I. Операциялық қызметтен ақша қаражаттарының қозғалысы
1. Ақша қаражаттарының түсуі, барлығы
010
оның ішінде:
тауарларды сату
011
қызметтер көрсету
012
алынған аванстар
013
дивидендтер
014
өзге де түсімдер
015
2. Ақша қаражаттарының істен шығуы, барлығы
020
оның ішінде:
тауарлар мен қызметтер үшін берушілердің төлемдері
021
берілген аванстар
022
жалақы бойынша төлемдер
023
қарыздар бойынша сыйақылар төлеу
024
корпоративтік табыс салығы
025
бюджетке төленетін басқа да төлемдер
026
өзге де төлемдер
027
3. Операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының таза сомасы (бет 010 – бет 020)
030
II. Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы
1. Ақша қаражаттарының түсуі, барлығы
040
оның ішінде:
негізгі қаражатты сату
041
материалдық емес активтерді сату
042
басқа ұзақ мерзімді активтерді сату
043
қаржы активтерін сату
044
берілген қарыздарды өтеу
045
фьючерстік және форвардтық келісімшарттар, опциондар мен своптар
046
өзге де түсімдер
047
2. Ақша қаражаты мен олардың эквиваленттерінің істен шығуы, барлығы
050
оның ішінде:
негізгі қаражатты сатып алу
051
материалдық емес активтерді сатып алу
052
басқа ұзақ мерзімді активтерді сатып алу
053
қаржы активтерін сатып алу
054
басқа ұйымдарға қарыздар беру
055
фьючерстік және форвардтық келісімшарттар, опциондар мен своптар
056
өзге де төлемдер
057
3. Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражатының таза сомасы (бет 040 – бет 050)
060
III. Қаржы қызметінен түскен ақша қаражаты мен олардың эквиваленттерінің қозғалысы
1. Ақша қаражаттарының түсуі, барлығы
070
оның ішінде:
акциялардың және басқа да бағалы қағаздардың эмиссиясы
071
қарыздар алу
072
қаржыланатын жалгерлік бойынша сыйақы алу
073
өзге де түсімдер
074
2. Ақша қаражаттарының істен шығуы, барлығы
080
оның ішінде:
қарыздарды өтеу
081
меншік акцияларды сатып алу
082
дивидендтерді төлеу
083
өзгелер
084
3. Қаржылық қызметтен түскен ақша қаражаттарының таза сомасы (бет 070 – бет 080)
090
Жиыны: Ақша қаражаттарының көбеюі (+)/-азаюы
(бет 030 +/- бет 060 +/- бет 090)
Есептік кезең басындағы ақша қаражаты мен олардың эквиваленттері
Есептік кезең соңындағы ақша қаражаты мен олардың эквиваленттері
5. Меншікті капиталдың құрамындағы өзгерістер туралы есеп Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп беру ұйымның меншікті капиталының қозғалысы мен жағдайы туралы, жарияланған капиталдағы, төленбеген және қосымша төленген капиталдағы өзгерістер туралы, сонымен қатар резервтік капиталдағы және үлестірілмеген табыстың (залалдың) құрылуы туралы көрсеткіштерді қамтиды.
Резервтің немесе капиталдың әр түрі келесі баланстық теңдеу қағидасы бойынша құрылған:
Осн + По – Ио = Оск , Мұндағы, Оск – есеп беру кезеңінің басындағы әртүрлі капитал, резервтер, және қор құралдарының қалдықтары;
По – капиталдың көбеюі (есеп беру кезеңінде түскен);
Ио – капиталдың кемуі (есеп беру кезеңінде жұмсалған);
Оск - есеп беру кезеңінің басындағы әртүрлі капитал, резервтер, және қор құралдарының қалдықтары.
Құралдардың қалдығы туралы мәліметтер бухгалтерлік есепке алудың мәліметтерімен анықталады. Жалпы жағдайдағы кему мен көбеюдің жеке түрлері бойынша меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп беру мәліметтерін нақтылау қаржылық есеп беруді құру жөніндегі Әдістемелік рекомендацияда көрсетілген.
Көпшілігінде, капиталдың көбеюі (По көрсеткіші) заң орындарымен бекітілген жарияланған капиталдың, резервтік капиталдың есебінен және негізгі құралдарды, инвестицияларды және үлестірілмеген табысты (залалды) қайта бағалау есебінен пайда болады. Есеп беру жылындағы капиталдың шығындалуы (Ио көрсеткіші) сипаты кезінде төленбеген капитал есебінен болған төмендеуді және есеп беру кезеңіндегі залалдарды жеке-жеке қарастыру керек. Сонымен қатар, акция көлемінің төмендеуінен, акция номиналының азаюынан болған кемуді де жеке-жеке қарастыру керек.
Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп беру ұйым активтерінің ұйымның өз меншігін құрайтын бөлігін сипаттайды.
Меншікті капиталдың бухгалтерлік есебі, оның ұсынылуы және жіктелуі, осымен байланысты құжаттарға сілтеме белгілі бір негізгі мақсаттарға ие. Солардың аса маңыздылары:
ұйымға салынған капиталдың негізгі қайнар көздері арасындағы айырмашылықтарды көрсету және жіктеу;
толық немесе біртіндеп жою кезіндегі үлес құнына беретін әдістерді және акционерлер приоритеттеріне құқықты анықтау;
қандай да бір себептермен капиталдың үлестірілуі кездесетін заңнамалық шектеулерді анықтау;
есеп беру кезеңінің үлестірілмеген табысын үлестіру реті кездесетін қаржылық, әкімшілік, заңнамалық, келісімдік (құрылтайшылардың келісімдері) шектеулерді анықтау;
акционерлер құрамын қамти отырып, конвертирленетін құнды қағаздардың, акционерлік және басқа да келісімдердің шарты мен кепілдемесін ашу;
Есеп беруді құрудың кез-келген әдістемесі сату көрсеткіштерінің, қаржылық нәтижелердің және қорытынды бухгалтерлік баланстардың қосымша байланыстарынан тұрады.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Есеп беру дегеніміз не?
2. Қаржылық есеп берудің қандай нысандары бар?
3. Ақшаның қозғалысы туралы есепті қандай әдістер негізінде жүргізуге болады?
4. Баланстың құрылымын айтыңыз.
5. Меншікті капиталдың құрамындағы өзгерістер туралы есепте не көрсетіледі?
6. Қаржылық есеп берудің қандай элементтері бар?
7. Табыстар мен шығыстар туралы есеп қалай жасалады?
Тақырып 16. Аудиттің мәні, пәні мен әдістері Дәріс сабағының мазмұны: 1. Аудиттің мәні, пайда болуы мен дамуы. 2. Аудиттің негізгі принциптері мен функциялары.
3. Аудит пәні, объектісі және міндеттері.
4. Аудит әдістері мен әдістемелік тәсілдері.
1. Аудиттің мәні, пайда болуы мен дамуы. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында кәсіпкерлік қызметтердің жаңа түрлері пайда болды, соның бірі- аудит. Сол кездерде елімізде акционерлік қоғамдар, бірлескен кәсіпорындар, коммерциялық банктер, тағы басқаларының құрыллуы, көбеюі аудит қызметтерінің кеңеюіне және өсуіне әсер етті.
Нарық экономикасы қатынастары жағдайында шаруашылық операциялары жөніндегі шешімге келу, көпшілік жағдайда қаржы жөніндегі ақпараттарға негізделген, өйткені олар дұрыс, анық және талапқа сай болуы керек. Осылардың барлығы нарық капиталының міндетті түрде үнемді пайдалануына әсерін тигізеді, оларды бағалауға мүмкіндік жасайды және экономикалық дұрыс шешімге келуге көмектеседі. Осы ақпараттардың дұрыстығын, заңдылығын тек аудитор анықтап айта алады. Тәуелсіз аудитор клиенттерге олардың келісімі немесе шақыруы бойынша қызмет етеді. Бұл тек ақы төлеу арқылы белгіленген шарт бойынша жүргізіледі.
Дүние жүзіндегі аудиторлық жүйені құрған бірінші мемлекет Қытай болып саналады. Қытайлардың көне жазулары бойынша, біздің эрамызға дейінгі 700 жылдарда Бас аудитордың орны болған, оның негізгі міндеті өкімет чиновниктерінің тазалығына кепіл болу, өзінің міндеті бойынша өкіметтің ақшасы мен мүліктеріне пайдалануға қызмет жөнінде құқығы болған.
Кейбір деректерде аудиттің тарихы 17 ғасырда пайда болды делінген. Барлық ақпараттарды қорыта келе, аудиттің көне заманда пайда болғаны байқалады.
1773 жылы Шотландияның орталығы- Эдинбургке арналған адрестік кітапшада жеті аудиторлардың есемі айтылған. Осыған сүйене отырып, кейбір авторлар кәсіпқой аудитор батыс елдерінде , Шотландияда 19 ғасырдың ортасында пайда болды деген ұғымға келеді.
Аудиттің одан әрі дамуына 1862 жылы Британ бірлестігі жөніндегі шыққан заң әсерін тигізді. Бұл заңда бірлестіктің шоттары мен есептерін ең аз дегенде жылына бір рет аудиторлар тексеруі қажет делінген. Америка Құрама Штаттарында аудиторлық жұмыс британдықтардың әсерінен пайда болған. 1896 жылы Нью-Йорк штатының заңды орындары аудиторлық қызметті реттеу жөнінде заң жобасын қабылдаған.
Қазіргі заманда нарық экономикасы дамыған дүние жүзіндегі барлық мемлекеттерде аудит жөнінде қоғамдық институттар құрылған. Көпшілік мемлекеттерде бухгалтер-аудит жөнінде кәсіби мекемелер құрылған. Мысалы, 1880 жылы Англияда машықтанған бухгалтерлер Институты құрылған, 1887 жылы АҚШ-та дипломатиялық бухгалтерлер Институты, Германияда- аудиторлар Институты, т.б.
Аудит Қазақстан республикасында жаңадан пайда бола бастады. 1990 жылы алғашқы аудиторлық фирма ҚР министрлер Кеңесінің 15.02.1990 жылғы №60 қаулысына байланысты ҚР Қаржы Министрлігінің құрамынан «Қазақстан –аудит» атты аудиторлық орталық құрылған. 1992 жылдан бастап ол өз бетінше ірі акционерлік бірлестікке айналып, Қазақстан территориясындағы кәсіпорындар мен мекемелерге билік формасына қарамастан аудиторлық қызмет пен кеңес беру жұмыстарын атқара бастады.
Аудиторлық жұмыстың әрі қарай дамуына 18.10.1993 жылы шыққан «Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет» туралы заңы әсерін тигізді.