Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет102/103
Дата11.10.2023
өлшемі7,25 Mb.
#184653
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103
Байланысты:
23 Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша оқу тапсырмаларының жинағы

 
 


239 
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасындағы өзекті мәселелер, 
орта білім беру жүйесіндегі қазіргі жағдайы, оқу пәндерінен оқушыға білімді 
өмірмен сабақтастырып, қарым-қатынас жасауда пайдалы білім мен білік 
қалыптастыратындай жолдарын іздестіру басты міндетіміз. Бұны пәндердің 
мазмұнында жүзеге асыру талап етіледі.
Ұсынылып отырған білім алушылардың танымдық қызығушылықтары мен 
ғылыми-теориялық ойлауын, білім, білік, дағдыларын, логикалық ойлау мен 
пайымдау, қорытынды жасау және негізделген шешім қабылдау қабілетін 
қалыптастыруға, оқуда және күнделікті өмірде туындайтын мәселелерді 
шығармашылықпен шешуге мүмкіндік туғызады. 
ББЖМ оқу мақсаттарына негізделген құзыреттіліктер тұрғысынан 
құрылымдалған. Әрбір құзыреттілік оқушылардың тиісті оқу мақсаттары 
шеңберінде өз білімдері мен түсініктерін қолдану қабілетіне бағытталған. Қазақ 
тілі бойынша оқушының функционалдық сауаттылығы, яғни олардың 
тапсырмаларды орындау арқылы білімі мен түсінігін қолдана білуі, сонымен 
қатар нақты өмірлік жағдайларға байланысты жоғары деңгейдегі дағдыларды 
көрсетуі бағаланады. Білім алушылардың алған білімдері мен біліктіліктерін 
әртүрлі оқу және практикалық жағдайларда қолдануға, білім алушыларды 
өзiндiк шығармашылық еңбекке, өмірге белсенді араласуға дайындауға негiз 
болады. 
Математика мектептегі ең маңызды пәндердің бірі және адам өмірінің 
барлық дерлік салаларында өзінің одан әрі күнделікті қолданылуын табады. 
Математиканы білмей, біз ақша санай алмаймыз, уақытты анықтай алмаймыз, 
заттарды, қашықтықты салыстыра алмаймыз. Математика оңай және күрделі 
есептердің шешімін табуға көмектеседі. Математика барлық дерлік кәсіп пен 
салада да маңызды. Тек экономистер, есепшілер, инженерлер мен сәулетшілер 
ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік және гуманитарлық сала мамандарының да 
жұмысы есептеу техникасымен байланысты. Бүгінгі күні калькуляторлар мен 
компьютерлер көмекке келгенімен, қазіргі заманғы адам математиканың 
қарапайым білімі мен дағдыларынсыз жасай алмайды. Математиканы оқу 
логикалық ойлау мен пайымдау, қорытынды жасау және негізделген шешім 
қабылдау қабілетін қалыптастырады. 
Функционалдық сауаттылық
, кеңінен алғанда, тұлғаның мектепте алған 
білімі, білігі мен дағдысын адамзат қызметінің әртүрлі саласында, сонымен бірге 
тұлғааралық қатынастар мен әлеуметтік байланыстарда кездесетін тіршілік 
міндеттерін жан-жақты шеше білу қабілеті ретінде түсіндіріледі. 
Экономикадағы заманауи инновациялар, еңбек нарығындағы өзгерістер 
оқушылардың күрделі міндеттерді шешу үшін немесе оларды шешудің жаңа 
тәсілдерін табу үшін жағдаятқа, идеялар мен ақпараттарға талдау жасау және 
бағалауға, алған білімі мен тәжірибесін жаңа идея мен ақпаратты жинақтау үшін 
шығармашылық қолдануға мүмкіндік беретін дағдылар жиынтығын меңгеру 
қажеттілігіне себепші болады. Жігерлілік, алғырлық, өзгерістерге дайындығы, 
байланысқа бейімділігі сияқты тұлғалық қасиеттер өзекті болып отыр.


240 
Ұсынылып отырған жинақ білім алушылардың функционалдық 
сауаттылығын қалыптастыруда маңызды болып саналады. 
Бірінші бөлімінде орта білім беру пәндері бойынша білім алушылардың 
оқу жетістіктерінің мониторингі қорытындысы негізінде білім алушылардың 
білімін толықтыру бойынша әдістемелік ұсынымдарда білім беру ұйымдарының 
әкімшілік мүшелеріне, әдістемелік бірлестіктер мен пән мұғалімдеріне арналған 
білім алушының біліміндегі өткен оқу жылдарында орын алған олқылықтардың 
орны аныұталып, оқу мақсаттарын меңгертудің ұсыныстары келтірілген.
Екінші бөлімінде функционалдық сауаттылық бағыттары бойынша оқу 
тапсырмалары келтірілген. Келесі қазақ тілі, қазақ әдебиеті, қазақстан тарихы 
пәндері бойынша оқу сауаттылығын дамыту тапсырмалары, математикалық 
сауаттылықты дамыту және химия , физика, биология, география пәндері, яғни 
жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру тапсырмаларының жинақтары 
келтірілген.
Әдістемелік құралды әзірлеу нәтижесінде іріктеліп алынған тапсырмалар 
оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәселесінің 
теориялық тұғырларына оқыту сауаттылығын, математикалық сауаттылығын 
және жаратылыстану сауаттылықтарын дамытуда әдістемелік жүйесіне өзіндік 
үлесін қоса алады.
Білім беру ұйымдарында білім алушының біліміндегі олқылықтардың 
орнын толықтыру жұмыстарын сапалы ұйымдастырғанда заманның жаңаша 
талаптары мен үрдістеріне сай «Білімді ұлт» сапалы білім беру» қалыптасады 
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесінің 
практикалық негіздері әлі де болса мектеп мұғалімдерінің тәжірибесімен 
болшақта толыға түсері сөзсіз. 
Қортындылай келе, оқушылардың функционалдық сауаттылығын 
қалыптастыруға бағытталған білім мазмұнын игерген оқушылардың білімдері 
мен біліктері өмірлік жағдаяттарда қолдана білуді, әртүрлі ақпарат көздерімен 
жұмыс істей білуді және алынған ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалай білуді, 
өзінің болжамдарын ұсыну және зерттеулер жүргізу, өзінің ойын негіздей білуді; 
іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ 
тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді 
шешу үшін пайдалануды қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет