56
-
өнер мен дизайнның мәнерлі құралдары арқылы шығармашылық
идеяларды, топтық және жеке жұмыстарды дамыту;
-
объектілерді зерттеу, жасау, талдау, көркемдік түрлендіру процесінде
білім алушылардың шығармашылық және сыни ойлауын дамыту.
Музыка пәні бойынша мұғалім білім алушыға
өнермен қарым-қатынас
жасауға, көркем шығармалардың мазмұны мен мәнерлі құралдарын талқылауға
және орындауға құштарлығын оятуға бағыт береді.
Пәндер аясында құзыреттерді дамыту:
«Музыка»:
- қазақтың дәстүрлі музыкасының озық үлгілерімен, Қазақстан
халықтарының шығармашылығымен, әлемдік классика және қазіргі заманғы
музыкамен таныстыру негізінде білім алушылардың музыкалық қабілеттері мен
орындаушылық және шығармашылық белсенділігін дамыту;
- орындаушылық шеберліктерін дамыту – вокалдық және аспаптық: таза
интонация, ырғақ сезімі, мәнерлі ән айту, шулы аспаптарда ырғақты сүйемелдеу,
домбырада саусақтардың негізгі күйлері мен штрихтары, жеке және ансамбльдік
орындау.
«Еңбекке баулу»:
- жеке, топтық және ұжымдық жұмыстарды орындау процесінде қолдың
моторикасын, сенсорикасын, қиялы мен шығармашылығын, елестетуін және
байқағыштығын дамыту;
- әртүрлі материалдар мен құралдарды қолдану арқылы кеңістіктік-
образдық ойлау дағдыларын қалыптастыру;
- ұлттық және әлемдік мәдениет туындыларымен танысу арқылы
зерттеушілік дағдыларын дамыту.
«Бейнелеу өнері»:
- шығармашылық жұмыстарда қоршаған әлемге деген көзқарасын білдіру
қабілетін дамыту;
- графикалық және түстану дағдыларын дамыту;
- шынайы өмірде көркем мәдениеттің көрінісін көру қабілетін дамыту
(көрмелер, мұражайлар, сәулет, дизайн, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер және
т.б.);
- білім алушылардың сезімталдық-эмоционалдық көңіл-күйін білдіруін,
зейінін, есте сақтау, қиял, елестету қабілеттерін дамыту;
Достарыңызбен бөлісу: