4. Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспары Шоттар жоспары деп- бухгалтерлік есеп жүйесінде қабылданып қолданылатын шоттар тізімін айтады. Бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастыру және есеп нысандары мен есептің мақсатына байланысты шоттарды топтастыру үшін, бұлардың санын цифрлармен белгілеу жүйесін бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары деп атайды.
Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
Шоттар жоспары 8 тараудан тұрады. Арнай тарауға сай топтастырылған шоттар негізінен орын алатын шаруашылық операцияларының экономикалық маңызына қарай жасалған. Активті қаражаттар мен мүліктер, міндеттемелер мен капитал және шаруашылық операцияларының экономикалық біртектілігін сақтау мақсатымен жасалған шоттар жоспарындағы мәліметтер мен көрсеткіштерге талдау жасау мүмкіндігі де қарастырылған. Шоттра жоспарының тараулары келесідей:
1.Қысқа мерзімді активтер
2.Ұзақ мерзімді активтер
3.Қысқа мерзімді міндеттемелер
4.Ұзақ мерзімді міндеттемелер
5.Капитал мен резервтер
6.Кірістер
7.Шығындар
8.Өндірістік есеп шоттары
Шоттардың Үлгі жоспары нормативтік құжат ретінде қолданылады. Шоттардың жүйеге келтірілген тізіміне қарай шаруашылық операцияларының мазмұны шоттра аралық корреспонденцияланады.