Мақсаттарға, міндеттерге, мақсатты индикаторларға, іс-шараларға және нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізу
1-стратегиялық бағыт. Мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу
1.1- мақсат. Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету
Мақсатты индикатор: Инфляцияны (әлемдік және отандық экономикадағы жағдайдың елеулі нашарлауы және сыртқы күйзелістер болмаған кезде) 6,0-8,0% шегінде ұстап тұру.
2011 жылдың қорытындылары бойынша инфляция жылдық көрсетуде 7,4% құрады.
1.1.1-міндет. Экономикадағы ақша ұсынысын реттеу
Экономиканы монеталандыру деңгейі (40%-дан төмен емес)
Қазақстан Республикасының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің болжамында көрсетілген ЖІӨ негізінде есептелген экономиканы монеталандыру деңгейі (ЭДСМ 2011 жылғы бағалауы бойынша - 26 310,2 млрд. теңге) 37,1% құрады.
Ұлттық Банк макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамдарын дайындау кезінде негіз ретінде алатын ЭДСМ ұсынатын ЖІӨ болжамының дәл еместігі Ұлттық Банк үшін стратегиялық жоспарлаудың маңызды проблемалы мәселелері болып отыр. Соңғы жылдар бойы ЭДСМ-нің ЖІӨ бағаланбаған болжамын беріп отырғандығын практика көрсетіп отыр.
Мәселен, ақша-кредит саясатының негізгі көрсеткіштерінің, оның ішінде 2011 жылғы экономиканы монеталандыру деңгейінің болжамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 тамыздағы № 26 хаттамасымен мақұлданған Қазақстан Республикасының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің болжамында (бұдан әрі-Болжам) көрсетілген ЭДСМ-нің 2011 жылға арналған ЖІӨ бойынша деректеріне негізделген. Бұл Болжам бойынша ЭДСМ 2011 жылы ЖІӨ-нің 21 213,3 млрд. теңгеге дейін өсуін және нақты көрсетуде 3,1%-ға өсуін күткен.
Осы болжамға негізделе отырып Ұлттық Банк болжамдарды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізу үшін болжамдарды әзірледі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 Жарлығына сілтеме («Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының, әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде әрбір үш жыл сайын бес жылдық кезеңге арналып әзірленеді.» 33-тармақ).
Одан кейін 2011 жылғы ақпанда ЭСДМ Болжамға өзгерістер енгізді (Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында мақұлданды (2011 жылғы 16 ақпандағы № 8 хаттама) осының нәтижесінде 2011 жылы ЖІӨ нақты өсуі 3,1%-дан 5,0%-ға дейін, ал номиналдық көлем 21 213,3 млрд. теңгеден 23 780,9 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылды.
Алайда 2011 жылғы қыркүйекте ЭСДМ Болжамға кезекті түзетулер енгізді (2011 жылғы 13 қыркүйектегі №32 хаттама) ол ЖІӨ-ді 2011 жылы 5,0% -дан 7,0%-ға дейін, ал номиналдық көлемді 23 780,9 млрд. теңгеден 26 310,2 до млрд. теңгеге дейін ұлғайтты.
Осылайша, ЖІӨ бастапқы және нақтыланған болжамының арасындағы айырма 5 млрд. теңгеден асты.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына берілген ЖІӨ болжамына сәйкес ақша ұсынысы көлемдерінің мынадай болжамдық өзгерістері енгізілді: монеталаныру деңгейі – ЖІӨ 40% төмен емес, ақша массасы – 10-15% өсу, айналыстағы қолма-қол ақша – 10-15%-ға өсу. Іс жүзінде 2011 жылы монеталанырудың есептік деңгейі 37,1%-ды құрады, ақша массасы 15,0%, айналыстағы қолма-қол ақшаның көлемі – 18,9%-ға өсті.
Айналыстағы қолма-қол ақша көлемінің және монеталаныру деңгейінің болжамдық көрсеткіштеріне қол жеткізілген жоқ. Қол жеткізбеу себептері ЖІӨ-ін бастапқы болжау елеулі түрде бағаланбағандықтан болды, бұл ретте ақша ұсынысы өсуінің қарқыны қалыпты болды және тиісінше экономикамен толық сіңірілді. Егер Ұлттық Банк ақша ұсынысының өсуін болжамдық шекте ұстап қалуға тырысса, бұл нарықта теңгелік қолма-қол ақшаның жетпіспеуіне және тиісінше экономикалық өсу қарқынын тежеуге әкеліп соқтырар еді.
Оған қоса, 2011 жылы толық орындалған (6-8% болжам кезінде нақты – 7,4%) баға тұрақтылығын қамтамасыз ету Ұлттық Банктің негізгі мақсаты болып табылады. Басқа көрсеткіштер және оның ішінде, ақша ұсынысының көрсеткіштері елдегі жалпы экономикалық ахуалға байланысты және экономикалық өсуге барабар деңгейде болуы тиіс.
Ақша агрегаттары көлемінің өзгеруі (ақша массасы 10-15%, айналыстағы қолма-қол ақша 10-15%)
2011 жылы ақша массасы 15,0%-ға өсті (9751,1 млрд. теңгені құрады).
2011 жылы айналыстағы қолма-қол ақша 18,9%-ға (1365,7 млрд. теңге) өсті. 2011 жылы қолма-қол ақшаның өсуі жалақы, зейнетақы және жәрдемақы бойынша төлемдердің өсуімен және осының салдары ретінде банкоматтарды нығайтуға төлемдердің өсуімен байланысты. Сол сияқты айналыстағы қолма-қол ақшаның өсуіне талап ету бойынша салымдардан және жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарынан төлемдерді берудің ұлғаюы әсер етті. Бұл ретте көрсетілген факторлардың әсері 2011 жылы тіркелген тауарлар, қызметтер және орындалған жұмыстарды өткізуден және валютадан сатудан түскен түсімдердің өсуімен бейтараптандырылған жоқ.
Айналыстағы қолма-қол ақшаның негізгі өсімі 2011 жылдың желтоқсанына (2011 жылдың қарашасымен салыстырғанда 10,6%) тиесілі болды. 2011 жылғы желтоқсандағы айналыстағы қолма-қол ақша өсімінің негізгі себебі жалақы, зейнетақы және жәрдемақы бойынша төлемдердің өсуімен байланысты.
Резиденттердің банк жүйесіндегі депозиттерінің көлемі («Ұлттық жинақ ақша деңгейі» көрсеткіші ҒБИ) (ЖІӨ-нің 35% төмен емес)
Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі 2011 жылғы қаңтар-желтоқсанда 14,3%-ға 8385,4 млрд. теңгеге дейін көтерілді.
Шетел валютасындағы депозиттер көлемі 2,8%ға, 2629,7 млрд. теңгеге дейін ұлғайды, ұлттық валютадағы 20,5%-ға 5755,7 млрд. теңгеге дейін өсті.
Халықтың банктердегі салымдары (резидент еместерді есептегенде) 2011 жылғы қаңтар-желтоқсанда 22,6%-ға 2758,6 млрд. теңгеге дейін артты.
2011 жылғы желтоқсанда банктік емес заңды тұлғалардың теңгемен мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 2,7%-ды (2010 жылғы желтоқсанда– 3,4%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 8,4%-ды (8,8%) құрады.
Банктердің экономикаға кредиттерінің көлемі (ЖІӨ-ге 35% төмен емес)
Банктердің экономикаға берген кредиттерінің жалпы көлемі 2011 жылғы қаңтар-желтоқсанда 8781,4 млрд. теңгені құрай отырып, 15,7%-ға көтерілді.
Ұлттық валютадағы кредиттердің көлемі 5681,6 млрд. теңгеге дейін 29,6%-ға өсті, шетел валютасындағы 3099,7 млрд. теңгеге дейін 3,4% төмендеді.
Заңды тұлғаларға кредиттер 2011 жылғы қаңтар-желтоқсанда 6434,9 млрд. теңгені құрай отырып, 17,5% ұлғайды, жеке тұлғаларға кредиттер 2346,4 млрд. теңгеге дейін 10,9%-ға көтерілді.
2011 жылғы желтоқсанда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 10,8% (2010 жылғы желтоқсанда – 12,9%), жеке тұлғаларға берілген кредиттер бойынша – 20,4% (20,3%) болды.
Депозиттер мен кредиттердің ЖІӨ-ге қатынасы бойынша көлемінің өсуін болжау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 тамыздағы № 26 хаттамасымен мақұлданған Қазақстан Республикасының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің болжамында (бұдан әрі-Болжам) көрсетілген ЭДСМ-нің 2011 жылға арналған ЖІӨ бойынша деректеріне негізделген. Бұл Болжам бойынша ЭДСМ 2011 жылы ЖІӨ-нің 21 213,3 млрд. теңгеге дейін өсуін және нақты көрсетуде 3,1%-ға өсуін күткен.
Одан кейін 2011 жылғы ақпанда ЭСДМ Болжамға өзгерістер енгізді (Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында мақұлданды (2011 жылғы 16 ақпандағы № 8 хаттама) осының нәтижесінде 2011 жылы ЖІӨ нақты өсуі 3,1%-дан 5,0%-ға дейін, ал номиналдық көлем 21 213,3 млрд. теңгеден 23 780,9 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылды.
Осы өзгерістерді енгізген соң да депозиттердің ЖІӨ-ге қатысты өсуі Ұлттық Банктің есептері бойынша 35,3%, ал кредиттердің өсуі – 36,9%-ды құрайтын еді.
Алайда 2011 жылғы қыркүйекте ЭСДМ Болжамға кезекті түзетулер енгізді (2011 жылғы 13 қыркүйектегі №32 хаттама) ол ЖІӨ-ді 2011 жылы 5,0% -дан 7,0%-ға дейін, ал номиналдық көлемді 23 780,9 млрд. теңгеден 26 310,2 до млрд. теңгеге дейін ұлғайтты.
1.1.2-міндет. Инфляция бойынша мақсатқа қол жеткізуге ықпал ететін Ұлттық Банктің ставкалар дәлізінде нарықтық пайыздық ставкаларды қолдау
Ақша нарығындағы жағдайға және инфляция деңгейіне байланысты ресми қайта қаржыландыру ставкасын белгілеу (6-8%)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру ставкасын белгілеу туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №207 қаулысы қабылданды. Қайта қаржыландыру ставкасы жылдық 7,5 пайыз деңгейінде белгіленді.
1.1.3-міндет. Ақша-кредит саясаты бойынша шешімдер қабылдаудың транспаренттілігін арттыру
Ақша-кредит саясатының мәселелері бойынша баспасөз-релиздерін шығару (2011 жылдың қорытындылары бойынша 12)
Мыналар дайындалып, шығарылды:
2011 жылғы 11 қаңтардағы «2010 жылдың алдын ала қорытындылары. Қаржы нарығындағы ахуал туралы» № 1 баспасөз-релизі;
2) 2011 жылғы 9 ақпандағы «Қаржы нарығындағы ахуал туралы. 2010 жылдың қорытындылары» № 4 баспасөз-релизі;
3) 2011 жылғы 1 наурыздағы «Теңгенің басқарылатын өзгермелі айырбастау бағамы режимін өту туралы» № 6 баспасөз-релизі;
4) 2011 жылғы 9 наурыздағы «Қаржы нарығындағы ахуал туралы» № 7 баспасөз-релизі;
5) 2011 жылғы 4 сәуірдегі «Қаржы нарығындағы ахуал туралы» № 8 баспасөз-релизі;
6) 2011 жылғы 10 мамырдағы «Қаржы нарығындағы ахуал туралы» № 9 баспасөз-релизі;
7) 2011 жылғы 15 маусымдағы «Қаржы нарығындағы ахуал туралы» № 14 баспасөз-релизі;
8) 2011 жылғы 5 шілдегі «Қаржы нарығындағы ахуал туралы» № 19 баспасөз-релизі;
9) 2011 жылғы 12 тамыздағы «Қаржы нарығындағы ахуал туралы» № 24 баспасөз-релизі;
10) 2011 жылғы 7 қыркүйектегі «Қаржы нарығындағы ахуал туралы» № 28 баспасөз-релизі;
11) 2011 жылғы 12 қазандағы «Қаржы нарығындағы ахуал туралы» № 32 баспасөз-релизі;
12) 2011 жылғы 9 қарашадағы «Қаржы нарығындағы ахуал туралы» № 37 баспасөз-релизі;
13) 2011 жылғы 6 желтоқсандағы «Қаржы нарығындағы ахуал туралы» № 40 баспасөз-релизі.
«Инфляцияға шолуды» шығару (2010 жылдың қорытындылары бойынша 4)
2010 жылғы 4-тоқсан үшін және 2011 жылғы 1, 2 және 3-тоқсандар үшін «Инфляцияға шолудың» шығарылымдары Ұлттық Банктің ресми Интернет-ресурсында орналастырылды.
1-стратегиялық бағыт. Мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу
1.2-мақсат. Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу
Мақсатты индикатор: Сыртқы және ішкі міндеттемелер бойынша дефолтқа жол берген банктер саны – 0.
2011 жылы бірде-бір банк сыртқы және ішкі міндеттемелер бойынша дефолтқа жол берген жоқ, осылайша мақсатты индикаторға толықтай қол жеткізілді.
1.2.1-міндет. Қаржы делдалдығы деңгейінің мониторингі және салымшылардың банк жүйесіне деген сенімін қолдау
Кредит нарығының параметрлеріне зерттеуді жариялау («Банктерінің сенімділігі» көрсеткіші ҒБИ)
Банк жүйесінің жай-күйін бағалау үшін әлеуметтік тәсілдерді пайдалану осы зерттеудің ерекшелігі болып табылады. Зерттеу сауалнама жүргізу және банктер берген ақпаратты талқылау отырып банктің жауапты қызметкерлерімен жеке сұхбат жүргізу арқылы жүргізіледі.
2011 жылы тоқсандық негізде (қаңтар, сәуір, шілде, қазан) банктердің кредиттік нарықтары параметрлеріне 4 зерттеу жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша талдамалық материалдар мен баспасөз релиздері дайындалып, ҚРҰБ сайтында жарияланды .
Жүргізілген зерттеулер нәтижелері бойынша банктердің кредит саясатының аздап жұмсаруы және кредиттеу талаптарының жақсаруы аясында кредиттік ресурстарға деген сұраныстың одан әрі өсуі байқалғаны туралы қорытынды жасалды, бұл ретте сұраныстың тұтыну сегменті тарапынан айтарлықтай өскендігі атап өтілді.
Мәселен, клиенттік базаны өсіру бойынша банк секторында бәсекелестіктің күшейгені байқалды, нәтижесінде банктер кредиттеу талаптарын қайта қарады, ұсынылатын өнімдер жетілдірілді және клиенттердің төлем қабілеттілігін бағалауға анағұрлым дара қарау тәсілі байқалды.
Банктер үшін кредиттік тәуекел елеулі тәуекел болып табылады. Банктер тәуекел – менеджмент жүйесін жетілдіру және несие портфелінің сапасын жақсарту бойынша жұмысты жалғастырды, несие портфелін жұмыс істемейтін портфельдерден «тазарту» бойынша жұмыс жалғастырылды. Несие портфелі сапасының жақсаруын банктер күтіліп отырған салық заңнамасын жұмсарту және проблемалық кредиттер қорын құрумен байланыстырады.
Осылайша, тоқсан сайын зерттеу бойынша міндет толық орындалды.
Қаржылық тұрақтылық туралы есепті жариялау
Қаржылық тұрақтылық туралы есеп ресми жарияланатын құжат болып табылады, онда Қазақстан қаржы жүйесінің барлық тәуекелдері (әлеуетті де, болып жатқан да), сондай-ақ қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін мемлекет қолданатын барлық шаралар жария етіледі.
Қазақстанның қаржылық тұрақтылығы туралы есебі қаржы нарығының қатысушыларына, сондай-ақ қаржылық тұрақтылық проблемасына қызығушылық білдіретін аудиторияға арналған.
2011 жылғы қаржылық тұрақтылық туралы есеп 2011 жылғы қаңтарда Ұлттық Банктің Интернет-ресурсында жарияланды. Есептің құрылымы және қорытындылардың объективтілігі тұрғысынан банктерден алынған ақпаратты пайдалана отырып кредиттік тәуекел тақырыбын ашып көрсету сын көзбен қаралды. Басылымды кешіктіру банктердің ақпаратты уақтылы бермеуі және толық көлемде бермеуіне байланысты, бұл кредиттік тәуекелді бағалау үшін қосымша жұмыстарды жүргізуді талап етті. Бұл ретте басылымды кешіктірудің сипаты маңызды болып табылмайды.
Өңірлік бөліністі қоса алғанда, елдің кредит нарығының жай-күйі туралы мынадай бағыттар бойынша статистикалық ақпарат жариялау:
- кредиттеу объектілері
- қызмет түрлері
- халыққа ипотекалық кредит беру
- тұтынушылық кредиттеу
- шағын бизнес
(2011 жылдың қорытындылары бойынша 24)
Ақпарат «Ұлттық Банктің статистикалық бюллетенінде» жарияланды.
«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту (10%)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту туралы» 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 134 қаулысы қабылданды.
1.2.2-міндет. Қаржы ұйымдарында халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын тиімді қолдануды қамтамасыз ету
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік және қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есепті жүргізуін автоматтандыру бойынша әзірленген нормативтік құқықтық актілердің саны
Іс-шара: Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, сондай-ақ қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есепті жүргізуін автоматтандыру бойынша талаптар жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 10 қаулысы әзірленіп, бекітілді:
1) ҚРҰБ Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысы;
2) ҚРҰБ Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 152 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 4 қаулысы;
3) ҚРҰБ Басқармасының «Қаржы ұйымдарының және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының қаржылық есептілігінің тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2011 жылғы 25 ақпандағы № 11 қаулысы;
4) ҚРҰБ Басқармасының «Арнайы қаржы компаниясының және исламдық арнайы қаржы компаниясының жылдық қаржылық есептілігінің нысандарын бекіту туралы » 2011 жылғы 29 сәуірдегі қаулысы;
5) ҚРҰБ Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 1 шілдедегі № 67 қаулысы;
6) ҚРҰБ Басқармасының «Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68 қаулысы;
7) ҚРҰБ Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы активтерімен операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2011 жылғы 25 ақпандағы № 69 қаулысы;
8) ҚРҰБ Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Инвестициялық портфельді басқаруды немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 4 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 26 тамыздағы № 107 қаулысы;
9) ҚРҰБ Басқармасының ««Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу» 33 бухгалтерлік есеп стандартын бекіту туралы» 2011 жылғы 26 тамыздағы № 108 қаулысы;
10) ҚРҰБ Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» » 2011 жылғы 26 тамыздағы № 109 қаулысы.
Бухгалтерлік есептің жүргізілуін автоматтандыратын жүйелерге қойылатын талаптарды қаржы ұйымдарының сақтауына жүргізілген тексерулер саны
Іс-шара:
1) Бухгалтерлік есептің жүргізілуін автоматтандыратын жүйелерге қойылатын талаптарды қаржы ұйымдарының сақтауын, оның ішінде ҚҚА қызметкерлерін тарта отырып тексеру арқылы бақылау;
2) бухгалтерлік есепті және Бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруға қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды беру мақсатында, екінші деңгейдегі банктердің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясын алу үшін екінші деңгейдегі банктердің автоматтандырылған банк жүйесін тексеру.
Осы көрсеткішті іске асыру шеңберінде 2011 жылы 13 тексеру жүргізілді:
1) «Банк Kassa Nova» АҚ»;
2) «Астана-Финанс» сақтандыру компаниясы» АҚ ;
3) «Астана-Финанс» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ;
4) «HSBC Банк Қазақстан» АҚ;
5) «Ситибанк Қазақстан» АҚ;
6) «RBS (Kazakhstan)» ЕБ АҚ;
7) «Қазкоммерцбанк»;
8) «Альянс банк» АҚ;
9) «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ;
10) «Amanat insurance» СК» АҚ;
11) «Алматы Халықаралық Сақтандыру Тобы» СК» АҚ;
12) «Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ ;
13) «Сентрас секьюритиз» АҚ.
Осылайша, бұл көрсеткіш 110% орындалды.
Қаржы ұйымдары, ЖОО студенттері және ҚҚА қызметкерлерін ХҚЕС бойынша оқыту және біліктілігін арттыру бойынша өткізілген семинарлар саны
Іс-шара: Қаржы ұйымдарының қызметкерлері, жоғары оқу орындарының студенттері және ҚҚА үшін ХҚЕС бойынша оқыту және біліктілікті арттыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу
2011 жылы мынадай оқу семинарлары өткізілді:
1) екінші деңгейдегі банктердің қызметкерлері үшін «ХҚЕС қолдану мәселелері» тақырыбы бойынша, 2011 жылғы 20 - 21 мамыр аралығында (16 сағат);
2) екінші деңгейдегі банктердің қызметкерлері үшін «Тиімді пайыздық ставканы қолдану және ХҚЕС талаптары шеңберінде активтер мен міндеттемелерді қаржылық есептілікте көрсету» тақырыбы бойынша (10 сағат);
3) Ресей Федерациясы Орталық Банкінің, Тәжікстан Ұлттық Банкінің, Қырғыз Республикасы Ұлттық Банкінің, Беларусь Республикасы Ұлттық Банкінің, Армения Республикасы Орталық Банкінің өкілдеріне «ХҚЕС бойынша тәжірибе алмасу» тақырыбына, 2011 жылғы 16 - 21 мамыр аралығында (21 сағат);
4) Ұлттық Банк магистратурасындағы студенттер үшін «Сақтандыру ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп және есептілік» пәні бойынша курс (75 сағат);
5) Ұлттық Банк магистратурасындағы студенттер үшін «Қаржылық есеп» пәні бойынша курс (192 сағат);
6) ҚРҰБ ҚҚК Өңірлік өкілдер басқармасының қызметкерлері үшін «Екінші деңгейдегі банктердің және қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі» және «ХҚЕС бойынша провизияларды есепке алу және жасау тәртібі. «Резервтерді (провизияларды) түзету шоты» 3300 шоты тақырыптары бойынша (3 сағат).
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау
Іс-шара: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің меншікті бухгалтерлік балансын жасау
Ұлттық Банктің шоғырландырылған қаржылық есептілігін 2010 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша «КПМГ Аудит» ЖШС компаниясының тәуелсіз аудиторлары жүргізді және 2011 жылдың 11 наурызында аудиторлық ұйымның қорытындысы алынды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік бойынша әзірленген нормативтік құқықтық актілерінің саны (5 нормативтік құқықтық акт)
Іс-шара: Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын ескере отырып, Қазақстан Ұлттық Банкі үшін бухгалтерлік есептің саясатын және әдістерін айқындау
Осы көрсеткішті іске асыру шеңберінде 2011 жылғы бірінші жартыжылдықтың ішінде Ұлттық Банк Басқармасының және Директорлар кеңесінің бес қаулысы әзірленді:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің балансынан негізгі құрал-жабдық объектілерін, материалдық емес активтерді, қорларды және монетарлық емес қызметтің нәтижесінде пайда болған дебиторлық берешекті шығынға жазу және есептен шығару туралы ережені бекіту жөнінде» 2009 жылғы 9 шілдедегі № 59 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 25 наурыздағы № 26 қаулысы;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Есеп саясатын бекіту туралы» 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 221 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 76 қаулысы;
3) Ұлттық Банк Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» 2011 жылғы 30 мамырдағы № 57 қаулысы;
4) Ұлттық Банк Директорлар кеңесінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдарының мүлкіне және міндеттемелеріне түгендеу өткізу ережесі бекіту» 2006 жылғы 11 мамырдағы № 75 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 23 мамырдағы № 108 қаулысы.
5) Ұлттық Банк Директорлар кеңесінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару бойынша операцияларын есепке алу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2010 жылғы 23 маусымдағы № 107 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2011 жылғы 26 қазандағы № 215 қаулысы.
1.2.3-міндет. Банк жүйесінің өтімділігін қолдау
Қайта қаржыландыру операциялары және берілген кепілдіктер бойынша Ұлттық Банктің алдында банктердің өтелмеген міндеттемелерінің көлемі
Іс-шара: Кері РЕПО операцияларын жүргізу
Банктердің қайта қаржыландыру және берілген кепілдіктер бойынша Ұлттық Банктің алдындағы өтелмеген міндеттемелерінің көлемі 2011 жылғы желтоқсанның аяғында 50% аспайтын мақсатты деңгей кезінде банктердің меншікті капиталының 23,12% жуығын құрады.
Достарыңызбен бөлісу: |