Қазақстан Республикасы Президенті өкілеттіктерінің ерекшеліктері


Тарау Қазақстан Республикасы Президенті



бет4/5
Дата11.01.2017
өлшемі1,41 Mb.
#6883
түріДиплом
1   2   3   4   5
2 Тарау Қазақстан Республикасы Президенті өкілеттіктерінің ерекшеліктері

Қазақстанда президенттік институт билігінің қалыптасуы ең алдымен тарихи объективтік факторлар жиынтығынан және субъективтік алғышарттардан тұрады. Бұл алғышарттардың екеуі де жақындап қалған КСРО-ның ыдырауының әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық және идеологиялық шарттармен және қоғамда саяси түбірлі өзгерістер қажеттігінід өсуімен, бұдан әрі мемлекетті басқарудың жаңа, кеңестік дәуірден кейінгі нысанына ауысу шарттарымен тығыз байланыста болды.

Қазақстанда президенттік басқару нысанының басым болуы бірнеше факторлардан: атап айтқанда, шынайы саяси процесс және қалыптасқан азаматтық қоғам жағдайында саяси партиялардың болмауынан; мемлекеттік органдардың қоғамды, оның тұрақтылығы мен дәйекті дамуын ыңғайлы басқаруға қабілетсіздігінен; өкіметтің күш-жігерін жұмылдыруды қажет ететін құқықтық мемлекеттің бастапқы кезеңінің қалыптасуынан; елдің экономикасын қайта кұру жөнінде жедел де қажетті шешімдерді қабылдау арқылы экономикалық процесстерді реттеу; сондай-ақ азаматтардың елді бір адамның басқаруына үйреншікті мінез-құлқынан тұрады. Сондықтан да Қазақстанда президенттік институттың пайда болуы объективті де, субъективті де факторлардан тұрады.

АҚШ Конституциясында белгіленген "билікті бөлудің" классикалық қағидасы мен Европа елдеріндегі "тежемелік пен тепе-теңдік" жүйесінің



америкалық үлгісі қазіргі тавда жеткіліксіз. Сондықтан да билікті бөлу қағидасын тереңдете түсіп, атқарушы билікті екі күшті билікке — мемлекет басының билігі мен үкімет билігіне бөліп қана қоймай, саяси-мемлекеттік өмір құрылымын өзгерту де қажет болды.

Қоғамның саяси-құқықтық болмысын адам мен азаматтың жеке өмірінің құндылығьша айырықша назар аударылатын ізгіліктіліктіктің жалпыәлемдік бағытына сай даму талаптарына сәйкес болғандықтан оның құқығы мен бостандығы қазіргі тавдағы кез-келген конституцияның негзіы қалауда. Бұл қағида Қазақстан Республикасы Конституциясының да негізін құрайды. Осы орайда Қазақстан Конституциясы президенттік институтты жеке адамның құқығы мен бостандығының кепілі ретінде белгілейді.

Бұл президенттік институттың табиғатынан: жалпыға тең сайлауы (халық президентті сайлау арқылы оған өзінің құқығы мен бостандығын қорғауды сеніп тапсырады), мерзімділігінен (президент белгілі бір мерзімге сайланады), ауысуынан (бұл лауазым бір немесе екі рет сайлануы мүмкін), сатқындық жасаған кезде президентті қызметтен аластатуға болатын конституциялық мүмкіндіктерден (парламент президентке қарсы кәнә қойып,тексеру жүргізеді) туындайды.



Президенттік институттың табиғаты өкілеттігін жүзеге асыру барысында үнемі басты мақсатты ұстануға — жеке адамның құқығы мен бостандығын стратегиялық қорғауға мәжбүр етеді.

Жеке адамның құқығы мен бостандығын стратегиялық қорғау тактикалық мүдделермен сәйкес келмей қалуы да мүмкін және көп жағдайда нақты адамдардың күнделікті іс-қимылдары мен құқықтарына сай келмейді, бірақ ол өмірлік қажеттілік, себебі ол бүгіннің жағдайын жасай отырып, әрбір адам мен қоғамның ертеңінің негізін калайды.

Президенттік институт билікті бөлісу жағдайында негізі функцияны — мемлекеттік механизмде билікті үйлестір ді жүргізеді.

Президенттің қызметі әкімшілік-басқару функциясын жүргізумен ғана шектелмейді, ол биліктің барлық тармағының үйлесімінен, саяси-мемлекеттік аренада жоғары төрешілік етуден көрінеді. Себебі, биліктің бір тармағына ішбұру басқа бір жүйеде, мемлекетте, қоғамда тұрақтылықтың бүзылуына әкеліп соғады.

Президенттік институттың мынадай завдылығы бар екендігін атап өткен жөн: яғни оған дамудың спиральді айналым түрі тән, оның дәлелі — монарх билігі парламентаризммен, билікті бөлісу және сайлау-президенттік билікпен алмасады. Сөйтіп мемлекет басына басты стратегиялық міндеті- өзін сайлаған және мемлекетті мекен еткен басқа халықтың құқығы мен бостандығын қорғайтын президенттік билік келеді. Сондықтан да демократиялық мемлекетті құру кезінде мемлекет басшысы монархия институтына соқпай өтуі мүмкін емес.

Билікті бөлісу қағидасына негізделген мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі президенттің ролі мен алатын орны үкіметтің, парламенттің, сот пен прокуротураның жүмысын үйлестіруге және ең бастысы азаматтар пен адамның құқығын қорғайтын халықтың ерік-жігеріне

негізделген.Оның дәлелі- Қазақстан Республикасы Президентінің Конституцияныд 42 бапына сәйкес қызметке тұрғаннан бастап халық алдында ант беруі болып табылады.



Сонымен Президент, халық алдында қасиетті ант беріп, оның болашағы үшіы жауапкершілікті мойнына алады.

Қазақстанның мемлекеттік дамуының ерекшелігі оның көпұлттылығы жағдайында унитарлық бола отырып, президенттік билікті бір қолға жинақтауда Россиядан да алға шықты. Бұл жағдай Қазақстанда қысқа мерзім ішінде нарықтық реформа жүргізуге мүмкіндік берді, қазіргі тавда Қазақстан әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жағынан ТМД елдері арасыыда алдьщғы орында келеді.

Отандық заңнама және саяси әдебиеттерде Қазақстанда президенттік институттың қалыптасу процесіне біршама талдау жасалынып, кезеңге бөлінген [16 ]. Алайда ол ой елегінен толық өткізіліп, жетілдірілмеген.

Осы орайда, А.К.Котовтын, "Орталық Азияның жаңа тәуелсіз мемлекеттерінің егемендігінің қалыптасуы мен ұлттық-мемлекеттіктің дамуының жалпы заңдылықтарына өмір сүрудің өктемшілдік -әміршілдік жүйесінен демократиялық жүйесіне ауысуы және бұл мемлекеттерде президенттік билікті енгізу мен оны нығайтуды жатқызуға болады" деген пікірімен келісуге болады [17 , с 11].



Қазақстанда президенттік институттың қалыптасуының саяси процесіне едәуір өзгешелік беретін маңызды субъективтік сәтке Ж.Х.Жүнісова да назар аударады. "Достастық мемлекеттерінін, бәрінде,-деп жазады ол,- президенттік институт, Президенттің өзінен кейін, нақты басшыға лайықталынып пайда болуы тарихи жағдай болып қалыптасты" [16,с65].

Ескеретін тағы бір жай, парламентаризм екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі демократиялық әлемде үстем болды. Алайда 70-ші және 90-шы жылдары Латын Америкасы, Азия мен Африкадағы демократияны жақтаушылар өздерінің басты құралы етіп басқарудың таза президенттік нысанын таңдады. Шығыс Европадағы отыздан аса елдің тек бірнешеуі ғана парламентаризмді қалады. Тұтас алғанда, әлем елдерінің басым көпшілігінід мемлекеттік құрылымында (басқару нысаны парламенттік болуына қарамастан) президенттік қызмет бар. Мәселен, 1993 жылы БҮ¥-на мүше болған 183 елдің 130-ын президент басқарған.

Қазақстанда президенттік институттың қалыптасу кезеңі мен дамуының саяси-құқықтық тұрғыдағы В.А.Малиновский ұсынған анықтамасы нақтырақ.

Бірінші кезең - кеңестік-парламенттік республика - оның пікірінше, 1990 жылғы 24 сәуірдегі "Қазақ КСР-сы Президентінің қызметін құру және Қазақ КСР-ның Конституциясына (Негізгі Заңына) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңындағы "Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Басшысы Қазақ КСР-ның Президенті болып табылады" деген формулада көрсетілген.



Екінші кезең - кеңестік-президенттік республика - 1990 жылы 20 қарашада "Қазақ КСР-ында мемлекеттік билік және басқару құрылымын

жетілдіру және Қазақ КСР-ның Конституциясына (Негізгі Заңына) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңын қабылдаудан басталады. Онда 114 бап мынадай редакцияда берілген: "Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының, оның жоғарғы атқарушы және өкімдік етуші билігінің Басшысы Қазақ КСР-ның Президенті болып табылады".

Үшінші кезең - күшейтілген Жогарғы Кеңесі бар жартылай президенттік республика - мерзімі бойынша 1993 жылғы Конституциямен байланысты. Оның 75 бабында "Қазақстан Республикасының Президенті мемлекет басшысы болып табылады және атқарушы биліктің бірыңғай жүйесін басқарады" деп жазылған.

Қазақстандағы төртінші, қазіргі кезендегі президенттік институттың құрылуы мен қалыптасуын В.А. Малиновский — бесінші республика деп атайды. Бұған 1995 жылғы Конституцияны жүзеге асыру кезеңін жатқызған [18, с-30].

Көріп отырғанымыздай, қазақстандық авторлардың республикада президенттік институттың қалыптасу кезеңдерін бөлуі мен негізгі ерекшеліктері шамамен сәйкес келеді. Осы арада қалыпты -—құқықтық жағынан алып қарағанда, Қазақстандағы президенттік институттың қалыптасу кезеңінің басталу уақытын көрсетуде А.Х,Бижановтың белгілі қадам жасағанын айта кеткен жөн. Ал В.А.Малиновскийді "кеңестік республика" (Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесі) және "парламенттік республика", "президенттік республика" түсініктерінің мәнін анықтауда оларды қосарлана қолданғаны үшін кінәлауға болады. Бірінші ұғымға бір партиялы билік , ал екіншісіне — мемлекетте биліктің бөлінуі тән болады. Кеңестік өкілдік жүйе негізіне депутаттың өкімдік мандаты жатады; парламентаризм кәсіби және парламентарийлердің тәуелсіз мандаты негізінде құрылады.

Алайда, бұл екі ғылыми тұжырымдарға ортақ методологиялық
сипаттағы бір кемшілік бар. Авторлар "Қазақстан Президенті

қызметі" және "президенттік билік институты" категорияларын өз пайымдаулары бойынша теңестіре отырып алатын секілді. Алайда, бұл екі ұғым бір емес.

Біздің кеңестік дәуірден кейінгі жаңа тәуелсіз Орта Азия мемлекеттерінде президенттік қызметті енгізу мен осы елдерде саяси жетекшілердің болу заңдылықтары көріністерінің үздіксіздігіне айырықша назар аударуымыз жайдан-жай емес еді. Себебі ескі номенклатуралық-партиялық элита болғанымен мемлекет басшылары (тек Тәжікстаннан басқа) жаңа жолға түскен тәуелсіз мемлекеттерді ешқандай қақтығыссыз алып шығуға ұмтылуда.

Президенттік билік институтының қалыптасу процесін талдай отырып, еш бір жағдайда, 1990 жылдың 24 сәуіріне дейін мемлекеттің басшысы қызметін елдің алқалы президенті аталып кеткен Жоғарғы Кеңестің Президиумы [19, с 277] атқарғанын және 90-шы жылдардың басына дейін сол кездегі Қазақ КСР-ның Конституциясына қарқынды түрде енгізілген өзгерістер мен толықтырулар кезеңін айналып өтуге болмайды. Алайда,

өкінішке орай, А.Х.Бижанов та, В.А.Малиновский де "президенттіктің" бірыңғай процесіндегі деңгейлік сипаттама жағдайын есепке алмаған.



Мемлекеттегі жоғарғы бірыңғай билікті тұлғалаудағы, жеке жауапкершілікті бекітудегі және қазақстандық қоғамның партиялық-кеқестік ұжымдық жауапсыздықтан бас тартуының алғашқы қадамы ретінде 1989 жылдьщ күзіндегі оқиғаны ерекше бөліп көрсету қажет. 1989 жылдың 21 қыркүйегінде Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесінің он бірінші шақырылған XIV съезі "Республикада саяси қайта құруларды одан әрі жүзеге асырудың шаралары туралы" мәселе қарады. Оның қорытындысы бойынша Қазақ КСР-нық "Қазақ КСР-ның Конституциясына (Негізгі Заңына) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң қабылданды, онда 1978 жылғы Республика Конституциясындағы басқа новеллалармен бірге Қазақ КСР-ньщ Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүлде өзгеше ережесі енғізілді. Ол заңға өзгертулер енгізу және нормативтік жарлықтар шығару құқығынан айырылды.

Басқа жағынан алып қарағанда, бұл Заң Қазақстанның мемлекеттік құрылысында тұңғыш рет заңды түрде "мемлекеттің жоғары лауазымды түлғасын" енғізді. Ол ел ішінде және халықаралық қатынастарда республиканың өкілі болып табылатын Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы болды [20).

Қазақ КСР-ы Жоғарғы Кеңесінің Төрағасын Жоғарғы Кеңес депутаттар арасынан жасырын дауыс беру арқылы бес жылға және екі мерзімнен аспайтын уақытқа сайлайтындығы бекітілді. Оған сонымен бірге Қазақ КСР-ы Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы міндеті және Жоғарғы Кеңесте төрағалық ету жүктелді.

Констшуциялық түзетулер бойынша Қазақ КСР-ы Жоғарғы Кеңесінің Төрағасына мынадай өкілеттіктер берілді:

1) Қазақ КСР-ы Жоғарғы Кеңесінід қарауына жататын мәселелерді
дайындауға жалпы басшылықты жүзеге асыру;

  1. Қазақ КСР-ының зандарына және Қазақ КСР-ы Жоғарғы Кеңесі
    мен Қазақ КСР-ы Жоғарғы Кеңесінің Президиумы қабылдаған
    басқа да актілерге қол қою;

  2. Қазақ КСР-ы Жоғарғы Кеңесінде республиканың хал-ахуалы
    және Қазақ КСР-ының маңызды ішкі және сыртқы саясатының
    қызметі туралы баяндама жасау;

  3. Қазақ КСР-ының Жоғарғы Кеңесіне Қазақ КСР-ы Жоғарғы
    Кеңесі Төрағасының бірінші орынбасары қызметіне, Қазақ КСР
    Жоғарғы Кеңесі Төрағасының орынбасарлары қызметтеріне
    кандидатуралар, сондай-ақ Қазақ КСР-ы конституциялық бақылау
    Комитетінің жеке құрамы туралы ұсыныс енгізу;

  4. Қазақ КСР-ының Жоғарғы Кеңесіне Қазақ КСР Министрлер
    Кеңесінің Төрағасы, Қазақ КСР халықтық бақылау комитетінің
    Төрағасы, Қазақ КСР Жоғарғы Сотының төрағасы, Қазақ КСР-
    иың мемлекеттік Бас арбитрі қызметтеріне тағайындау үшін
    каыдидатуралар ұсыну;

6) Қазақ КСР-ның келіссөздерін жүргізіп, халықаралық келісімдеріне қол қою;

Қазақ КСР-ы Жоғарғы Кеңесі Төрағасының өкім түрінде жеке-дара акті қабылдау құқығы болды.

1978 жылғы Қазақ КСР Конституциясына енгізілген осы өзгерістер мен толықтырулардан кейін 1989 жылдың 22 қыркүйегінде республиканың партия жетекшісі Н.Ә. Назарбаев елдің бірінші тұлғасы болуға занды мүмкіндік алды. Республикадағы партиялық биліктің әлсіреуі және мемлекеттік биліктің нығаюы сол кезде басталған тәрізді.

1990 жылғы 22 ақпанда он бірінші сайланған республика Жоғарғы


Кеңесі партиялық топ пен ақсақалдар кеңесінің тапсыруы бойынша Қазақ
КСР-ы Жоғарғы Кеңесі Төрағасының қызметіне ұсынылған

Н.Ә.Назарбаевтың кандидатурасын жасырын дауыспен сайлағаннан кейін, Қазақстанның жоғарғы лауазымды түлғасы өз сайлаушыларына сол кезге тән мынадай сөз айтуды қажет деп тапқан: "Он бірінші шақырылған Қазақ КСР-ы Жоғарғы Кеңесінің XVI сессиясында еліміз және республика үшін қиын - қыстау осы уақытта- халық депутаттары Кеңесінің алдында жаңа билікті жеңіп алудың тарихи міндеті қойылған кезде өзіме осындай үлкен жауапкершілік жүктелгенін терең сезінемін", - деді Н.Ә.Назарбаев. -Жеңістер, - деп атап көрсетті Қазақ КСР-ы Жоғарғы Кеңесінін, Төрағасы, - Кеңестер жоғарыдан іс-қимыл бостандығын күтуін тоқтатқанда ғана, сондай-ақ өздері мемлекеттік басқару тетіктерін батыл түрде қолға алғандағана мүмкін"[1].

Республика Жоғарғы Кеңесі Төрағасының алғашқы сөзінде өзге де айырықша сәттер болды. Біріншіден, Н.Ә.Назарбаев Жоғарғы лауазым иесі ретінде Қазақ КСР-ы Жоғарғы Кеңесінің алдына: "өз аумағына иелік ету жағдайына сәйкес заңдар қабылдау" жөнінде стратегиялық міндет қоя алатын еді. Ал, екіншіден, ол " республика тұтас алғанда ел мүддесі үшін біздің федерацияны жетілдіру мақсатында 1922 жылы қабылданған одақтық келісімді қайта қарау және КСРО-ның мемлекеттік құрылымы туралы жаңа Заң қабылдау мәселесін қоюы қажеттігін" атап көрсетті.



Сонымен, 1989 жылы Қазақ КСР-ы Жоғарғы Кеңесінің 1978 жылғы
Конституцияға енгізген республикада Жоғарғы лауазымды тұлға
институтын енгізу және оған мемлекет басшысына лайық өкілеттіктер беруі
туралы өзгертулері, сондай-ақ Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстандағы

бірден-бір басшы ретіндегі саяси салмағы мен батыл іс-қимылдары сол кездің өзінде-ақ (яғни, 1990 жылғы 25 қазандағы еғемендік туралы [21]. және 1991 жылдың 16 желтоқсанындағы тәуелсіздік туралы [22]. құжаттарға дейін, сондай-ақ КСРО-ның ыдырауына дейін) Қазақстандағы президенттік институттың қалыптасуына мүмкіндік жасады, және сонымен бірге Қазақстан Республикасында басқарудың президенттік нысанын бекітуге жасалған алғашқы нақты қадам болып табылды. Әрине, бұл үшін Қазақстан А.Х.Бижанов пен В.А. Малиновский жазған "президенттенудің" барлық кезеңдерінен өтуге тиіс болды.



Қазақстанда президенттік институттың қалыптасуын кезеңдерге бөлуде әріптестеріміз жіберген кемшіліктерді түзете отырып, біз бұл

процестін, бастапқы кезіне тоқталып қана қоймай, Қазақстан республикасының 1995 жылғы Конституциясында атап көрсетілген және оның іс-қимыл тәжірибесімен көрсетілген осы кезге тән негізгі сипатты ерекшеліктерін қарау қажет деп санаймыз. Сол кезевдегі "президенттікке" талдау жасау, Қазақстанда президенттік институттың дамуының бұдан кейінгі бағыттарының жобасын жасауға методологиялық тұрғыдан мүмкіндік береді. Туындап отырған даму беталысына болжау жасамастан және процесс қозғалысының басты бағытын айқындамастан Қазақстанда президенттік институттың қалыптасу мәселесі және мемлекет басшысының конституциялық ролі толық пайымдалған деп айту қиын.

Бүгінде басқару нысаны жағынан Қазақстан мемлекеті 1995 жылғы Конституцияньщ 2 бабының 1 тармағында жазылғандай, президенттік республика болып табылады. Алайда осы басқарудың сан алуандығы мен элементтерініқ икемділігіне және соңғы жылдарда оның конституциялық тәжірибеден сәтті өтуіне байланысты президенттік басқарудың қазақстандық нысаны біздің ойымызша, қоғамдағы орталықтандырылған-демократиялық биліктід бөлінуі мен қызмет етуінің айрықша жүйесінің логикалық аяқталған түрі болып табылады. Президенттік институт 1993 жылғы Конституция көрсеткендей (онда Қазақстандағы басқару нысаны жөнінде нақты жауап болмаған) биліктің атқарушы тармағына жапсырылған жоқ, керісінше, қазақ халқының мемлекеттік бірлігін жүргізуге жұмылдырылды.

Сонымеи, 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының III бөлімінің 40 бабы бойынша (1993 жылғы Конституцияньщ "Президент" деп аталатыіі 13 тарауы "Жоғарғы Кеңес" деп аталатын тараудан кейін тұрған еді) Президент мемлекеттін, ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтайтын және ел іші мен халықаралық қатынастарда Қазақстанды танытушы мемлекет басшысы және оның жоғары лауазымды тұлғасы болып табылады. Ол біріншіден, халық бірлігі мен мемлекеттік биліктің сенімі кепілі болады (т.1), екіншіден, мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының үйлесімді қызметін (т.2), және оның органдарының Қазақстан халқы алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді (т.З). Президенттік республиканың қазақстандық үлгісінің конституцияда бекітілген осы концепциясына сәйкес басқару жүйесінің барлық басқа элементтері қалыптасқан "тежемелік және тел-теңдік" механизмін қолдана отырып құрылады [23].

Қолданылып жүрген Конституцияны жасаушылардың мәселені осы тұрғыдан шешуі "басқару нысаны" және "басқару жүйесі" саяси-қүқықтык категориялары арасалмағының - қазіргі заманғы ғылыми тұжырымдарына толық жауап береді. Егер басқару нысаны мемлекеттік билікті ұйымдастыру сызбасын білдірсе және ереже бойынша, тек бір институттың- мемлекет басшысының завды қызметін қамтамасыз ету тәсілімен байланысты болса, - деп атап көрсетеді мемлекеттанушылар, -онда басқару жүйесі мемлекеттік биліктің жеке тармақтарға бөлінуінщ заң жүзіндегі концепциясын қоса алғандағы, олардың арасындағы

шиеленістерді шешудің технологиясының, олардың саяси мәртебесі мен конституциялық қызметі тәртібінің жиынтық түсінігін білдіреді [23, с 29-36].

Бұрынғы, 1993 жылғы Конституция "тежемелік және тепе-теңдікті" жария еткенімен оның механизмін қамтамасыз ете алмады, себебі ол бастапқыда өтпелі кезеңнің шарттарымен сыйыспайтын Жоғарғы Кедестің ролі үстем болған "билікті қатаң бөлу" идеясына негізделген болатын. Соі-ідықтан ол саяси және Конституциялық процесстер барысындағы Президент пен Парламент арасындағы алғашқы қарсылықты, мемлекеттің республикалық басқару нысанының қайсы үлгісіне бет алу туралы келіспеушілік жағдайын туғызды [ 24, с 350].

Егер 1995 жылғы Конституция бойынша басқару жүйесінің басты ерекшелігі президенттік институттың едәуір күшеюі деп атап көрсете алатын болсақ, (демократиянын, тікелей және өкілетті нысанының "интегралы" ретінде), бұл дұрыс болар еді [24].

Алайда бұл жеткіліксіз де болады, себебі Конституция нормаларын қолдану тәжірибесі Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтарының үстінен қарайтын" жаңа мәртебесіне және олардың өзара іс-қимыл механизміндегі оның үйлестіруші және күш беруші ролінің конституциялық көтермеленуіне орай, қазақстандық парламентаризмнің күш-қуаты мен тікелей атқару билігінің дербестігі күшейіп, сот билігі тәуелсіздігінің артуын көрсетуде.

Екі палаталы Парламент қана емес, сонымен бірге Қазақстан Президенті де қазақ халқының завды өкілі болып табылады және болуы қажет те, себебі біздің демократия билік пен халықтың бірлігі ретінде мемлекеттік билікті тұлғаландыруды ғана емес, сонымен бірге азаматтардың саясаттағы шешуші ролінің күшеюін және Қазақстанда халықтың тікелей ерік-жігерінің дамуын білдіреді. Бұл өз кезегінде Қазақстан мемлекетінің басшысын Қазақстан халқының өкілі және онын, бірлігінің жарқын бейнесі етіп көрсетеді. Ал Парламент түрлі аумақтық округтарда саяси процестің түрлі субъектілері арқылы тікелей және жанама сайланып, қалыптасатындықтан Қазақстан халқының сан алуандығын объективті көрсете алады ( 1995 жылғы Конституцияның IV тарауы). Президент пен Парламенттің биліктік өкілеттігінің шығу ерекшеліктері негізгі конституциялық нормаларда завды шешімін тапқан.

Қазақстан Президентіне халық пен мемлекет атынан шексіз сөз сөйлеу құқығы берілген. Парламент халық атынан "өзіне берілген конституциялық өкілеттік шеңберінде" ғана сөйлеуге құқылы (3 бап, 3 тармақ). Сонымен қатар 1995 жылғы Конституция Республикада билікті ешкім де иелене алмайды деген бұрынғы Конституция ережесінің мәнін дәйектілікпен жалғастыра отырьш, егер осындай іоәрекет орын алған жағдайда, ол заң бойынша жауапқа тартылады деп, аталған қағиданы күшейте түскен ( 1995 жылғы Конституцияның 3 бабының 3 тармағын 1993 жылғы Конституцияның негізгі конституциялық құрылысыньщ төртінші ережесімен салыстырыңыз). Өзінің сан алуандығымен біртұтас Қазақстан халқының толық өкілділігі, оның ерік-жігері мен мүддесінің заңнамаларда үздіксіз және уақтылы қалыптасуына біздің мемлекетіміздің өкілді органы — Парламент пен мемлекет басшысы - Президент, сонымен бірге Парламенттің де, Президепттің де қатар жүргізіп отырған заңнама кызметі ықпал етеді. Әрине, олар өз қызметтерін тиісті құқықтық шеңберде және қоғамдық қатынастар айналымында, бірін-бірі қайталамай, бір-бірінің заңнама функцияларын толықтыра отырып жүргізеді.

Конституция бірлікті (Президент) және Қазақстан халқының сан алуандығыи (Парламент) білдіретін екі демократиялық институттың заңнама шығарудағы "бәсекелестігін" жоққа шығарады. Парламентке Коиституцияның IV тарауының 61 бабының 3 тармағына сәйкес маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін және негізгі қағидалар мен нормаларды бекітетін мына төмендегі мәселелерге қатысты заңдар шығару құқығы берілген:

  1. жеке және заңды тұлғалардың құқықтық субъективтілігі,
    азаматтардың құқығы мен бостандығы, жеке және заңды
    тұлғалардың міндеттемелері мен жауапкершіліктері;


  2. жеке меншік пен өзге де иелік құқықтары;

  3. мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару
    органдарының, мемлекеттік және әскери қызметтердің ұйымдық
    негіздері мен қызметтері;

  4. салық салу, салық және басқа да міндетті төлемдерді белгілеу;

  5. республикалық бюджет;

  6. сот құрылымы мен сот өндірісі мәселелері;




  1. білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету;

  2. кәсіпорындарды және олардың мүлкін жеке меншікке
    айналдыру;




  1. қоршаған ортаны қорғау;

  2. республиканың әкімшілік-аумақтық құрылымы;

11) қорғанысты және мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Көріп отырғандай, 1995 жылғы Конституция Қазақстан Республикасы

заңдары реттейтін объектілер қатарында маңызды қоғамдық қатынастардың неғұрлым кең және толық қамтылған көлемін белгілеген. Алайда бүл завдарды тек Парламент қана шығара алмайтындығын да ескерген жөн. Жаңа Конституция белгілеген жағдайларда Қазақстан Республикасының Президенті зандарға қол қойып, халыққа жария етуден басқа заң күші бар завдар мен жарлықтар қабылдай алады (45 бап, 2 тармақ). Енді осы жағдайды қарастырайық.

Біріншіден, Президент бастамасымен әр Палата депутаттарының жалпы санынын. үштен екісінің дауыс беруімен Парламент өзінің бірлескен мәжілісінде Президентке бір жылдан аспайтын мерзімге заңнама өкілеттігі құқығын береді (53 бап, 4 тармақ). Екіншіден, Президенттің қандай да бір заң жобасын басым немесе жылдам қабылдау туралы талабын Парламент орындамаған жағдайда Президент заң күші бар жарлық шығаруға құқылы, ол жарлық Парламент жаңа заң қабылдағанға дейін қолданылады (61 бап, 2 тармақ).

Президент ондаған заң жобаларын тез, ал бірнешеуін басым, бірінші кезекте қарауға жатады (мәселен, 1998 жылғы 24 ақпандағы ұйғарымға "Сыбайлас жемқорлық туралы", "Үлттық қауіпсіздік туралы" заңдар) деп жариялағанына қарамастан мұндай жағдай Парламент тарапынан әлі кездескен жоқ. Сондықтан да екі палаталы Парламент қызмет етіп тұрған тұста Президент заң күші бар жарлықтар шығарған емес, сондай-ақ осындай заң шығару құқығын да сұраған емес.

Өзінің тәжірибесінде Қазақстан Республикасының Президенті Конституция негізінде Республика аумағында міндетті жарлықтар мен өкімдер шығарады (45 бап, 1 тармақ). Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық актілері Конституция нормалары мен оған сәйкес заңдармен қатар Қазақстан Республикасында қолданылатьш құқықты құрайды (4 бап, 1 тармақ).

Мемлекет басшысының бірден-бір маңызды артықшылығы- заңцарға қол қоюы болып табылады. Сенат қабылдаған заң қол қойылғаннан кейін күшіне енеді (62 бап, 2 тармақ). Президентке заңды жариялау функциясы жүктелген (44 бап, 2 тармақ), алайда Конституцияда да, "Нормативтік-құқықтық актілер туралы" Завда да мемлекет басшысының бұл функцияны жүзеге асыруы қандай актімен жүргізілетіндегі айтылмаған. Кеңестік дәуірден кейінгі Республикада жаңа Конституция Президент жарлығымен жарияланатындығы белгілі болатын. Заңдар баспасөз бетінде басылатын, бірақ мемлекет басшысының жоғарғы еркімен жария етілмейтін. Дегенмен, бұл қоғамның құқықтық мәдениеті мен азаматтардың құқықтық санасына мықтап әсер ететін сәт.

Парламентке завдар немесе оның жекелеген баптары бойынша қарсылық білдіріп, қайта талқылау мен дауыс беруге ұсынуы-Конституцияның кепілі ретінде Президенттің қолындағы ықпалды кұралы болып табылады. Бұл президенттік вето қою зағщардың сапалы және Конституцияға сәйкес болуы үшін қызмет етеді. 1995 жылғы Конституция бойынша Парламент қызметінің алғашқы екі жылында Президент төрт рет заң қайтарған, оның үшеуіне жекелеген вето қойылған ( Парламент қоғамдық бірлестіктер , тұрғын үй қатынастары және нотариат туралы заңдардың кейбір баптарын Президенттің түзетуі бойынша қабылдаған, яғни палаталардың бірлескен мәжілісінде депутаттар Президенттің қарсылығын тойтара алмаған) және мемлекет басшысы "Аудиторлық қызмет туралы" заңға тұтас қарсылығын білдерген кезде осы заңға толық вето қойылған .

Конституцияның Қазақстанда президенттік басқару нысанының жаңа жүйесін орнатуы атқарушы биліктің ролі мен жауапкершілігін едәуір көтерді. Енді атқарушы билік жүйесін басқарып, оның қызметіне жетекшілік етуді 1993 жылғы Конституциядағыдай (93 бап) Президент емес, Үкіметтің өзі жүргізетін болды (1995 жылғы Конституцияның V тарауы, 63 бабының 1 тармағы).

Бұрынғы Конституциямен салыстырғанда қазіргі Конституцияның 66 бабы Қазақстан республикасы Үкіметінің. кұзіретін егжей-тегжейлі көрсеткен. Ол:

  1. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатыньщ, оның қорғаныс
    қабілеті мен қауіпсіздігін нығайтудьщ, қоғамдық тәртіпті
    қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын жасап, оны жүзеге асыруды
    ұйымдастырады;

  2. Парламентке республикалық бюджетті және оның орындалуы туралы
    есепті ұсынады, бюджеттің орындалуын қамтамасыз етеді;

  3. Мәжіліске заң жобаларын ұсынады және олардың орындалуын
    қамтамасыз етеді;

  4. Мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады;

  5. Республиканың сыртқы саясатын жүргізу шараларын жасайды;

  6. Министрліктердің, мемлекеттік комитеттер мен басқа орталық және
    жергілікті атқару органдарының қызметіне басшылық жасайды;

  7. Олардың актілерін толық немесе жекелей-бөлімдері бойынша тоқтата
    тұрады немесе түгелдей тоқтатады;

  8. Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың
    басшыларын қызметке тағайындап, босатады.

Үкімет сонымен бірге Конституция, заңдар және Қазақстан Республикасы Президентінің актілері жүктеген өзге де функцияларды орындайды.

Үкімет шешімдерінің республикада қолданылып жүрген құқықтық құжаттар сатысында алатын орны 1995 жылғы Конституцияның 69 бабының 3 тармағында былай деп белгіленген:

"Үкімет қаулылар мен Премьер-министрдің өкімдері Конституцияға, заңнама актілеріне және Республика Президентінің жарлықтары мен өкімдеріне қайшы болмауы қажет". Сонымен қатар Үкімет өз қызметінде Президент алдында жауапты екендігін және Парламент алдында есеп бертіндігін де ерекше атап өткен жөн (64 бап, 2 тармақ). Бұл Қазақстан мемлекетінің органы ретінде Республика Үкіметі қызметінің заңдастырылуынан да айқын көрінеді.

Негізгі Заңның 65 бабына сәйкес, Үкіметті Палаталардың бірлескен мәжілісіндегі Парламенттің келісімімен (53 бап, 5 тармақ) Президент тағайындаған ( 44 бап, 3 тармақ) Премьер-министрдің оның құрылымы мен құрамы жөніндегі ұсыныстары бойынша Республика Президенті құрайды. Премьер-министрді немесе Үкімет мүшелерін қызметтен босатуды Республика Президенті өзі дербес жүргізеді.

Жергілікті атқарушы органдарға келер болсақ, олар 1995 жылғы Конституцияда көрсетілгендей, Қазақстан Республикасындағы атқарушы органдардың бірыңғай жүйесіне кіреді, оны республика Үкіметі басқарады, енді облыс және республикалық мәндегі қалалар әкімдерін Премьер-министрдің ұсынысы бойынша Республика Президенті тағайындайды. Алайда Президент әкімдерді қызметтен өз қарауы бойынша босатады (87 бап, 4 тармақ). Бұдан бөлек, 1998 жылғы Конституцияға енгізілген өзгертулер мен толықтырулардан кейін Президент әкімдер мен өзге әкімшілік-аумақтық бірліктердің лауазымына сайлану тәртібін өзі белгілей алады .

Үкіметтің Парламент алдында есеп беруі оның палаталарының бірлескен мәжілісінде Премьер-министрдің Үкімет Бағдарламасы туралы баяндамасын тывдауынан, оны қолдауынан немесе кері қайтаруынан көрінеді. Әр палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінің көпшілік дауысымен Бағдарламаны қайтадан қабылдамау Үкіметке сенімсіздік білдіру болып табылады ( 53 бап, 6 тармақ). Бұдан басқа, Парламент палаталарынық әрқайсысы, дербес, екінші палата депутаттарының қатысуынсыз, өз депутаттарының жалпы санының үштен бірінід бастамасымен үкімет мүшелерінің олардың қызметі туралы есептерін тыңдауға қүқылы және Мәжіліс немесе Сенат депутаттарының жалпы саыының үштен екісінің көпшілік дауысымен Республика Президентіне республика завдарын орындамағаны жағдайында Үкімет мүшелерін қызметтен босату туралы ұсыныс жасай алады (57 бап, 6 тармағы).

Парламенттің Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы 1998 жылы 7 қазанда Қазақстан Республикасының Заңын қабылдауы Үкіметпен өзара қарым-қатынаста оның бағытын күшейте түсті. Енді, егер Президент жоғарыда аталған ұсынысты кері қайтарған жағдайда Конституцияның 57 бабының 6 тармақшасына сәйкес, қос Палата депутаттарының жалпы санының кем дегенде үштен екісінің көпшілік дауысымен депутаттар алғашқы үндеуден кейін алты ай өткен соң Қазақстан Президенті алдына Үкімет мүшелерін қызметтен босату жөніндегі мәселені қайтадан қоюға құқылы. Бұл жағдайда Президент Үкімет мүшелерін қызметтен босатады.

Төрт сессия кезінде ( Республика Парламентінің жүмысы басталғалы) Мәжіліс те, Сенат та өз отырыстарында қаржы, ауыл шаруашылығы, түрғындарды әлеуметтік қорғау, білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрліктері жетекшілерін, сондай-ақ Премьер-министр мен оның орынбасарларының қызметі бойынша басқа да кең көлемдегі мәселелерді тыңдаған. Баспасөз хабарларына қарағанда, бұл отырыстарда Үкімет мүшелерін қызметтен босату жөнінде мәселелер көтерілмеген, палаталардың бірді-бірі бұл мәселені Президент алдына қоймаған.

1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша "билік тармақтарының үстінде түрған" Президенттің жағдайы оған Үкімет пен Парламент арасындағы қарым-қатынаста төреші болуға, үкімет мүшелері мен депутаттардың антын қабылдай отырып, олардын, қызметін заңдастыруға немесе мемлекеттік қақтығыстар мен шиеленістердің алдын алуға және шешуге мүмкіндік береді.

Мәселен, Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген жағдайда (53 бап, 7 тармақ), ол Президентке өзініқ қызметтен кететіндігін хабарлайды. Қызметтен кету жөніндегі мәселені Президент (оны қабылдайды немесе кері қайтарады) он күн ішінде шешуі қажет (70 бап, 3,4 тармақтар). Үкіметтің қызметтен кету жөніндегі үсынысын қабылдамай тастаған жағдайда, соңғысына білдірілген сенімсіздікке байланысты Президент Парламентті ( міндетті емес) таратуға құқылы (70 бап, 6 тармақ). Бұдан бөлек, Президент өз бастамасымен Үкімет өкілеттігін тоқтату немесе оның кез-келген мүшелерін қызметтен босату жөнінде шешім қабылдауға құқылы.

Премьер-министрді қызметтен босату барлық Үкімет мүшелерін қызметтен босатуды білдіреді. Бұл нормада Конституцияның 68 бабында бекітілген Үкіметтің алқалық жауапкершілігі қағидасы шешімін тапқан.

Конституцияның 61 бабының 7 тармағына сәйкес, Үкімет енгізілген заң жобасының қабылданбай тастауына байланысты сенім туралы мәселе қоя алады. Бұл құқықты Үкімет жылына екі реттен артық пайдалана алмайды. 1995 жылғы Конституция қолданылғалы бері Үкімет Парламентке құқықтық қысым көрсетудің аталған нысанын тек екі рет қана пайдаланған. Мәжіліс "ҚК КСР-ы азаматтарын зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" Қазақ КСР-ның Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасын алғашында кері қайтарған болатын. Парламент палаталарының бірлескен мәжілісінде Премьер-министрдің Үкіметке сенім туралы мәселесінің 1996 жылы 12 маусымда талқылауынан кейін аталған заңның жобасы Үкіметке сенімсіздік білдіру туралы ұсынысқа дауыс берген депутаттар санының жетіспеушілігінен, заң Сенатта талқылаусыз және дауысқа салынбай қабылданды деп есептелінді. Егер сол кезде Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіруді жақтап дауыс берген болса, мәселені түбегейлі Президент шешетін еді: не Үкіметті қызметтен босататын , немесе Парламентті тарататын. Осындай жағдай "Жер туралы" Заңның жобасын талқылау кезінде де орын алғаны белгілі.

Президент Парламентті жаңа Конституция жобасын бүкілхалықтық талқылау барысында анықталған мынадай жағдайларда тарата алады: а) Парламент палаталары арасында немесе Парламенттің мемлекеттік биліктің басқа тармақтарымен шешуге келмейтін саяси шиеленістер орын алғанда; ә) Премьер-министрді тағайындауға Парламент екі рет келісім бермегенде (63 бап,12 тармақ).

Сонымен қатар, Конституцияда Президенттің Парламентті тарата алмайтын шарттары да көрсетілген. Бұл: Республика Президенті өкілеггігінің соңғы алты айы ішінде төтенше немесе әскери жағдай енгізілгенде; алдыңғы таратудан кейінгі бір жыл ішінде.

1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы билік


тармақтары арасында тығыз қарым-қатынас орнатьга, үйлесімді

ынтымақтастыққа жол ашқанын байқау қиын емес. Бұл туралы сауалнама жүргізген республикалық қоғамдық пікірді зерттеу орталығының сарапшылары да атап көрсеткен. "Конституцияда көрсетілген үш билік тармағының өзара қарым-қатынасыньщ сипаты кең көлемде ықпалды жұмыс жүргізуге алғышарт жасайды ма" деген сауалға сауалнамаға қатысқан респонденттердід 46 пайызы, ал "жаңа Конституцияда барлық басқару құрылымының өкілеттіктері нақты анықталған ба" деген сауалға респонденттердің 42 пайызы "иә" деп жауап берген. РҚПЗО сарапшыларының "республиканың қазіргі кездегі дамуына президенттік республика сәйкес келеді" деген сауалын сұралғандардың 76 пайызы жақтаған.

Билікті бөлудің конституциялық кепіліне біріншіден, "қосарлы мандатқа" жол бермеуді жатқызуға болады;

Үкімет мүшелерінің өкілетті органның депутаттары болуға, өзге де


ақылы қызмет атқаруға, кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы жоқ

(68 бап, 2 тармақ), оларға "лауазымдық иммунитет" ережесі тарамайды;



• Парламент депутаттарының да өзге ақылы қызмет атқаруға,
кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы жоқ , ондай жағдай орын алғанда
депутаттық өкілеттілігі тоқтатылады (52 бап, 3 тармақ).

Екіншіден, заңнама құқығы тек екі субъектіге: Парламент депутаттары мен Республика Үкіметіне берілген (1995 жылғы Конституцияның 61 бабының 1 тармағын 1993 жылғы Конституцияның 71 бабымен салыстырыңыз).

Үшіншіден, Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына ресми түсініктеме беру елдің барлық аумағында Конституцияның билік құруын қамтамасыз етуге өкілетті мемлекеттің органы-Конституциялық Кеңеске берілген, ал бұрын заң шығарушы-Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі - елдің Негізгі Заңын қоса алғанда, өзі қабылдаған барлық завдарға ресми түсініктеме беретін еді (1995 жылғы Конституцияның 72 бабының 4 тармағын және 1993 жылғы Конституцияның 64 бабының 3 тармағын салыстырыңыз).

Төртіншіден, тағы бір маңыздысы, жаңа Конституцияның тұрақтылығы үшін, оған өзгертулер мен толықтыруларды Президенттің жеке бастамасы немесе Парламенттің немесе Үкіметтің ұсынысымен Президент қабылдаған шешімі бойынша өткізілген республикалык референдум енгізеді; немесе 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтыруларды егер Президент оның жобасын Палаталардың бірлескен отырысында қарауға беруді шешкен жағдайда Парламент енгізе алады (53 баптың 1 тармағы және 91 баптың 1 тармағы).

1998 жылы 30 қыркүйекте Республика Парламеті Палаталарының бірлескен отырысында мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауларыида келтірілген демократиялық қағидалар нәтижесінде заң шығарушыларға конституциялық құрылыстағы өздерінің шешуші ерік -жігерін көтеруге мүмкіндік туды. 1998 жылғы 7 қазандағы Заң Конституцияның 91 бабының 1 тармағын егер Президент Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Парламенттің ұсынысын қабылдамай тастайтын жағдайға байланысты едәуір толықтырды. Осындай жағдай орын алғанда Парламент Палата депутаттарының жалпы санының кем дегенде бестен төртінің басым көпшілік даусымен Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Заң қабылдауға құқылы.

Мұндай жағдайда Президент бұл заңға қол қойып, оны республикалық референдумға шығарады. Оған қатысуға құқылы республика азаматтарының жартысынан астамы дауыс беруге қатысқан жагдайда
референдум өтті деп саналады. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың
жартысынан астамы оны жақтап дауыс бергенде республикалық

референдумға ұсынылған Конституцияға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар қабылданды деп есептелінеді [14, с 28].

Сот органдарының Президентпен қатынасы, мемлекет басшысының төменгі жоне орта буын сот корпусын тұтас жасақтауымен және жоғарғы сот органын құруға қатысуымен негізделеді. Оның айрықша құзіретіне, сондай — ақ, соттарды құру мен тарату да кіреді.

Яғни, бесіншіден, жоғарғы судьяларды елдің Жоғарғы Сот Кеңесінің кепілдемелеріне ыегізделген мемлекет басшысының ұсынысы бойынша Сенатта айырықша конституциялық тәртіппен сайлау және барлық судьяларды Республика Президентінің тағайындауы (82 бап); соттарды тікелей республикалық бюджеттен қаржыландыру (80 бап); судья лауазымының депутаттық мандатпен немесе басқа да ақылы қызметпен, кәсіпкерлікпен сыйыспайтындығы (79 бап, 4 тармақ); Республика Конституциясында "судья иммунитетін" бекіту сот билігі тәуелсіздігінің кепілдігін нығайту болып табылады.

Мемлекеттік басқару органдары жүйесіндегі белгілі бір орын сот билігінің қарауына жатады. Өйткені дәл осы соттар материалдық игіліктерлі бөлісуге белсенді түрде қатысады, азаматтық және экономикалық істерді қарайды, қылмыстық ізге түсу саясатын жүзеге асыруға қатысады, қылмыстық істерді қарайды, сот төрелігін іске асыру кезінде тұтас алғанда заң шығару және атқару қызметтеріне баға береді. Біздіңше, қазақстандық мемлекеттіліктщ даму перспективасын нақ сол сот билігін күшейтумен байланыстырған жөн. Жалпы алғанда, билікті бөлісу теориясы жөніндегі теориялық тұжырымдарда сот органдарына аз көңіл бөлінген.

Сонымен қатар, 1995 жылғы Конституция бойынша заң шығарушы және атқарушы қызметтің қосыльш кетуіне ( кеңес және кеңестік дәуірден кейінгі өтпелі кезеңдегідей), соттарды бақылау мен оларға басшылық етуге жол берілмейді, билік тармақтарын ұйымдық және функционалдық бөлісу де "өте қатаң емес", бірақ, елдегі мемлекеттік биліктің бірлігін бұзбайды. Қазақстан мемлекетінде қазіргі билікті бөлісудің барлық жүйесінің икемділігі мен тұтастығы, - деп жазады А.К. Котов, - өкілеттігі жағынан олардыд әрқайсысынан бірдей қашықтықта тұрған Республика Президентіне, халық сайлаған біздің мемлекетіміздің дара тұлғасына, мемлекет басшысына барлық билік үстінен көтерілген мәртебе береді [17, с 157].



Т.С. Донаков пен Ж.Н. Бәйішев баспасөз [25] беттерінде қолдаған Президенттід "билік тармақтарының үстінен қарауы", және "олардан бірдей қашықтықта алшақтауы" Ғ.С.Сапарғалиевтің "Қазақстан Республикасындағы Конституциялық құқық" оқулығында және В.А.Малиновскийдің "Егемен Қазақстан мемлекетінің басшысы" монографиясында едәуір қарсылыққа кездесті. В.А.Малиновскийдің пікірі бұдан да өткір. Президенттің "билік тармақтарының үстінен қарауы", жэне "олардан бірдей қашықтықта алшақтауы" , - дейді ол, - ғылыми қиял мен саяси шығармашылықтың жемісі. Мұндай баға беру бір мақсатқа - конституциялық мәртебеге сүйене отырып, мемлекет басшысына қоғам дамуыньщ стратегиясын саяси үйлестіру әдісімен анықтау мүмкіндігін негіздеуге бағытталған [18, с 112-113].

В.А.Малиновскийдің пікірінше, "Қазақстандық Конституция мемлекет басшысын атқарушы билікке жақын қояды. ... Мемлекет басшысы Парламент пен Жоғарғы Сотқа қатысты стратегиялық және тактикалық мүмкіндіктер көлемінің оннан бір үлесіне де ие емес. Біздің осыны байқамауга қүқығымыз бар ма?" - дейді автор.

Алайда, біздің ойымызша, Президенттің "билік тармақтарының үстінен қарауы", және "олардан бірдей қашықтықта алшақтауы" тезистерін жақтаушылардың болжамдары да талассыз емес. Президенттін, Үкіметтің қалыптасуы мен қызмет етуінің көптеген тұстарына тікелей ықпал етуі "мемлекет басшысы атқарушы билікке жақын" деп тұжырым жасауға толық негіз болуы екіталай. Ең алдымен, басқарудың тактикалық жедел мәселелері шешілуге тиісті Үкіметтің мемлекеттің атқарушы және өкімдік етуші органы ретіндегі табиғаты осындай. Осыған орай, тұтас алғанда, елдің дамуына жауап беретін Президент Үкіметпен жиі және тығыз қарым-қатынаста болады .

Ең бастысы, біздің пікіріміз бойынша, осы таласта авторлар 1995 жылғы Конституция бойынша Қазақстан Президенті қосарлы мәртебеге ие екендігін байқамағаны, яғни: біріншіден, мемлекет басшысы, екіншіден, жоғары лауазымды тұлға [14]. Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгілей отырып, Республика Президенті оны мемлекеттегі билік тармақтарынын, барлығы үшін бірдей дәрежеде жүргізеді, сондықтан да бұл жағдайда ол мемлекет басшысы ретінде көрінеді. Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатыньщ негізгі бағыттарын жүзеге асыра отырып, Республика Президенті билік тармақтарының әрқайсысымен олардың мақсаттарына тән конституциялық-құқықтық нысандарына сәйкес тығыз қарым-қатынас жасайды. Тактикалық жағынан, Президентке әрине, мемлекет басшысының саясатын орындауды ұйымдастырушы Үкіметпен тығыз қарым-қатынаста болуға, тіпті, аса маңызды мәселелер бойынша Үкіметтің мәжілістерінде төрағалық етуіне тура келеді [14]. Алайда осындай жағдайларда және Президенттің Үкіметке тікелей ықпал ететін басқа да кездерде ол жоғары лауазымды тұлға ретінде көрінеді. Сондай-ақ ҚаруЛы Күштермен қатынаста Республика Президенті Жоғарғы Басқолбасшы болып табылады [14]. Сонымен, Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттілігі кешенінің мазмұны және оның 1995 жылғы Конституция бойынша мемлекеттік өмір шеңберін барынша қамтуы, бізге біріншіден, билік тармақтарының қызметін үйлестіріп, оларға бағыт-бағдар беретін, олардың арасындағы келіспеушіліктерді шеше отырып, "билік тармақтарының үстінен қарайтын", және "олардан бірдей қашықтықта алшақтайтын" мемлекет басшысы ретіндегі құқығы мен міндеттері қосылатын "Президенттің конституциялық ролінің" жалпы түсінігін бекітуге мүмкіндік береді. Ал екіншіден, мемлекет басшысы ретінде Президент қойған мақсаттарға жету үшін мемлекеттің атқарушы-өкімшілік қызметіне жалпы басшылық және бақылау жасау бойынша жоғары лауазымды тұлға ретіндегі құқығы мен міндеттері. Ондағы мемлекеттік биліктің сан алуан көрінісі мәні жағынан бірегей болады.

1990-1994 жылдары Қазақстан құлдырау жылдарын бастан кешірді: өнеркәсіп өнімдерін өндіру күрт төмендеп, көліктік тасымалдар азайды, жүмыссыздық етек алып, мемлекет өзі құрған кәсіпорындарды басқара алмады, зейнетақы мен жалақы уақытында төленбеді.

1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы және еліміздің алғашқы Президенті жаңа нарықтық қатынастардың қалыптасуына, экономиканың күрт өзгеруіне барынша тиімді жағдай жасады.

Президент үкіметтің кадр саясатын жүргізеді, Премьер-министрдің, Үкімет мүшелерінің кандидатураларын іріктеп Парламентке бекіту үшін ұсынады.

Атқарушы биліктің қызметі әлеуметтік- экономикалық айналымның
барлық спектрін қамтиды. Осыған байланысты биліктің басқа тармақтары
атқарушы биліккке бақылау жасауға ұмтылады. Парламент заң шығарушы
орган ретінде атқарушы биліктің завды орындауына бақылау жасайды.
Сот билігі атқарушы биліктің Конституция мен заңды бұзбауына жол
бермеуге тырысады. Прокуратура заңның, Президент

жарлықтарының және басқа да нормативтік актілердің республика аумағында дәл және бірыңғай орындалуын қадағалайтын орган ретінде атқарушы органның заңдылықты бұзбауын қадағалайды.

Тек бір ғана билік- президенттік билік — атқарушы билікке жан-жақты бақылау жасай алады. Алайда Президенттік бақылау демократиялық бастамаларға, халықтың сенімі мен олардың мүддесін қорғауға негізделеді. Президенттің атқарушы билікке осылай бақылау жасауы халықтың оған сеніп тапсырған аманаты, жалпы жеке адамның, мемлекет пен қоғамның дамуына, өсіп-өркендеуіне, қоғамның тұрақтылығына, халықтың жарқын болашағына бағытталған.

Атқарушы билік ең алдымен, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын жүргізуге тиісті. Сондықтан да жеке адамныд құқығы көп жағдайда үкіметтің жұмысына байланысты. Атқарушы билік жақсы жұмыс істеп, қоғам мен мемлекеттің дамуына қолайлы жағдай жасаса, тиісінше, адам құқығы да кеңінен жүзеге асып, экономикалық және әлеуметтік мәнге ие бола бастайды. Олай болмаған жағдайда кері процестер жүруі мүмкін. Яғни, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар адам құқығының дамуына кері әсерін тигізеді. Сондықтан да алдағы уақыттағы міндеттер мен стратегиялық мақсаттардың орындалуы атқарушы биліктің қызметіне тікелей байланысты.

Президенттік билік атқарушы биліктің осы стратегиялық мақсаттар мен міндсттерін анықтап, үкіметтің жеке адамның бостандығы мен құқығының әлеуметтік- экономикалық және мәдени айналымдарда кеңінен дамуын толық қамтамасыз етуі үшін оның қызметіне барынша жағдай жасауы қажет.

Президенттік биліктен өзге бірде- бір билік тармағы, сот, заң шығарушы, прокурорлық және конституциялы қадағалау органдары атқарушы билік саласында адам мен азаматтың бостандығы мен қүқығын қорғауды стратагиялық жағынан қамтамасыз ете алмайды. Себебі, оларда президенттік билікке тән жұмылдырушылық, ақпаратттық және батыл шешім шығару жағы жетіспейді.

Осыған байланысты адам мен азаматтың құқығын қорғаудағы президенттік өкілеттіктің маңызы айрықша.

Президенттің осы аталған өкілеттігі әлсіреген жағдайда президенттік институттың қорғау функциясы нашарлайды және осының салдарынан президенттік институт мемлекет пен қоғамда басты роль атқарудан қалады, яғни өзінің адам құқығы мен бостандығын қорғаудағы басты функциясынан айырылып, оны биліктің өзге тармағына беруге мәжбүр болады.

Қазақстанда мемлекеттік биліктің бір орталыққа бағынуын әлсірету және жергілікті билік органдарының ролін күшейту процесінде президентураның ролі зор. Бұл процесс ұзақ және бірте- бірте жүзеге асырылмақ, оған революциялық әдістер жат.

Президенттік институттың тиімді қызметі мемлекет пен қоғам алдында
тұрған мақсаттар мен мұраттарды анықтауда байсалдылық,


салқынқандылық танытуға, стратегиялық ойлау қабілетіне тікелей байланысты. Біздің қазіргі шьшайы жағдайымыз осының куәсі.

Жоғарыда көрсетілген конституциялық өкілеттіктерінен басқа Қазақстан Республикасының Президенті жыл сайын халыққа елдің жағдайы туралы Жолдау қабылдайды. Елбасының республика халқына арналғаы "Қазақстан 2030" Жолдауы біздің қоғамныд болашағының айқындығы мен болжамдығының жарқын көрінісі және ерекше оқиға болып табылады.

"Қазақстан — 2030" өте икемді ғылыми негізделген концепция, ол қайта құрулар жүргізілген сайын көптеген өзгертулер қабылдауға ыңғайлы, сонымен бірге - тәуелсіз, гүлденген және ұлттық бірлік, әлеуметтік әділдік, барлық халықтың экономикалық бақуатты тұрмысы тән саяси тұрақты Қазақстан құруды мақсат еткен өзінің басты бағытын сақтайды [1, с 113]. Қазақстандық қоғамның жалпы игілікке бағытталған стратегиялық мақсаты - оның ұзақ уақытқа арналған мүмкіндіктерін жұмылдырады, интеграциялайды және мемлекет басшысы бейнесіндегі өшпес әлеуметтік бағалық ретіндегі мемлекеттік билікке тұрақтылық пен
мағына береді. "Қазақстан — 2030" стратегиясын жүзеге асыруда
шешуші жаңа өзгерістердің бірі - Республика Президентінің

Қазақстаи халқына 1998 жылғыЗО қыркүйектегі "Елдегі жағдай мен ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары: қоғамды демократияландыру, жаңа ғасырдағы экономикалық және саяси қайта кұрулар" деп аталатын Жолдауы больш табылады. Мемлекет басшысы саяси ымырашылдық пен өктемшілдіктен мүлдем бас тартудың жеті басым бағытын анықтап берді. Бұл - сайлау жүйесін жетілдіру; тәуелсіз және әділ сайлауларды қамтамасыз ету; саяси партиялардың ролін көтеру; Парламенттің өкілеттілігін күшейту, азаматтық қоғамды жан-жақты дамыту; тәуелсіз сот жүйесі мен қоғамдағы әйелдердің жағдайы.

Республика Президентінің Қазақстан халқына 2005 жылдың 18 ақпанындағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Жолдауының саяси-экономикалық маңызы өте зор. Президент ел экономикасының өткен жиырма — жиырма бес жылғы жағдайына баға бере отырып, осы уақыт аралығында елімізде қол жеткен жетістіктерғе тоқталған. Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамаларды жасауға қол жеткіздік. Бүгінгі тавда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп тұрған нарықтық экономика бар [1 ].



Президенттің Жолдауында Қазақстанның саяси-құқықтық

өміріндегі өзгерістерге айырықша назар аударылған. Соңғы жылдары Қазақстанда адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету саласында маңызды қадамдар жасалып, елеулі нәтижелерге қол жетті; Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл институты құрылды; Қазақстан адам құқықтары жөніндегі халықаралық конвенцияларға қосылды. Құрамы жөнінен көрнекті әрі беделді демократия мен қоғам мәселелері жөніндегі ¥лттық комиссия жүмыс істейді.

Елбасы Жолдауда Қазақстанның жеделдетілген экономикалық және әлеуметтік прогресі мәселелеріне баса тоқталып, елімізде инновациялық экономика қүру және шикізаттық емес секторды дамыту, шағын және орта бизнес, ағрарлық проблемалар, қаржы, тұрғын үй мәселелері секілді халықтың әл-ауқатын көтеруде маңызды орын алатын секторларды дамытудың бағыттарын белгілеген.

Сондай бағыттардың бірі- XXI ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау бүгінгі тавдағы өзекті мәселе екендігі даусыз. XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорыи жасақтауымыз қажет. Осы заманға лайықты білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін инновациялық экономика құра алмаймыз [1].

Қазақсганды демократияландырудың жаңа кезеңі жөнінде Жолдауда Президент : «Басқа елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, демократия дегеніміз қоғамның барлық топтары үйренуге тиіс барынша ұзақ процесс. Көптеген елдердің ғасырлар бойы қалыптасқан либералдық дәстүрлері бар, алайда олар әлі де шырқау биігіне жете қойған жоқ. Біз бәрін жоқтан бастаган едік қой және демократияның өзі — адамның ой-санасы мен мінез-құлық мәдениеті екенін ұмытпағанымыз жөн» деп салмақты ой салар пікірін халқына жеткізген [1 ].

2005 жылғы Президенттік Жолдауда сондай-ақ қолданылып жүрген Конституциямыздың әлеуетін одан әрі пайдалану қажеттігі баса айтылады.

Біздің Конституциямыз әлемде демократиялық қоғамның негізгі міндеттеріне сәйкес танылып отыр. Егер атына сын айтылып жүрсе, оньщ ержелерінің орындалуына ғана қатысты болып жүр. Бүкіл әлемде демократия мен заңды сақтау ажырағысыз болып табылады.

Республика Президенті атқарушы билік реформасы турасында айта келе, билікті одан әрі орталықсыздандыру, мемлекеттік басқару жүйесін реттеу мен оның тиімділігін арттыруға бағытталған атқарушы билікті реформалауды одан әрі жүргізу қажеттігіне тоқталады.



Осы бағыттағы маңызды қадам ретінде әкімдердің сайланбалылығын енгізу қажеттігі айтылған. Бұл процесс үстіміздегі жылдың тамыз айында басталып, Астана, Алматы қалаларындағы аудандар әкімдерінің сынақ түріндегі сайлаулары өтпек. Осыдан кейін ауылдық округтер, ауылдар, кенттер әкімдерін сайлау қолға алынып, кезең-кезеңімен жүргізілетін аталмыш процесс 2007 жылы аяқталмақ.

Республика Президентінің жолдауында сонымен қатар сот жүйесі мен азаматтарды құқықтық қорғау реформасына ерекше көңіл бөлінген. «Біз демократиялық қоғамдастықтағы жалпыға ортақ стандарттарға сәйкес келетін кең ауқымды сот жүйесі реформасының қарсаңында тұрмыз» — деп мәлімдеді Республика Президенті өзінің Қазақстан халқына Жолдауында

Жолдауда сот өндірісін оңайлату, оның объективтілігін, сондай-ақ сот



актілерінің тұрақтылығы мен уақтылы орындалуын қамтамасыз ету; сот жүрғізу шеңберінде және сот шешімдерін атқару кезеңінде азаматтар құқығына берілетін кепілдіктерді күшейту; сот корпусының тәуелсіздігін қамтамасыз ету; Қазақстанның сот жүйесін XXI ғасырдағы шаруашылық, инвестициялық және сауда проблемаларына сәйкес келтіру; қылмыстық сот жүргізу сот шешімдері шеңберінде адвокаттардың ролін арттыруды қамтамасыз ету, қылмыстық сот жүргізу тәжірибесіне алқабилер соты институтын енгізу, осы мақсатта 2005 жылы «Алқа билер туралы» заң қабылдау, «Сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы» Конституциялық заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі қажеттігі сынды сот реформасының басты бағыттары белгіленген [25].

Міне, Президенттің тек бір ғана конституциялық өкілеттігі- халыққа Жолдауы арқылы - өзінің кең көлемдегі функциясы мен өкілеттіктерінің мән-мағынасын, сан алуан бағыт- бағдарын айқын көруге болады. Бұл Президент өкілеттігінің көп қырлылығының, жан-жақтылығының куәсі бола отырып, оның өкілеттіктерінің ерекшеліктерін білдіреді.

Президент өкілеттігінің тағы бір ерекшелігі Президент
Парламенттің сайлауын тағайындайды, оның бірінші сессиясын және
Парламент Палаталарының бірлескен отырыстарын шақырады;
Парламенттің келісімімен Ұлттық Банктің Төрағасын, Бас Прокурорды
және ¥лттық қауіпсіздік Комитетінің Төрағасын қызметке қояды және
оларды қызметтен өзі босатады; Республиканың атынан келіссөздер
жүргізеді және халықаралық келісімдерге қол қояды; Үкімет құрамына
кірмейтін орталық атқару органдарын таратады және қайта қүрады
(атқарушы биліктің президенттік бөлігін құра отырып, тікелей
Президентке бағынатындар: стратегиялық жоспарлау және қайта құрулар
жөніндегі Агенттік; Қазақстанның ¥лттық Банкі; сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес жөніндегі Мемлекеттік комиссия; тікелей инвестиция
Агенттігі; ¥лттық қауіпсіздік комитеті; Қорғаныс Министрлігі; сондай-ақ
Президент Конституцияға және Республика заңдарына сәйкес Қазақстан
азаматтығын және саяси баспана беру мәселелерін шешеді; азаматтарға
рақымшылдық жасап, мемлекет басшысының басқа да жоғары артықшылықтарын жүзеге асырады (1995 жылғы Конституцияның "Президент" тарауының 44 бабы және басқа да нормаларын, сондай-ақ конституциялық заң күші бар 1995 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Президенті" Жарлығын қараңыз).

Қазақстан Президентінің конституциялық өкілеттігін ірі функционалды айналым бойынша топқа бөлетін болсақ, онда олар мынадай бағыттарға бөлінеді: а) ұйымдық мәселелерді шешу үшін; б) жоғарғы кадр мәселелерін шешу үшін; в) заңнаманы дамыту мәселелерін шешу үшін; г) саяси және әлеуметтік мәндегі жалпы мәселелерді шешу үшін; д) төтенше өкілеттіктер.

Қазақстандағы президенттік институттың өзгеше бір элементі оның


жеке басына қол сүқпаушылық, қызметін қамтамасыз ету, оған және
отбасына мемлекет есебінен қызмет көрсету және қорғау. Қызметтен
аластатылғаннан басқа президенттердің "Экс-Президент" атағы

сақталады және олар Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің өмірлік мүшесі болып табылады.

Сонымен қатар, қазақстандық конституционализм тарихында түңғыш рет "импичмент" немесе мемлекет басшысын қызметтен аластату демократиялық институты енгізілді (мұндай институт Францияның қолданылып жүрген Конституциясында жоқ). Мемлекеттік ой-таным мемлекет басшысының саяси ерік-жігерін және оны халықтың қазақстандықтар арасынан ең лайықтысын сайлауын білдіретіндіктен, Қазақстан Республикасының Президенті өз міндетін атқаруы кезінде мемлекетке сатқындық жасаған жағдайда жауапкершілікке тартылады. Мемлекет басшысына осындай кінә тағу және оны тексеру туралы шешім депутаггардың кем дегенде үштен бірінің бастамасы бойынша Мәжіліс депутаттарыньщ жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.

Тағылған айыпты тексеруді Сенат жүргізеді, оның нәтижесі сенаторлардың жалпы санының көпшілік даусымен Парламент Палаталарының бірлескен отырысында қарауға беріледі. Түпкілікті шешімді Парламент Палаталардың бірлескен отырысында Жоғарғы Соттың айыптаудың негізділігі туралы қорытындысы және Конституциялык Кеңестің конституциялық тәртіптің сақталуы туралы қорытындысы болған жағдайда әр палата депутаттарының жалпы санының кем дегенде төрттен бірінің көпшілік даусымен қабылдайды (47 бап, 2 тармақ).

Сонымен бірге Конституцияның 47 бабыньщ 3 тармағында Республика Президентін қызметтен аластату мәселесін ол Парламент өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселе қараған кезде көтеруге тыйым салынған.

Өмірдің аты өмір, сондықтан да Республика Президенті тек
"импичмент" тәртібімен ғана емес, сонымен қатар ауруына байланысты өз
міндеттеріи тұрақты түрде жүргізуге қабілеті болмаған жағдайда арнайы
комиссияның қорытындысы және конституциялық тәртіптің сақталуы
туралы Конституциялық Кеңестің қорытындысы бойынша

Палаталардың бірлескен отырысында әр палата депутаттарының жалпы санының төрттен үшінің көпшілік даусымен қабылданған Парламент шешімімен мерзімінен бұрын қызметтен босатылады (7 бап, 1 тармақ).



Осы арада, Республика Президентінің Қазақстан халқына 1998 жылғы 30 кыркүйектегі Жолдауьшан кейін Парламентте депутаттар жүргізген конституциялық процестерге байланысты Қазақстандағы президенттік институт бірқатар маңызды өзгерістерге ұшырады. Қазақстандық қоғамдағы қайта құрулардьщ және ымырашылдықтьщ жойылуының нәтижелері үшін әлеуметтік-саяси жауапкершілік дәйектілігі тұрғысынан қарай отырып, парламентарийлердің талап етуімен Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізген 1998 жылғы 7 қазандағы Заң мемлекет басшысының өкілеттік мерзімін бес жылдан жеті жылга ұзартты. Ал елдегі саяси тұрақтылық үшін кезектен тыс президенттік сайлаулар институты жойылды (Конституциядан 41 баптың 4 тармағы алынып тасталынды).

Егер осы уақытқа дейін Республика Президенті мерзімінен бұрын қызметінен босаған немесе қызметтен аластатылған, сондай-ақ ол қайтыс болған жағдайда Конституцияның 48 бабының 1 тармағына сәйкес Президенттің міндеттерін атқару уақытша Сенат Төрағасына жүктелетін, ал ол мемлекет басшысыньщ міндеттерін " атқара алмаған жағдайда Республика Премьер-Министріне берілетін, осыдан кейін Президенттің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтағаннан кейінгі екі ай ішінде мемлекет басшысының кезектен тыс сайлауы өткізілуге тиіс болса, қазір Президент міндеттерін атқару емес, Президент қызметін қабылдай алатын лауазым тұлғаларының тізімі Мәжіліс Төрағасымен толықтырылған, ол мемлекет басшысының қызметін конституциялық өкілеттігі мерзімінің соңына дейін Сенат Төрағасынан кейін, бірақ Премьер-министрдің алдында жүргізе алады.

Осыған байланысты Г.С.Сапарғалиевтің пікірі өзгеше: енді Сенат Төрағасы мен Мәжіліс Төрағасы қызметіне кандидаттарға палата регламенттерінде нақтыланғандай, Президентке кандидатқа қойылатын талаптар қойылуы қажет дейді. Премьер-министрге қойылатын талаптарды жетілдіру жөнінде мәселе туындайды, себебі ол халық қалаулысы емес және Үкімет халық атынан сөйлей алмайды [25, с 5]. Осындай жолмен қызметке келген Республика Президентінің Қазақстаы Республикасы Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізуге бастама көтеруге құқы жоқ (48 бап, 2 тармақ).

Республика Президенті Конституция бойынша Қазақстандағы адам мен азаматтардың құқығы мен бостандығының кепілі. Мемлекет басшысы жанынан мемлекеттегі адам құқығы жөніндегі өкілетті тұлға — "омбудсман" құрылымы өз қызметін атқарса, оған қоса арнайы омбудсман институты ретінде адам құқығы жөніндегі Комиссия құрылып, жұмыс жасайды. Бұл Комиссияның табиғаты аралас болуы кездейсоқтық емес: оны Президент қалыптастырады ( 1977 жылғы 22 сәуірдегі Жарлық), Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты басқарады.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің күрделі конституциялық ролі оны халық бірлігі мен мемлекеттік биліктің символы ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың күнделікті жүргізуі нәтижесінде қоғамдық сана мен халық менталитетінде жинақталған бейнемен ажырамастай байланыста болуында. Бұл ереженің 1995 жылғы Конституцияға енгізілуі (40 бап, 2 тармақ) мемлекет басшысынан ұзақ уақыт бойы одан ресми емес жалпыхалықтық саяси және рухани жетекші болуды талап етеді.

Қазақстанда президенттік институттың қызметін қалыптастырып, нығайтатыы мұндай жетекшілікті 1999 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентінің демократиялық, тәуелсіз және ашық сайлауы бекіте түсті. Ол қазақстандық халықтардың ерік-жігерін білдіретін парламентарийлердің талабы бойынша өткізілді. Нәтижесінде, тұңғыш рет балама негізде сайлаушылардың түгелдей дерлік тікелей дауыс беруі арқылы Республика Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. Өзінің егемендігі жылдарында ұлт тұңғыш рет әлемге өзінің бірлігін нақты қадам жасауы арқылы көрсетті [1, 63].

Осы уақыттан бастап Қазақстандағы президенттік институттың одан әрі дамуының, қалыптасуының жаңа кезеңі басталды деп айтуға болады. Президент Н.Ә. Назарбаев 1999 жылы 29 қаңтардағы ұлықтау кезінде (инаугурация) халық референдумда қабылдаған Республика Конституциясына сәйкес қызмет етуге ант берді. Осы Конституцияның негізгі ережелері мен институттары 2005 жылға дейін күрделі өзгертулерсіз қызмет ететіндігі белгілі. Бұл Қазақстанда қалыптасқан президенттік институттың тұрақтылығын, қуаттылығы мен сан алуандылығын көрсетеді. Ол, сөз жоқ, президенттік институт қызметі механизмін іштей жетілдіру мүмкіндігін жоққа шығармайды.

1999 жылы ақпандағы Мәжіліс депутаты А.К. Батталов басқарған Парламент депутаттары тобының жүйедегі дағдарыстан шығудың жалғыз мүмкін болатын жолы — "тікелей президенттік басқаруды қүру" секілді үндеулерінщ — қолданылып жүрген Конституция шеңберінде және Н.Ә.Назарбаев салған саяси ымырашылдық арнасында ешқандай нақты негізі жоқ. Мұндай ұсыныс авторлары тікелей президенттік басқаруды енгізу ел өміріндегі қандай да бір төтенше оқиғаларға байланысты екендігін түсінбеген, немесе билікті бөлісудің әр түрлі конституциялық үлгілерінің ерекшеліктерін жете талдамаған (мәселен, АҚШ-тағы және Қазақстандағы немесе Франциядағы).

Біздің республикамыздағы президенттік институттың одан әрі дамуының басты бағыты туралы пікір бар. Мәселен, В.А. Малиновскийдің пайымдауынша, "биліктің атқарушы тармағының "үкіметтік бөлігінің" орындалуын мемлекет басшысының өзіне бірте-бірте қабылдауы таза "президенттік республика" жағына тұрақты' және тікелей қозғалысты құрайды".

Бұл жайында не айтуға болады? Қадірлі ғалымның бұл пікірі уақытқа сай емес жәі-іе дерексіз. Президент мемлекет басшысы болып, ірі атқарушы билікті басқарған кездерде де "тікелей" қозғалыс байқалған емес, ал егер мұндай қозғалыс болған кезде ол кері бағытқа, 1993 жылғы Конституцияның аяққа тұсау болатын үлгісіне қарай қозғалыс болар еді. Президент жанындағы жекелеген басқару, талдау, күш қолдану және қадағалау құрылымдарын кұру, қайта құру және оларды тарату мемлекет басшысы іс-қимылының конституциялық-құқықтық шеңберінде өтеді. Сонымен бірге, ол Республика Президентінің елдегі жедел жағдайларға мемлекет басшысы ретінде өз қалауы бойынша ықпал етуіне кеңірек заңды мүмкіндіктері барлығын тағыда дәлелдейтүседі.

1995 жылғы Конституцияда бекітілген, 1999 жылғы 7 казандағы өзгертулермен, толықтырулармен дамытылған және саяси тәжірибеден өткен Қазақстандағы президенттік институт — жаңа ғасырда қазақстандық қоғамның тұрақтылығы, келісімді өмірі мен гүлдене беруі үшін ғаламат экономикалық, әлеуметтік және жұмылдырушы тиімділік бере алады және береді.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет