Ќазаќстан республикасы тґтенше жаєдайлар министрлігі кґкшетау техникалыќ институты


ХVІІІ ғасырдағы іс қағаздары стилінің грамматикалық ерекшеліктері



бет67/160
Дата05.02.2022
өлшемі4,21 Mb.
#23731
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   160
ХVІІІ ғасырдағы іс қағаздары стилінің грамматикалық ерекшеліктері.
ХVІІІ ғасырдағы ресми іс қағаздар тілінде тек зат, құбылыс атаулары ғана емес сын есім, етістік үстеу сөздер де араб – парсы сөздерімен берілген.
Мысалы: Атғақ – бірауыздан, ғаяндур – аян, махзун қылдыңыз – мені қапа қылдыңыз, ғадаулік қылу – жаулық қылу, офат лынды – опат болды. Шылаулардың қолданылуында біркелкілік жоқ: арабша уа, һәм шылаулары өте жиі қолданылған. Мен шылауының орнына бірлән, иле, илән шылаулары қолданылған. Шейін, дейін шылауларының орнына ше шылауы қолданылады. Мысалы, бұ уақытқа ше.
Синтаксистік құрылымының негізгі ерекшелігі – сөйлемдердің шұбалаңқы, жіктері әрең ажыратылатындай түрде келуі.
Жалпы ХVІІІ ғасырдағы ресми іс қағаздары сол кезеңдегі тілді көрсететін нұсқаға жатады. Бұл нұсқалардың құнды бір ерекшелігі – хатқа түскендігі, сондықтан да бұлар сол тұста қазақ даласында тілдің белгілі бір стилінің қандай сипатта болғанын қиналмай көрсететін материал болып табылады. Бұл кезеңдегі қазақ қоғамының әлеуметтік топтарын атайтын сөздер: хан, ханзада, қараша, (қарашы варианты да кездеседі) қара, ақ сүйек, құл, кұң, байғұс, кедей, батыр, бек. Сол кездегі билік иесін білдіретін хан сөзіне қарама – қарсы әлеуметтік топ қара, қараша, қараша халық атауларымен берілген. Ақ сүйек сөзіне антоним ретінде қара сөзі қолданылған. ХVІІІ ғасырда қазақ жерінде құл, күң ұстау, қолға түскен әскери тұтқындарды құл есебінде сату бар болғандықтан құл, күң сөздері номинативті мағынасында қолданылған.
Экономикалық жағынан тәуелді топтарды білдіретін атауларға кедей, жарлы, байғұс сөздері жатады. Қазір біз байғус сөзін сорлы, бейшара сөздерінің синонимі ретінде қолдансақ, ХVІІІ ғасырда бұл сөз әлеуметтік топтың атауын білдірген.
ХVІІІ ғасырда жазылған іс қағаздар тілінің жалпы халықтық тілінен айырмашылығы көп болды. Бұл туралы профессор М. П. Вяткин былай деп жазады: “Хандардың хаттарын жазған қазақтар емес татар молдалар – патша үкіметінің агенттері болатын… Мұнда татар элементтері басым, ал қазақ тіліне тән элементтер мүлде аз.
Орта Азия тілдеріне тән архаизмдер мен арабизмдер араласқан татар тілі хандар канцеляриясы практикасында ұзақ уақыт берік сақталып, ресми хат – хабарлардың барлығында қолданылды. Бұл тіл қазақ халқының көпшілік бұқарасына мүлде түсініксіз болды ”.
ХVІІІ ғасырда Патша үкіметі қазақ жеріне ислам дінін тарату саясатын ұстанды. Екатерина ІІ – нің 1783 жылғы указы бойынша мешіттер салынды, оған Қазан татарларының молдалары жіберілді. Олар соншама көбейіп, күшейіп, кей жерлерде жанұялық, азаматтық істерге билік айту правосына да қол сұқты. Ауылдағы оқу – ағарту ісі негізінен солардың қолдарында болды. “… ХІХ ғасырдың екінші ширегінен бастап патша үкіметі мешіт салу ісін тоқтатады. Кейін тіпті ислам діні патшаның отарлау саясатына кедергі келтіре бастайды, өйткені ислам дінінің күшейюі, қазақ арасында Орта Азия хандықтарының (оның арқа сүйер англия, Түркия мемлекеттерінің) ықпалын күшейтіп, мұсылман еместерге (“кәпірлерге”) қарсы идеологияны туғызу қаупі болғандықтан патша үкіметі әрі қарай бұл дінді қолдауды тоқтатады, тіпті христиан дінін уағыздап, қазақтарды шоқындыру ісін де ойластырады.” Осындай саяси, әлеуметтік жағдайлар қазақ тіліне, оның бір тармағы ресми іс қағаздар тіліне де әсерін тигізбей, із қалдырмай қойған жоқ.

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1. Л. Дүйсембекова. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. – Алматы: “ Ана тілі” 2001ж.


2. М. Қасымбеков. Қ. Әлімқұлов. Екі тілде іс жүргізу – Алматы. 1994 ж.
3.М. Қасымбеков. Қоғамдық – саяси терминдер мен атаулардың қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізудің және құжаттардың дұрыс толтырудың анықтама сөздігі. - Алматы . 2001ж.
4.С. Әбдіманапов. М. Жамбеков. Синхронное делопроизводство на казахском и русском языках. Атамұра – Қазақстан 1994 г.
5.Скала Б. В. Скала Н. В. Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу (мемлекеттік және ресми тілдерде іс қағаздарын жүргізудің үлгілері). Алматы. “ LEM ” 2001ж.
6. Ғ. Сапарғалиев. Заң терминдерінің түсіндірмелі сөздігі. Алматы “Жеті – жарғы”. 1995ж.
7. С. Шаталов. А. Шаталова. Правила оформления процессуальных документов. Москва. “ ИНФРА” 2001г.
8.А. Нұрмаханов. Т. Алпысбаев. Д. Қадыров. Ж. Рахимов. Терминологиялық жинақ. Алматы. 2002 ж.
9.Салагаев. В. Шалабай.Б. Іс қағаздарын жүргізу. (Составление деловых бумаг) . Алматы. «Раритет» .2003 г.
10. Ақанова.Д. Х. Алдашева. А. М. Ахметжанова. З. Қ. Қадашева. Қ. Қ. Сүлейменова. З. Д. Ресми – іскери қазақ тілі. (Грамматикалық түсінік). Алматы. «Арман». 2002 ж. І – ІІ кітап.
11. Ергазиева Н.И. «Формирование и развитие официально-деловой речи в казахском языке» автореф. Дисс. Канд. Филол.н.- Алматы, 1979г. 29 с.
12.Республика Казахстан. Закон о языках в Республике Казахстан от 11. 07.97.г. № 151-1.- Алматы: Жеті жарғы, 1997-48 с.
13.Президент РК. О расширении сферы употребления государственного языка в государственных органах. Указ №769 от 14.08.1998г.// САПП.-Алматы. 1998.- №28.- С. 60.
14.Қайдаров А.Т. Тіл тағдыры - ел тағдыры // Егемен Қазақстан.- 1998.-16 сәуір.
15.Алдашева А. Ахметжанова З. Қадашева Қ. Сүлейменова Э. Ресми іс қағаздары.- Астана. 2000. 216 б.
16.Касымбеков М. Словарь-справочник общественно - политических терминов и наименовании, ведения делопроизвоство и правильного заполнения документов на казахском языке. – Алма-Ата: Казахстан, 1992. 288 с.
17. Салагаев В. Шалабай Б. Іс қағаздарын жүргізу. Составление деловых бумаг: Учебное пособие.- Алматы: Раритет; Республиканский издательский кабинет казахской академии образования им. И. Алтынсарина, 2000. 208с.
18.Сыздықова Р. Емле және тыныс белгілері. – Алматы, 1996.
19. Салагаев В. Культура делового общения. Деловая риторика. Деловые документы: Учебное пособие. – Алматы: Раритет; Республиканский издательский кабинет Казахской академии образования им. И. Алтынсарина, 2000. 200 с.
20.Печникова Т.В., Печникова А.В. Документационное обеспечение деятельности организации. Учебное пособие. – М.: Ассоциация авторов и издателей «Тандем». Издательство ЭКМОС, 1998. 208 с.
21. Кирсанов М.В., Аксенов Ю.М. курс делопроизводства: Документационное обеспечение управления: Учебное пособие. –2-е изд. – М.: ИНФРА-М; Новосибирск: НГАЭиУ, 1998. 272 с.
22.Андреева В.И. Делопроизводство. Требования к документообороту фирмы. – М. 1996.
23.Документы и делопроизводство: Справочное пособие. – М. Экономика, 1991.
24. Кузнецова Т.В., Илюшенко М.П. Основы документоведения: Учебное пособие. – М., МГИАИ, 1988.
25. Стенюков М.В. Документы. Делопроизводство. – М.: ПРИОР,1995.
26. Деловое досье фирмы. – М.: ИВЦ Маркетинг, 1993. – 85 с.
27. Кузнецова Т.В. Делопроизводство в бухгалтерии. Практическое пособие. М. ЗАО «Бухгалтерский бюллетень», 1998. – 224 с.
28. Басаков М.И. Основы делопроизводства в вопросах и ответах: Учебное пособие. Ростов-на-Дону: «Феникс», 1997.-192с.
29. Составление и оформление служебных документов. Практическое пособие для коммерческих фирм. Под. ред. проф. Т. В. Кузнецовой. - М: ЗАО «Бизнес школа» Интел-Синтез». 1998. 192с.
30.Фриш Г.Л. Номенклатурная документация общеобразовательного учреждения.-М: УЦ «Перспективы». 1999. 160с
31.Павлюк Л.В. КиселеваТ.И. Воробьев Н.И. Справочник по делопроизводству, архивному делу и основам работы на компьютере. - СПБ: Издательский Торговый Дом «Герда», 1999. 304с.
32. Кушнаренко Н.Н. Документоведение.-К.:О-во «Знания», КОО,2001.-460с.

V Нұсқа

1- тапсырма.


а) Мекемелер мен кәсіпорындарды тексеру кезіндегі өртке қарсы қызмет инспекторларының толтыратын құжаттарының үлгісін көрсетіңіз.
ә) Болған өрттің себебінен өкіметке келтірілген шығынның мөлшерін анықтау үшін толтырылатын құжаттың үлгісін көрсетіңіз.

2 - тапсырма.


а) Өрттің шығуына байланысты қылмыстың іс қозғау құжаттарының түрлерін көрсетіңіз.
ә) Шақыру хатының үлгісін жазыңыз.

3 -тапсырма


а) Бөгде бір азаматтың автокөлігін уақытша жүргізу үшін жазылатын қолхаттың үлгісін көрсетіңіз.
ә) Хабарламахат оның жазылу ережесі.
б) Бұйрық дегеніміз не? Бұйрықты шығаруға кім құқылы.

Астана қаласы, С.Сейфуллин көшесі,


15-үй, 45 пәтерде тұратын Д. Қайратұлына




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   160




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет