5-жаттығу. Еңбек келісімінің үлгісімен танысыңыз.
Еңбек келісімі
Көкшетау қаласы 14. 04. 2006 ж.
Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген Зандары негізінде жұмыс істейтін "Дана" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі — ЖШС төрағасы Заңғар Ерланұлы, бұдан әрі қарай Жұмыс беруші деп аталады, бір жағынан, Айбар Омарұлы, бұдан әрі қарай Маман деп аталады, екінші жағынан, төмендегі мәселелер туралы осы еңбек келісіміне қол қойды.
1. Келісім нысаны
1.1. Жұмыс беруші Маманды тіркеу бөлімінің менеджер қызметіне қабылдайды.
2. Келісім мерзімі
Осы еңбек келісімі 2006 жылдың "15" ақпанынан 2008 жылдың "15" ақпанына дейін жасалды.
Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін тараптардың келісімімен ұзартылуы немесе жаңа мерзімге жасалуы мүмкін.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3.1. Маман:
- еңбек туралы заңда көрсетілген тәртіпке сәйкес осы жеке еңбек келісімін өзгертуге және бұзуға;
- еңбек келісімі бойынша жұмыс жүргізуге байланысты барлық мәжілістер мен шараларға қатысуға;
- өзінің кәсіби біліктілігін арттыруға;
- Жұмыс берушінің еңбек келісімі шарттарын орындауын
талап етуге құқылы.
3.2. Маман:
- өзінің қызметтік міндеттерін адал атқаруға;
- еңбек тәртібін және ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтауға;
- еңбек келісімінің барлық талаптары мен шарттарын толық орындауға;
- жұмыс барысында өзіне мәлім болған, коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтердің құпиялығын сақтауға міндетті.
3.3. Жұмыс беруші:
- Маманның қызметтік міндеттерін орындауын талап етуге;
- Маманның мүддесіне нұқсан келтірмей, еңбек келісімі бойынша жұмыс барысына өзгерістер енгізуге;
- Маманның жұмысына баға беруге;
- Қолданылып жүрген заңдарға, ішкі еңбек тәртібіне сәйкес тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тартуға құқылы.
3.4. Жұмыс беруші:
Маманға осы келісімге сәйкес қызмет беруге;
еңбек келісімінің барлық талаптары мен шарттарын толық орындауға;
Маманды оның қызметтік міндеттерімен, ішкі еңбек тәртібімен таныстыруға;
- мерзімінде еңбекақы төлеп тұруға;
- еңбек келісімі бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларды Маманға дер кезінде хабарлауға;
- еңбек келісімінде көрсетілген мерзімі, сапасы және көлемі бойынша Маманның жұмысын бақылауға;
- еңбек келісімінің орындалу барысына әсер ететін жағдайлар туралы Маманға хабарлауға міндетті.
4. Еңбек төлемі
4.1. Маманға 11 000 (он бір мың) теңге көлемінде еңбекақы белгіленді.
Достарыңызбен бөлісу: |