Ғарыштық инфрақұрылым
«Ақылды қалаларды» тиімді дамыту және ресурстарды басқару үшін ажырамас құрал Аэроғарыштық технологиялар мен спутниктік навигациялық жүйелерді пайдалана отырып алынған геокеңістіктік деректерді қолдануды дамыту болып табылады. Осылайша, Қазақстанда құрылған ғарыш инфрақұрылымы объектілерін қолдау мен дамытуды қамтамасыз ету қажет.
Дербес деректерді қорғау
Дербес деректерді қорғау мақсатында мынадай шаралар көзделген:
1) Кәсіпкерлік Кодекске дербес деректерді қорғаудың сақталуын мемлекеттік бақылау саласына жатқызу бөлігінде түзетулер әзірленді;
2) «цифрлық келісім және кері қайтарып алу» енгізілуде, бұл азаматтарға олардың дербес деректерінің пайдаланылуын бақылауға мүмкіндік береді;
3) шектеулі тізбе, яғни дербес деректерді бір заңнамалық актіде жинау және өңдеу жөніндегі тізбе әзірленеді.
Мемлекеттік қызметтерді бағалау
Мемлекеттік органдардың қызметін қызметтерді көрсету сапасы, сондай-ақ ұсынылатын өнімнің сапасы бөлігінде бағалау үшін құралдарды әзірлеу қажет. Көрсетілетін мемлекеттік немесе олармен байланысты қызметтердің сапасын арттыру бойынша қағидатты сәт осы қызметтерді алушылар тарапынан кері байланыс бойынша пәрменді құралдың болуы болып табылады.
Априори бұл ыңғайлылық, қазіргі заман, тәуелсіздік, Smart Data Ukimet сияқты жалпы мәліметтер базасымен интеграция сияқты қасиеттерге ие болуы керек дегенді білдіреді. Фидбэк-ті бағалау мен берудің осындай тетігін енгізудің бір нұсқасы-Google Maps-тегі мекемелердің сапасын бағалау жүйесі сияқты онлайн-жүйені енгізу. Қарапайым сөздермен айтқанда: халықтың мемлекеттік органмен кез келген өзара іс-қимылы жүйеде тіркелетін болады және онымен өзара іс-қимыл жасайтын әрбір пайдаланушыға смартфондардың халықта кеңінен таралуы есебінен сапасы және түсініктеме беру мүмкіндігі туралы сұрау салумен хабарлама жіберілетін болады.Сонымен қатар, бұл жүйе қоғам үшін барынша ашық болуы тиіс. Сонымен бірге, халық тарапынан бағалау деректерінің үлкен ауқымын ала отырып, мемлекет қандай да бір мемлекеттік қызметтер мен мемлекеттік органдарды халық қалай бағалайтыны туралы түсінікке ие болады. Мұндай жүйені пилоттық режимде іске қосуға болады. Халық тарапынан қазіргі бар бағалау жүйелерінен ерекшелігі Мемлекеттік органдардың ықпалынан тәуелсіз болу, әрқашан азаматтардың қолында, Smart Data Ukimet деректер базасымен интеграциялануы болып табылады.
Осылайша, клиентке бағдарлануды арттыру көрсетілетін қызметтер бойынша және орындалған жұмыс бойынша тұрақты кері байланыс алу, нысан бойынша да, мазмұны бойынша да ақпараттың қолжетімділігін арттыру есебінен жүргізілетін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |