«Ибн Баттутаның Ұлы Жібек жолымен жасаған саяхаты: мәдениеттер арасындағы диалогтерді алға бастыру» халықаралық ғылыми конференциясының мақалалар жинағы. Атырау, 2017
Тизенгаузен В. Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды. Т.1. СПб., 1884. С.307-308
Мұқтар Ә., Сарсенбаев Е. Н.К.Арзютов Ортағасырлық Сарайшық қаласын зерттеуші // М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Хабаршысы. - 2018. №4. -279-289 б.
Маргулан А.Х. Раскопки Сарайчика. Тезисы доклада на Всесоюзном археологическим совещании 1951 г.
Жұмабаева Ж.Ж.,Кипиев М.Қ. / Ғыл. ред. Ж.К. Жұмабаева. Сарайшық – бабалар мұрасы. Сарайшық қалашығының тарихы туралы дереккөздер / Атырау: «Ағатай» баспасы, 2015. – 224 б.
Байпақов К. Қазақстанның ежелгі қалалары. – Алматы: «Аруна Ltd», 2005. – 316 б.
Тасмагамбетов И., Самашев З. Сарайчик. – Алматы: ОФ «Берг» 2001. – 320 с.
Әбіл А. Көне Сарайшық қалашығында археологиялық қазбалар қайта жанданады /url:https://sputniknews.kz/society/20170331/1898756.html. 31.05.2018
АҚМЕШІТ ҚОРЫМЫ
С.С.Сарсенова- тарих пәні мұғалімі, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы
Елімізде тарихи ескерткіштерге бай орындар аз емес.Олардың бәрі де өткен өміріміз жайлы жан-жақты сыр шертіп, әлі де зерттеліп, зерделеніп болмаған орындар.Соның бірі көпшілікке танымал және өзіндік ерекше тарихы бар қорым Ақмешіт қорымы.
Ол Атырау облысы, Жылыой ауданы, Ақкиізтоғай ауылдық округі, Ақкиізтоғай ауылынан солтүстік-шығысқа 28 км жерде орналасқан. Қазақ- станның жалпыұлттық қасиетті нысандарының тізіміне енген киелі мекен. Қорымның атауы барша қазаққа белгілі тұлға, Маңғыстауда жерленген Бекет Мырзағұлұлының (Бекет ата) есімімен тығыз байланыста айтылады, себебі ол осы қорымда XVIII ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың бас кезінде жерас- ты мешітін салған. Осыған орай, Қазан төңкерісіне дейінгі дереккөздерде қорымның атауы Ақмешіт-Бекет деп жазылды. Қазіргі кезеңде халық аузында Бекеттің әулиелілігі мен өміріне қатысты біршама аңыз-әңгімелер сақталған. Олардың негізгі бөлігі Ислам қажы Мырзабекұлының құрастыруымен 2008 жылы жарық көрген жинақта кеңінен көрініс тапқан [1]. Бекет әулиеге қатысты деректердің алды XIX ғасырдың алғашқы он жылдықтарынан бастап орыс зерттеушілерінің жазбаларында кездеседі. Мәселен, 1826 жылы полковник Ф.Бергтің Үстірт экспедициясына қатысқан жаратылыстанушы Э.Эверсман өзінің күнделігінде Бекет атаның 4 мешіт салғанын және оның біреуі Жем бойында орналасқандығын атап өтеді [2]. Шын мәнінде Бекет ата 4 мешітті салдырды, алғашқысыКұлсарыдағы Ақмешіт, екіншісі борлы жартастарда Бейнеу ауылынан 20 шақырым жерде орналасқан, оны қазір Ескі Бейнеу деп те атайды, үшіншісі Үстірт жонында Байшатыр деген жерде, төртіншісі Оғыланды шатқалында борлы жартас мүйісінде салынған. Мешітті XIX ғасырдың басында дарынды діндар білім таратушы, ислам дін маманы, ғалым мен сәулетші Бекет атаның шәкірті
Кұлшан салды.
Сондай-ақ орыс зерттеуші аталған сапарында әулиенің Оғыландыдағы мешітінде болып, оны дәулетті және діншіл Бекет деген адам салды дей келе, оның 12 жыл бұрын қайтыс болғандығын мәлімдейді. Қазіргі уақытта Бекет әулиенің 1813 жылы қайтыс болды деп жүрген мерзімі осы дерекке негіз- делініп алынса керек.
Ағартушы, абыз-көреген, сәулетші Бекет Мырзағұлұлы 1750 жылы дүниеге келіп,1813 жылы Пайғамбар жасында дүние салған. Халық оны айрықша қадірлеп, әулие тұтқан. Адай руы оның есімін өзінің ұранына айналдырған. Бекет ата 1771-1774 жылдары Ақмешітке жер асты мешітін салдырып, бала оқытқан. Бұл жерге әулиенің әкесі Мырзағұл, шешесі Жәния және бір бауыры жерленген. Ақмешіт-Кұлшан бір-бірімен үш қабатты доғамен біріктірілген берік етіліп салынған борлы құрылыстардан құрылған екі кең бөлмеден құрылған. Мешітке өту жолы тар, ұзын болып табылады, бірінші бөлмеде күндіз күн сәулесі кіретін арнайы жырық бар, осылай мешіт табиғи жарық арқылы жарықтандырады. Қабырғада арнайы қуыстар бар, бөлменің оңтүстік-шығыс бөлімінде михраб орналасқан. Михраб бұл – Меккеге бағытты көрсететін доғамен және бағаналармен безендірілген арнайы текше, имам намазын оқуға арналған бөлме, осылай ол намазды оқыған басқа адамдарың алдында болады.Бекет Атаның кіндік қаны тамған туған мекені –Ақмешітте Ата құрметіне мешіт үйі мен ата-аналарына кесене салынып пайдалануға берілді. Бұл кешеңдеп болса да жергілікті үкімет тарапынан қамқорлыққа алынып, Оғыландыдағы мешітті қайта жөндеу мен Ақмешіт кешенінің тұрғызылуы еді.
Бекет ата салған жерасты мешіті туралы толыққанды және құнды мәлімет 1851-1852 жылдары Жем өзені мен Үстірт аралығындағы зерттеу жұмысын жүргізген топограф Алексеевтің жазбасында кездеседі. Топограф Ақмешіт қорымындағы жер асты мешітін төмендегідей суреттейді.
«Қорымның өзен жақ беткейінде қасқырдың үңгіріне ұқсас, адам әзер өтетін саңылау бар. Бұл саңылау оңтүстік батысқа қарай жердің түбіне 3 саженнен (1 сажен – 2,1 метр) көп емес қашықтыққа созылып, әрі қарай диаметрі 2 ½ сажен, биіктігі 4 аршынға (1аршын – 0,7 метр) дейін баратын дөңгелек пішінді (бірінші) бөлмеге апарады. Бөлменің төбесі тегіс күмбезделген, ортасында күннің көзі түсетіндей жіңішке саңылау қалдырылған. Бөлменің кірер жеріне дейінгі екі жағында көмілген шұңқыр орындары бар. Қырғыздардың (қазақтардың) айтуынша ол тұщы су өнген құдық. Осы бөлменің оң жағында кішкентай бөлме орналасқан, оны бірінші бөлмемен есік бөліп тұр. Есікке үшкір ұшы төмен қарай қаратылған темір асатаяқ қойылған. Бірінші бөлменің оңтүстік батыс қабырғасында келесі бір есік қашап салынған, ол дөңгелек пішінді келесі бөлмеге апарады. Бұл бөлменің өлшемі алдыңғысына қарағанда үлкенірек, күмбезі жоғары қаратылып, төрт қырлы бағанамен тіреліп, ортасы ойылған. Бөлменің қабырғалары тегіс дөңгелек емес, ол 6 симметриялық қуыстардан тұрады. Оның ішінде есікке қарсы тұрғаны жалпағырақ және тереңірек болғандықтан татар мешітіне ұқсайды. Бөлмеде еден жоқ, қабырғалары тегіс емес болғанымен де, дұрыс жасалған. Үңгіп салынған мешіттің жері мықты бордан тұрады. Мешіттің бетінде, яғни үстінде бордан екі немесе үш төмпешік үйілген, ол қайтыс болған қырғыздардың (қазақтардың) қабірі секілді. Үйіндіге бірнеше ағаш сырықтар қадалып, оған киімнен жыртылып алынған шүберектер мен жыл-
қының қылы байланып, сүйектер үйілген». Топограф бұл әрекеттің барлығын көшпелілердің киелі орынды құрметтеу бағытында жасаған діни қадамы деп түсіндіреді.
Енді бір деректерде Үстіртте болған экпедиция мүшесі А.О.Дюгамель Ақмешіт хақында мынадай дәйектеме жазады: «Ақ бор төбенің бетіндегі қасқырдың үңгіріндей тесікке бір адам зорға сиып, үш құлаштай үңгірмен жүргенде, ені екі жарым, биіктігі кісі бойындай, дөңгелек киіз үй пішініндегі сағана тамға кіреді». Сыртта құдығы бар.
Бекет ата өзінің бос уақытын ер балалардың татарша сауатын ашуға және имандылыққа тәрбиелеуге арнап, қалған мезгілін мешітте намаз оқуға жұмсаған. Сонымен қатар Бекет кей жылдары Ақмешітте бір күнге жетер тамағымен қыстауға да қалған. Дегенмен, Үстірттен келген ағайындары оны келесі жылы аман-есен және жүдеп-жадамаған кейіпімен көргенде таң- даныстарын білдірген. Бекет атаның өміріне қатысты көп аңыз-әңгімелерге орай әулие санаған.
Ақмешітке халық зиярат етіп түнемелікке келіп тұрады. Кесенелер, мешіт, түнек үйі, ас үй, қонақ үйі салынған. Шырақшы әулиенің жетінші ұрпағы Ислам Мырзабекұлы. Атаның жетінші ұрпағы Ислам Мырзабекұлы 1945 жылы Түрікменстан, Ташауыз облысы, Ақтөбе ауданында туған.Мамандығы- педагог.
1982 – 1992 жылдары Маңғыстау облысы Бейнеу ауданына қоныс аударып, Бейнеу ауданы мектептерінде мұғалім, мәдениет үйінің директоры, ауданы оқу бөлімінің инспекторы болған.1996 жылдан бері Ақмешітте имам. Бекет ата туралы шыққан бірнеше кітаптың авторы.
Осы орайда 10 «б» сынып оқушысы шәкіртім Талғатова Баянсұлу Ақмешіт қорымының макетін жасап, аудандық сайыстан 1- орынды иеленді. Оқушым өзінің макетін дайындар алдында, Ақмешітке барып, өз көзімен көріп, мешіт жобасымен танысып қайтқан болатын.
Шәкіртімнің салған макетінде Ақмешіт маңы көгалдандырылған, авто- көлік тұрақтары бар, мұражайда Бекет әулиенің ұстап-тұтқан заттары сақталып, түнекке келген қонақтарға арнайы қонақ үй салынған.
Қорытындылай келгенде, Ақмешіт тарихи- мәдени кешені болашақта терең насихатталып, жастарымыз осындай тарихи- мәдени кешен бар екенін білсе дейміз.