Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасы Астана 2015 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ»



бет15/16
Дата25.01.2017
өлшемі3,58 Mb.
#7792
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Русский язык

(для дошкольных организаций с казахским языком воспитания и обучения)
Воспитание звуковой культуры речи.

Развивать голосовой и артикуляционный аппараты, речевое дыхание, чёткую дикцию.

Использовать игровые упражнения для развития правильного произношения русских звуков.

Словарная работа.

Расширять кругозор детей, читая сказки, рассказы, обсуждая поступки героев мультфильмов. Учить называть группы предметов ближайшего окружения; признаки времен года и отдельные явления природы; предметы по величине и по цвету.

Обучать прямому и обратному счету до десяти.

Формирование грамотной русской речи.

Развивать умение детей употреблять в речи имена существительные единственного и множественного числа, правильно ставить ударение при произношении слов.

Обучать составлению предложений из 4-5 слов.

Формировать умение понимать и применять знакомые слова в повседневной жизни.

Развитие связной речи

Учить понимать и использовать в речи русские слова и выражения, четко произносить их на русском языке с правильным ударением.

Совершенствовать умения задавать элементарные вопросы и отвечать на них.

Учить рассказывать о себе, о родителях, называть домашний адрес.

Разучивать с детьми стихи, песни, поговорки и пословицы на русском языке.
Ожидаемые результаты:


  • правильно произносит свистящие, шипящие(ж,щ,с,з) и сонорные (р, л) звуки русского языка;

- понимает и применяет знакомые русские слова и выражения в повседневной жизни;

- умеет правильно ставить ударение в словах при произношении;



  • называет предметы близкого окружения; признаки времен года и отдельные явления природы;

- знает прямой и обратный счет до десяти на русском языке;

- задает вопросы и отвечает на русском языке;

- умеет рассказывать о себе, о родителях, называть домашний адрес;

- рассказывает стихи, поговорки и пословицы на русском языке;

- составляет короткие рассказы по картинке, по наблюдениям на экскурсии.
II полугодие

Воспитание звуковой культуры речи.

Постоянно упражнять в произношении изученных звуков русского языка через игры и упражнения.

Продолжать развивать голосовой и артикуляционный аппараты, речевое дыхание, чёткую дикцию.

Продолжать расширять и обогащать у детей словарный запас русской речи; упражнять в умении называть группы предметов ближайшего окружения; признаки времен года и отдельные явления природы.

Упражнять в умении считать в прямом и обратном порядке до десяти.

Закреплять умение называть некоторые свойства и цвета предметов.

Формировать умение понимать и применять знакомые слова в повседневной жизни.

Развивать грамотную русскую речь.

Продолжать упражнять в умении составлять словосочетания (существительное и прилагательное, существительное и наречие); правильно ставить ударение в словах при произношении.

Употреблять в речи имена существительные единственного и множественного числа; составлять предложение из 4-5 слов. Формировать умение понимать и применять знакомые русские слова в повседневной жизни.

Совершенствовать умение слушать и понимать русскую речь; четко произносить слова и правильно ставить ударение.

Продолжать упражнять в умении задавать элементарные вопросы и отвечать на них; составлять короткое описание предмета из 2-3 предложений; рассказывать о себе, родителях, называть домашний адрес.

Закреплять умение вести элементарный диалог; составлять короткие рассказы по картинке и по наблюдениям. Совершенствовать элементарную разговорную речь.

Продолжать разучивать стихи, песни, поговорки и пословицы на русском языке.
Ожидаемые результаты:


  • произносит четко звуки и слова на русском языке;

  • рассказывает о себе, родителях, называет домашний адрес;

  • отвечает на вопросы, составляет предложения из 4-5 слов;

  • употребляет в речи имена существительные единственного и множественного числа;

  • умеет правильно ставить ударение в словах при произношении;

  • знает прямой и обратный счет до десяти;

  • называет группы предметов ближайшего окружения; признаки времен года и отдельные явления природы;

  • отличает признаки предметов по величине, цвету и называет их на русском языке.

  • умеет вести элементарный диалог;

  • рассказывает сказки, наизусть читает стихи, поговорки и пословицы на русском языке;

  • составляет короткие рассказы по картинке, по наблюдениям на природе.


«Таным» білім беру саласы
«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны:

- қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру;

- құрастыру;

- экология негіздері;

- қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде жүзеге асырылады.

Мақсаты: коммуникативтік-танымдық қабілеттіліктерін, математикалық ойлауын қалыптастыру.

Міндеттері:

- зейін, ес, түйсік, қабылдау, шығармашылық қабілеттерін, қиялын, ойлау вариативтілігі сияқты танымдық процестерін дамыту;

- ақыл-ой әрекетінің (талдау, жинақтау, салыстыру, қорыту, топтастыру, үлгі жасау, құрастыру, байланыстың себеп-салдарын орнату) тәсілдерін үйрету, қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру;

- табиғат әлеміне танымдық қызығушылықтарын, табиғаттың тірі нысандарына эмпатия сезімін, қоршаған ортаға қатысты өзінің кейбір іс-әрекеттерінің қарапайым салдарын көре білуін дамыту.


І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Жиынтық. Санның белгілі бір заттың өлшемін көрсететін көрсеткіш екендігі жайлы түсінігін қалыптастыру. Жиынтық сапасы бойынша әртүрлі элементтерден құрастыруылуы мүмкін екендігін жаттықтыру. «Бір» деген ұғымның бір ғана заттың санын ғана емес, сонымен қатар бүтін бір топтың жиынтығын да білдіретіндігін ұғындыру.

Сан және санау. 6 саны көлеміндегі сан мен цифр туралы ұғымдарын қалыптастыру, оларды тану және атай білуді үйрету. Көрнекі негізінде 2,3,4,5,6 санының пайда болуымен таныстыру. 7 көлеміндегі санды тура және кері санауға үйрету. Сөйлеуде математикалық терминдарды қолдана білу қабілеттілігін қалыптастыру. 7-ден 10-ға дейінгі сандар мен цифрлар туралы ұғымдарын қалыптастыру, оларды тану және атай білуді үйрету. Көрнекі негізінде 7,8,9,10 сандарының пайда болуымен таныстыру. 10 көлеміндегі санды тура және кері санауға үйрету.

Көлем. Заттардың (5 және одан артық) ұзындығын, биіктігін, ені мен жуандығын белгілеу білуге үйрету, заттарды көлеміне қарай өсу және кему ретімен орналастыру. Көлемі бойынша заттардың арасындағы қатынастарды білдіретін математикалық терминдерді қолдану.

Геометриялық пішіндер. Шеңбер және тіктөртбұрышпен салыстыру арқылы сопақшамен таныстыру. Геометриялық пішіндер (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) мен денелерді (шар, куб, цилиндр) дұрыс атап оларды бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру.

Кеңістікті бағдарлау

Кеңістікті бағдарлау туралы білімдерін бекіту. Қағаз бетінде бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру.

Уақытты бағдарлау

Уақытты бағдарлау туралы білімдерін бекіту. Таңертең, күн, кеш, түн мезгілдері тәулікті құрайтыны туралы ұғымдарын қалыптастыру. Апта күндерін, жыл мезгілдерін атау кезінде оларды ретімен дұрыс айта білуге үйрету.

Салмақты бағдарлау. Зат өлшемін анықтай білу сезімдерін дамыту («салмақ сезімі»), заттардың салмағын өлшеміне қарай тең және тең еместігін алақанына салып өлшеп, анықтауға үйрету.


Күтілетін нәтижелер:

  • жиынтық сапасы бойынша түрлі элементтерден құралатыны туралы және бір сөзінің мағынасын біледі;

  • 10 көлеміндегі санды тура және кері санауды біледі;

  • 5 және одан артық заттардың көлемдік қатынастарын анықтай біледі;

  • геометриялық пішіндерді таниды және атайды;

  • қағаз бетін бағдарлай біледі;

  • апта күндерін, жыл мезгілдерін ретімен атайды.

ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ


Жиынтық. Жиынтық және оның құрамы арасындағы қатынастарды орната білуді жаттықтыру; бүтін өзінің бөліктерінен үлкен екендігін, бірдей сандардың өзара бірыңғай сәйкес екендігі туралы түсінік беру.

Сан және санау. 10 саны көлеміндегі сандар мен цифрлар туралы ұғымдарын қалыптастыру, оларды танып және атай білуге үйрету. 10 көлеміндегі санды тура және кері санауға жаттықтыру.

Теңдік туралы ұғымдарын қалыптастыру, топтағы әр түрлі заттардың тең мөлшерін анықтай білуге үйрету, топтарды санау мен салыстыру арқылы санның мағынасын дұрыс жалпылау. Санды түсінуді (сан заттың көлеміне, ара қашықтығына, орналасу кеңістігіне және санау бағытына оңнан солға, солдан оңға байланысты емес екендігін) бекіту.

Заттарды бірнеше бірдей бөлікке бөлуге болатыны туралы түсінікті қалыптастыру, бұл бөліктерді атап, бүтін мен бөліктерді салыстыруға үйрету. Бүтінді түсінуге баулу (бөліктен бүтін үлкен, ал бөлік бүтіннен кіші).

Қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды шеше білуді бекіту.

Көлем. Шартты өлшемнің көмегімен екі заттың көлемін салыстыруға үйрету. Арнайы ұйымдастырылған жағдайда заттардың ұзынырақ (қысқа), жоғары (төмен), кең (тар), қалың (жұқа) үлгісінде және оларға тең екендігін табу білуге үйрету. Баланың көзбен өлшеуін дамыту.

Геометриялық пішіндер. Айналасына қарап геометриялық пішіндерді табу, олардың пішіндеріне талдау жасай білуді қалыптастыру. Геометриялық пішіндер мен денелерді атап, ажырата білуге жаттықтыру.

Кеңістікті бағдарлау. Заттың қай жерде, қалай, өзіне немесе қай затқа жақын орналасқандығын ауызша жеткізе білу шеберлігін қалыптастыру. Белгілі бір бағытта келе жатып, белгі бойынша бағытын өзгерте білуге жаттықтыру.

Қағаз бетінде бағдарлай білуді бекіту.

Уақытты бағдарлау. Түрлі жағдайларды, аптаның қай күні, тәуліктің қай мезгілі екенін реттілік туралы білімдерімен бекіту.

Салмақты бағдарлау. Заттың салмағын таразының көмегімен өлшеу дәлірек болатынын түсіндіру. Дүкенде қолданылатын таразы туралы ұғымдарын қалыптастыру. Заттың салмағын өлшеуге қызықтыру.

Өтілген материалды тараудың негізгі бағыттары бойынша бекіту.


Күтілетін нәтижелер:

- жиынтық сапасы бойынша түрлі элементтерден тұратынын, бір заттан, сонымен қатар, тұтас топтан құралатыны туралы біледі, оның құрамдас бөліктерін бөледі;

- 10 саны көлеміндегі сандарды тура және кері санауды біледі;

- қарапайым мысалдар мен тапсырмалар орындайды;

- заттардың мәні және көлемі бойынша ара қатынастарын көрсететін математикалық атауларды қолданады;

- заттарды бірнеше бірдей бөлікке бөледі, бүтін мен бөліктерді салыстырады;

- шартты өлшемнің көмегімен түрлі көлемдегі заттарды өсу (кему) мөлшерін ретімен салыстырады;

- геометриялық пішіндерді және денелерді атайды және оларды бір-бірінен ажыратады;

- бір заттың екінші затқа қарағандағы орнын, заттар мен адамдар арасындағы өзінің орнын сөзбен анықтайды және белгілейді, қағаз бетінде бағдарлай алады;

- түрлі жағдайларды ретімен орналастыра біледі, тәулік бөліктерін, апта күндерін, жыл айларын атайды;

- заттарды өсу және кему ретімен орналастыра отырып, салмағы бойынша анықтайды, заттың салмағы оның көлеміне байланысты емес екендігін біледі.


І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ

Құрастыру

Құрылыс материалдары мен конструктор бөлшектерінен құрастыру. Құрастыру бөлшектерінің негізгі бөліктері мен оған тән бөлшектерін білу.

Дағдыларын қалыптастыру:

- болашақ құрастыруды талдай білу, оларды орындау реттілігін белгілеу және оның негізінде нысан жасау;

- көлемі бойынша әр түрлі бір немесе сол құрастыруларды жасай білу;

- ұжымдық құрастыра білу;

- түрлі үйлестіру арқылы сіріңке қораптарынан ұсақ-түйек құрастыру.

Үлкен емес жазықтықты үлкен етіп біріктіру, кірпіштердің, қырлы бөренелердің араларын бірін-біріне жиі қойып құрылысты берік ету, биіктігі қиын құрылысты бөлу сияқты құрастырудың жаңа әдістерін меңгерту.

Қағаздан құрастыру. Қағазды ортасынан, төртке бөліп бүктеу, түрлі бағытта, тегістеп бүктей білуге үйрету. 16 бірдей бөлікке қиғаштай бөлінген (бұрыштарының басын дәл қосу) ұсақ-түйектерді дайындауда шаршы қағазын бүктеу іскерліктерін қалыптастыру.

Табиғи және қалдық материалдардан құрастыру.

Табиғи және қалдық материалдардың түрлерімен таныстыру.

Табиғи материалдардан ұсақ-түйектер дайындай білуге үйрету.


Күтілетін нәтижелер:

- құрылыс материалдарының негізгі бөлшектерін атайды және ажырата біледі;

- көлемі бойынша әртүрлі құрастырулар жасай біледі;

- ұсақ-түйектер жасау кезінде шаршы қағазды бүктей біледі;

- түрлі материалдардан заттарды құрастыра біледі, олардың атауларын біледі.
ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ.

Құрылыс материалдары мен конструктор бөлшектерінен құрастыру. Берілген тақырып бойынша сөзбен сипаттау, сурет, фотосурет бойынша құрылыс салуға үйрету.

Өз құрылысын талдай білуді бекіту және талдау негізінде құрылымдық шешімдер табу, оларды құру кезеңдерін жоспарлау.

Қағаздан құрастыру. Қағаз цилиндрлерден, оларды қосу әдісімен жануарлардың, адамдардың пішіндерін жасай білуге үйрету. Пішіндердің түрлі күйлері мен қалыптарын бере білуді, оларды күрделі емес композицияларға біріктіруді қалыптастыру. Ұжымдық мазмұнды құрастыруға қозғау салу. Шығармашылық ойлауды және қиялдауды дамыту. Қағазды қатпарлап бүктеуге және симметриялық пішіндерді кесуге, қағаздан құрастыру әдістерін қолданып көлемді формадағы жазық материалды өзгерте білуді бекіту.

Дайын пішілген кескіндермен жұмыс жасау, күрделі емес сызба сызу, қайшымен нұсқаны тілік етіп кесу мен ойып ала білуді қалыптастыру.

Табиғи және қалдық материалдардан құрастыру. Табиғи материалдарды мақсатты пайдалана білуді бекіту. Табиғи және қалдық материалдармен жұмыс кезінде өз қызметін жоспарлау дағдыларын жетілдіру; мақсатты түрде, өз бетімен, шығармашылық жасай білу. Шығармашылық қиялын, ұсақ-түйек заттар жасауды көрнекіліктерді қолдану арқылы және ойдан шығару, өзінің көз алдына елестету арқылы жасай білуді дамыту.

Ұсақ-түйектерді толықтыру және артықтарын ала білуге үйрету.
Күтілетін нәтижелер:

- құрылысты талдайды, сындарлы шешім табады;

- дайын бөлшектерден шарты бойынша, өз ойынша құрастырады;

- ұжыммен жұмыс жасай біледі;

- жазықтық қағаз пішіндерді көлемді пішіндерге өзгерте біледі;

- құрал-жабдықтарды дұрыс пайдаланады, атқаратын міндеті бойынша қолданады, еңбек мәдениетін, жұмыс орнындағы тәртіпті сақтайды;

- қалдық және табиғи материалдардан құрастыра біледі;

- нәтижеге жету үшін түрлі құралдарды қолданады.
І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Экология негіздері

Өлі табиғат заттары мен құбылыстары. «Өлі табиғат» туралы түсінік беру, өлі табиғат заттарын адам қолымен жасалған заттардан ажырата білуге үйрету. Табиғи құбылыстар туралы білімдерін кеңейту.

Табиғаттағы маусымдық өзгерістер. Табиғаттағы маусымдық күз мезгіліндегі өзгерістерді бақылап, ерекшеліктерін ажыратып айта білуді үйрету.

Өсімдіктер әлемі. Жақын маңда орналасқан ағаштар, бұталар, шөптер туралы ұғымдарын бекіту. Ағаштар мен бұталардың бірнеше түрін ерекше белгілеріне қарап ажыратып, атай білуге үйрету.

Жемістер мен көкөністер туралы түсініктерін кеңейту. Оларды ажыратып, бөлек топтастыруға, аттарын дұрыс атай білуге үйрету.

Өсімдіктердің тірі табиғатқа жататындығын, оған да басқа тірі денелер сияқты өсіп-жетілуі үшін арнайы жағдайлар керек екендігін түсіндіру. Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызын түсіндіру.

Жануарлар әлемі. Жабайы аңдардың тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту. Күз кезеңінде аңдардың сыртқы келбеті мен тіршілігінің ерекшеліктерін сипаттап атай білуге үйрету. Қыстап қалатын және жыл құстары туралы ұғымдарын қалыптастыру. Оларды белгілеріне қарай ажырату және қыстап қалатын, жыл құстары деп атай білуге үйрету.

Табиғат бұрышындағы жануарлар тіршілігімен, ондағы объектілерге қажетті құралдармен таныстыру. Балалармен бірге табиғатты бақылау күнделігін толтыру.

Табиғат аясында өзін-өзі ұстау ережесі.

Жануарлар мен өсімдіктердің барлық түрлерін сақтаудың қажеттілігінің себептерін түсіндіру. Табиғат аясында өзін-өзі ұстаудың қарапайым ережелерін сақтауды үйрету.

Тірі табиғат бұрышындағы жануарлар мен өсімдіктерді күту ережелерімен таныстыру. Оларға қамқорлықпен ұқыпты қарауға үндеу.
Күтілетін нәтижелер:


  • өлі табиғатты кейбір құбылыстарын біледі;

- табиғаттағы маусымдық өзгерістерді атай және ажырата біледі;

- ағаштардың, бұталардың, өсімдікті шөптердің бірнеше түрлерін атайды және ажыратады;

- өсімдіктердің өсуі үшін қажетті жағдайларды біледі;

- үй және жабайы жануарлардың, жәндіктердің, балықтардың, жануарлар және құстардың бірнеше түрлерін атайды және ажыратады;

- табиғатта өзін-өзі ұстаудың қарапайым ережелерін біледі;

- тірі табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларды күтудің қарапайым дағдыларын игерген;


II ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ

Өлі табиғат заттары мен құбылыстары. Судың үш қасиеті туралы білімін бекіту. Көмір, құм, балшық, мұнай, гранит сияқты табиғаттың материалдарымен және олардың қасиеттері мен қажеттіліктерімен таныстыру. Оларды ажыратып, атай білуге үйрету.

Табиғат құбылыстары туралы білімдерін кеңейту.

Табиғаттағы маусымдық өзгерістер. Қыста өлі және тірі табиғат нысандарын бақылау дағдыларын бекіту. Табиғаттағы көктемдегі маусымдық өзгерістерді таныстыру.

Өсімдіктер әлемі. Өсімдіктердің көбею жолдарымен, өсімдіктердің дұрыс жетілуіне кері әсер ететін жағдайлармен таныстыру.

Балалар бақшасының аумағындағы және қоршаған ортадағы өсімдіктер туралы білімдерді, оларды ажыратып айта білуді бекіту.

Кейбір дәрілік өсімдіктер түрлерімен және олардың емдік қасиеттерімен таныстыру. Өсімдіктердің әртүрлі жерлерде өсетіні туралы түсініктерін қалыптастыру. Жидектер мен саңырауқұлақтардың кейбір түрлерін ажырата білу және айтуға үйрету. Аймақтың табиғат ерекшеліктеріне тән өсімдіктері туралы түсініктерін қалыптастыру.

Жануарлар әлемі. Көктем-жаз маусымдық кезеңінде аңдардың тіршілігі туралы ұғымды байыту. Кейбір жәндіктердің түрлері мен тіршілігі, олардың мекендейтін жерлері туралы түсініктерін қалыптастыру. Қазақстанды мекендейтін жабайы аңдармен олардың сыртқы келбетімен, мекендейтін жерімен таныстыру.

Жыл құстарын ажыратып, атай білуге үйрету. Қазақстандағы жыл құстары туралы ұғымдарын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:

- «тірі» және «өлі» табиғат ұғымдарын ажыратады;

- тірі және өлі табиғат объектілерін, табиғаттағы маусымды өзгерістерді атайды және ажыратады;

- ағаштардың, бұталардың, шөптердің, гүлдердің, саңырауқұлақтардың, көкөніс пен жемістердің, дәрілік шөптердің бірнеше түрлерін атайды және ажыратады;

- өсімдіктердің өсуі үшін қажетті жағдайларды, олардың көбеюінің бірнеше тәсілдерін біледі;

- адам үшін өсімдіктің мәнін зердесіне жеткізу;

- үй және жабайы жануарлардың, қыстайтын және жыл құстарының, жәндіктердің, балықтардың, жануарлар және құстардың бірнеше түрлерін атайды және ажыратады;

- жануарлар өмірінің күзгі, қысқы және көктемгі-жазғы кезеңдері туралы ұғымның болуы;

- табиғатты қорғауда шамасы келгенше көмек көрсетеді;

- табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға өзбетінше күтім жасайды;

- жердегі барлық тіршілік иелерінің өзара байланысын сезінеді, қоршаған ортаға өзінің кейбір іс-әрекеті арқылы әсер етудің қарапайым салдарын көре біледі.
І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның отбасы, үйі.

Туыстық байланыс, өзінің жасын, толық аты-жөнін, тегін, ата-анасының, отбасы мүшелерінің аты-жөнін, балабақша, топ атауын, нөмірін айта білу, үйден балабақшаға дейінгі жолды анықтау туралы түсініктерін қалыптастыру.

Балаларда өз ата-тегін (жеті атасын) білуге деген қызығушылықты дамыту. Баланың өзінің әке-шешесіне, туысқандарына сыртқы ұқсастықтары бар екенін көре білуге үйрету. Балаларда өз отбасының мүшелеріне қамқорлық білдіру ниетін, үй тапсырмаларын орындау, өзінің адал тілектерін отбасы мүшелеріне сөзбен айта білуді тәрбиелеу.

Заттар әлемін меңгеру, кеңістікті бағдарлау.

Заттар, олардың белгілері мен ерекшеліктері туралы ұғымдарын қалыптастыру. Балаға таныс емес заттар мен олардың атқаратын қызметін түсіндіру. Заттардың қандай материалдан жасалғандығын анықтап, сипаттама беріп, оның сапасы мен ерекшелігін дұрыс анықтай білуге үйрету.

Айналадағы заттар, құрылыс материалдары арасындағы міндет пен байланысты, оның неден жасалғандығы туралы түсінік беру.

Балабақша жақын орналасқан шағын ауданда, балабақша ауласында еркін бағыт-бағдар ұстай білу іскерліктерін жетілдіру.

Көлік, байланыс құралдары.

Көлік құралдарының көп түрлілігі, белгілі жұмыс түрін орындау үшін олардың жабдықтары жайлы түсінік беру.

Телефон, компьютер, теледидар, радионың қызметтерімен, оларды қолданудың бірнеше қарапайым ережесі туралы білімдерін бекіту.

Ересектердің еңбегі.

- әр түрлі мамандық иелері туралы;

- еңбектің ерекшеліктері, маңызы және сипаты туралы;

- балабақша қызметкерлерінің еңбегі туралы ұғымдарын қалыптастыру.

Өз ата-анасының еңбегі туралы еңбек процесстері туралы білімін қолдана білуге, адамдардың еңбектеріндегі өзара байланыстарды байқауға үйрету. Айнала қоршаған заттар, ойыншықтар адамдардың еңбегімен жасалғандығы туралы, оған ұқыпты қарау керек екендігін түсіндіру.

Менің Отаным – Қазақстан. Еліміздің рәміздері

Отан туралы, мемлекеттік және халықтық мерекелер туралы білімдерін кеңейту. Қазақстан Республикасының Президенті оның халыққа қызмет етеіндігі, өзінің халқының түрлі мәселелерін шешетіндігі түсінігін қалыптастыру.

Мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін кеңейту. Балалар Қазақстан Республикасының рәміздерін танып, әнұранды орындарынан тұрып, сол қолды жүректің тұсына қойып, орындау туралы білуі керек. Мемлекеттік мереке Тәуелсіздік күні туралы ұғымды қалыптастыру. Халық мерекесі туралы ұғымды кеңейту. Балаларды мерекелерге өлең-тақпақтар жаттату, би билеу арқылы белсенді араластыру.

Қазақстан Республикасының әскері

Ел қорғаудың қиын да, ардақты міндет екендігін түсіндіру арқылы Қазақстан Республикасы әскері туралы түсініктерін кеңейту. Ұлы Отан соғысы жылдарында ел қорғаған қазақстан әскерлері жайлы түсінік беру.

Жолда жүру ережелері

Балалардың жолдың жүріс бөлігі, осьтік сызық туралы ұғымдарын бекіту. Қиылыс жолмен таныстыру, жол белгілерін бекіту. Бағдаршамның жарық белгілеріне сәйкес жолдан өтуге үйрету.
Күтілетін нәтижелер:

- заттарды атайды және ажыратады, олардың мөлшеріне, түсіне, пішініне, материалы неден жасалғандығына қарап анықтайды;

- көлік құралдарын атайды және ажыратады;

- кейбір өндірістік және ауылшаруашылық кәсіптерінің атауын, мазмұнын, мәнін біледі;

- өз елінің, оның басты қаласының атауын біледі;

- өз елінің мемлекеттік рәміздерін атайды және ажырата біледі, ҚР мемлекеттік әнұранын орындау кезіндегі өзін ұстау ережесін біледі;

- әскердің міндетін біледі;

- көшеден өту ережесін біледі;

- қарапайым себеп-салдарлық байланысты орната біледі.


ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ

Бала, оның отбасы, үйі

Отбасы, адам өміріндегі жақын туыстар, ата-ана алдындағы борыш туралы білімді қалыптастыру. Ересектерді құрметтеу халықтық дәстүріне негізделген өзін-өзі ұстау адамгершілік қағидаларын сақтауға үйрету.

Бала санасын: мен және менің сенімдерім, этикалық нормалар жөнінде түсініктер, мен және қоршаған ортаға менің қарым-қатынасым (құқықтар және міндеттер) бағыттары бойынша қалыптастыру.

Заттар әлемін меңгеру, кеңістікті бағдарлау

Айналадағы заттар, олардың мәнді белгілері туралы ұғымды байыту. Заттарды түсіне, көлеміне, пішініне, міндетіне қарай салыстырып, топтастыра білуге үйрету. Кез-келген зат адамдардың еңбегімен келетіндігі туралы түсіндіріп, оларға ұқыптылықпен қарауға үйрету.

Көлік, байланыс құралдары

Көлік құралдары, олардың қызметінің маңыздылығы, негізгі бөлшектерінің атқаратын қызметі туралы ұғымдарын байыту және тереңдету. Қозғалу және қызмет ету ортасына байланысты көлік құралдарының құрылымын түсіндіру. Көлікпен жұмыс істейтін адамдарға құрметпен қарауды қалыптастыру.

Байланыс құралдары туралы ұғымды кеңейту. Байланыс құралдарының адам тіршілігіндегі маңызын түсіндіру.

Ересектердің еңбегі.

Ересектердің еңбектерімен таныстыруды жалғастыру, алған білімдерді бекіту. Ауылшаруашылық саласы мамандары еңбегімен таныстыру. Ауылшаруашылығына арналған көліктердің маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру.

Нан пісіру кезеңдерімен таныстыру. Азық-түлік тағамдарын, нанды қадірлеуге, қастерлеуге тәрбиелеу.

Қала тұрғындары үшін ауылшаруашылық мамандары еңбегінің маңызды екендігін жеткізу (қала мен ауыл арасындағы байланыс).

Менің Отаным – Қазақстан. Еліміздің рәміздері

Қазақстан Республикасының көпұлтты ел екендігі туралы ұғымды бекіту. Түпкі халқы – өз мәдениеті, салт-дәстүрлері бар қазақтар. Қазақстанмен шекаралас жатқан мемлекеттермен, халқымен, олардың мәдениеті, әдет-ғұрпы, дәстүрімен таныстыру. Қазақстанмен Республикасының аумағында тұрып жатқан басқа ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, олардың мәдениеті, әдет-ғұрпы, дәстүрімен таныстыру.

Өзінің «Кіші Отаны» - Қазақстан Республикасының астанасы туралы білімін тереңдету. Қазақстанның ірі қаласы – Алматымен таныстыру.

Республикамыздың табиғат байлықтары мен жеткен жетістіктері туралы ұғымдарын қалыптастыру. Өз еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.

Қазақстан Республикасының әскері

Қазақстан әскерті туралы ұғымды байыту. Сарбаздың, басқа да әскери адамдардың сырт бейнесі, киім үлгілері мен әскери техника туралы түсінік беру.

Жолда жүру ережелері

Жаяу жүргіншілерге арналған ережелер туралы білімдерін бекіту. Жол белгілерімен таныстыру. Жолаушыларға арналған ережелер туралы барынша толық білім беру. Жол белгілерін ажырату және айта білу дағдыларын жаттықтыру.


Күтілетін нәтижелер:

- заттарды атайды және ажыратады, олардың мөлшерін, түсін, пішінін, материалы неден жасалғанын, міндетін анықтайды, оларды жіктейді;



- көлік құралдарын атайды және ажыратады, түрлері бойынша жіктейді;

- байланыс құралдарын біледі;

- кейбір өндірістік және ауылшаруашылық кәсіптерінің атауын, мазмұнын, мәнін біледі;

- кез-келген зат адамдардың еңбегімен келетіндігі туралы біледі;

- өз елінің, оның басты қаласының, туған қаласының (ауылы) атауын біледі;

- өз елінің мемлекеттік рәміздерін атайды және ажырата біледі, мемлекеттік әнұранын орындау өзін ұстау ережесін біледі;

- әскердің қызметін біледі, кейбір әскер түрлерін ажыратады және айта біледі;

- көшеден өту ережелерін, кейбір жол белгілерін біледі;

- тәжірибелік эксперимент жасауға қызығушылық және білуге құштарлықтарын көрсетеді;

- байқап көру әрекетінің көмегімен түрлі мәселелерді шешудің тәсілдерін таба біледі, қарапайым себеп-салдарлық байланысты орнатады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет