Ќазаќстан Республикасы



бет114/172
Дата05.02.2022
өлшемі2,85 Mb.
#26253
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   172
8.12 Мұхтар Мағауин
1940 жылы 2 ақпанда Семей облысының Шұбартау ауданы... туған. 1962 жылы Қазақ мемлекеттік университеті... филология факультеті..., 1965 жылы оның аспирантурасы... бітірген.
Еңбек жолын 1965 жылы бастады. «Қазақ әдебиеті» газетi... бөлім меңгерушiсi, 1967-1971 жылдары «Жазушы» баспасы... бас редактор... орынбасары, Қазақ КСР Ғылым академиясының М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты... аға ғылыми қызметкер болып iстеген, Мәскеуде М. Горький атындағы Әдебиет институты... қазақ фольклоры мен қазақ әдебиетi тарихы бойынша арнайы лекциялық курстар жүргiздi. 1984-1986 жылдары «Жазушы» баспасы... бас редакторы. 1988 жыл... берi «Жұлдыз» журналы... бас редакторы.
Баспасөз бетi... алғаш рет 1959 жылы көрiндi. «Қобыз сарыны» атты ғылыми монографиясы жарық көрген (1968). «Көк мұнар» (роман, 1972), «Бiр атаның балалары», «Көк мұнар» (повестер мен әңгiмелер), «Аласапыран» (тарихи роман-диология, 1980-1982), «Шақан Шерi» (роман), «Мен» (ғұмырбаяндық роман-хамса), «Ұлтсыздану ұраны» (мақалалар) және тағы басқа кiтаптары жарық көрген.
2002 жылы он үш томдық шығармалар жинағы басылып шықты. Көптеген шығармалар... орыс тiлi... аударылған. Қазақстанның Халық жазушысы.


Тапсырмалар

1. Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыздар.


2. Көп нүктенің орнына жалғауларын қосыңыздар.
3. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіздердер.
4. Мәтіннен Сіз үшін жаңа сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.
5. Қарамен берілген сөздерді формалдық белгілері арқылы қай
сөз табына жататынын анықтаңыздар.
6. Мәтіндер бойынша кез келген сөздерді (сөйлемдерді) қолданып, келесі тапсырмаларды орындаңыздар: дыбыстық талдау, морфологиялық талдау, синтаксистік талдау.
7. Мәтіннен сын есімдерді жазып алып, сапалық және қатыстық
екенін белгілеңіздер.
8. Мәтіннен зат есімдерді (қатысты сөздерімен) жазып алып, жалғауларының түрін анықтаңыздар.
9. Мәтіннен алынған келесі сөздердің синонимдерін келтіріңіздер: туу, бітіру, жарық көру, аудару, алғаш рет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет