Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м а. 2014 жылғы 27 мамырдағы №256 бұйрығы


Өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-құқықтық база



бет2/3
Дата12.03.2017
өлшемі459,22 Kb.
#11535
1   2   3
1. Өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-құқықтық база

 

1 тақырып. Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер

1-сабақ. «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 20) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларының негізгі ережелері. Өртке қарсы ерікті құралымдардың мақсаттары мен міндеттері.



Жүргізу әдісі: дәрісханалық сабақ.

 

 

2. Өрт-техникалық дайындық



 

№ 1 тақырып. Жауынгерлік киім мен жарақ. Дабыл бойынша жиналу, жолға шығу және өрт орнына жету.



1-сабақ. Өрт сөндірушіні керек-жарақпен жарақтау, жеке тігісі, жинау, жауынгерлік киім-кешегі кию, жарағын асыну дағдысы. Дабыл бойынша жиналу, жолға шығу және өрт орнына жету кезінде ауысымның жеке құрамының әрекет ету тәртібі, қауіпсіздік техникасы.

Жүргізу әдісі: дәрісханалық және практикалық сабақтар.

2 тақырып. Өрт сөндіру автомобильдері мен өрт сөндіру мотопомпаларының тактикалық-техникалық сипаттамалары.

1, 2-сабақтар. Өрт сөндіру автомобильдерінің жіктелуі. Негізгі, арнайы және қосалқы өрт сөндіру автомобильдерінің тактикалық-техникалық сипаттары, мақсаты, түрлері.

Өрт сөндіру мотопомпаларының түрлері және олардың қолданылу саласы, мақсаты. Өрт сөндіру мотопомпаларының негізгі техникалық сипаттары және құрылысы.

Жүргізу әдісі: дәрісханалық сабақ.

3 тақырып. Өрт сөндіру автомобильдерімен шығарылатын өрт-техникалық жабдық.

1-сабақ. Өрт сөндіру автомобилінде жабдықты орналастыру мен сақтау тәртібі. Автомобильдегі өрт жабдығының тиесілік табелі. Негізгі мақсаттағы өрт сөндіру автомобилінің жабдығы.

Жүргізу әдісі: дәрісханалық сабақ.

4 тақырып. Өрт жеңдері, жеңдік жабдық, өрт оқпандары.

1-сабақ. Өрт жеңдерінің және жеңдік арматуралардың, өрт оқпандарының түрлері, құрылысы, мақсаты. Сорғыш және сорғыш-сору жеңдерінің сынағы мен оларды күту, пайдалану. Өрт жеңдерімен, оқпандармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

Жүргізу әдісі: дәрісханалық сабақ.

5 тақырып. Өрт сөндіргіштер.

1-сабақ. Көмірқышқыл ұнтақты және ауа-көбікті өрт сөндіргіштердің жұмыс істеу ұстанымы мен қолданылу саласы, мақсаты.

Жүргізу әдісі: дәрісханалық және практикалық сабақтар.

6 тақырып. Байланысты ұйымдастыру.

1-сабақ. Байланысты ұйымдастырудың мақсаты мен жалпы ұстанымдары. Байланыс аппаратурасы. Тұрақты, тасымалданатын радиостанциялар, олардың құрылысы мен жұмыс істеу тәртібі. Өрттегі байланысты ұйымдастыру. Радиоауысымды жүргізу қағидалары.

Жүргізу әдісі: дәрісханалық сабақ.

 

 

3. Өрт сөндіру-құтқару дайындығы



 

1 тақырып. Өрт жеңдерімен, оқпандарымен, жеңдік арматуралармен және керек-жарақтарымен жаттығу.

1-сабақ. Өрт жеңдерімен, қол және лафеттік оқпандармен су беру жұмысы.

Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.

2 тақырып. Өрт сатыларымен жаттығу.

1-сабақ. Сатыларды өрт сөндіру автомобилінен түсіру, оны тасымалдау, орнату, онымен қабаттарға көтерілу, сатыны жинау және автомобильге орнату тәсілдерімен практикалық машықтану.

Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.

3 тақырып. Құтқару арқанымен жаттығу. Құтқару және өзін-өзі құтқару.

1-сабақ. Құтқару арқанын будаққа орау. Құрылыстың төрт тәсілдерімен құтқару арқандарын бекіту. Құтқару ілгектерін зардап шегушіге кигізу. Зардап шегушілерді құтқару және өзін-өзі құтқару.

Жүргізу әдісі: дәрісханалық және практикалық сабақтар.

4 тақырып. Өртте конструкцияларды ашу және құру.

1-сабақ. Өртте зардап шегушілерді құтқару және түтінді шығару үшін конструкциялардың ашылатын көлемі мен орнын анықтау. Конструкцияны ашу және құру үшін пайдаланылатын құрал.

Жүргізу әдісі: дәрісханалық және практикалық сабақтар.

5 тақырып. Су көзіне өрт сөндіру автомобилін (мотопомпаны) қойып жауынгерлік өрістету. Жауынгерлік өрістету кезіндегі өрт сөндірушінің іс-қимылдары.

1-сабақ. Өрт сөндіру автомобилінің су көзіне орнатумен және орнатусыз бір (екі) оқпаннан 2-3 жеңге су берумен бөлімшені жауынгерлік өрістету.

Жүргізу әдісі: дәрісханалық және практикалық сабақтар.

 

 

4. Өрт-тактикалық дайындық



 

1 тақырып. Жану және жанғыш заттар, өрт және оның өршуі туралы жалпы мәліметтер. Өртте жануды тоқтататын негіздер.

1-сабақ. Жану процесі туралы жалпы түсініктер. Едәуір таралған жанғыш заттардың өрт қауіптілігі мен жану сипаты туралы қысқаша мәліметтер. Заттардың ұсақталуына байланысты тұтану температурасы, жану жылдамдығы, сумен дымқылдауы, жарылыс қауіпті қоспаны түзу қабілеті.

Өрт сөндіргіш құралдарды жіктеу және таңдау. Негізгі өрт сөндіргіш заттар мен өрт сөндіру тәсілдері туралы жалпы мәліметтер.

Жүргізу әдісі: дәрісханалық сабақ.

2 тақырып. Өртті барлау. Өртті барлау кезіндегі іс-қимылдар.

1-сабақ. Өртті барлаудың мақсаты мен міндеттері. Барлауды ұйымдастыру және оны өткізу, барлауды өткізетін адамдардың міндеттері. Өртті барлаудағы өрт сөндірушінің іс-қимылдары. Барлауды өткізудің әдістері. Көмекті қажет ететін адамдарды құтқару шараларын қабылдау. Өртті барлау кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

Жүргізу әдісі: дәрісханалық сабақ.

3 тақырып. Өрттегі іздеу-құтқару жұмыстары. Адамдарды құтқару және мүлікті көшіру кезіндегі іс-қимылдар.

1-сабақ. Қандай жағдайларда іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіледі. Адамдарды іздеп табу тәсілдері, тәртібі, құтқару жолдары мен тәсілдері. Өртте адамдарды құтқару. Адамдарды құтқару және мүліктерді көшіру кезіндегі өрт сөндірушінің іс-қимылдары. Адамдарды құтқару және мүліктерді көшіру кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

Жүргізу әдісі: дәрісханалық сабақ.

4 тақырып. Өртті сөндіру тактикасы. Өрт сөндіру кезіндегі іс-қимылдар.

1-сабақ. Өрт тактикасы туралы түсінік. Өртке қарсы қызмет органдарының жауынгерлік жарғысы - өрт тактикасының негізі. Өрт сөндіру кезіндегі іс-қимылдар. Өрт сөндіру - өрттен қорғау жүйесінің құрамдас бөлігі және өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылдарының негізгі түрі. Өрт сөндіру міндеттері мен қағидаттары.

Жүргізу әдісі: дәрісханалық сабақ.

5 тақырып. Елді мекендер мен ұйымдарда өрттерді сөндірудің ерекшеліктері.

1-сабақ. Елді мекендер мен ұйымдарда өрттерді сөндірудің өрт-тактикалық сипаттамасы, ерекшеліктері.

Өрт сөндіру кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

Жүргізу әдісі: дәрісханалық сабақ.

6 тақырып. Дала өрттерін сөндіру ерекшеліктері.

1-сабақ. Дала өртінің дамуы мен оны сөндірудің өрт-тактикалық сипаттамасы, ерекшеліктері.

Өрт сөндіру кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

Жүргізу әдісі: дәрісханалық сабақ.

 

 

5. Өрттің алдын алу дайындығы



 

1 тақырып. Елді мекендердің, ұйымдардың, дала алқаптарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы қағидаттары.

1-сабақ. Өрттің алдын алу міндеттері. Елді мекендерде, ұйымдарда, дала алқаптарда өрттердің шығуы мен таралуының негізгі себептері. «Өрт қауіптілігі» және «өрт қауіпсіздігі» түсініктері. Объектінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыттары туралы түсінік. «Өрттің алдын алу жүйесі», «өрттен қорғау жүйесі», «өртке қарсы режим» түсініктері. Өрт қауіпсіздігін реттейтін негізгі нормативтік құжаттар.

Жүргізу әдісі: дәрісханалық сабақ.

2 тақырып. Құрылыс материалдарының түрлері және олардың жанғыштығы.

1-сабақ. Заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі қасиеттерінің сипаттамасы: жану тобы, тұтану температурасы, жалындау температурасы, өздігінен тұтану температурасы және өздігінен жану температурасы. Жалынның тұтануы мен таралуының концентрациялық және температуралық шегі. Заттар мен материалдарды қолдану кезіндегі өрт-жарылыс қауіпсіздігінің шарттары.

Жүргізу әдісі: дәрісханалық сабақ.

3 тақырып. Елді мекендердегі, ұйымдардағы, дала алқаптарындағы жалпы өрт қауіпсіздігі шаралары. Отпен байланысты және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі өртке қарсы іс-шаралар.

1, 2-сабақ. Елді мекендерде, ұйымдарда, дала алқаптарда болатын өрттердің негізгі себептері. Өртке қарсы нұсқаулықтар (жалпы объектілік, цехті және жекелеген өндірістік қондырғылар үшін). Кәсіпорындардың, жекелеген цехтердің өрт қауіпсіздігін сақтауға жауапты лауазымды адамдардың міндеттері.

Отпен байланысты жұмыстардың түрлері және олардың өрт қауіптілігі. Отпен байланысты жұмыстардың уақытша және тұрақты орындары. Отпен байланысты жұмыстарға қадағалауды ұйымдастыру. Отпен байланысты жұмысты жүргізуде басшылыққа алатын негізгі құжаттар. Отпен байланысты жұмыс орындарын жұмыс алдында және оның соңында қарау. Өрт жарылыс қаупі бар объектілерде, қондырғылар мен құрылыстарда отпен байланысты жұмысты жүргізу және ұйымдастыру.

Жүргізу әдісі: дәрісханалық сабақ.

4 тақырып. Сыртқы және ішкі өртке қарсы сумен жабдықтау.

1, 2-сабақ. Шаруашылық жүргізу объектілерін ішкі және сыртқы сумен жабдықтау схемалары. Өрт сөндіру су айдындары мен гидранттарын орнату және оларды пайдалану кезіндегі өртке қарсы талаптар. Ішкі өрт крандарын орналастыру мен жабдықтауға қойылатын талаптар, өртте пайдалану.

Жүргізу әдісі: дәрісханалық және практикалық сабақтар.

 

 

6. Өртте зардап шеккендерге дәрігерге дейін көмек көрсету



 

1 тақырып. Қан кетуді тоқтатудың негізгі қағидалары.

1-сабақ. Таңғышты қойып, артерияны қысу, буындарды барынша бүгіп, жгут қою.

Жүргізу әдісі: дәрісханалық сабақ.

2 тақырып. Жасанды тыныс алдыру мен жүректі сыртынан (тұсынан) уқалаудың негізгі қағидалары мен әдістері. Тамырдың соғуын анықтау.

1-сабақ. Өмір мен өлімнің (биологиялық және клиникалық) белгілері. Жүректің тоқтау белгілері. Тамырдың жиі соғуын анықтау тәртібі. Бір және екі өрт сөндірушінің жүрек-өкпе реанимациясынжасау алгоритмдері. Жүрек-өкпе реанимациясының дағдысына машықтану.

Жүргізу әдісі: дәрісханалық және практикалық сабақтар.

3 тақырып. Жарақат алғанда, шытынағанда, буын тайғанда, сынғанда дәрігерге дейін көрсетілетін көмектің әдістері.

1-сабақ. Бас сүйекті, кеудені, ішті тесіп өтетін жарақаттар. Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету ерекшеліктері (жарақаттарды таңу, таңғыштар, жансыздандыру, жатқызу, тасымалдау). Бас, мойын, кеуде куысы жараланғанда дәрігерге дейінгі көмек (бас, мойын, бет, иек бөліктерін таңу). Кеуде мен іш жараланғанда өзара және өзіне көмек көрсету. Пневмоторакс. Өзіне және өзара көмек. Таңу, аяқ-қолды таңу дағдысына машықтану (иық, білек буыны, саусақтар).

Жүргізу әдісі: дәрісханалық және практикалық сабақтар.

4 тақырып. Үсіген, термиялық және химиялық күйгенде дәрігерге дейін көрсетілетін көмектің әдістері.

1-сабақ. Күйіктер, олардың түрлері, ауыртпалығы. Естен танудың алдын алу, дәрігерге дейінгі көмек көрсетудің алгоритмдері. Үсіктің түрлері, алғашқы көмек көрсету. Гипотермия мен гипертермия, дәрігерге дейінгі көмек көрсетудің ерекшеліктері.

Жүргізу әдісі: дәрісханалық және практикалық сабақтар.

 

 

7. Халықты өрт қауіпсіздігі шараларына және өрт шыққан кездегі іс-қимылдарға оқыту



 

1 тақырып. Халықпен өртке қарсы нұсқаулық жүргізу және өрт-техникалық минимумды зерделеу.

1-сабақ. Өртке қарсы нұсқаулық және өрт-техникалық минимум өткізу арқылы халықты және ұйымдардың жұмысшыларын өрт қауіпсіздігі шараларына оқытуды ұйымдастыру тәртібі. Халықпен өртке қарсы нұсқаулық жүргізу және өрт-техникалық минимумды зерделеу. Өртке қарсы нұсқаулық түрлері және оларды жүргізу мерзімділігі.

Жүргізу әдісі: дәрісханалық сабақ.

 

 

8. Қауіпсіздік техникасы



 

1 тақырып. Өрт сөндіру кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

1-сабақ. Өрт техникасына, өрт-техникалық жабдығына, жауынгерлік киім-кешек пен жараққа қойылатын талаптар. Өрт сөндіру кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларының талаптары. Дабыл бойынша жиналу және жолға шығу, өртке (аварияға), дүлей зілзалаға жету кезіндегі қауіпсіздік техникасы, жауынгерлік өрістету және өрт сөндіру кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

Жүргізу әдісі: дәрісханалық сабақ.

 

 

9. Психологиялық дайындық.



 

1 тақырып. Қысылтаяң жағдайда іс-қимылдарға писхологиялық дайындық.

1-сабақ. Қысылтаяң жағдайда өзін ұстау. Қысылтаяң жағдай туралы түсінік. Психоэмоциялық қызуды басу.

Жүргізу әдісі: дәрісханалық сабақ.

 

 

Өртке қарсы ерікті құралымдардың өрт сөндіру автомобильдерінің
жүргізушілерін бастапқы даярлаудың тақырыптық

жоспары

 

р/с

Тақырып атауы

Сағат саны

барлығы

оның ішінде

дәрісхана

практикалық

1

Өрт сөндіру автомобильдерінің жіктелуі мен таңбалануы.

1

1

-

2

Негізгі мақсаттағы өрт сөндіру автомобильдері және негізгі тактикалық-техникалық деректер.

1

1

-

3

Арнайы мақсаттағы өрт сөндіру автомобильдері және негізгі тактикалық-техникалық деректер.

1

1

-

4

Қозғалтқышты қосымша салқындату жүйесі. Су мен көбік түзгішке арналған сыйымдылық. Су, көбік түзгіш, сорғыш бөлігі сыйымдылықтарын жылыту.

1

-

1

5

Өрт сөндіру сорғыштары.

3

1

2

6

Вакуумдық жүйе. Газ ағысты вакуум аппаратының және газ дабылының блогы.

1

-

1

7

Көбікпен сөндіру құралдары, аспаптары мен аппараттары.

2

1

1

8

Өрт сөндіру мотопомпалары.

1

-

1

9

Басқару органдары. Өрт сөндіру автомобильдерінің бақылау-өлшеу құралдары. Өрт сөндіру автомобильдерінің қосымша электр жабдығы. Жауынгерлік топтың кабинасына жылу беру.

1

-

1

10

Шанақ, өрт-техникалық жабдық.

1

-

1

11

Өрт сөндіру автомобильдері мен олардың арнайы агрегаттарының техникалық жай-күйін диагностикалау.

2

1

1

12

Өрт сөндіру автомобилі жүргізушісінің міндеттері және біліктілік сипаттамасы.

1

1

-

13

Өрт сөндіру автомобильдеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу.

2

1

1

14

Техникалық құжаттар. Отын мен жанар-жағармай шығынының нормалары, оларды үнемдеу тәсілдері.

1

1

-

15

Өрт сөндірудің негізгі тактикалары.

1

1

-

16

Өрт-техникалық жабдық және олармен жұмыс істеу тәсілдері.

2

1

1

17

Өртке қарсы сумен қамтамасыз ету. Су көзінен су алу.

3

1

2

18

Өрт сөндіру автомобильдері қозғалысының қауіпсіздік негіздері және теория элементтері. Арнайы жарық және дыбыс дабылдарымен жабдықталған автомобильдердің қозғалыс қағидалары.

1

1

-

19

Өрт сөндіру автомобильдерінде жұмыс.

4

-

4

20

Сынақ тапсыру.

4

1

3

Барлық сағат:

34

14

20

 

1 тақырып. Өрт сөндіру машиналарының жіктелуі мен таңбалануы.

1-сабақ. Базалық шасси, басқару жүйесі тұрпатын, қозғалыс дәрежесі жұмыстарын орындау бойынша өрт сөндіру автомобильдерінің тіктелуі. Өрт сөндіру автомобильдерінің үш топқа (негізгі, арнайы, қосымша) бөлінуі. Өрт сөндіру автомобильдерін тұрпаттары - олардың тактикалық-техникалық сипаттарының негізі.

Жүргізу әдісі: дәрісханалық сабақ.

2 тақырып. Негізгі мақсаттағы өрт сөндіру автомобильдері және негізгі тактикалық-техникалық деректер.

1-сабақ. Автоцистерналар мен жеңді-сорғыш автомобильдердің қысқаша тактикалық-техникалық сипаттамасы, қолдану саласы. Негізгі агрегаттар мен арнайы мақсаттағы жүйелердің мақсаты, орналасуы, құрылысы және өзара іс-қимылы.

Жүргізу әдісі: дәрісханалық сабақ.

3 тақырып. Арнайы мақсаттағы өрт сөндіру автомобильдері және негізгі тактикалық-техникалық деректер.

1-сабақ. Арнайы мақсаттағы өрт сөндіру автомобильдері туралы жалпы мәліметтер. Мақсаты, жалпы құрылысы, негізгі параметрлері, жұмыс қағидаты.

Жүргізу әдісі: дәрісханалық сабақ.

4 тақырып. Қозғалтқышты қосымша салқындату жүйесі. Су мен көбік түзгішке арналған сыйымдылық. Су, көбік түзгіш, сорғыш бөлігі сыйымдылықтарын жылыту.

1-сабақ. Қосымша салқындату жүйесінің жұмысы, құрылысы. Салқындатылған сұйықтың температурасын реттеу және бақылау. Қосымша салқындату жүйесінің негізгі ақаулары. Ақаулардың белгілері мен себептері және оларды жою тәсілдері.

Тетіктердің, түтікшенің, бақылау құбырының, сорғыш бөлігінің, жылыту құбырының мақсаты мен орналасуы. Цистерна мен сыйымдықыты автомобиль рамасына бекіту. Су көбікті құрылымдарды қосу. Су сыйымдылықтары мен көбік түзгіштің негізгі ақаулары мен себептері, оларды жою тәсілдері. Сыйымдылықтарға техникалық қызмет көрсету кезінде жұмыс және оларды орындау тәсілдері.

Су сыйымдылықтарын, көбіктүзгішті және сорғыш бөлігін жылыту.

Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.

5 тақырып. Өрт сөндіру сорғыштары.

1, 2-сабақ. Жоғары қысымның сатысымен құрамдастырылған сыртқа тебуші өрт сөндіру сорғышының мақсаты және жұмыс істеу қағидаттары. Сорғыштардың құрылысы. Сорғыштың негізгі торабы мен бөлшектерінің мақсаты. Мақсаты және орналасуы: бақылау құралдары (мановакууметр, тахометр); клапан-вакуум; көбік араластырғыш; ысырмалар; құбырлар; бұрама; төгу краны және басқа да су-көбік коммуникациялары. Автомобильдің рамасына сорғышты бекіту. Ақаулардың белгілері мен себептері және оларды жою тәсілдері. Сорғыштың герметикалығын тексеру.

Жүргізу әдісі: дәрісханалық және практикалық сабақтар.

6 тақырып. Вакуумдық жүйе. Газ ағысты вакуум аппаратының және газ дабылының блогы.

1-сабақ. Газ ағысты вакуум-аппаратының және газ дабылының мақсаты, орналасуы, құрылысы және жұмысы. Блоктың жұмысын басқару органдары. Негізгі ақаулары және оларды жою тәсілдері.

Вакуум жүйесі құралдарының өзара іс-қимылы, мақсаты, орналасуы. Сорғыш вакуум клапанының іс-қимыл жасау қағидаттары және құрылысы. Вакуум жүйесін қосу тәсілдері. Вакуум жүйесінің негізгі ақаулары және оларды жою тәсілдері.

Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.

7 тақырып. Көбікпен сөндірудің құралдары, жабдықтары және аппараттары.

1, 2-сабақ. Көбік араластырғыш: мақсаты, түрлері, құрылысы, жұмыс істеу қағидаттары және техникалық сипаты. Сорғышта көбік араластырғышты орнату және құбырға қосу. Көбік төгу мен көбік түзгіштің құрылысы: мақсаты, түрлері, құрылысы. Ауа-көбік оқпанның, көбік генераторының жұмысы. Көбікпен сөндіру құралдары мен аппаратының негізгі ақаулары. Ақаулардың белгілері мен себептері және оларды жою тәсілдері.

Жүргізу әдісі: дәрісханалық және практикалық сабақтар.

8 тақырып. Өрт сөндіру мотопомпалары.

1-сабақ. Өрт сөндіру мотопомпаларының мақсаты, түрлері, олардың қолданылуы. Мотопомпалардың негізгі техникалық сипаттары және құрылысы. Мотопомпалардың өрт сөндіру жабдықтары. Негізгі ақаулар және оларды жою тәсілдері. Мотопомпаларды іске қосу, оларды жұмысы және күту. Техникалық қызмет көрсетуд кезіндегі жұмыстар. Жұмыс істеу барысындағы қауіпсіздік техникасы.

Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.

9 тақырып. Басқару органдары. Өрт сөндіру автомобильдерінің бақылау-өлшеу құралдары. Өрт сөндіру автомобильдерінің қосымша электр жабдығы. Жауынгерлік топтың кабинасына жылу беру.

1-сабақ. Тұтқалардың орналасуы мен мақсаты (ілініс, қуатты таңдау қорабы және т.б.). Басқару органдарымен жұмыс істеу тәсілдері.

Бақылау-өлшеу құралдары, олардың мақсаты, құрылысы, жұмыс істеу қағидаттары мен орналасуы.

Жарық беру және дабыл құралдарының мақсаты және орналасуы. Ауыстырып қосқыш, ағытқыш және сақтандырғыштың жұмыс істеу қағидаттары және орналасуы. Қосымша электр жабдығының схемасы. Қосымша жарық беру және дабыл құралдарының негізгі ақаулары. Ақаулардың белгілері мен себептері және оларды жою тәсілдері.

Бензоэлектрлік жылу беру жұмысының құрылысы және жұмыс істеу қағидаттары. Жылу беру жұмысын бақылау және басқару.

Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.

10 тақырып. Шанақ, өрт-техникалық жабдық.

1-сабақ. Жауынгерлік есептоптық кабинасы және зерделенетін өрт сөндіру автомобильдерінің шанағы. Бөліктердің орналасуы мен мақсаты.

Су көбікті жабдықтың, өрт сөндіру оқпандарының, өрт жеңдері мен керек жарақтарының, өрт қол сатыларының, өрт сөндірушілердің қол құралдарының мақсаты, орналастырылуы және бекітілуі. Өрт сөндіру жабдығының тиісті табелі.

Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.

11 тақырып. Өрт сөндіру автомобильдері мен олардың арнайы агрегаттарының техникалық жай-күйін диагностикалау.

1, 2-сабақ. Техникалық диагностикалаудың тағайындалуы, мақсаты және міндеттері. Өрт сөндіру автомобильдеріне техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің технологиялық процесінде диагностиканың орны. Диагностикалау өлшемдерінің нормативтік мағыналары. Диагностикалық құралдар болмағанда өрт сөндіру автомобильдерінің арнайы агрегаттарын тексеру және сынау. Өрт сөндіру автомобильдерінің техникалық жай-күйін тексерудің диагностикалық карталары. Автомобильдерді диагностикалау кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

Жүргізу әдісі: дәрісханалық және практикалық сабақтар.

12 тақырып. Өрт сөндіру автомобилі жүргізушісінің міндеттері және біліктілік сипаттамасы.

1-сабақ. Өрт сөндіру автомобилінің жүргізушісіне қойылатын қосымша кәсіби талаптар. Өрт сөндіру автомобилі жүргізушісінің міндеттері: өртте жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу кезінде.

Жүргізу әдісі: дәрісханалық сабақ.

13 тақырып. Өрт сөндіру автомобильдеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу.

1, 2-сабақ. Техникалық қызмет көрсетудің түрлері және мерзімділігі. Техникалық қызмет көрсету, маусымдық қызмет көрсету кезінде және автомобильді өрттен келгеннен кейін жауынгерлік есептопқа қоймас бұрын жұмыс істеудің мазмұны.

Өрт сөндіру автомобильдерін жөндеудің жүйесі, түрлері және әдістері. Өрт сөндіру автомобильдерінің жөндеу арасындағы жүгіріс өлшемдері мен нормаларына ықпал ететін факторлар. Автомобильдерді жөндеуге тапсыру және жөндеуден алу. Жөндеу жүргізуді ұйымдастыру. Жөндеуден кейін өрт сөндіру автомобильдеріне қойылатын техникалық талаптар. Өрт сөндіру автомобильдерін жөндеуге техникалық құжаттар, жөндеуді есепке алу. Өрт сөндіру автомобильдерін жөндеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

Жүргізу әдісі: дәрісханалық және практикалық сабақтар.

14 тақырып. Техникалық құжаттар. Отын мен жанар-жағармай шығынының нормалары, оларды үнемдеу тәсілдері.

1, 2-сабақ. Өрт сөндіру автомобилінің техникалық төлқұжаты, формуляры және пайдалану карточкасы. Техникалық қызмет көрсету кестесі, өрт сөндіру автомобиліне техникалық қызмет көрсету журналы, автомобильдердің шиналары мен аккумулятор батареясы жұмысын есепке алу карточкасы. Оларды толтыру кезеңділігі мен қағидалары.

Өрт сөндіру автомобильдеріне арналған сұйық отын мен майлау материалдарының шығын нормалары. Отынның қысқы және жазғы шығын нормалары. Жанармайды есептен шығару тәртібі. Автомобильдердің отынын үнемдеу және отын шығыны туралы түсінік. Автомобильдерді үнемді басқарудың әдістері мен тәсілдері. Отынды үнемдеп шығындауға автомобиль жүйесін реттеу. Шұғыл жағдайларда отынды пайдалану мен шығындаудың ерекшеліктері. Отын шығынына жүргізушінің біліктілігінің ықпалы.

Жүргізу әдісі: дәрісханалық сабақ.

15 тақырып. Өрт сөндірудің негізгі тактикалары.

1-сабақ. Өрт сөндіру тактикалары туралы жалпы түсінік. Өрт сөндіру барысында өртке қарсы қызмет органдары бөлімшелерінің негізгі әрекеттері. Өртте әскери іс-қимылды жүргізу барысында жүргізушілер жұмысының мазмұны. Өрт сөндіру барысында жүргізушілердің жіберетін өзіндік қателіктері.

Жүргізу әдісі: дәрісханалық сабақ.

16 тақырып. Өрт-техникалық жабдық және олармен жұмыс істеу тәсілдері.

1, 2-сабақ. Өрт-техникалық құралдардың түрлері, мақсаты және құрылысы. Сорғыш жеңдер, сорғыш торлар, олардың мақсаты, құрылысы, қысқаша сипаты. Қосқыш, сорғыш және қысымды жеңдердің кілттері.

Қысымды жең, олардың мақсаты және қысқаша сипаты. Өрт сөндіру жеңдеріне, жеңдерді қосу бастиектеріне, төсемдерге, тоқтатуларға, қысқыштарға, ер тұрмандарға, көпіршелерге арналған су жинағыш және оның мақсаты және жеңдік бағытпен төсеуде пайдалану.

Су беруге арналған (жабатын, тозаңдатқыштар, қиыстырылған, лафетті) арналған өрт сөндіру оқпандары, саптамалар және олардың мақсаты. Судың шығыны мен ағыстардың ұзақтығы туралы түсінік. Олардың саптамадағы қысымына байланыстылығы. Гидроэлеватор және су жинайтын эжектор. Олардың мақсаты, құрылысы, жұмыс тәртібі.

Жеңдік тармақтау, олардың мақсаты мен құрылысы. Жеңдермен, жеңдік орамдарымен жұмыс барысында, су толтыру үшін жеңдік бағытты жинау барысында қауіпсіздік техникасы.

Жүргізу әдісі: дәрісханалық және практикалық сабақтар.

17 тақырып. Өртке қарсы сумен қамтамасыз ету. Су көзінен су алу.

1, 2-сабақ. Сумен қамтамасыз ету туралы жалпы мәліметтер. Өрт сөндіру үшін пайдаланылатын су көздерінің түрлері мен орналасуы. Өрт сөндіру гидранты, оның мақсаты, құрылысы, су құбырлары желістерінде өрт сөндіру гидрантының орналасуы. Гидранттардың көрсеткіштері және пайдалану қағидалары. Жазғы, қысқы уақыттарда өрт сөндіру гидрантын пайдалану ерекшеліктері.

Өрт сөндіру колонкасы, оның мақсаты мен құрылысы. Колонкаларды гидрантқа орнатуда гидрант пен колонкалар бөлшектерінің өзара іс-қимылы, суды жабу және іске қосу.

Өрт сөндіру колонкаларымен жұмыс барысында су көздеріне өрт сөндіру автомобильдеріне орнату кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Суаттан су толтыру үшін өрт сөндіру автомобиліне орнату.

Жүргізу әдісі: дәрісханалық және практикалық сабақтар.

18 тақырып. Өрт сөндіру автомобильдері қозғалысының қауіпсіздік негіздері және теория элементтері. Арнайы жарық және дыбыс дабылдарымен жабдықталған автомобильдердің қозғалыс қағидалары.

1-сабақ. Автомобиль қозғалысы теориясының элементтері. Автомобильдерге әсер ететін күштер. Өрт сөндіру автомобильдерінің ауырлық ортасының орналасуы. Қозғалыстың орташа жылдамдығы. Автомобильді тежеу. Өрт сөндіру автомобилінің тұрақтылығы және басқарушылығы.

Арнайы жарық және дыбыс дабылдарымен жарақталған автомобильдерді жүргізуге қойылатын қауіпсіздік талаптары. Автомобильді басқару кезінде жүргізушілер үшін міндетті тыйым салулар.

Жүргізу әдісі: дәрісханалық сабақ.

19 тақырып. Өрт сөндіру автомобильдерінде жұмыс істеу.

1-сабақ. Су көздерінен су толтыру үшін мотопомпаларды және автомобильді орнатуға орын таңдау (гидрант немесе ашық суат).

Сору және қысымды желінің желіге төсемі. Жеңдік вакуум-аппараты, сорғыш және су берудің жұмыс істеуі және іске қосу. Гидранттан, ашық суат пен цистернадан су толтыру.

Сорудың практикалық шегін жоғарылататын, гидроэлеватор және су жинау эжекторының көмегімен терең және қашықтықтан сорғышпен су беру.

Жүргізу әдісі: практикалық сабақ.

Ескертпе:

Бастапқы даярлық нәтижелері және білімді тексеру осы Оқу бағдарламасына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орталығы қызметкерлерінің қатарынан құрылған комиссия отырысының хаттамасымен рәсімделеді.

Бастапқы даярлықтан ойдағыдай өткен адамдарға осы Оқу бағдарламасына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификат беріледі.

 

Ерiктi өрт сөндiрушiлердi



бастапқы даярлаудың

 оқу бағдарламасына

1-қосымша

 

нысан

 

 


Каталог: images -> 2015
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті
2015 -> Жылдардағы «Балауса» жас суретшілер үйірмесінің жетістіктері
2015 -> Анализ боевых действий государственного учреждения «Служба пожаротушения и аварийно-спасательных работ Департамента по чрезвычайным ситуациям Мангистауской области (город Актау) кчс мвд рк» за 2015 год


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет