Ќазаќстан Республикасы


Мұхтар Әуезов (1897-1961 жж.)



бет96/172
Дата05.02.2022
өлшемі2,85 Mb.
#26253
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   172
8.3 Мұхтар Әуезов (1897-1961 жж.)
Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ ҚСР Ғылым академиясының академигі, филология ғылымының тұңғыш докторы, профессор, Қазақ ҚСР-ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Туған жері – бұрынғы Семей уезінің Шыңғыс болысы.
М.Әуезов – үлкен өмірлік, шығармашылық жолдан өткен ұлы тұлға. Оның алғашқы жиырма жылғы шағы өзінің сүйікті ақыны, әрі рухани ұстазы болған Абайдың балалық, жастық, жігіттік кезеңін еске түсіреді. Кейін оның атақты эпопеясында жазғаны да – сол дала, сондағы ауыл, сол қоғамдық орта. Атасы Әуез бен әжесі Дінасылдың тәрбиесінде болған бала Мұхтардың алғаш сауатын ашушы да атасы. Ол сол арқылы Абайдың өлеңдерін ауылдастарына оқып беретін дәрежеге жетеді. Бұдан кейін ол әуелі Семейдегі бес кластық орысша оқытатын училищені, содан соң сондағы мұғалімдік семинарияны тәмамдайды. Семинарияда жүріп өзінің тұңғыш шығармасы «Еңлік-Кебек» пьесасын жазады. Бір қыс Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетінде оқып, филология факультетінің жанындағы аспирантурада оқиды. Ұзақ зерттеп, кең тыныспен кіріскен «Абай жолы» романдарын Мұхтар он бес жылға жуық жазады.
Жазушының өзі айтқандай, «Абай» және «Абай жолы» романдарын жазу – жазушының шығармашылық өміріндегі сүйікті ісіне айналады. Абай жолы – халық жолы, халық жолы – Абай жолы. Осы бірлікті тарихи шындыққа сай асқан көркемдік шеберлікпен көрсету – Мұхтар Әуезовтың шығармашылық жеңісі еді.
Сол жеңісіне сай ол туған халқының құрметіне бөленді, өз заманының ең жоғары сыйлықтары – КСРО Мемлекеттік сыйлығы мен Лениндік сыйлықты иеленді. 1961 жылы қайтыс болғаннан кейін Үкімет қаулысымен алып, ұлы жазушының есімін мәңгі есте қалдыру мақсатымен Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институты мен Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрына Мұхтар Әуезовтың аты берілді, әдеби-мемориалдық мұражайы ашылып, бірқатар мектеп, көше және Алматының бір ауданы М.Әуезов атымен аталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет