әкеңіз себепкер болған екен. Бала кезіңізден ұшқыш болуды армандапсыз. Бұл күнде сол арманыңыз орындалды.
Сіз –қазақтың тұңғыш ғарышкерісіз. Сіз ғарышта 7 күн 22 сағат 13 минут болыпсыз. Сіздің бойыңыздағы өмірге деген құштарлығыңыз, алға қойған мақсатқа жетуге талпынысыңыз, батылдығыңыз бен қайраттылығыңыз мені үлкен армандарға жетелейді. Менің де сіз сияқты ғарышкер болғым келеді. Аспан әлеміне ұшып, жұлдыздарды, Айды, Күнді, ғаламшарларды өз көзіммен көріп, зерттегім келеді. Тоқтар аға, хатымның соңында айтарым, мен сізді мақтан тұтамын және жақсы көремін. Қазақтың тұңғыш ғарышкері, аман болыңыз!

Қостанай облысы


Арқалық қаласы
Жалпы білім беретін № 10 орта мектебі
4 «А» сынып оқушысы
Әлім Әйгерім

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет