Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
“Сырдария ” университеті
Химия және биология факультеті
Биология кафедрасы
«Қазақстан биоресурстары» пәні бойынша «050113 және 050607» “Биология ” мамандықтарының студенттерінің білімін бақылауға арналған
ОБСӨЖ тапсырмалар мәтіні
Құрастырған аға оқытушы: Шотаева. М. Т.
Жетісай – 2009ж
Алғы сөз
«Қазақстан биоресурстары» пәні «Биология» мамандығы бойынша бакалаврлар дайындауда биологиялық пәндер ішіндегі негізгі пәндердің бірі.Тіршілік жасау үшін адамдар биоресурстарды үнемді пайдалануы керек.Соған байланысты соңғы жылдары өсімдіктер және жануарлар ресурстарын зерттеу жұмысының маңызы арта түсуде.
Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері:
Студенттерді Қазақстан өсімдіктері және жануарлары ресурстарының алуан түрлілігімен, пайдалы өсімдіктер және жануарлардың жеке топтарын және түрлерін зерттеу тарихының кезеңдерімен, сонымен қатар шикізат алу тәсілдерімен және оларды қолдану жолдарымен таныстыру
Студенттердің білуі қажет:
Пәнді игеру барысында ресми белгілі биоресурстарды және олардан алынған өнімдерді практика жүзінде пайдалануды;
Өсімдіктер мен жануарлар ресурстарын тиімді пайдалануды және қорғауды;
Шаруашылықта пайдалы өсімдіктердің және жануарлардың алуан түрлілігін, олардың экологиясын,таралуын, ресурстарын зерттеу тәсілдерін, Қазақстандағы зерттеу жұмыстарының мүмкіншіліктерін;
Биоресурстардың: 1) негізгі түрлерінің систематикадағы орнын; 2) жеке түрлерді есепке алу тәсілдерін; 3) негізгі ресурстық түрлердің биомассасын анықтау тәсілдерін:
Студенттер нені меңгеру қажет:
негізгі ресурстық түрлерді есепке алып тіркеудің әртүрлі тәсілдерін пайдалану;
негізгі ресурстық түрлерді табиғаттан алу мөлшерін анықтау;
ресурстарды қорғау және қалпына келтіру шараларын сауатты дайындау;
Студент «Қазақсатн Биоресурстары» пәнінен және басқада пәндерден біліп үйренген тәсілдерін ғылыми жұмыс жүргізгенде дұрыс пайдалана білуді практикалық әдетте дағдыға айналдыру керек. «Қазақстан Биоресурстары» пәні «Структуралық ботаникасымен», «Систематикасымен», «Зоологиямен», «Экологиямен», «Өсімдіктер биохимиясымен» және басқада биологиялық пәндермен тығыз байланысты.
Аралас пәндер тізімі: флористика, зоогеография, геоботаника, география, интродукция және т.б.
Алған білімді орнықтырып баянды ету үшін ұсынылады: Қазақстан табиғи байлықтарын (жануарлар әлемі,өсімдіктер әлемі және т.б.) туралы видеофильмдерді пайдалану. Оқу бағдарламасына сәйкес диапозитивтер (слайдтар) көрсету. Оқу бағдарламасына сәйкес мезгіл-мезгіл бақылау жұмыстарын, коллоквиумдар,тест жұмыстарын жүргізу.
Аудиториялық жұмыстар
Реферат
Бақылау жұмысы
Глосарий
Үй тапсырмасы
Коллоквиумдар,
Тест
ойындар
студент
Студент+
оқытушы
Аралық бақылау
(рейтинг
7-14 апта)
Қорытынды бақылау
(емтихан)
Кіріспе
Бақылау
Ағымдағы
(күнделікті бақылау)
Студенттердің білімін бақылау объективті бағалауды,бақылауды ұйымдастыру-студенттің өзіне деген сенімділігін, жауапкершілігін,пәнді меңгеруіндегі белсенділігін арттырады.
Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстарының дайындық деңгейін, білімін бақылауға “Қазақстан биоресурстары” тестілік тапсырмалар, глоссарий сұрақтары, рефераттар тапсырмалары дайындалған.
МАЗМҰНЫ
Алғы сөз
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар
Бірінші рейтинг бақылау ( 1-7 апта)
3.1. Қазақстанның шикізат өсімдіктері.
Мақтаның өсіп-жетілуі мен пісіп жетілуінің негізгі факторларына қойылатын талаптар.
3.2. Шикізат өсімдіктердің негізгі топтары. Дәрілік өсімдіктер.
3.3. Дәрілік өсімдіктер.
3.4. Тропика мен Субтропикада өсетін дәрілік өсімдіктер.
3.5. Дәрілік өсімдіктер.Жантақ
3.6. Дәрілік өсімдіктер. Емен
3.7. Шипалы жеміс- жидектер. Бүлдірген.
3.8. Болашағы бар дәрілік өсімдіктер.
3.9. Дәрілік өсімдіктерді пайдаланатын бөліктері, дайындау кептіру.
3.10. Дәрілік өсімдіктерді жинау.
3.11. Дәрілік өсімдіктерден дайындалатын қоспалар.
3.12. Эфир майлы өсімдіктер.
3.13. Татымды өсімдіктер жайлы түсінік.
3.14. Қазақстанның татымды (хош иісті) өсімдіктері
3.15. Қазақстанның витаминді өсімдіктері.
3.16. Витаминді өсімдіктер. Қызылша.
3.17. Белокты өсімдіктер
3.18. Жабайы өсімдіктер.
3.19. Арам шөтер
3.20. Қазақстанның Қызыл кітапқа енген өсімдіктер.
3.21. Су омыртқасыздар. Тянь -Шаньда кездесетін омыртқасыздар.
Екінші рейтинг бақылау ( 8 - 15 апта)
4.1. Су омыртқасыздар. Су қоймаларында кездесетін омыртқасыздар.
4.2. Су омыртқасыздар. Шөл мен шөлейт омыртқасыздар.
4.3. Су омыртқасыздар. Қазақстанда жойылып бара жатқан балықтар
4.4. Қызыл кітапқа енген балықтар.
4.5. Балықтар. Майшабақ тәрізділер.
4.6. Қазақстанның су жануарлары.
4.7. Қазақстанның су жануарлары. Жанат.
4.8. Қосмекенділер.
4.9. Қазақстандағы жер бетіндегі негізгі биоресурстар. Жер бетіндегі омыртқасыздар.
4.10. Тянь -Шаньда кездесетін бауырмен жорғалаушылар.
4.11. Бауырмен жорғалаушылар. Сары жылан.
4.12. Тауларда кездесетін құстар.
4.13. Тянь -Шаньда кездесетін Құстар.
4.14. Алтай тауларында кездесетін Құстар.
4.15. Су қоймаларында кездесетін. Сүтқоректілер.
4.16. Тянь – Шань тауында кездесетін Сүтқоректілер.
4.17. Алтайда тауларында кездесетін Сүтқоректілер.
4.18. Қызыл кітапқа енген сүтқоректілер.Азия жалпақ құлақты жарқанаты.
4.19. Қазақстанның терісі бағалы және аңшылыққа жарайтын аңдар. Жабайы мысықтар.
4.20. Терісі бағалы аңдар. Қояндар.
4.21. Терісі бағалы аңдар. Кемірушілер.
4.22. Терісі бағалы аңдар. Саршұнақтар.
4.23. Терісінен басқа өнімдер алынатын жабайы хайуанаттар.
4.24. Наурызым мемлекеттік қорығы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Сырдария» университеті
Достарыңызбен бөлісу: |