Қазақстан ОБЗ тұтынуды біртіндеп қысқарту үшін елде және Хаттама және Конвенция бойынша міндеттерді орындаудың қадамдарын жасауда. 1999 жылдың қарашасында Қазақстан Үкіметімен құрамды бөлігі мемлекеттік реттеуге жататын құрамында ОБЗ бар өнімдер және ОБЗ тізбе қосымшасымен құрамында ОБЗ өнімдер мен озон бұзушы заттарды әкелу/әкету туралы Ереже болып табылатын №1716 қаулы шығарылды.
Қазақстан Вена конвенциясының 2 бабы b тармағына сәйкес қызметтер озон қабатының жағдайына өзгерістер немесе қолайсыз ықпалдар немесе жағымсыз өзгерістер жасайтын мүмкіндіктер туғызатын болса адамның қызметін алдын алулар немесе қысқартулар, шектеулер, бақылау бойынша әкімдік немесе заңнамалық шаралар қолданады.
ОБЗ импорт/экспортқа рұқсаттар жүйесін енгізу озон бойынша Секретариатқа есептер ұсыну және мәліметтерді жинақтауға көмек көрсету және ОБЗ заңсыз сауда жасауды алдын алу үшін және Хаттамадан шығатын ел міндеттемелеріне сәйкес ОБЗ импортын реттеуге мүмкіндіктер жасайды.
Осыған байланысты ОБЗ пайдаланушы жабдфықтарды жөндеу және монтаждауға, өндіріске байланысты деталділікке және ОБЗ экспорты мен импортына лицензиялау жүйесін енгізу туралы 2004 жылғы 8 қаңтарда ҚР Үкіметінің №19 қаулысы қабылданып, Үкіметтің 2007 жылғы 18 маусымдағы №508 жаңа Қаулысымен жаңартылып, қайта қарастырылды.
Лицензиялауға мыналар жатады:
олардың өнімдерінің құрамында бар озон бұзушы заттардың импорты мен экспорты
озонбұзушы заттарға жұмыс жасайтын жабдықтарға қызмет жасау, жөндеу, монтаждау сонымен қатар олардың өнімдерінің құрамында бар озон бұзушы заттарды пайдалану арқылы жұмыстарды өндіру.
2005 жылғы 13 желтоқсандағы №93 міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңда ОБЗ тұтынуды төмендетуге жағдай жасайтын ставкалар енгізілген.
«Технологиялық құнсыз демпинг» проблемасы заңсыз қызмет түріне жатпайтындығына қарамастан бұл проблема бір уақытта пайда болады. Бірнеше дамыған елдер қазіргі таңда саудамен немесе ескірген немесе дамыған елдерде бұрын қолданыста болған құрамында ОБЗ бар жабдықтарды қолдануда. ОБЗ қолдануда бұдан әрі кеңейтілген түрде бақылау жасалатын болса бұл процестер үдей түседі. Қазақстанда «Технологиялық құнсыз демпинг» проблемасын болдырмау үшін құрамында ОБЗ бар жабдықтар импортына шектеулер енгізу 2005 жылғы 22 маусымда №617 Қаулыны қабылдау жолымен жүзеге асырылды. Аталған қаулымен ОБЗ импортының А және В тізімдері мен құрамында аталған заттар бар жабдықтарына тыйым жасалды.
ҚР 2007 жылғы 9 қаңтардағы №212 қаулысымен «Экологиялық кодекс» ОБЗ тұтынуға бақылау және есеп енгізілді сонымен қатар, тұтынуға квота берілді. Экокодекстің 143 бабы озон бұзушы заттарды тұтыну мониторингін қарастырады.
Оқыту орталықтары құрылды. Оңтүстік аймақта (Алматы қаласы) Қазақ экология және климат ғылыми-зерттеу институтының жанынан озон бұзушы заттармен жұмыс жасау бойынша қауіпсіздік ережелері мен техникалық пайдаланымдарды қолдану ережелерін оқыту бойынша курстар жүргізілетін озон қабатын қорғау және климатты өзгерту (Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан, Алматы облыстары) Орталығы құрылды.
Елдің Солтүстік Оңтүстік аймағында (Астана қаласы) озон бұзушы заттармен жұмыс жасау бойынша қауіпсіздік ережелері мен техникалық пайдаланымдарды қолдану ережелерін оқыту бойынша «Озон-климаты» Оқу-өндірістік (Павлодар, Көкшетау, Қарағанды, Ақтебе, Петропавл, Ақмола облыстары) Орталығы құрылды.
Тоңазытқыш мамандарына арналған «Суыту секторындағы жұмыстарды жүргізудің қазіргі таңдағы әдістемелері» әдістемелік құралдары мен «Қазақстандағы ОБЗ импортын/экспортын реттеу» атты кеден офицерлеріне басшылықтар басылып шықты.
Достарыңызбен бөлісу: |