Ќазаќстан республикасы


Халықаралық экономика теориясының пәні



бет2/4
Дата31.01.2022
өлшемі68 Kb.
#116664
1   2   3   4
Байланысты:
XE 1

Халықаралық экономика теориясының пәні халықаралық айналымдағы тауарлар мен өндіріс факторларына сұраныс және ұсыныстың қалыптасу заңдылықтары болып табылады.

Халықаралық экономика (international economics) — тауарлармен халықаралық алмасу, өндіріс факторлары қозғалысы және халықаралық экономикалық саясатты қаржыландыру және қалыптастыру мемлекеттік шаруашылық жүргізуші субъектілердің әрекеттесу заңдылықтарын зерттейтің, нарықтық экономика теориясының бөлігі.

Сондықтан, халықаралық экономика негізін білмей кәсіпорын мен фирманың сыртқы экономикалық қызметін ұйымдастырудың ерекшелігін анықтау, олардың сыртқы экономикалық байланыстарын басқару саласындағы дұрыс шешімді қабылдау мүмкін емес.

Халықаралық экономика құрамына халықаралық меншік қатынастары мен ұйымдарды жатқызуға болады. Олардың негізгі нысаны – халықаралық сауда.

Қазіргі әлемде тауарлардың барлық түрлерін өндіру, өндіріс факторларының барлық типтерін құру және жетілдіру сияқты бірде бір елдің қолынан келмейді. Халықаралық экономика барлық елдер мүддесінде осы мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін механизм болып табылады.

Халықаралық экономиканың белгілері болып табылады:

1) халықаралық сауда негізінде тауарлар айырбасының дамыған сферасы;

2) өндіріс факторларының халықаралық қозғалысының дамыған сферасы;

3) бірнеше елдерде орналасқан кәсіпорындардағы өндірістің халықаралық формалары;

4) тауарлардың халықаралық қозғалысын, не өндіріс факторларының қозғалысын қызмет етумен байланысты емес, дербес халықаралық қаржылық сфера;

5) экономикалық дамудың тепе-теңдігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында халықаралық реттеудің ұлтаралық, мемлекетаралық және мемлекет аралық емес механизмдердің жүйесі;



6) мемлекеттердің экономикалық саясаты.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет