Грамматикалық минимум Модальдық сөз тіркесі
Бұйрық
райлы + -а, -е, -й алу
етістік
Мыс: Мен сөйлей аламын Мен сөйлей алмаймын
Сен сөйлей аласың Сен сөйлей алмайсың
Сіз сөйлей аласыз Сіз сөйлей алмайсыз
Ол сөйлей алады Ол сөйлей алмайды
Біз сөйлей аламыз Біз сөйлей алмаймыз
Сендер сөйлей аласындар Сендер сөйлей алмайсыңдар
Сіздер сөйлей аласыздар Сіздер сөйлей алмайсыздар
Олар сөйлей алады Олар сөйлей алмайды
5-жаттығу.Сұрақтарға үлгі бойынша жауап беріңіз
Үлгі:
Сіз қазақша жаза аласыз ба ?
Жаза аламын.
Иә, ол қазақша жаза алады.
Сіз іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізе аласыз ба ?
Сіз мәтінді орыс тілінен қазақ тіліне аудара аласыз ба ?
6-жаттығу. Өзіңіздің не істей алатындығыңыз және не істей алмайтын-дығыңыз туралы айтыңыз.
№ 1. Тапсырма. Өзіңіз туралы мәлімет толтырыңыз
Аты – жөні _________________
Ұлты _______________________
Туған жылы, күні, айы ________
Туған жері __________________
Отбасы жағдайы _____________
Білімі ______________________
Бітірген оқу орны ____________
Мамандығы _________________
Жұмыс орындары, қызметі _____________________
Әскери қызметке қатысы ______________________
Тілдік дағдылары _____________________________
Қосымша мәліметтер _________________________
Төмендегі мағлұматтарды есте сақтаңыз
Отбасы жағдайы
тұрмыста (тұрмысқа шыққан)
тұрмыста емес (тұрмысқа шықпаған)
үйленген, үйленбеген
ажырысқан
Білімі
жоғары, аяқталмаған жоғары, орта
орта арнаулы
Әскери қызметке қатысы
әскери қызметке міндетті
әскер қызметке міндетті емес
Қосымша мәліметтер
спортпен айналысу, курстар бітіру
ағылшын тілінде еркін / аздап сөйлей алу
көлік жүргізе білу
орыс тілінен қазақ тіліне аудара алу
қазақ тілінен орыс тіліне аудара білу
іс қағаздарын жүргізе білу
компьютер бағдарламаларын білу
7 -жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз
1. Сіздің аты – жөніңіз кім ?
2.Сіз қай жерде және қашан дүниеге келдіңіз ?
3. Сіздің отбасы жағдайыңыз қандай ?
4. Сіздің біліміңіз қандай ?
5. Сіз қайда оқыдыңыз, нені бітірдіңіз ?
6. Сіздің мамандығыңыз қандай ?
7. Сіз қайда жұмыс істедіңіз ?
8. Қазір қайда жұмыс істейсіз ?
9. Сіз қандай компьютер бағдарламаларын білесіз ?
10. Қай тілде еркін сөйлейсіз ?
11.Әскери қызметке міндеттісіз бе ?
12. Қандай әскери атағыңыз бар ?
8-жаттығу. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай топтастырыңыз.
Ағылшынша сөйлесу, тұрмыста, жоғары, қазақ тіліне аудара алу, үйленген, аяқталмаған жоғары, спортпен айналасу, ажырасқан, орта арнаулы
Білім қосымша мәліметтер отбасы жағдайы
9-жаттығу. Шартты қысқартуларды есте сақтаңыз.
БАҚ — Бұқаралық ақпарат құралдары.
КазҰУ — Қазақ ұлттық университеті.
ҚазХҚжӘТУ - Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері универ-ситеті. ЖШС - Жауапкершілігі шектеулі серіктестік. ААҚ - Ашық акционерлік қоғам.
10- жаттығу. Досыңыздың атынан өмірбаян жазыңыз.
Аты – жөні
Туған жері, жылы, күні, айы
Ұлты
Білімі
Отбасы жағдайы
Қызы –
Ұлы -
Қосымша мәліметтер
Мекенжайы
11 - жаттығу. Сұхбат мазмұны бойынша қажетті сұрақтарды жазыңыз.
Тілші: — Сәлем, Айша. Менің интервью алғаныма қарсы емессің ғой деп ойлаймын.
Айша: — Әрине, қарсы емеспін.
Мен сенің сұрақтарыңа қуана жауап беремін.
Т: - Онда бірінші сұрағым ?
А: - Талдықорған, Жаркенттенмін.
Т: - Сіз ?
А: - Иә,тұрмыстамын. Екі балам бар.
Т: - Кешір, ал ?
А: - Иә, менің ағам, сіңлім бар.
Т: - ......................................................... ?
А: - Жоқ, сіңлім ата-анаммен тұрады.
Т: - ?
А: - Олар әлі кішкентай. Саябаққа барғанды ұнатады.
Т: - ?
А: - Иә, олар Жаркентте тұрады. Әкем де, шешем де зейнеткер.
БҰЙРЫҚ
Бұйрық — қандай да бір міндеттерді (өндірістік немесе жеке құрам бойынша) шешу үшін мекеме басшысы шығаратын өкімдік кұжаттардың бірі.
Кәсіпорын жұмысын ұйымдастыру, қаржыландыру, жоспарлау, өнімді өткізу сияқты өндірістік мәселелерді шешуге бағытталған бұйрықтар негізгі қызмет бойынша бұйрық деп аталады. Ал азаматтарды жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, басқа жұмысқа ауыстыру т.б. сияқты мәселелерді шешуге бағытталған бұйрықтар жеке құрам бойынша бұйрықдеп аталады. Барлық бұйрықтарда, ең алдымен, мекеменің атауы, күні, айы, жылы және бұйрық нөмірі көрсетілуі тиіс. Сосын "БҰЙРЫҚ" деген сөз және не туралы бұйрық екені жазылады.
Мысалы:
Штаттық кестеге өзгерістер енгізу туралы
Кәсіпорынның жойылуы туралы
Жұмысқа қабылдау туралы
Жұмыстан босату туралы
Уақытша ауыстыру туралы
Үстемақы белгілеу туралы және т.б.
Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар жеке құрам бойынша бұйрықтардан бөлек нөмірленіп, жеке жүргізіледі.
Негізгі қызмет бойынша бұйрық мәтіні екі бөліктен түрады. Бірінші констатациялық бөлікте бұйрық беруге негіз болған дерек көрсетіледі. Ол мемлекеттік органдардың (үкімет, салық инспекциясы т.б.) нормативті құжаттары, директорлар кеңесінің, акционерлердің жалпы жиналысының шешімдері немесе өндірістік қажеттілік болуы мүмкін. Негізгі қызмет жөніндегі бұйрық негізі, әдетте, " ... байланысты ", " ... жүзеге асыруда", " ... жақсарту мақсатында ", " ... орындау мақсатында ", " ... жетілдірумақсатында ", "... үшін ", "... сәйкес"деген сияқты тұжырымдаулармен басталады. Егер берілетін бұйрық түсіндіруді қажет етпейтін болса, констатациялық бөлік жазылмайды. Негізгі қызмет бойынша бұйрықтың екінші бөлігі өкімдік бөлік деп аталады. Ол " БҰЙЫРАМЫН " деген сөзден басталады. " БҰЙЫРАМЫН " деген сөз бас әріптермен жазылады. Бұйрықтың өкімдік бөлігінде кімге не тапсырылатыны, оның орындалу мерзімі көрсетіледі. Егер тапсырмалар бірнешеу болса, әр тармақ (пункт) азат жолдан басталады. Соңғы тармақта бұйрықтың орындалуын қадағалайтын жауапты адам көрсетіледі. Барлық бұйрықтардың мәтінінде етістік бұйрық райдың үшінші жағында жазылады.
Мысалы: жүргізілетін болсын, тыйым салынсын, қабылдансын, жүктелсін, босатылсын, белгіленсін, тағайындалсын, ауыстырылсын және т.б.
Жеке құрам бойынша бұйрықтар кадрлар бөлімінде дайындалады. Онда мекеме жұмысшыларының атқаратын қызметіне байланысты қабылданған шешімдер орын алады. Мұндай бұйрықтарда негіз (бұйрық шығаруға негіз болған құжат) бұйрық мәтінінен кейін көрсетіледі.
Мысалы: А. Алғожинның өтініші немесе факультет деканы
Г. Жалғабаеваның мәлімдемесі және т.б.
Сонымен қатар жеке құрам жөніндегі бұйрықтарда оның себептері көрсетіледі.
Мысалы:
- зейнеткерлікке шығуына байланысты
- басқа жұмысқа ауысуына байланысты
- кәсіпорынның жойылуына байланысты
- келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты
- өз өтініші бойынша
- бала күтімі үшін демалыс алуына байланысты
- еңбек тәртібін ұдайы бұза бергендігіне байланысты
- ресми сапарға кетуіне байланысты
- себепсіз жұмыстан қалуына байланысты
- айрықша жұмыс жағдайлары үшін және т.б
Сондай-ақ күтпеген оқиғаларға (тасқын, сел, жер сілкінісі т.б) байланысты шығарылатын бұйрықтар төтенше жағдайға байланысты бұйрықтар деп ата-лады. Мұндай бұйрықтар төтенше жағдайға байланысты іс-әрекет, жұмыс тәртібін реттеу мақсатында беріледі. Онда лауазымды адамдарға жүктелетін міндет түрлері көрсетіледі. Ал қаржы-экономикалық, мәселен, жыл не-месе тоқсан қорытындысы бойынша ақшалай сыйлық тағайындау, еңбегі сіңген қызметкерлерді құттықтау сияқты мәселелерге байланысты көбінесе арнайы бұйрықтар беріледі.