Қазақстан республикасы төтенше жағдайлар министрлігі көкшетау техникалық институты



бет16/19
Дата07.11.2016
өлшемі4,21 Mb.
#1231
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Грамматикалық минимум

Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем. Қайтсе ?

Етістіктің жіктік

бұйрық + са, се, + жалғауы



райы

Мысалы: Келісімшарт талаптарын толық орындасаңыз, біз келісімшарт мерзімін ұзартамыз.


14-жаттығу. Сөйлемдерді аударыңыз. Шартты бағыныңқылы құрмалас сөйлемнің жасалуына көңіл бөліңіз.

  1. Сіздер шикізатты уақытында жеткізіп тұрсаңыздар, біз оның төлем-ақысын кешіктірмейміз.

  2. Егер мен келісімшарт талаптарын орындамасам, онда мен кінәлі боламын.

  3. Егер олар бізге ескертпесе, онда біз қайдан білеміз.

  4. Екі күн ішінде сіздерден жауап алмасақ, біз сотқа арыз беруге мәжбүр боламыз.


15-жаттығу. Тиісті жіктік жалғауларын жалғап, сөйлемдерді жалғастырыңыз.

Біз келісімшарт талаптарын орындаса ..., сендер шикізатты жеткізсе..., сен жылу төлемақысын төлемесе..., мен оған құттықтау жіберсе..., біз хабарламахат жазса..., сен сағат 3-те келсе..., сіздер келісімшарт жасаса..., сіз оған айтса....
16-жаттығу. Мазмұнына қарай екі қатарды сәйкестендіріп жазыңыз.

  1. Студенттер оқу төлемақысын 1. Еңбек төлемақысы
    төлемесе, қысқартылады

  2. Келісімшарт бойынша жеткізі- 2. Екінші хабарламахат
    лім мерзімі көрсетілсе, жібереміз

  3. Құрылысшылар жұмысты 3. Біз шығынды өтеп
    уақытында аяқтамаса, беруіміз керек

  4. Олар біздің кінәмізден 4. Сол уақыттан
    зиян шексе, кешіктірмеу керек

  1. Бұл хабарламахат бармаса, 5. Олар оқудан шығарылады


17-жаттығу. Жағдаяттар бойынша хабарламахат жазыңыз.
1. «Мұнайгаз» фирмасының президенті Ж.Батыровтың атынан "Қуат" құрылыс фирмасының басшысы А.Исаевқа келісімшарт бойынша 2006 жылдың 15 наурызына дейін аяқталуға тиіс құрылыс жұмыстарының уақытында аяқталмағаны туралы және егер осы жұмыстар 2006 жылдың 25 наурызына дейін аяқталмаса, сотқа талапарыз беруге мәжбүр болатынды-ғыңыз туралы хабарламахат жазыңыз.

2. «Ардагер» азық-түлік дүкенінің меңгерушісі Ғ.Асанованың атынан сүт өнімдерін өндіретін «Қайсар» ЖШС-ның президенті Дәулет Болатұлына хабарламахат жазыңыз. Өзара жасалған келісімшарт бойынша (20.04.2006 ж.) «Қайсар» ЖШС сүт өнімдерін күнделікті жеткізіп тұруға міндеттеме ал-ған. Бүл міндеттеме орындалмады. Осыған орай «Ардагер» азық-түлік дүкені 50 мың теңге зиян шекті. Шығынды «Қайсар» ЖШС өтеу керек. Өтемесе, сотқа талапарыз береді.

7. «Қоңырқаз» ЖШС-ның президенті Құрмет Болатұлының атынан "Болашақ" ААҚ-ның президенті Әнуар Асқарбекұлына хабарламахат жазыңыз. Өзара жасалған келісімшарт бойынша (01.02.2006 ж) «Болашақ» ААҚ әр айдың бірінші күні құстарға арналған жем жеткізуге міндеттеме алған. Келісімшарт талаптары орындалмады. «Қоңырқаз» ЖШС келісімшарттан бас тартады.

ТАЛАПАРЫЗ
Талапарыз қандай да бір келісім талаптары орындалмаған жағдайда немесе келісімде көрсетілген талаптарды орындаудан бас тартқан жағдайда жазылады. Талапарыз аудандық не қалалык соттың төрағасына жазбаша түрде беріледі Сотта сол талапарыз бойынша іс қозғалып, заң жүзінде шара колданылады.

Арызда мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:



  • Талапарыз берілетін соттың атауы.

  • Талапкердің немесе оның өкілінің аты-жөні, мекенжайы.

- Жауапкердің аты-жөні.

- Талапарыз жазуға дәлелдері.



- Талапкердің талаптары.

- Талаптың бағасы.

- Арызға тіркелетін қосымша кұжаттар тізімі.

Егер талапарызды талапкердің өкілі берсе, оның құқығын куәландыратын сенімхат немесе басқа құжат тіркеледі.

Талапарызда, ең бірінші, кімге екені (Мысалы: Алматы қаласы, Алмалы аудандық сотының төрағасы Ж.Асанов мырзаға) және кімнен екені ( онда талапкер мен жауапкер туралы мәлімет) жазылады. Сосын жолдың ортасынан «Талапарыз» деген сөз және азат жолдан талапарыздың мәтіні жазылады. Онда талапарыз жазуға негіз болған жағдай толық көрсетіліп, сол мәселе бойынша заң жүзінде шара қолдану сұралады. Соңында талапарыз берушінің аты-жөні көрсетіледі.
1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Талапарыз қандай жағдайларда жазылады ?

  2. Талапарыз қандай мекемеге жазылады ?

  3. Талапарызда қандай мәліметтер керсетілуі тиіс ?

  4. Сотта талапарыз бойынша қандай іс-әрекет жүзеге асырылады ?

  5. Талапарыздың құрылымы қандай?


2-жаттығу. Талапарызда көрсетілуге тиіс негізгі мәліметтерді толты-рыңыз .

Алматы қаласы, Әуезов аудандық

соттың төрағасы Қ. Маратұлы мырзаға

Талапкер: «Сейнұр» ЖШС – ның президенті

А. Мырзахметов

Жауапкер: « Есіл» ААҚ


ТАЛАПАРЫЗ

2006 жылдың 25 сәуірінде «Сейнұр» ААҚ мен «Есіл» ЖШС – ның арасында шикізат жеткізілімі туралы келісімшарт жасалған болатын. Өзара келісім бойынша «Сейнұр» ААҚ «Есіл» ЖШС-на әр айдың бесінші күні шикізат жеткізуге міндеттенген болатын. 2006 жылдың шілде, тамыз айларында «Есіл» ААҚ келісімде көрсетілген мерзімде шикізат жеткізбегендіктен, «Сейнұр» ЖШС 150 000 (жүз елу мың) теңге көлемінде зиян шекті.

Осы мәселе бойынша заң жүзінде шара қолдануыңызды сұраймыз.
«Сейнұр» ЖШС – ның президенті А. Сапаров.

2006 ж., 10 желтоқсан


4-жаттығу. Талапарыз бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Талапарыз қай сотқа жазылған ?

  2. Сот төрағасы кім ?

  3. Талапкер кім ?

  4. Жауапкер қай мекеме ?

  5. «Сейнұр» ААҚ неліктен 150 000 (жүз елу мың теңге) зиян шекті?


5-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Келісім талаптары, бас тартқан жағдайда, келісімде көрсетілген талаптар, орындалмаған жағдайда, талапарыз бойынша, шара қолдану, заң жүзінде, талапкердің талаптары, қосымша құжаттар, кұжаттар тізімі, жауапкер туралы мәлімет, шикізат жеткізілімі туралы.



6-жаттығу. Талапарыз үлгісімен танысыңыз.

Алматы қаласы, Әуезов ауданы



соттың төрағасы Қ. Болатұлы мырзаға

Талапкер: Алматы қаласы, Әуезов

көшесі 52 – үй, 25 - пәтерде тұратын

Ботагөз Жандосова

Жауапкер: «Керуен» сауда үйі

ТАЛАПАРЫЗ

Мен 2006 жылдың 20 қаңтарында бір жылдық кепілдеме мерзіммен «Керуен» сауда үйінен ас үй жиһазын сатып алдым. Жиһазды орнату кезінде ақаулықтар байқалды. Мен сауда үйінің меңгерушісіне ас үй жиһазын қайта қабылдау немесе ауыстырып беру туралы өтініш білдірдім. Алайда меңгеруші менің өтінішімді орындаудан бас тартты.

Осы мәселеге байланысты заңды түрде шара қолдануыңызды сұраймын.

Б. Жандосова.

2006 жыл 20 қаңтар.
7-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріп, хабарламахат мазмұнын әңгіме-леңіз.

1.Талапарыз қайда жіберілген ?

2.Талапарыз иесі кім ?

3.Талапкер қандай жиһаз сатып алған ?


  1. Неліктен оны ауыстырып беруді өтінген ?

5. Меңгеруші сатып алушының өтінішін орындады ма?
8-жаттығу. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыз.
Орындаудан
Қайтарып

беруден


Көмек Бас тартты

көрсетуден

Жеткізуден

Төлеуден


Бас

Тартты
9-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Орнату кезінде, қайта қабылдау, өтініш білдіру, заңды түрде, бас тарту, шара қолдану, сот төрағасы, ақаулықтар байқау, ауыстырып беру, өтінішті орындау.
10-жаттығу. Жағдаяттар бойынша талапарыз жазыңыз.

"Мұнайгаз" фирмасының президенті Ж.Батыровтың "Қуат" құрылыс фирмасының басшысы А.Исаевқа және "Ардагер" азық-түлік дүкенінің меңгерушісі Ғ.Асанованың "Қайсар" ЖШС-ның президенті Дәулет Болатұлына жіберген хабарламахаты бойынша сотқа талапарыз жазыңыз (жағдаяттардың толық мазмұны хабарламахат тақырыбы 1-жаттығуда көрсетілген).


ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ
Құттықтаухат мерейтойларда, үкімет наградасымен марапатталғанда, маңызды мерекелерде және тағы басқа жағдайларда жолданады.

Құттықтаухат құрметті, қадірлі, аса қадірлі, қымбатты деген сөздермен басталады. Содан кейін кұттықтау себебі жазылады. Сосын құттықтаушы қуаныш иесінің жетістіктері туралы хабардар екенін білдіруі қажет. Мысалы:

- Сіз осы жылдар аралығында зор жетістіктерге (табыстарға) жеттіңіз.

- Біз сізді әділ басшы, іскер маман ретінде жақсы білеміз.

- Сіз өзіңізді іскер маман ретінде көрсете білдіңіз.

- Қызметкерлер арасында сіздің беделіңіз жоғары.

- Сіздің медицина (экономика, филология т.б) саласына, фирманың (кәсіпорынның, мемлекеттің) өркендеуіне қосқан үлесіңіз зор т.б.

Осыдан кейін ізгі тілектер жазылады. Соңында құттықтаушының аты-жөні шын жүректен, ізгі тілекпен, шынайы көңілден деген сөздермен аяқталады.


1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Құттықтаухат қандай жағдайларда жолданады ?

  2. Құттықтаухат қандай сөздермен басталады ?

  3. Құттықтаухаттың құрылымы қандай ?

  4. Құттықтаухат қандай сөздермен аяқталады.?

Есте сақтаңыз!

Сізді Тәуелсіздік күнімен, Жаңа жыл мерекесімен, Республика күнімен,

Халықаралық әйелдер күнімен, Фирманың құрылғанына 2 жыл толуымен, 55 жылдық мерейтойыңызбен құттықтаймын .


2-жаттығу. Құттықтаухат үлгілерімен танысыңыз.

Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі Мұхтар Әмірұлына

Қадірлі Мұхтар Әмірұлы! Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ұжымы атынан Сізді 70 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Адам жанының арашасы болған Сіздің Тәеуелсіз Қазақстан мен әлем медицинасына қосқан үлесіңіз ерекше. Сізге еңбекте табыс, отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілейміз! Ғұмырыңыз ұзақ болсын!

Ізгі ниетпен, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік Университетінің президенті, академик О.Сәбден.
Ақмола облысы, Айыртау ауданы, Ақкөл ауылында тұратын біріміздің асқар таудай ағамыз, енді біріміздің ізетті ініміз, ұлағатты ұстаз, өнегелі отағасы Әбілхан Тоқтыбековты ердің жасы 50-ге келуімен ақкөңіл, шын жүрегімізден құттықтаймыз! Ағамызға алдағы өмірде мықты денсаулық, қажымас қайрат, мол-мол жақсылықтар мен қуаныштар тілейміз. Зайыбы Сәуле екеуінің отбасы әрдайым аман болып, мәпелеп өсірген үш ұлының қызығын көрсін. Ізгі ниетпен, бауырлары.
Тәуелсіздік күні қарсаңында "Егемен Қазақстан" газетінің шолушысы Әділ Дүйсенбек Елбасының Жарлығымен "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды. Еңбек жолын бас басылым — "Егеменде" бастап, үлкенге — іні, кішіге - аға бола білген публицист, журналист әріптесіміз — Әдекеңе жоғары наградаңыз құтты болсын айтамыз.

Егемендіқазақстандықтар.


3-жаттығу. Сұрактарды барлық құттықтаухаттарға қойыңыз.

  1. Құттықтаухат кімге арналған ?

  2. Қуаныш иесін немен құттықтайды ?

  3. Қуаныш иесінің қандай жетістіктері, жақсы қасиеттері ерекше айтылған ?

  4. Қандай тілектер арналған ?

  5. Құттықтаушы кім?


4-жаттығу. Қатесін түзетіңіз.

Құрметті Арман Бақытұлы!

Сіз "Шырақ" ШС-ның құрылғанына 5 жыл толу мерекесімен құттықтаймыз. Біз Сізді әділ басшы, білікті маман ретінде жоғары жақсы көреміз. Сіз осы уақыт аралығында мол жетістіктерге келдіңіз. Біздің ұжым атынан сізге зор денсаулық, мол шығармашылық табыс, отбасылық бақыт тіледік.

Ізгі тілек, "Адал" ААҚ-ның ұжымы


5-жаттығу. Екі қатарды сәйкестендіріңіз.

аса көңілден

іскер жоғары

ізгі арасында

шынайы ниетпен

беделді маман

қызметкерлер құрметті

6-жаттығу. Мәтінді оқыңыз.
Ресей сахнагерін құттықтады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев КСРО халық әртісі мәскеулік Василий Лановойдың 70 жылдық мерейтойына орай құттықтауын жолдады, - деп хабарлады Президент әкімшілігінің баспасөз қызметі.



Сіздің бірегей шығармашылық өмірбаяныңыз – жоғары өнерге қалтқысыз қызмет етудің айқын үлгісі болып табылады. Жарқын және дарынды сахнагер, төзімді де салиқалы ұстаз ретінде «Сіз тұла бойыңыздағы бар қуатты көрерменге, шәкірттеріңізге және өз халқыңызға ұсындыңыз» делінген құттықтауда. «Сіздің биік шығармашылығыңыз біздің халықтардың рухани-өнегелік құндылықтарының дамып, сақталуына және Қазақстан-Ресей мәдени ынтымақтастығының тереңдеуіне мүмкіндік туғызатынына сенімдімін» деп, атап өткен Нұрсұлтан Назарбаев Василий Лановойға шығармашылығы мен өмірінің ұзақ болуын тіледі. (ЕҚ. 17. 01. 2004ж.)

1 Тапсырма:



Елбасы Н.Назарбаев атынан КСРО халық әртісі Василий Лановойға құттықтаухат жазыңыз.

2 Тапсырма: Мәтін мазмұнын әңгімелеңіз.
7-жаттығу. Жағдаяттар бойынша құттықтаухат жазыңыз.

  1. Досыңызды наурыз мерекесімен құттықтаңыз.

  2. ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевты жазушылар Одағы атынан
    тәуелсіздік күнімен құттықтаңыз.

  3. Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дің ректоры, академик
    С.С.Құнанбаевты университеттің құрылғанына 65 жыл толуымен құттықтаңыз.

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1. Л. Дүйсембекова. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. – Алматы: “ Ана тілі” 2001ж.

2. М. Қасымбеков. Қ. Әлімқұлов. Екі тілде іс жүргізу – Алматы. 1994 ж.

3.М. Қасымбеков. Қоғамдық – саяси терминдер мен атаулардың қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізудің және құжаттардың дұрыс толтырудың анықтама сөздігі. - Алматы . 2001ж.

4.С. Әбдіманапов. М. Жамбеков. Синхронное делопроизводство на казахском и русском языках. Атамұра – Қазақстан 1994 г.

5.Скала Б. В. Скала Н. В. Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу (мемлекеттік және ресми тілдерде іс қағаздарын жүргізудің үлгілері). Алматы. “ LEM ” 2001ж.

6. Ғ. Сапарғалиев. Заң терминдерінің түсіндірмелі сөздігі. Алматы “Жеті – жарғы”. 1995ж.

7. С. Шаталов. А. Шаталова. Правила оформления процессуальных документов. Москва. “ ИНФРА” 2001г.

8.А. Нұрмаханов. Т. Алпысбаев. Д. Қадыров. Ж. Рахимов. Терминологиялық жинақ. Алматы. 2002 ж.

9.Салагаев. В. Шалабай.Б. Іс қағаздарын жүргізу. (Составление деловых бумаг) . Алматы. «Раритет» .2003 г.

10. Ақанова.Д. Х. Алдашева. А. М. Ахметжанова. З. Қ. Қадашева. Қ. Қ. Сүлейменова. З. Д. Ресми – іскери қазақ тілі. (Грамматикалық түсінік). Алматы. «Арман». 2002 ж. І – ІІ кітап.

11. Ергазиева Н.И. «Формирование и развитие официально-деловой речи в казахском языке» автореф. Дисс. Канд. Филол.н.- Алматы, 1979г. 29 с.

12.Республика Казахстан. Закон о языках в Республике Казахстан от 11. 07.97.г. № 151-1.- Алматы: Жеті жарғы, 1997-48 с.

13.Президент РК. О расширении сферы употребления государственного языка в государственных органах. Указ №769 от 14.08.1998г.// САПП.-Алматы. 1998.- №28.- С. 60.

14.Қайдаров А.Т. Тіл тағдыры - ел тағдыры // Егемен Қазақстан.- 1998.-16 сәуір.

15.Алдашева А. Ахметжанова З. Қадашева Қ. Сүлейменова Э. Ресми іс қағаздары.- Астана. 2000. 216 б.

16.Касымбеков М. Словарь-справочник общественно - политических терминов и наименовании, ведения делопроизвоство и правильного заполнения документов на казахском языке. – Алма-Ата: Казахстан, 1992. 288 с.

17. Салагаев В. Шалабай Б. Іс қағаздарын жүргізу. Составление деловых бумаг: Учебное пособие.- Алматы: Раритет; Республиканский издательский кабинет казахской академии образования им. И. Алтынсарина, 2000. 208с.

18.Сыздықова Р. Емле және тыныс белгілері. – Алматы, 1996.

19. Салагаев В. Культура делового общения. Деловая риторика. Деловые документы: Учебное пособие. – Алматы: Раритет; Республиканский издательский кабинет Казахской академии образования им. И. Алтынсарина, 2000. 200 с.

20.Печникова Т.В., Печникова А.В. Документационное обеспечение деятельности организации. Учебное пособие. – М.: Ассоциация авторов и издателей «Тандем». Издательство ЭКМОС, 1998. 208 с.

21. Кирсанов М.В., Аксенов Ю.М. курс делопроизводства: Документационное обеспечение управления: Учебное пособие. –2-е изд. – М.: ИНФРА-М; Новосибирск: НГАЭиУ, 1998. 272 с.

22.Андреева В.И. Делопроизводство. Требования к документообороту фирмы. – М. 1996.

23.Документы и делопроизводство: Справочное пособие. – М. Экономика, 1991.

24. Кузнецова Т.В., Илюшенко М.П. Основы документоведения: Учебное пособие. – М., МГИАИ, 1988.

25. Стенюков М.В. Документы. Делопроизводство. – М.: ПРИОР,1995.

26. Деловое досье фирмы. – М.: ИВЦ Маркетинг, 1993. – 85 с.

27. Кузнецова Т.В. Делопроизводство в бухгалтерии. Практическое пособие. М. ЗАО «Бухгалтерский бюллетень», 1998. – 224 с.

28. Басаков М.И. Основы делопроизводства в вопросах и ответах: Учебное пособие. Ростов-на-Дону: «Феникс», 1997.-192с.

29. Составление и оформление служебных документов. Практическое пособие для коммерческих фирм. Под. ред. проф. Т. В. Кузнецовой. - М: ЗАО «Бизнес школа» Интел-Синтез». 1998. 192с.

30.Фриш Г.Л. Номенклатурная документация общеобразовательного учреждения.-М: УЦ «Перспективы». 1999. 160с

31.Павлюк Л.В. КиселеваТ.И. Воробьев Н.И. Справочник по делопроизводству, архивному делу и основам работы на компьютере. - СПБ: Издательский Торговый Дом «Герда», 1999. 304с.

32. Кушнаренко Н.Н. Документоведение.-К.:О-во «Знания», КОО,2001.-460с.



IX Нұсқа
1 - тапсырма

а) Мекемелер мен кәсіпорындарды тексеру кезіндегі өртке қарсы қызмет инспекторларының толтыратын құжаттары. (Олардың үлгісін көрсетіңіз).

ә) Жұмыс мәжілісінің хаттамасы.
2 - тапсырма.

а) Болған өрттің себебінен өкіметке келтірілген шығынның мөлшерін анықтау жайында акттың үлгісін көрсетіңіз.

ә) Бөгде бір азаматтын автокөлігін уақытша жүргізу үшін жазылатын қолхаттың үлгісін көрсетіңіз.

3 - тапсырма

а) Түсініктеме қандай жағдайда жазылады

ә) Хаттама оның жазылу ережесі. (Жоғарыда аталған құжаттардың үлгісін көрсетіңіз).



ҚОЛХАТ
Қолхат — белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын ресми құжаттың бірі. Қолхатта ең алдымен қолхат беруші және қолхат алушының аты-жөні, мекенжайы, жеке куәліктерінің нөмірі және қолхат берушінің не алғаны жазылады. Содан кейін қолхат берушінің міндеттемелері көрсетіледі. Қолхат үш дана етіп жасалып, нотариалдық кеңседе куәландырылады. Бір данасы сол кеңседе, екінші данасы қолхат берушіде, ал үшінші данасы қолхат алушыда сақталады.
1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Қолхат — қандай құжат ?

  2. Қолхатта қолхат беруші мен колхат алушы туралы қандай мәліметтер көрсетілуі тиіс ?

  3. Қолхат неше дана етіп жасалады ?

  4. Олар кімде сақталады ?


2-жаттығу. Қолхат үлгілерін оқыңыз.
ҚОЛХАТ
Алматы қаласы, 2007 жылғы он төртінші қазан

(қолхат берілген орын мен мерзімі /дата / қолмен жазылады)



Мен, азамат, Асқар Жұманұлы, мекенжайым Алматы қаласы, Абай даңғылы, 36-үй, 14-пәтер, Қазақстан Республикасының ІІМ 2000 жылғы 16 ақпанда берген жеке куәлігімнің № 88855214, Алматы қаласы Құрманғазы көшесі, 56-үй, 21-пәтерде тұратын азамат Оспан Қанатұлынан, Қазақстан Республикасының ІІМ 2001 жылғы 14 тамызда берген жеке куәлігінің № 554498411, бес жүз мың (500 000) теңге алдым.

Мен алынған ақшаны 2007 жылғы 14 тамызда қайтаруға, қайтармаған жағдайда 25 % көлемінде айып төлеуге;



— мекен - жайым өзгерген жағдайда бұл туралы үш күн мерзім ішінде хабарлауға міндеттенемін.

Осы қолхат үш дана етіп жасалған, бір данасы № 1 нотариалдық кеңседе тіркелген, екінші данасы азамат Асқар Жұманұлында, үшінші данасы Оспан Қанатұлында сақталады.

2006 жылғы 14 қазан _____________ тараптардың қолы

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет