6-жаттығу. Мәтінді оқыңыз.
Ресей сахнагерін құттықтады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев КСРО халық әртісі мәскеулік Василий Лановойдың 70 жылдық мерейтойына орай құттықтауын жолдады, - деп хабарлады Президент әкімшілігінің баспасөз қызметі.
Сіздің бірегей шығармашылық өмірбаяныңыз – жоғары өнерге қалтқысыз қызмет етудің айқын үлгісі болып табылады. Жарқын және дарынды сахнагер, төзімді де салиқалы ұстаз ретінде «Сіз тұла бойыңыздағы бар қуатты көрерменге, шәкірттеріңізге және өз халқыңызға ұсындыңыз» делінген құттықтауда. «Сіздің биік шығармашылығыңыз біздің халықтардың рухани-өнегелік құндылықтарының дамып, сақталуына және Қазақстан-Ресей мәдени ынтымақтастығының тереңдеуіне мүмкіндік туғызатынына сенімдімін» деп, атап өткен Нұрсұлтан Назарбаев Василий Лановойға шығармашылығы мен өмірінің ұзақ болуын тіледі. (ЕҚ. 17. 01. 2004ж.)
№1 Тапсырма:
Елбасы Н.Назарбаев атынан КСРО халық әртісі Василий Лановойға құттықтаухат жазыңыз.
2.Тапсырма: Мәтін мазмұнын әңгімелеңіз.
7-жаттығу. Жағдаяттар бойынша құттықтаухат жазыңыз.
Досыңызды наурыз мерекесімен құттықтаңыз.
ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевты жазушылар Одағы атынан
тәуелсіздік күнімен құттықтаңыз.
Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дің ректоры, академик
С.С.Құнанбаевты университеттің құрылғанына 65 жыл толуымен құттықтаңыз.
АНЫҚТАМА
Анықтама - белгілі бір деректі дәлелдейтін, растайтын, сипаттайтын кұжат. Ол көп жағдайда жеке адамға байланысты нақты ақпаратты растау үшін беріледі. Мысалы, тегі, туған күні, туған жері, қызмет орны, жалақысы, еңбек өтілі, отбасы жағдайы, оқу орны және тағы басқалар туралы мәліметтер. Берілетін анықтамалар нөмірленеді, егер бірнеше дана берілсе, ол да көрсетіледі. Мысалы: 124/2
Анықтама мазмұны қысқа болады. Ең алдымен жолдың ортасынан "Анықтама" деген сөз, сосын азат жолдан анықтама мәтіні жазылады.Онда анықтама кімге, не үшін берілгені және қай мекемеге берілгені көрсетіледі. Соңында анықтаманы беруші мекеме басшыларының қолы қойылып, мекеме мөрі басылады және жарамдылық мерзімі жазылады.
1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Анықтама не үшін беріледі ?
Онын құрылымы қандай болады ?
2-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.
Деректі растау, жеке адамға байланысты, ақпаратты растау, бірнеше дана, анықтама нөмірленеді, анықтама мазмұны, анықтама мәтіні, кімге берілгені, мекеме басшылары, мекеме мөрі, не үшін берілгені, мөр басылады, жарамдылық мерзімі.
Достарыңызбен бөлісу: |