Қазір не
|
Не болады
|
Жүйенің жекелеген ведомстволық АЖ
|
Деректердің бірыңғай массивіндегі микросервистердің экожүйесі
|
Құрылымданбаған, шашыраңқы, қате, қарама-қайшы мәліметтер
|
Бірыңғай стандарттары бар эталондық деректер, деректер сапасын мониторингтеудің тұрақты процесі
|
Жеке ведомстволарда АТ-ны дербес басқару. Тәуелсіз IT-бюджеттер
|
Цифрлық трансформация жөніндегі жетекшілік ететін органға бағынысты ОМО және ЖАО жанындағы CDO рөліндегі Вице-министрлер
|
Ведомствоаралық жобалар / процестер ұзақ уақыт және үлкен ұйымдастырушылық шығындармен жүзеге асырылады
|
Үздіксіз, интеграцияланған, сандық және жылдам қайта құрылатын процестер
|
Мемлекеттік органдар жұмысында жобалық тәсілдеменің әлсіз іске асырылуы
|
Жобаларды басқару (АЖ) бойынша ілгері құралдарды енгізу және жобаларды іске асыру дағдыларын арттыру
|
Әр түрлі жүйелердегі азаматтарды сәйкестендірудің көптеген жүйелері
|
«Цифрлық қос» ұғымын енгізу. Азаматтарды сәйкестендірудің бірыңғай жүйесі негізінде Цифрлық бейінді құру және басқару
|
Халық пен бизнестің қажетті қызметтерді өз бетінше таңдауы
|
Интеграцияланған мемлекеттік қызметтерді проактивті түрде ұсыну
|
Мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдауы
|
Шешімдер адамға тәуелді емес, алгоритмделген, автоматтандырылған және жасанды интеллект көмегімен қабылданады
|