2. Аудиттің негізгі принциптері мен функциялары Аудиторлық қызметті жүргізу үшін, олар аудиттің негізгі принциптерін қолдануы тиіс. Өйткені бұл принциптер аудиторлық тексерудің барлық бағыттары мен жолдарын анықтауға көмектеседі.
Аудит туралы Қазақстандық бірінші “Қаржылық есеп аудитінің бағыты және жалпы принципі” стандарты бойынша негізгі принциптерге келесілер жатады: тәуелсіздік; шындық; объективтілік; ұқыптылық және кәсіби мамандылық; құпиялылық.
Аудиторлардың жұмысы стандарттың техникасына, бухгалтерлік есептің стандартына және заңға сәйкес болуы қажет.
Тәуелсіздік принципі келесілерді сақтау керек:
тексеру жөніндегі жоспардың тәуелсіздігі. Аудитор өзінің орындайтын жұмысына тексеретін кәсіпорынның басшыларының араласпауын талап етеді. Себебі, олар аудиторлық жұмысты өз ыңғайларына қарай бағыттауы мүмкін.
- тәуелсіз түрде зерттеу. Аудитор бухглтерлік регистрлерге , қарапайым жазуларға , ақпараттарға еркін пайдалануы қажет.
- тәуелсіз түрде қорытынды беру.
Осы айтылған принциптерден басқа төмендегі принциптерді пайдалануға болады: ғылымилық; нақтылық; құндылық; жылдамдық; толықтық және жүйелік; пікірлік.
Аудиттің атқаратын функциялары келесідей: эксперттік; аналитикалық; кеңес беру; өндірістік.