ауыстыру– смена (в значении: поменять)
қолайлы -удобно
кеңейту – расширять, расширение
мүмкіндік – возможность
қауіпсіздік – безопасность
нығайту – укреплять, укрепление
ықпал жасау – оказывать влияние
тұсаукесер – презентация
көркею – становиться краше
аз уақыттың ішінде – за небольшое время
ықшамаудан – микрорайон
айналмақ – станет
1.14 Қазақстанның табиғаты Қазақстанның табиғат жағдайлары әр алуан. Онда гүлденген жазиралы, шетсіз-шексіз дала да, кұнарлы жер мен тамаша жайылымдар да, шөл мен тау бөктерлері де, бедерсіз қу тақыр да кездеседі.
Республиканың солтүстіктегі шеткі нүктелері Мәскеу жатқан ендікте, ал оңтүстіктегі сондай нүктелері Мадрид, Стамбұл және Баку жатқан ендікте орналасқан. Қазақстан аймағының ауқымдығына қарай ауа райы әртүрлі болып келеді. Оңтүстік аудандарда өрік гүлдеп, солтүстік аудандарда әлі де аяз тұрады.
Қазақстан аумағында қатал Сібір суығы мен аптапты Орта Азия ыстығы, тау орманы мен шөл тақырлары бірдей кездеседі. Бұл жерде мәңгі қар басқан биік таулар да, мұхит деңгейінен төмен орналасқан ойыстар да, төбелі жазық та, ұлан-ғайыр ойпаттар да бар. Осындай әр алуан бола тұра, республика жерінің 9/10 бөлігін жазықтар алып жатыр. Солтүстігі мен солтүстік-шығысында Қазақстан жеріне Батыс Сібір ойпатының оңтүстік шеті еніп жатады, оңтүстік-батысында кең Тұран ойпаты орналасқан. Қиыр батысында Каспий маңы ойпаты жайғасқан. Қазақстанның шығыс бөлігінде, солтүстігінде Қазақтың ұсақ шоқысы мен Тарбағатай жотасы және оңтүстігінде Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шань арасында Балқаш-Алакөл ойысының аласа жазығы орналасқан.
Қазақстанның жер қойнауында әлемдегі табиғи қазба байлықтардың барлық түрі (90-нан астам) орасан зор көлемде бар деуге болады. Қазақстандағы ең ірі өзендер – Ертіс, Сырдария, Іле, Есіл және Тобыл. Қазақстанның өзіне тән өсімдіктері сан-алуан, әрі бай. Мысалы, бір ғана дәрі жасайтын өсімдіктің өзі 150-ге жуық. Қазақстанда 6 мемлекеттік қорық бар. Көптеген жануарлар мен өсімдіктер өкіметтің қамқорлығында.