Өнімдерді сату мен қызметтер көрсетуден түскен кіріс
010
Сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны
020
Жалпы пайда (бет 010- бет 020)
030
Қаржыландырудан түскен кірістер
040
Өзге де кірістер
050
Өнімдерді сату мен қызметтер көрсетуге арналған шығыстар
060
Әкімшілік шығыстар
070
Қаржыландыруға арналған шығыстар
080
Өзге де шығыстар
090
Үлес қосу әдісімен есептелетін ұйымдардың пайдасының/залалының үлесі
100
Жалғасатын қызмет кезеңіндегі пайда (залал) (бет 030+бет 040+бет 050- бет 060 – бет 070 – бет 080 - бет 090+/- бет 100)
110
Тоқтатылған қызметтен түскен пайда (залал)
120
Салық салғанға дейінгі пайда (залал) (бет 110+/-бет 120)
130
Корпоративтік табыс салығы бойынша залалдар
140
Аздық үлесті шегергенге дейінгі кезеңдегі жиынтық пайда (залал) (бет 130- бет 140)
150
аздық үлесі
160
Кезеңдегі жиынтық пайда (залал) (бет 150- бет 160)
170
Акцияға арналған пайда
180
4. Ақшалардың қозғалысы туралы есеп Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру – бұл ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерінің келіп құйылуы мен шығысталуы. Ақша эквиваленттеріне қысқа мерзімді қаржы инвестициялары және облигация, қазынашылық векселі және т.б. сияқты өтімді бағалы қағаздар жатады. Ақша түсімдері туралы ақпарат, біріншіден, ұйымның ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерін табу қабілеті, сондай-ақ ақша түсімдерін пайдаланудағы ұйымның мұқтажын бағалауға көмектеседі. Екіншіден, ұйымның таза активтеріндегі өзгерісті, оның қаржы құрылымын, сондай-ақ өтімділік пен төлем қабілетін бағалауға көмектеседі. Үшіншіден, әр түрлі ұйымдардағы операциялық қызмет туралы есеп берулерді салыстыруға мүмкіндік береді.
«Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» заңды тұлғаның қаржылық жағдайындағы өзгерісті бағалауға мүмкіндік береді, бұл оларды есепті кезең ішіндегі операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметі тұрғыдан алғанда қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы туралы хабарлармен қамтамасыз етеді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп субъекттің есепті жылдың ішіндегі қаржылық есебінің құрамында беріледі.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруде 3 түрге бөлінетін ақша түсімдері көрсетіледі:
негізгі қызметтен түскен ақша түсімдері;
инвестициялық қызметтен түскен ақша түсімдері;
қаржыландыру жөніндегі қызмет.
Операциядан түсетін ақша түсімдері негізінен кәсіпорынның табыс келтіретін негізгі қызметінің барысында пайда болады.
Негізгі қызмет жөнінде мысал болып табылатындар:
тауар сатудан және қызмет көрсетуден түскен ақша түсімдері;
сыйақылардың, комиссия ақысының және басқа табыстардың ақшалай түсімдері;
тауарлар мен қызметтер үшін жеткізушілерге төленген ақша төлемдері;
қызметкерлерге ақша төлемдері;
ақша төлемдері немесе табыс салығын өтеу, егер олар қаржыландыру жөніндегі қызметпен және инвестициялық қызметпен байланыссыз болса;
шарттар бойынша ақша түсімдері немесе төлемедер.
Инвестициялық қызмет – бұл ұзақ мерзімді активтердің және ақша эквиваленттеріне қатысы жоқ басқа инвестициялардың сатып алынуы немесе шығарылуы.
Инвестициялық қызметтің нәтижесінде туындаған ақша түсімдеріне мыналар мысал болып табылады:
негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және өзге де ұзақ мерзімді активтерді сатып алу, сату кезіндегі ақша төлемдері немесе түсімдері;
меншікті капиталды немесе басқа ұйымдардың қарыз міндеттемелерін, сондай-ақ бірлескен ұйымдардағы қатысу үлесін сатып алу кезіндегі ақша төлемдері немесе түсімдері;
басқа ұйымдарға аванстық төлемдер және берілетін қарыз:
басқа ұйымдарға ұсынылған аванстық төлемдерді өтеуден алынған ақша түсімдері.
Қаржыландыру жөніндегі қызмет – бұл нәтижесі меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының мөлшері мен құрамындағы өзгеріс болып табылатын қызмет.
Қаржыландыру жөніндегі қызметке мыналар мысал болып табылады:
акциялар немесе меншікті капиталдың басқа элементін шығарудан түскен ақша түсімдері;
акция сатып алған кездегі немесе меншікті акциялардың төлеп алған кездегі акционерлерге ақша төлемдері;
қамтамасыз етілмеген қарыз міндеттемелерін, займдарды, векселдерді, облигацияларды, басқа да қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді займдарды шығарудан түскен ақша түсімдері;
алынған займдарды өтеу есебіне ақша төлемдері;
қаржыландырылатын жолмен, яғни ұзақ мерзімді жалмен байланысты ақша төлемдері мен түсімдері;
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру екі әдіспен жасалады: тікелей және жанама әдіс.
Тікелей әдіске басымдылық беріледі, өйткені ол болашақ ақша түсімдерін бағалауда тиімді болатын ақпаратпен қамтамасыз етеді, ал оны жанама әдіс бере алмайды.
Тікелей әдісті қолданған кезде ақша қаражаттарының барлық түрдегі түсімдері мен олардың төлемдері туралы ақпарат екі тәсілмен алынуы мүмкін:
біріншіден, журналдар, қосымша ведомостер бойынша ұйымның есептік жазуларынан;
екіншіден, сату көлемін, сатылған өнімнің өзіндік құнын және есепті кезең ішінде тауарлы-материалдық қорларды, дебиторлық және кредиторлық берешектердегі өзгерістерді ескеріп, шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп берудегі басқа баптарды түзету жолымен;
басқа да ақшалай емес баптардан;
инвестициялық қызметтен немесе қаржыландыру жөніндегі қызметтен болағн ақша қаражаты қозғалыстарының нәтижесінде ақша әсері туындайтын басқа баптардан. Жанама әдіс бойынша операциялық қызметтен алынған ақша қаражаттарының таза түсімі таза пайданы немесе зиянды түзету жолымен анықталады. Мұндағы ескерілетіндер:
- есепті кезең ішінде тауарлы – материалдық қорлардағы және операциялық қызметтен алынған дебиторлық және кредиторлық берешектерде болған өзгерістер;
тозу, амортизация, резервтер, салықтар, бөлінбеген пайда сияқты ақшалай емес баптар;
инвестициялық қызметтен, сондай-ақ қаржыландыру жөніндегі қызметтен алынған ақша қаражаттарының қозғалысы нәтижесінде алынған ақша әсері туындайтын өзге де баптар.
Түсіндірме жазбада ұйымдағы ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерінің маңызды сомалары ашылып көрсетіледі.
Ұйымның қалауы бойынша өтімділіктің қаржы жағдайын анықтау үшін пайдаланушыларға қажетті болып табылатын қосымша ақпарат алынып көрсетіледі.