Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі



Pdf көрінісі
бет61/71
Дата20.09.2023
өлшемі2,29 Mb.
#181658
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   71
Байланысты:
Нұсқау хат 2023-2024

 
 
 


92 
ІІІ 
БАҒАЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
3.1 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ 
Бағалау нормативтік құқықтық актілерге және педагогтерге, ата-аналарға 
және білім алушыларға көмек ретінде әзірленген әдістемелік материалдарға 
сәйкес жүргізіледі
– «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және 
қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» ҚР Білім 
және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы, ҚР Оқу-
ағарту министрінің 13.04.2023 ж. №96 бұйрығымен енгізілген өзгерістерге 
сәйкес; 
– «Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» 
ҚР БҒМ 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 52 бұйрығы; 
– Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде орта мектеп үшін критериалды 
бағалау және құжаттау рәсімдері жөніндегі нұсқаулық; 
– Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша 
нұсқаулық; 
– Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды 
бағалау бойынша нұсқаулық. Оқу-әдістемелік құрал; 
– сыныптар, пәндер және тілдер бөлінісінде формативті бағалау бойынша 
тапсырмалар жинағы; 
– сыныптар, пәндер және тілдер бөлінісінде жиынтық бағалау бойынша 
тапсырмалар жинағы; 
– сыныптар, пәндер және тілдер бөлінісінде жиынтық бағалау бойынша 
әдістемелік ұсынымдар. 
Әдістемелік 
әзірлемелерді 
мына 
сайттардан 
табуға 
болады: 
www.uba.edu.kz. 
 
Критериалды жүйенің негізгі компоненттері формативті (ФБ) және 
жиынтық бағалау (ЖБ) болып табылады. 
 
3.2 
ФОРМАТИВТІ БАҒАЛАУ 
Формативті бағалау – критериалды бағалау жүйесінің негізгі элементі. 
Жиынтық бағалаудың нәтижесі ФБ қалай ұйымдастырылғанына байланысты. 
ФБ білім алушылардың ағымдағы білімді меңгеру және дағдыларының 
қалыптасу деңгейін анықтайды, білім алушыларға жаңа материалды зерделеу 
кезеңінде тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындайтынын және оқу 
мақсаттарына қол жеткізетінін түсінуге мүмкіндік береді. 
Бағалаудың осы түрі педагогке білім алушының жеке жетістіктері мен 
үлгірімінің ілгерілеуі туралы толық мәлімет алуға мүмкіндік береді, демек, 
жиынтық бақылауды өткізер алдында оқу процесін дер кезінде түзетуге және 
білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды жоюға көмектеседі.


93 
ФБ негізгі әдістері: 
1) сұрақтарды дұрыс қоя білу, себебі білім алушылардың түсінігі мен 
әрекетінің деңгейін олардың берген жауабына қарай бағалау мұғалімнен кәсіби 
шеберлікті талап етеді. Осы әдісті қолдану кезінде педагогке берілетін 
ұсыныстар: 
- сұрақтардың жеткілікті санын ойластыру; 
- сұрақтар сыныптағы барлық білім алушыларға қолжетімді болуы керек; 
- сұрақ бойынша ойлануға жеткілікті уақыт беру; 
- сұрақтардың бірізділігін ойластыру (қарапайымнан күрделіге немесе 
жабық сұрақтардан ашық сұрақтарға); 
- бір типтегі сұрақтарды қолданбау (мысалы, оқиғаларды еске түсіру және 
дәлелдер келтіру және т.б.); 
- сыни тұрғыдан ойлауды дамыту үшін проблемалық және ойландыратын 
сұрақтарды қолдану; 
- сұрақ қою кезіндегі қарқынды, екпінді ескеру; 
- мағынасын тексеруге арналған сұрақтарды қолдану; 
- жауаптарды жетілдіруге арналған сұрақтар құрастыру; 
- сұрақ қою кезінде сөздердің ауыспалы мағынасын бақылау және т.б. 
сұрақтарды дұрыс қолдану, білім алушыларды белсенді әңгімелесуге тарту, Блум 
таксономиясы бойынша төменгі деңгейдегі сұрақтардың орнына жоғары 
деңгейлі ойлауды қажет ететін құнды ашық сұрақтарды жиі қою арқылы сыни 
тұрғыдан ойлауды дамыту сабақтардың тиімді өтуін қамтамасыз етеді. 
В.М. Снетков «жақсы сұрақ – бұл кең ауқымды ойлауға, барлық мүмкін 
жауаптарды іздеуге бағытталған сұрақ» деп тұжырымдайды және сұрақтардың 
келесі функцияларын атап өтеді: 
- сұрақ арқылы жаңа ақпарат алуға болады
- сұрақты дұрыс қою арқылы өз білгенін нақтылауға болады; 
- сұрақ қою арқылы талқылау бағытын өзгертуге болады; 
- сұрақ қою арқылы өз пікірін білдіре алады; 
- дұрыс қойылған сұрақ жауап іздеуге ынталандырады. 
Осылайша, сұрақтар қою арқылы сабақтың бастапқы кезеңіндегі 
тақырыпты түсіну деңгейін анықтауға/бағалауға, жаңа материалды немесе 
ақпаратты оқу кезінде тақырыпты түсінудің әлсіз және күшті жақтарын 
анықтауға, бекітуге арналған тапсырмаларды орындау кезінде терең ойлауын 
өлшеуге, оқу материалын меңгеру немесе ақыл-ой әрекетінің дағдысын бағалау 
кезінде критерийлер мен дескрипторларды білу мен түсінуін және т.б тексеруге 
болады.
2) білім алушылардың өз білімін өз бетінше бағалай алуы (орындалған 
жұмысты өзін-өзі және өзара бағалау). Білім алушылар өздері қол жеткізгісі 
келетін мақсаттар туралы анық түсінік қалыптасқан кезде ғана өздерін 
бағалайды. Егер білім алушылар оқу мақсатын түсінетін болса, олардың оқуға 
деген ынтасы артады және жауабы нәтижелі болады, өйткені олардың өз 
бағалары мұғаліммен және сыныптастарымен талқылау тақырыбына айналады 
және бұл пікірталас одан әрі жақсы оқу үшін қажетті өзіндік ойлауды 
ынталандырады.


94 
Өзін-өзі бағалау қобалжудан арылуға, оқытудың жеке стилін түсінуге, 
білім алушының әлсіз жақтары мен қажеттіліктерін білуге, рефлексия мен өзін-
өзі бағалауды дамытуға, сондай-ақ білім алушының жақсы білім алудың мәнін 
түсінуіне мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет