Қазақстан Республикасы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызмет



Дата01.04.2017
өлшемі266,69 Kb.
#13324



«Қазақстан Республикасы мемлекеттік

өртке қарсы қызмет органдарында қызмет

өткерудің кейбір мәселелері» Қазақстан

Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің

2012 жылғы 1 маусымдағы № 242 бұйрығына

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысында болған құқық қорғау мәселелері бойынша жұмыс тобы отырысының 2013 жылғы 8 тамыздағы № 52-7.6 хаттамасының 2-бөлімінің 3-тармағы 2) тармақшасын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 242 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің арнайы алғашқы оқытудан өту қағидалары мен талаптарында (бұдан әрі – Қағидалар):

Қағидаларға 7-қосымшаның 1-бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Оқу және тақырыптық жоспар (үлгі)






р/с

Пәннің атауы

Барлық сағат

Сыныптық-топтық

Практика

Сынақ

Емтихан



Әлеуметтік-құқықтық дайындық.

4

4












Өртке қарсы қызметтің жұмысын ұйымдастыру. Қауіпсіздік қағидасы және еңбекті қорғау.

17

7

8

2






Өрттің алдын алу даярлығы.

11

9




2






Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу және өрт сөндіру тактикасы. Азаматтық қорғаныстың өртке қарсы қызметі.

99

59

32

2

6



Өрт сөндіру-техникалық даярлық.

Газ-түтіннен қорғау қызметі.



78

33

39




6



Саптық және өрт сөндіру-құтқару даярлығы.

41

2

35

4






Медициналық-психологиялық дайындық

16

6

8

2




ЖИЫНЫ:

266

120

122

12

12

»;

Қағидаларға 7-қосымшаның 5-бөлімінің 5.1 кіші бөлімінде:

кесте мынадай редакцияда жазылсын:

«




р/с

Сабақтар тақырыптарының атауы

Барлық сағат

Сыныптық-топтық

Практикалық

1

Өрт тактикасы және оның міндеттері

1

1




2

Жану үрдісі, жанғыш заттар, өрт және оның өршуі туралы жалпы мәліметтер

2

2




3

Өртте жанудың алдын алу тәсілдері, өрт сөндіргіш заттар.

3

1

2

4

Өрт сөндіру бөлімшелерінің тактикалық мүмкіндіктері.

2

2




5

Шақыруларды өңдеу. Шақыру орнына (өртке) шығу және бару. Өртке шығу және бару кезіндегі өрт сөндірушінің іс-қимылдары.

1

1




6

Өртті барлау. Өртті барлау кезіндегі өрт сөндірушінің іс-қимылы.

2

1

1

7

Адамдар мен мүлікті құтқару. Адамдарды құтқару және мүлікті көшіру кезінде өрт сөндірушінің әрекеттері.

2

2




8

Жауынгерлік қанат жаю. Жауынгерлік қанат жаю кезіндегі өрт сөндірушінің әрекеттері

2

1

1

9

Өрт сөндіру. Өрт сөндіру кезіндегі өрт сөндірушінің әрекеттері.

3

1

2

10

Арнайы, авариялық-құтқару және өртті сөндірумен байланысты басқа да шұғыл жұмыстарды орындау

2

1

1

11

Өрт сөндірушінің өртті жойғаннан кейін және бөлімге оралу кезіндегі әрекеттері

1

1




12

Өртте күштер мен құралдарды басқару

2

2




13

Әр түрлі шаруашылық жүргізу объектілерінде өрт сөндіру ерекшеліктері

12

6

6

14

АҚ ӨҚҚ міндеттері және оны ұйымдастыру

1

1




15

Соңғы үлгідегі іс-қимыл жасау жарағы және оның негізгі ықпал ету факторлары және оның өрт жағдайына әсер етуі

2

2




16

АҚ белгісі бойынша АҚ ӨҚҚ жеке құрамының әрекеті

1

1




17

Жеке құрамды жеке қорғау құралдары

1

1




18

Радиациялық, химиялық барлау және дозиметрлік бақылау аспаптары.

2

1

1

19

Жаппай өртпен күресу кезінде және жергілікті жердің радиоактивті зақымдану жағдайында АҚ ӨҚҚ бөлімшелерінің іс-қимыл жасау ерекшеліктері

1

1




20

Өрттерді сөндірумен байланысты АҚЖ жүргізу кезінде МӨҚҚ бөлімшелеріне жүктелетін жалпы міндеттер

2

1

1

21

Авариялардың, апаттардың түрлері. Бірінші кезектегі АҚЖ жүргізу кезіндегі негізгі іс-әрекеттер.

2

2




22

Қазіргі уақытқа аса жақын төтенше жағдайлар

2

2




23

Қысқы кезеңге тән төтенше жағдайлар

3

2

1

24

Көктемгі кезеңге тән төтенше жағдайлар

3

2

1

25

Авариялық-құтқару құралы мен жабдығы. Пайдалану. Құралмен және жабдықпен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік шарлары.

4

2

2

26

Қираған ғимараттар мен құрылыстарға авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу

3

1

2

27

Тұрақсыз конструкцияларды нығайту және оның қирауы. Қирағандарды арқандау және көтеру.

4

2

2

28

Қираған ғимараттар мен құрылыстар аймағында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі еңбек қауіпсіздігі мен күзеті.

2

2




29

Уландыратын химиялық заттардың сипаты.

1

1




30

Химиялық зақымдану аймақтарында барлау жүргізу.

1

1




31

Химиялық зақымдану аймағынан құтқару, эвакуациялау, медициналық көмек көрсету.

2

1

1

32

Зақымдану көздерін оқшаулау және зарарсыздандыру технологиясы

2

1

1

33

Химиялық қауіпті объектілердегі төтенше жағдайларды жою кезіндегі жеке құрамның техникалық қорғау құралдары

2

1

1

34

Техниканы, жабдық пен құралды санитарлық өңдеу және газсыздандыру .

1




1

35

Химиялық қауіпті объектілерде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және күзеті

2

2




36

Жол-көлік оқиғаларының сипаты. Автомобильдердің соқтығысу кинематикасы

1

1




37

Автомобильдерден құтқарудың базалық әдістері

2

1

1

38

Автомобильдердің соқтығысуы, аударылуы және соғуы кезінде зардап шеккендерді құтқару

3

1

2

39

Темір жол және авиакөлікте төтенше жағдайларды жою кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу

3

2

1

40

Көліктік авариялар мен оқиғалар салдарын жою кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және күзеті

1

1




41

Құдықтарда, сыйымдылықтарды құтқару жұмыстарын жүргізу. Қауіпсіздік шаралары

2

1

1

42

СЫНАҚ

2







43

ЕМТИХАН

6







ЖИЫНЫ:

99

59

32

»;

22-24 тақырыптар мынадай редакцияда жазылсын:

«22-тақырып. Қазіргі уақытқа аса тән төтенше жағдайлар. Өңір аумағы ұшыраған төтенше жағдайлардың негізгі түрлерінің өршу ерекшеліктері және оның зардаптарын жою тәртібі.

Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық сабақ.

23-тақырып. Қысқы кезеңге тән төтенше жағдайлар. Қысқы уақыттың аса қолайсыз климаттық шарттарында (қар үйінділері, төмен температура, боран және т.б.) авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу. Қауіпті аймақтан зардап шеккендерді эвакуациялау және алғашқы медициналық көмек көрсету. АҚЖ жүргізуге тартылатын жеке құрамның қауіпсіздік шаралары.

Төмен температурада техниканы және авариялық-құтқару құралдарын пайдалану.

Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық және практикалық сабақ.

24-тақырып. Көктемгі кезеңге тән төтенше жағдай. Ертерек көктемгі уақыттың аса қолайсыз климаттық шарттарында (су тасқыны, су басу, тасқын және т.б.) авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу. АҚЖ жүргізуге тартылатын жеке құрамның қауіпсіздік шаралары. Су тасқыны түсінігі және түрлері. Су тасқыны зардаптарының сипаты.

Су тасқыны және жойқын апатты су басу шарттарындағы құтқару жұмыстары. Зардап шеккендерді іздестіру. Құтқарушылардың зардап шеккендерге жетуін қамтамасыз ету және зардап шеккендерді құтқару. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету. Зардап шеккендерді қауіпті аймақтан эвакуациялау.

Су тасқыны зардаптарын жою кезіндегі шұғыл авариялық жұмыстар. Қоршалған бөгендер мен үйінділерді нығайту (тұрғызу). Бөгендер мен үйінділерді салу үшін пайдаланылатын материалдар. Су бұру арналарын салу. кептелу мен анжыр кептепмесін жою. Қайталанған зақымдану факторларының көздерін жою.

Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық және практикалық сабақ.»;

мынадай мазмұндағы 25-41 тақырыптармен толықтырылсын:

«25-тақырып. Авариялық-құтқару құралы және жабдығы. Пайдалану. Құралмен және жабдықпен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары.

Механикаландырылған құрал-саймандарға (бензин кескіш, перфоратор, бензинмен моторлы шынжырлы ара және т.б.), тасымалды электр құралды (электр қол ара, дискті ара, электр дрель, перфоратор, хабарлау құралдары және т.б.), гидравликалық авариялық-құтқару құралы мен жабдығын (кескіштер, кеңейткіштер, аралас құрал-саймандар, гидравликалық дамкраттар, гидравликалық сорғылар, гидроклин, автономды авариялық-құтқару құрал-саймандары және т.б.), авариялық-құтқару жұмыстарында қолданылатын өзге де құралдар мен жабдықтарды пайдалану, оның құрылғысы мен техникалық қызмет көрсету.

Құрал-сайманмен және жабдықпен жұмыс кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және күзеті.

Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық және практикалық сабақ.

26-тақырып. Қираған ғимараттар мен құрылыстарда авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу. Зардап шеккендерді үйінділерден арту және оқшаулау.

Үйінділерде барлау жүргізу, зардап шеккендерді іздестіру. Барлау жүргізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары. Қираған және зақымданған ғимараттар мен құрылыстарда АҚЖ жүргізу кезіндегі өрт сөндірушінің әрекеті. Зардап шегушінің орналасқан орнын және жай-күйін айқындау.

Қабырға және төбе ойықтары, қазбалар, штольнялар, шахталар арқылы қираған ғимаратқа кіру әдістері. Құрылыс механизмдерін авариялық-құтқару жұмыстары үшін қолдану.

Шығарып алудың түрлері. Зардап шеккендерді шығарып алу тәсілдері. Үйінділерден шығару тәсілдері. Үйінділерден шығару әдісімен зардап шеккендерді шығарып алу. Үйінділердің астында қалған адамдарды құтқаруға арналған соқпақ, галерея, штрек құрылғысы. Қабырғалар мен жабындардан ойықтар құрылғысы. Зардап шеккендерді үйінділерден алып шығу амалдары.

Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық және практикалық сабақ.

27-тақырып. Тұрақсыз конструкцияларды нығайту және олардың қирауы.

Ғимараттар мен құрылыстардың зақымдалған конструкцияларын нығайту тәсілдері. Ғимараттардың негізгі бөлшектері. Қабырғаларды тіреуіштермен нығайту. Қабырғаларды кергіштермен нығайту. Зақымдалған құрылыстарды нығайту.Жабындарымен бекітпемен нығайту. Бұзылу қаупі бар ғимарат конструкцияларын нығайту және оның қирауы. Құрылыс конструкцияларын нығайту және оның қирауы бойынша жұмыстарды орындау кезінде еңбек қауіпсіздігі және күзеті.

Үйінділерді арқандау және көтеру. Арқандаудың негізгі үлгілері мен таңбалары. Сақтандырудың жалпы қағидалары. Жүктерді арқандау схемасы. Үйінділерді іріктеу кезіндегі арқандаушының іс-әрекеті. Жүкті көтеру, орын ауыстыру және түсіру кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және күзеті.

Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық және практикалық сабақ.

28-тақырып. Қираған ғимараттар мен құрылыстар аймағында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және күзеті.

Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі жалпы қауіпсіздік талаптары. Төтенше жағдайлар аймағындағы қауіпті және зиянды факторлар. Қираған ғимараттар мен құрылыстар аймағында жұмыстар жүргізу кезіндегі құтқарушылардың еңбек қауіпсіздігі. Жұмыстар басталар алдындағы қауіпсіздік талаптары.

Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық сабақ

29-тақырып. Уландырғыш химиялық заттардың сипаты.

Уландырғыш химиялық заттардың физикалық-химиялық қасиеттері және адамға әсер ету тәсілі.

Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық сабақ.

30-тақырып. Химиялық зақымдану аймағында барлау жүргізу.

Барлауды ұйымдастыру, мақсаты мен міндеттері. Химиялық барлауды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Тікелей зақымдану көзінде барлау. Елді мекенде барлау.

Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық сабақ

31-тақырып. Химиялық зақымдану аймағынан құтқару, эвакуациялау, медициналық көмек көрсету

Зардап шеккендерді іздестіру, объектіні зерттеу, құтқару жұмыстарын жүргізу. Ушыққан химиялық қауіпті заттармен зақымданғандарға медициналық көмек көрсету. Алдын алу және шұғыл тәртіпте халықты көшіру. Локальды, жергілікті көшіру. Химиялық қауіпті объектінің (бұдан әрі – ХҚО) шеңбер аймағы.

Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық және практикалық сабақ.

32-тақырып. Зақымдану көзін оқшаулау және залалсыздандыру технологиясы.

Қауіпті химиялық заттардың (бұдан әрі – ҚХЗ) бу-газ фазасын оқшаулау және залалсыздандыру технологиясы. Бейтараптандырғыш заттардың ерітіндісін пайдалана отырып, су бүркеніштерін және бүркеніштерді жеткізу тәсілімен ҚХЗ бу-газ фазасын оқшаулау және залалсыздандыру. ҚХЗ төгілуін опыру арқылы оқшаулау технологиясы. ҚХЗ сұйық фазасының төгілуін ойлармен (ор-қақпан) оқшаулау технологиясы. ҚХЗ төгілуін үгілген сорбентті төсеу арқылы оқшаулау технологиясы. ҚХЗ төгілуін көбік қабатымен, полимерлі пленкамен, жүзгіш экранмен жабу арқылы оқшаулау технологиясы. ҚХЗ төгілуін бейтарап заттардың ерітіндісімен және сумен залалсыздандыру (бейтараптандыру) технологиясы. ҚХЗ төгілуін қатты үгілген бейтарап заттарды пайдалана отырып залалсыздандыру (бейтараптандыру) технологиясы. ҚХЗ төгілуін одан әрі бейтараптандыру немесе жағу арқылы қатты үгітілген сорбенттерді төсей отырып залалсыздандыру технологиясы. ҚХЗ төгілуін жинау және сору әдісімен жою технологиясы. Ластануларды жинау және жою.

Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық және практикалық сабақ

33-тақырып. Химиялық қауіпті объектілерде ТЖ жою кезінде жеке құрамды қорғаудың техникалық құралдары.

Тыныс алу органдарын қорғаудың жеке құралдары (бұдан әрі – ТОЖҚҚ). Оқшаулағыш, сүзгілік газқағар, газқағарлы респиратор. Өнеркәсіптік сүзгіш газқағарлар. А, В, Г, К, Д, С маркалары бойынша жіктеме. Теріні қорғаудың оқшаулағыш құралдары. Оқшаулағыш химиялық костюмдер.

Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық және практикалық сабақ .

34-тақырып.Техниканы, жабдықтар мен құрал-саймандарды сантарлық өңдеу және газсыздандыру.

Арнайы өңдеу пункттері. Бақылау-тарату бекеті. Ішінара санитарлық өңдеу, толық санитарлық өңдеу.

Өткізу әдісі. Практикалық сабақ.

35-тақырып. Химиялық қауіпті объектілерде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және күзеті.

Агрессивті химиялық қауіпті заттардың (бұдан әрі – АХҚЗ) лақтырындыларынан болған авария салдарын жою кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Төтенше жағдайларды жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу. Химиялық зақымдану аймағындағы жұмыс кезіндегі жеке құрамның міндеттері. АХҚЗ ерітінділерінің еруі, жинау және қотару кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және күзеті. Жанғыш АХҚЗ төгінділерін жағу кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және күзеті. АХҚЗ төгілуін оларды сумен араластыру немесе улы өнімдерді бейтараптандыру, АХҚЗ сұйық фазасын сорбцион материалдарымен төсеу жолымен АХҚЗ төгілуін оқшаулау кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және күзеті. АХҚЗ бу-газ фазасының таралуын болдырмау үшін сұйық бөліктерін жеткізу кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және күзеті. Авариялық жағдай туындаған кездегі іс-әрекет.

Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық сабақ.

36-тақырып. Жол-көлік оқиғасының сипаты.Автомобильдердің соқтығысу кинематикасы.

Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері. Жол-көлік оқиғаларының (бұдан әрі – ЖКО) жіктемесі. Пассивті қауіпсіздік жүйесі. Соқтығысу, иілу, айналу, қысылу кинематикасы. Жаппай соқтығысу. Бүйірінен соғу. Қағып кету және соқтығысу. Автомобильдердің өзіндік қаупі.

Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық сабақ.

37-тақырып. Автомобильдерден құтқарудың базалық әдістері.

Жалпы амал. Тұрақтандыру (объектінің тұрақтылығы). Есіктің демонтажы. Автомобильдің бүйір жағын демонтаждау. Үшінші есіктің шығуы. Шатырды жою. Құрал панелін жылжыту. Зардап шеккендердің аяғына бару. Құрал панелін көтеру.

Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық және практикалық сабақ.

38-тақырып. Автомобильдердің соқтығысуы, төңкерілуі және соғып кеткен кезде құтқарушыларды құтқару..

Негізгі операциялар. Қоршалу аймағын ұйымдастыру. Аккумуляторлы батареяларды ажырату. Жұмыс істемейтін қауіпсіздік жүйелерін ажырату (қауіпсіздік белдіктері, ауа жастықшалары). Зардап шегушінің қорғанысын қамтамасыз ету. Қалған қысымды алып тастау. Зардап шегушіні босату. Алғашқы медициналық көмек көрсету. Зардап шегушіні тіркеу. Зардап шегушіні алып шығу.

Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық және практикалық сабақ.

39-тақырып. Темір жол және әуе көлігінде төтенше жағдайларды жою кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу.

Темір жол, авиа көліктегі авариялардың сипаттық ерекшеліктері. Авариялық-құтқару жұмыстарының негізгі түрлері. Вагондарға, ұшу аппараттарына ену жолдары мен тәсілдері. Көлік авариясы орнында жарылысты немесе өртті болдырмау бойынша іс-шаралар.

Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық және практикалық сабақ.

40-тақырып. ЖКО зардаптарын жою кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және күзеті.

Жұмыстар басталар алдындағы еңбек қауіпсіздігі және күзеті. ЖКО орнына келгеннен кейін командирдің және құтқарушылардың міндеттері. Авариялық-құтқару жұмыстарын орындау кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және күзеті. ЖКО зардаптарын жою кезінде орындалатын жұмыстардың қауіпсіздігі бойынша іс-шаралардың орындалу реттілігі.

Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық сабақ.

41-тақырып. Құдықтарды, сыйымдылықтарда құтқару жұмыстарын жүргізу. Қауіпсіздік шаралары.

Адамдарды, жануарларды құдықтар мен сыйымдылықтарда құтқарудың негізгі амалдары. Қауіпсіздік шараларын сақтау.

Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық және практикалық сабақ.»;

Қағидаларға 7-қосымшаның 7-бөлімінің 7.1 кіші бөлімінде:

кестеде реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«


10

СЫНАҚ

4







»;

кестеде реттік нөмірі 11-жол алынып тасталсын;

кестеде төменгі жол мынадай редакцияда жазылсын:

«


ЖИЫНЫ:

41

2

35

»;

10, 11-тақырыптар алынып тасталсын;



Қағидаларға 7-қосымша мынадай мазмұндағы 8-бөліммен толықтырылсын:

«8. Медициналық-психологиялық дайындық
8.1 Әдістемелік нұсқау
«Медициналық-психологиялық дайындық» пәнінің мақсаты жеке құрамды адамның анатомиясымен және физиологиясымен, төтенше жағдайлар зардаптарын жою кезінде медициналық қамтамасыз етудің ұйымдастырылуымен, жазатайым жағдайлардағы адамдардың психологиялық жағдайымен танысу болып табылады. Жараланған, соғып алған, шығарып алған, сындырған, электр тоғымен зақымданған, үсіген, термикалық және химиялық күйген, уланған, радиоактивті зақымданған зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету тәртібі мен әдістерін зерделеу және т.б. Дәрі қобдишасын және жеке пакетті пайдалану қағидасы. Оқыс оқиғалар кезінде зардап шеккендерді тасымалдау және тасу. Жасанды дем беру мен жүректің сыртқы тікелей массажын жасаудың негізгі қағидалары мен тәсілдері. Жеке құрамды психологиялық орнықтылыққа, тәртіпке, серіктестік өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.



р/с

Сабақтар тақырыптарының атауы

Барлық сағат

Сыныптық-топтық

Практика

1

Адамның анатомиясы мен физиологиясы. Экстремалды жағдайда адамның психологиялық жағдайы.

1

1




2

Көшіру кезінде медицинамен қамтамасыз ету.

1

1




3

Қан кетуді тоқтатудың негізгі ережесі: таңғышты қойып, артерияны қысу, аяқ, қол, саусақ бастарын ақырын бүгіп, жгут қою.

1




1

4

Жасанды тыныс мен жүрекке сырттан массаж жасаудың негізгі ережесі мен әдістері. Тамыр соғуды анықтау.

1




1

5

Жарақат алғанда, шытынағанда, буыны тайғанда, сынғанда дәрігерге дейін алғашқы көмек көрсету әдістері.

1




1

6

Электр тогына түскен, үсіген, термиялық және химиялық күйгенде дәрігерге дейін бірінші көрсетілетін көмектің әдістері.

1




1

7

Уланған, радиоактивті бұзылғанда дәрігерге дейін бірінші көрсетілетін көмектің әдістері.

1

1




8

Зақымдық талма алғанда көмек көрсету. Зардап шегушілер жазатайым жағдайға ұшырағанда көшіру және тасымалдау.

2

1

1

9

Таңғыш материалдарының түрлері. Таңғыш қою қағидасы.

1




1

10

Құтқарушыны төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттерге психологиялық дайындау Өзін-өзі реттеу және психологиялық оңалту негіздері

2

1

1

11

Халықтың төтенше жағдайлардағы жүріс-тұрысының психологиялық ерекшеліктері.

Төтенше жағдайлардағы іс-әрекет кезіндегі психологиялық жай-күйін басқару әдістері.



2

1

1




Сынақ

2










Жиыны:

16

6

8

1-тақырып. Адам анатомиясы мен физиологиясы. Шұғыл жағдайда адамдардың психологиялық жағдайы.

Біртұтас ағза. Жасушалар және тін туралы түсінік. Сүйек-бұлшық еттер жүйесі, сүйектердің қосылуы.

Тыныс алу органдары, ағза үшін олардың қызметінің мазмұны. Жүрек-буын жүйесі. Жүрек және оның қызметі. Буындар сипаты.

Негізгі қан жүретін тамырлардың орналасуы, артерияны қысу орны.

Пульс, оның сипаты, ұстау орны. Ас қорыту органы туралы негізгі түсінік. Шұғыл жағдайда адамдардың психологиялық жағдайы. Адамдардың стресс алу жағдайының қағидасы.

Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық сабақ.

2-тақырып. Эвакуациялау кезіндегі медициналық қамтамасыз ету.

Эвакуациялау кезінде медициналық қызметті ұйымдастыру. Эвакуациялау аудандарының санитарлық жағдайы. Ас блоктарының, қоныс аударылған демалу орнының, су көздерінің санитарлық жағдайын тексеру.

Санитарлық орындар. Оларды тағайындау, жарақтандыру және орналастыру.

Эвакуациялау аудандарында медпункттерді жабдықтау.

Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық сабақ.

3-тақырып. Қан кетуді тоқтатудың негізгі қағидасы: таңғышты қойып, артерияны қысу, аяқ, қол, саусақ бастарын ақырын бүгіп, жгут қою.

Өткізу әдісі: Сыныптық-топтық сабақ.

4-тақырып. Жасанды тыныс мен жүрекке сырттан массаж жасаудың негізгі қағидасы мен әдістері. Тамыр соғуды анықтау.

Өткізу әдісі. Практикалық сабақ.

5-тақырып. Жарақат алғанда, шытынағанда, буыны тайғанда, сынғанда дәрігерге дейін алғашқы көмек көрсету әдістері.

Өткізу әдісі. Практикалық сабақ.

6-тақырып. Электр тогына түскен, үсіген, термиялық және химиялық күйгенде дәрігерге дейін бірінші көрсетілетін көмектің әдістері.

Өткізу әдісі. Практикалық сабақ.

7-тақырып. Уланған, радиоактивті бұзылғанда дәрігерге дейін алғашқы көмек көрсету әдістері.

Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық сабақ.

8-тақырып. Травматикалық естен тану кезінде көмек көрсету. Оқыс оқиғаларда зардап шеккендерді ауыстыру және тасымалдау.

Өткізу әдісі. Практикалық сабақ

9-тақырып . Таңғыш материалдарының түрлері. Таңғышты қою ережесі.

Өткізу әдісі: Практикалық сабақ.

10-11-тақырып. Психологиялық дайындық.

Тақырыптық жоспар көлемінде материалдарды қамту және сабақтар өткізуді мемлекеттік өрт сөндіру мекемесінің психологиялық қызмет жұмыскерлері айқындайды.

Өткізу әдісі. Сыныптық-топтық және практикалық сабақ.»;

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті (бұдан әрі – Комитет) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) мемлекеттік тіркеуден кейін оны ресми жариялауды және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасы өртке қарсы қызмет генерал-майоры С.Ғ. Әубәкіровке жүктелсін.



4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Төтенше жағдайлар министрі В. Божко

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет