Қазақстан Республикасы Президентінің 010 жылғы желтоқсандағы №1118 Жарлығы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»



бет24/53
Дата08.02.2022
өлшемі0,52 Mb.
#123702
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   53
Байланысты:
ГПРО к
Doc1, Маратбек Ержан
Білім беруді басқару жүйесі
Еңбек нарығындағы қатаң бәсекелестік білім беру менеджменті жүйесінің ұтқырлығы мен серпінділігін талап етеді.
Білім беруді басқаруға қалың жұртшылық – педагогтер де, халықтың әртүрлі топтары да тартылады.
МЖӘ-ні ілгерілету үшін әлеуметтік тапсырыс жүйесі мен грант немесе басқа тетіктер түрінде коммерциялық емес үкіметтік емес ұйымдардың қызметін мемлекеттік қаржыландыру тетіктері жетілдірілетін болады. МЖӘ-нің ұзақ мерзімді тетігінің негізі ретінде үкіметтік емес секторды жүйелі қаржыландыру қарастырылатын болады.
Білім беруді басқарудың түрлі деңгейіне қоғамның қатысуы қамқоршылық кеңестер түрінде жүзеге асырылады.
Білім беруді дамытуда қамқоршылық кеңестердің пәрменді қоғамдық қатысу тетігі әзірленетін болады.
Оқуға төлейтін ата-аналардың, жұмыс берушілердің, білім беру және кәсіптік қауымдастықтар саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың қатысуының есебінен қамқоршылық кеңестің рөлі өседі.
Білім жүйесінің корпоративтілігін, айқындылығын қамтамасыз ету үшін оқу орындарында қамқоршылық кеңестер, жұмыс берушілердің қатысуымен кадрларды даярлайтын салалық және өңірлік кеңестер жұмыс істейтін болады.
Білім беру мен денсаулық салаларындағы мемлекеттік кәсіпорындар мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын мәртебесі бар ЖОО-ларда корпоративтік басқару принциптері енгізілетін болады: басқарудағы алқалылық, қызмет көрсетудегі дербестік, қызмет нәтижесі бойынша есеп берушілік, қызметтің айқындығы, жауапкершілік. Корпоративтік басқару принциптері басқарушылық қызметтің үш негізгі аспектісін көздейді:
стратегияны қабылдау, бюджетті бекіту, кадр саясаты.
Оң нәтиже болған жағдайда, корпоративтік басқару принциптері 2020 жылға қарай азаматтық ЖОО-лардың барлығына енгізілетін болады.
2011 жылдан бастап білім беру ұйымдарында басшылардан және педагогтерден басқарудың жаңа дағдыларын, қайта даярлау мен біліктілікті арттыруды талап ететін нәтижеге бағдарланған жоспарлау жүйесі енгізілетін болады.
Тәрбие жұмысы саласында ЖОО-да тәрбие жұмысын жоспарлау, мониторингтеу, нәтижелерді бағалау және бақылау жүйелерін жетілдіру, сонымен қатар басқару жүйесін күшейту бойынша шаралар қабылданатын болады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім жүйесінің басшы қызметкерлерінің білім берудегі менеджмент мәселелері бойынша біліктілігін арттыру жүзеге асырылатын болады.
Менеджменттің заманауи технологияларын енгізу үшін оқу орындарының басшы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау тұрақты түрде іске асырылатын болады.
Білім берудегі менеджмент бойынша қайта даярлаудан өткен адамдар білім беру ұйымдарының басшылары болып танылады.
2013 жылы мемлекеттік ЖОО ректорларын тағайындау тетігі, олардың сайлануы бөлігінде қайта қаралатын болады.
Корпоративтік басқаруды енгізу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Білім беру ұйымдарының қызметін «ашықтығын» қамтамасыз ету мен ЖОО-ларда жемқорлық пайызын төмендету үшін әлеуметтік зерттеулер мен акциялар жүргізілетін болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет