Қайырлы күн! Кім боласыз ? Қандай шаруамен келдіңіз ?
Менің аты-жөнім - Мұқанғалиева Гүлсара Маратқызы. Мен "Егемен Қазақстан" газетінің тілшісімін. Кеше телефон арқылы сіздің хатшыңызбен сөйлескенмін.
Иә-иә, есімде. Кездесу сағат үшке белгіленді емес пе? Кіріңіз, отырыныз. Сонымен мен сізді тыңдап отырмын. Қандай сауалдарыңыз бар?
- Сіздің фирмаңыз және оның жетістіктері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында көп айтылып жүр ғой. Бүгін осы фирманың басшысы, негізін қалаушы ретінде өзіңіз туралы әңгімелесуге қалай қарайсыз?
Мен қарсы емеспін. Сұраңыз.
Жақсы, онда бірінші сауал — сіз қай жерде, қашан, қандай отбасында дүниеге келдіңіз ?
Туған жерім — Семей қаласы. Мен 1971 жылдың 15 қазанында дәрігерлер отбасында дүниеге келдім.
Қай жерде білім алдыңыз?
№ 12 қазақ орта мектебін бітірген соң, Алматы қаласындағы Заң университетіне оқуға түстім. Аталған университетті экономист мамандығы бойынша бітірдім. Сосын 2 жыл аспирантурада оқыдым. 1995 жылы "Қазақстанның сыртқы экономикасы" тақырыбында кандидаттық диссертация қорғадым.
Ал еңбек жолыңызды неден бастадыңыз?
Мен алғашқыда өз мамандығым бойынша 2 жыл "Арай" компаниясында жұмыс істедім. Сосын өзімнің жеке фирмамды ашу туралы шешім қабылдадым. Сөйтіп 1998 жылы "Қазмұнайгаз" фирмасы кұрылды. Содан бері осы фирманың президенті қызметін атқарып келемін.
- Отбасыңыз туралы не айтасыз?
- Әке-шешем — зейнеткерлер. Олар Семей қаласында тұрады. Отбасыммен жиі барып тұрамын. Зайыбым Ұлпан - балалар дәрігері. Үлкен ұлым Азамат 6 сыныпта ал кіші ұлым Бейбіт 4 сыныпта оқиды.
- Адам бойында қандай қасиеттерді жоғары бағалайсыз ?
- Меніңше, кез келген адам адал әрі қайырымды болуға тиіс.
- Тағы бір сұрағым: бос уақытыңызды қалай өткізесіз?
- Өзіңіз білесіз ғой, қызмет бабына қарай бос уақыт өте аз. Дегенмен мүмкіндігінше отбасыма көбірек уақыт бөлуге тырысамын. Сондай-ақ бильярд ойнағанды жөне жаттығу залына барғанды жақсы көремін.
- Сұхбатыңызға үлкен рахмет. Сау болыңыз.