71
2.7 МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Мектепішілік бақылау – мектептегі білім беру процесінің маңызды
құрамдас бөлігі. Бұл бақылау білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз етуге,
педагогикалық ұжым жұмысының тиімділігін бағалауға, сондай-ақ оқу-тәрбие
процесін ұдайы жетілдіруге бағытталған.
Білім беру сапасын мектепішілік бақылаудың басты міндеті мектептегі
әрбір білім алушының оқуы мен дамуы үшін қолайлы жағдайлармен қамтамасыз
ету, сондай-ақ оқу-тәрбие процесіндегі ықтимал проблемалар мен
сәйкессіздіктерді анықтап, оларды түзету.
Білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес бекітетін МІБ туралы
жоспарға сәйкес мектепішілік бақылауды жоспарлы немесе жедел мониторинг,
әкімшілік жұмыстар жүргізу түрінде жүргізу ұсынылады.
Оқу жылына арналған мектепішілік бақылау жоспары «Мектепке дейінгі
тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті
құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130
бұйрығына сәйкес әзірленді және бекітілді. Бұл құжатта мектепішілік бақылау
нысаны мен бағыттары көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: