Тақырыбы: Ғажайып білім әлеміне саяхат Мақсаты



Дата25.12.2016
өлшемі95 Kb.
#4503
Павлодар облысы Лебяжі ауданы Шарбақты ауылы

«Қызғалдақ» балабақшасы



(даярлық тобы)

тәрбиеші: Кабиева Н.Т.

2016 жыл


Тақырыбы: Ғажайып білім әлеміне саяхат

Мақсаты: балалардың білім әлемі туралы түсініктерін қалыптастыру.

Міндеттері: Мурашковская әдісінің кезеңдерін қолдана отыра, балаларды ойлау операцияларына үйрету, суреттегі нысандар арасындағы өзара байланыс орнату кезіндегі ойлау әрекеттеріне баулу, әр түрлі көзқараспен әңгіме құрастыруға жаттықтыру, Дьенеш блоктары, Кюизенер таяқшалары арқылы балалардың логикалық ойлауын, көрнекі-бейнелі ойлауын, ұсақ саусақ моторикасын дамыту, қызығушылықтарын арттыру.

Сөздік: кедергілер, зарлайды, ғажайып

Қ/қ: Кюизенер жолақшалары, карточкалар, кітапшалар, шарлар, қалпақтар, дүрбілер, сюжетті сурет, суретші, Тапқышбектің суреттері, Дьенеш блок ойындары.


Іс-әрекет

кезеңі


Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Балалар, қарандаршы, қандай бүгін керемет күн! Күн оянып, біздің терезелерге қарайды. Күн сендерге жақсы көңіл-күй сыйлағысы келеді.

Сендердің көңіл-күйлерін қандай?

Қалай ойлайсындар біз керемет көңіл-күйімізбен айналадағы адамдармен бөлісуіміз керек пе?

Онда, бір-бірімізге, күнге, барлық адамдарға күлімдейік. Балалар, бүгін біз ғажайып білім әлеміне саяхатқа барамыз.



Көңілді, жайдары, қуанышты

әрине


Ұйымдастыру –ізденушілік


Балалар бүгін біз ғажайып білім әлеміне саяхатқа барамыз.

Сендер ол әлемді қалай елестетесіндер?

(жасыл қалпақпен)

Жақсы балалар, білім әлемін қызықты елестете алдыңдар.

Бірақ, сол әлемге жету үшін жолда кедергілер кездесуі мүмкін.

1 Аялдама

«Ойға шабуыл».

Ертегі мен әңгіменің айырмашылығы неде?

«Мен саған жақын барар едім ау, бірақ саған кірген із бар, ал шыққан із жоқ».

«Сен қасқыр, залымсың, залымдық ішіңде жандырады, ал біз ешкімге залымдық істемейміз, сондықтан да барлық уақытта шат болып жүреміз»

«Мен болмасам, адам жұмысына бармай ұйықтап қалар еді. Мен таңертең тұрып, таң атты деп шақырып хабар айтамын».

Бұл қай ертегілердің үзінділері?



2аялдама. «Достық»

аялдамасы.

Ойын: «Дүрбі».

Сендерге «бәрін бөл» сиқыршысы мынандай тапсырма береді.

Тақтада сурет ілініп тұр.

Дүрбіні суретке бұрып ,тек қана бір нысанды бөліп аламыз. Нысандарды атаймыз және олардың суреттерін шенберге қоршап, тақтаға ілеміз. Ал «Бәрін қос» сиқыршы қонаққа келіп, екі шеңберді өзара қосып, олардың арасында қандай байланыс барын дәлелдеу.

Балалар, бұл ертегі қалай аяқталады?

Дұрыс айтасындар, дәуіт қарлығашқа көмектеседі. Бұл жерде қандай мақал-мәтел айтқанымыз орынды деп ойлайсындар?

Дұрыс, достық туралы.

Қорыту: достық туралы мақал-мәтел айту. Жарайсындар, балалар, тағы бір кедергіден өттік.



3 аялдама. Тапқышбекке көмектес.

Оның қолында нені көріп тұрмыз.

Дұрыс айтасындар.

Ойын: «Екі құрсаумен ойын».

Сендерге екі құрсау беріледі. Қызыл құрсаудың ішінде тек көк блоктарды сал, сары құрсаудың ішінде барлық шаршыларды сал, қызыл құрсаумен сары құрсаудың қиылысында қызыл жуан блоктарды сал.

Сұрақтар:



  1. Екі құрсаудың ішінде қандай блоктар?

  2. Қызыл құрсауда емес, сары құрсауда қандай блоктар?

  3. Екі құрсаудың сыртында қандай блоктар?

Екі құрсау бірінің үстіне бірі салынады. Бірінші құсаудың үстіне кішкентай емес деген белгі қояды. Бала айту керек, үлкен үй, деп.

Екінші құсаудың үстіне үшбұрыш емес, шаршы емес, тіктөртбұрыш емес деген белгілер қояды. Бала дөңгелек екенін айту керек. Барлық үлкен дөңгелектер (көк, қызыл, сары, жіңішке) екі құсаудың қиылысында болады. Екінші құсауда (дөңгелегі бар құрсауда) үш түсті дөңгелектер, жуан және жіңішке, кішкентай; бірінші құрсауда (дөңгелегі бар құсауда) үш түсті дөңгелектер, жуан және жіңішке, кішкентай; бірінші құрсауда – барлық үлкен блоктар: шаршылар, үшбұрыштар,



4 аялдама.

Тапқышбек бүгін бізбен бірге чаяхаттап жүр екен. Қалай ойлайсындар, бұл жерде Тапқышбек нені білгісі келеді екен?

Дұрыс айтасындар, оны астындағы саты түрлі – түсті екен. Біздің таяқшаларымыздың түсіндей. Ендеше тақтаға осы Кюизенер таяқшалары қандай сандардың белгісі екенін дәлелдейік.

Тақтаға бір бала шығып, таяқшаларды ретімен орналастырады. Басқа балалар үстелде тапсырмаларды орындайды.

Тапсырма: берілген есептерді Кюзинер таяқшалары арқылы шығар.

Балалар есеп шығарып болғаннан кейін таяұшалардан перамида, саты құрастырады.



5 аялдама

Ойын « Ассоциация тізбегі». Тәрбиеші түрлі-түсті текшені бере отыра сөз айтады: балалар әрі қарай тізбектеп жалғастырады. Мысалы: ойын-ойыншық-қуыршақ-көйлек-мата-дүкен-сатушы-таразы

Жарайсыңдар, балалар тағы бір кедергіден өттік.

Балалар, міне білім әлеміне де келдік.

Ал мына жазылып тұрған не екен? Оқиық. Мақал-мәтел.

Күш - білімде.

Бұл мақал –мәтелдің мағынасын қалай түсінесіңдер?

(Жасыл қалпақпен өз ойын жеткізеді)

Оқу – білім туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Алты ойшыл қалпақтың технологиясы бойынша ақ қалпақпен жауаптарын тыңдау. Дұрыс, балалар, күш білімде дегеніміз, білімді адам сауатты, ақылды, тәрбиелі, байсалды, іскер, ұстамды адал болып саналады. Сондай адам болғыларың келеме? Әрине, біз бәріміз ақылды, білімді, әдепті болып өсеміз.

Қараңдаршы, осы әлемнің тұрғындары сендерге қандай сыйлықтар жасады екен. Бұл кітаптар ғой. Сендер ақылды, білімді балалар болатынына сенім білдіреді екен. Оқыңдар, ақылды, ғалым, оқымысты балалар болыңдар.



Мен білім әлемін былай елестетемін. Білім әлемі өте қызықты. Онда – кітаптар тұрады. Әдемі суреттер көлікпен жүреді. Әріптер ауада ұшады. Білім әлемін мен былай елестетемін. Әріптер серуенге шықты. Жануарлар мек құстар әлеміне барып олармен жолықты. Әуелі аю кезікті, соңынан әтеш, борсық ілесті. Артынан жапалақ пен қоян да қалыспады. Бәрі қосылып әліппені құрады.

Мен білім әлемін былай елестетемін. Түрлі-түсті көбелектер бау-бақшада көп екен. Сары көбелектер түймедақтарға қонады, қызыл көбелектер қызғалдақтарды аралады. Жасыл көбелектер алма ағашына қаптады. Бәрі қосылып ән салып, бақшаны нұрландырды.

Әңгімеде тек адамдар ғана сөйлесе, ертегіде жануарлар сөйлеп, адамның қолынан келмейтін іс істейді. Әңгімеде өмірде болған, болатын мәселе айтылады, ал ертегі ойдан, қиялдан туындайды.

«Арыстан мен түлкі» ертегісінен «Ақ тиін мен қасқыр» ертегісінен

«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісінен

Балалар дүрбілерді алады, суретке қарап, бір нысанды бөліп алады. Мен суретте қарлығашты бөліп алдым.

Мен ұяны бөліп аламын. Мен балапандарды бөліп алғым келеді. Мен жыланды бөліп алдым. Дәуіт қарлығаштың балапандарын арашалап қалды. Ал жылан болса, жерге сылқ етіп құлап түсіп, мерт болады.

Дос болсаң – берік бол,

Досыңа – серік бол.

Жүз сом ақшаң болғанша – жүз жолдасың болсын.

Досы көпті – жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.

Досыңның көзінде болғанша – көңілінде бол.

Досы көптің қосы көп.

Жақсы дос үшін – жан пида.

Жолдасы көптің – қолдасы көп.

Біреу жанына жолдас, біреу- малына жолдас. Сенің жақсы екеніңді, досыңа қарап таниды.

Дьенеш блоктарын қызыл құрсаудың ішінде жуан, жіңішке, үлкен, кішкентай, көк блоктар

Сары құрсаудың ішінде жуан, жіңішке, үлкен, кішкентай, сары шаршылар

Екі құрсаудың сыртында үлкен, кішкентай, жуан, жіңішке блоктар


Кюзинер таяқшалары туралы.

1-ақ


2-қызғылт

3- көгілдір

4- қызыл

5- сары


6- күлгін

7 - қараша

8- қызыл күрең

9- көк


10 – тоқсары

6+2 8+1 10-3 10-3

9-2 7-3 8-1

Білімді адам – ақылды адам.

Білімді адам – тәрбиелі.

Ондай адамдар кішіпейілді, сыпайы болады.

Білекті – бірді жығар.

Білімді – мыңды жығар.

Оқу – білім бұлағы

Білім - өмір шырағы.

Білім – қымбат, білу – қиын.

Оқы да біл, ойна да – күл.

Балалар бір-бір кітаптан алады, қарайды, оқи алатын балалар кітаптың атын оқиды.


Рефлексивті - түзетушілік

Балалар, сендерге саяхат ұнады ма?

Саяхат барысында не қызықты болды?






Балалар қызыл, ақ қалпақтармен сұрақтарға жауап береді



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет