Ќазаќстан республикасы тґтенше жаєдайлар министрлігі кґкшетау техникалыќ институты



бет87/160
Дата05.02.2022
өлшемі4,21 Mb.
#23731
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   160
2-жаттығу. Сұхбатпен танысыңыз
— Сәлеметсіз бе, Марат Ержанұлы ?

  • Қайырлы күн! Кім боласыз ? Қандай шаруамен келдіңіз ?

  • Менің аты-жөнім - Мұқанғалиева Гүлсара Маратқызы. Мен "Егемен Қазақстан" газетінің тілшісімін. Кеше телефон арқылы сіздің хатшыңызбен сөйлескенмін.

  • Иә-иә, есімде. Кездесу сағат үшке белгіленді емес пе? Кіріңіз, отырыныз. Сонымен мен сізді тыңдап отырмын. Қандай сауалдарыңыз бар?

— Сіздің фирмаңыз және оның жетістіктері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында көп айтылып жүр ғой. Бүгін осы фирманың басшысы, негізін қалаушы ретінде өзіңіз туралы әңгімелесуге қалай қарайсыз?

  • Мен қарсы емеспін. Сұраңыз.

  • Жақсы, онда бірінші сауал — сіз қай жерде, қашан, қандай отбасында дүниеге келдіңіз ?

  • Туған жерім — Семей қаласы. Мен 1971 жылдың 15 қазанында дәрігерлер отбасында дүниеге келдім.

  • Қай жерде білім алдыңыз?

№ 12 қазақ орта мектебін бітірген соң, Алматы қаласындағы Заң университетіне оқуға түстім. Аталған университетті экономист мамандығы бойынша бітірдім. Сосын 2 жыл аспирантурада оқыдым. 1995 жылы "Қазақстанның сыртқы экономикасы" тақырыбында кандидаттық диссертация қорғадым.

  • Ал еңбек жолыңызды неден бастадыңыз?

  • Мен алғашқыда өз мамандығым бойынша 2 жыл "Арай" компаниясында жұмыс істедім. Сосын өзімнің жеке фирмам-
    ды ашу туралы шешім қабылдадым. Сөйтіп 1998 жылы "Қазмұнайгаз" фирмасы кұрылды. Содан бері осы фирманың президенті қызметін атқарып келемін.

— Отбасыңыз туралы не айтасыз?
— Әке-шешем — зейнеткерлер. Олар Семей қаласында тұрады. Отбасыммен жиі барып тұрамын. Зайыбым Ұлпан - балалар дәрігері. Үлкен ұлым Азамат 6 сыныпта ал кіші ұлым Бейбіт 4 сыныпта оқиды.
— Адам бойында қандай қасиеттерді жоғары бағалайсыз ?
Меніңше, кез келген адам адал әрі қайырымды болуға тиіс.
- Тағы бір сұрағым: бос уақытыңызды қалай өткізесіз?
- Өзіңіз білесіз ғой, қызмет бабына қарай бос уақыт өте аз. Дегенмен мүмкіндігінше отбасыма көбірек уақыт бөлуге тырысамын. Сондай-ақ бильярд ойнағанды жөне жаттығу залына барғанды жақсы көремін.
- Сұхбатыңызға үлкен рахмет. Сау болыңыз.


3-жаттығу. Марат Ержанұлы туралы мәліметтерді кестеге толтырып, сол бойынша әңгімелеңіз



Аты - жөні



Туған жері

Туған күні, жылы, айы

Отбасы жағдайы

Білімі, бітірген оқу орындары

Жұмыс тәжіри-
бесі

Бос уақытында не істейді?

Қандай қасиеттерді бағалайды



























Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   160




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет