2. Екі жақты жазу , оның мәні және маңызы Екі жақты жазу жүйесі Қайта жаңару дәуірінде пайда болды. Оның алғашқы жүйелік жазды. 1494 жылы пайда болды. (Колумб Американы ашқаннан кейін екі жылдан соң). Есептің қарапайым тәсілі шаруашылық қызметтің даму дәрежесіне сәйкес келе алмады. Сондықтан да ХV ғасыр соңында итальяндық ғалым-математик Лука Пачоли есептің жаңа жүйесін – екі жақты бухгалтерияны жасап шығаруы кездейсоқтық емес.
Екі жақты жазу жүйесі қосарлық принципке негізделген. Өйткені, барлық экономикалық құбылыстар екі аспектіден құралады: көбею мен азаю, пайда болу мен жоғалу, бұлар бірін-бірі толықтырып тұрады.
Екі жақты жазу жүйесінде іс жүзіндегі шаруашылық операциялар екі тіркеледі: бір шоттың дебеті, екінші шоттың кредиті бойынша; дебеттің жалпы сомасы кредиттің жалпы сомасын теңестіреді. Сондықтан да баланстың активінің жиыны пассив жиынына тең.
Шаруашылық операцияға қатысатын шоттар корреспонденттелетін шоттар деп аталады. Шаруашылық операцияны шоттарға жазу бухгалтерлік жазба (проводка) деп аталады.
Екі бухгалтерлік жазбада екі шоттың балансы болса қарапайым жазба, ал, бірнеше шот қатысатын болса, күрделі жазба деп аталады.
Бухгалтерлік есеп шоттарындағы есептелетін шаруашылық операциялар көлеміне байланысты шоттар синтетикалық (жалпылаушы) және аналитикалық (талдамалы) болып бөлінеді.
Синтетикалық шоттар деп қаржылардың біртекті топтары мен олардың қайнар көздері жекелеген элементтерге бөлінбей, жинақталған көрсеткіштерде есептелетін, есеп жалпылама және құндық бейнеде ғана есептелетін шоттарды атайды.
Талдамалы шоттардеп синтетикалық шоттардың мазмұнын бөлшектеп, даралап, детальді түрде есепке алатын шоттарды атайды. Олар қаржылардың, қайнар көздердің жекелеген түрлерін бейнелейді. Талдамалық шоттарда тек құндық өлшемдер ғана емес, табиғи өлшемдер де қолданылады. Талдамалық шоттарды субъект өзінің қаржылық есеп берушілігін толығырақ ашу үшін өзі анықтайды.
Ағымдағы бухгалтерлік есеп мәліметтерін жалпылау үшін синтетикалық және аналитикалық шоттар бойынша айналым ведомості құрылады. Синтетикалық шоттар бойынша айналым ведомостінің түрі келесідей:
Шот номері
Бастапқы қалдық
Ай ішіндегі айналым
Соңғы қалдық
дебет
Кредит
Дебет
кредит
дебет
кредит
Айналым ведомостінде үш теңдік болады: бастапқы қалдықтың дебеті мен кредиті, айналымның дебеті мен кредиті және соңғы қалдықтың дебеті мен кредиті. Бұл үш теңдіктің болуы шаруашылық операциялардың шоттарда көрсетілуінің дұрыстығын білдіреді.
Синтетикалық және аналитикалық есептің теңдігі аналитикалық шоттар бойынша айналым ведомостін құру және оның жиындарын сәйкес синтетикалық шоттардың жиындарымен өзара салыстыру арқылы анықталады.