ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ 3
Стандарттарды құрастыру тәртібі.
Жоспар
Мемлекеттік стандарттар.
Мемлекеттік стандарттарды әзiрлеу
Стандартты құрастыру тәртібі.
1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарын республикалық стандарттау жөніндегі жоғары ұйым-Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау комитеті бекітеді. Бекіткен кезде стандарттың күшіне енетін уақыты көрсетіледі. Бекітілгеннен кейін мемлекеттік стандарттың индексі беріледі, нөмірі және бекітілген немесе қайта қаралған жылдарының соңғы екі цифрі жазылады.
2 1. Мемлекеттік стандарттарды әзiрлеу, келiсу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және оның күшiн жою тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.
1-1. Мемлекеттік стандарттар, егер Қазақстан Республикасының заңдары немесе техникалық регламенттері олар туралы нұсқауларды қамтитын болса, міндетті болып табылады
2. Мемлекеттік стандарттар:
1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң жалпы ұйымдастыру-әдiстемелiк ережелерiн белгiлейтiн, негiзге алынатын стандарттар;
2) өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң бiртектi топтарына, қажет жағдайда нақты өнiмге, көрсетiлетiн қызметке қойылатын талаптарды белгiлейтiн өнiмге, көрсетiлетiн қызметке арналған стандарттар;
3) процестерге арналған стандарттар;
4) өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi, процестердi бақылау әдiстерiне арналған стандарттар;
5) әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттар болып бөлінеді.
3. Негізге алынатын мемлекеттік стандарттарды уәкiлетті органның кәсiпорындары әзiрлейдi.
4. Шет мемлекеттердiң, халықаралық ұйымдардың нормалары мен стандарттары, көзделген мақсаттарға жету үшiн тиiмсiз немесе қолайсыз болып табылатын жағдайларды қоспағанда, олар Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарын әзiрлеу кезiнде негiз ретiнде толық немесе ішінара қолданылуы мүмкiн.
5) әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттар болып бөлінеді.
3. Негізге алынатын мемлекеттік стандарттарды уәкiлетті органның кәсiпорындары әзiрлейдi.
4. Шет мемлекеттердiң, халықаралық ұйымдардың нормалары мен стандарттары, көзделген мақсаттарға жету үшiн тиiмсiз немесе қолайсыз болып табылатын жағдайларды қоспағанда, олар Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарын әзiрлеу кезiнде негiз ретiнде толық немесе ішінара қолданылуы мүмкiн.
3 Стандартты құрастыру тәртібі «Мемлекеттік стандарттарды құрастыру тәртібі» 1.2- 2002 ҚР СТ келтірілген. Стандарт ҚР-ның мемлекеттік стандарттарының құрастырылу, келісімдеу, бекіту, мемлекеттік тіркеу, басылып шығарылу, жаңартылу (өзгерту, қайта қарау) және тоқтату тәртібін бекітеді.
Стандарт ережелері мемлекеттік басқару органдарымен, стандарттау бойынша техникалық комитеттермен, ғылыми-техникалық, инженерлік, қоғамдық ұйымдар және бірлестіктермен, ұйымдастырушылық-құқықтық формаларға, бағынушылығы мен азаматтылығына тәуелсіз мемлекеттік стандарттарды құрастыру жұмыстарына қатысатын басқа да заңды және жеке тұлғалармен қолданылуға тиісті.
Стандарт жобаларын құрастыруды ҚР-ның мемлекеттік стандарттау жоспарларының, техникалық комитет (ТК) жұмыстарының бағдарламасының (жоспарының) және стандарттарды құрастыру бойынша келісім-шарттарының тапсырмасымен сәйкес немесе өз еркімен стандарттау бойынша ТК, мемлекеттік басқару органдары, басқа да заңды және жеке тұлғалар жүзеге асырады.
Стандарттарды құрастыру кезінде ҚР-ның әрекеттегі құжаттарды: заңнамаларды, мемлекеттік стандарттау жүйесінің стандарттарын, техникалық регламенттерді, республикада қызығушылық тудыратын шет елдердің халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттарын басшылыққа алу керек.
Стандарттарды құрастыру кезінде ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық, тәжірибелік-технологиялық, жобалық жұмыстардың нәтижелері, патентті зерттеулер нәтижесі және отандық және шетел ғылымының, техника мен технологиясының жетістіктері туралы басқа да мәліметтер пайдаланылады.
Стандарттарды құрастырудың келесі тәртібі қарастырылады:
1 кезең – стандартты құрастыруды ұйымдастыру;
2 кезең- стандарт жобасын құрастыру (алғашқы редакция) және оны келісімдеу;
3 кезең – стандарт жобасының соңғы редакциясын құрастыру және бекітуге беру;
4 кезең – стандартты бекіту және мемлекеттік тіркеу;
5 кезең - стандартты басып шығару.
Ескерту: Құрастырудың түрлі кезеңдерін біріктіруге рұқсат етіледі.
Стандарттарды құрастыру, мәтіндеу, көркемдеу, мазмұндау және белгілеу ҚР СТ 1.5 – 2008 сәйкес болу керек.
Стандарттарды құрастыру алдында өкілетті орган кәсіпорнына стандарттарды құрастыру бойынша тапсырыстарды дайындап, көрсету керек. Қажет жағдайда стандарттар өз еркімен құрастырылуы мүмкін, осы кезде жұмыста қайталану (дублирование) болмас үшін құрастыру бойынша мәлімет өкілетті органға жіберілу керек.
Мемлекеттік стандарттау бойынша тапсырыстарды дайындау және көрсету, жұмыс жоспарын құрау ҚР 1.7-2003 СТ сәйкес жүргізіледі. Тапсырыста стандарттарды құрастыру қажеттілігінің негізделуі келтіріледі.
Тапсырысқа бастапқы материал ретінде стандарт жобасы немесе стандартты құрастыру бойынша техникалық тапсырма берілу керек.
Құрастырушы-ұйым стандарт жобасын құрастыруды ұйымдастырады.
Жұмыс тобы стандарт жобасын және оның түсіндірме жазбасын (записка) дайындайды.
Стандарт жобасының түсіндірме жазбасында келесі ақпарат көрсетіледі:
- сәйкес құжаттардың көрсетілуімен стандарт құрастыру негіздемесі;
- стандарттау объектісінің қысқаша сипаттамасы;
- стандарт жобасының Қазақстан республикасы заңнамасына, техникалық регламенттерге, халықаралық (аймақтық) нормаларға, стандарттарға, ережелер мен ұсыныстарға, сонымен қатар шетел мемлекеттерінің ұлттық стандарттарына сәйкестілігі туралы мәліметтер;
- стандарт жобасының стандарттау бойынша басқа нормативті құжаттармен байланысы туралы мәліметтер және олардың қайта қаралуын, өзгертілуі немесе тоқтатылуы бойынша ұсыныстар;
- стандарт жобасының пікірге жіберу және келісімдеу туралы мәліметтер;
- ақпарат көздері;
- стандарттау объектісінің патентті тазалығы туралы мәліметтер (қажет жағдайда);
- шетел аналогтарымен салыстыру туралы мәліметтер (бар болса);
Қарастыру мен бекіту үшін құрастырушы-кәсіпорын өкілетті органға стандарт жобасының соңғы шығарылымын екі данада (мемлекеттік және орыс тілдерінде) жібереді, олардың біреуі бірінші, құрастырушы-ұйымның жетекшісінің қолы қойылған бірге жіберілетін хаты бар болу керек.
Стандарт жобасына өнім үлгісі, жалпы көрінісінің сызбасы (қажет жағдайда) немесе ірі өнімнің фотосуреті және бір экземплярда келесі құжаттар бірге жіберілу керек:
- стандарт жобасына түсіндірме жазбасы;
- өкілетті орган бекіткен форма бойынша пікір туралы ақпарат;
- стандарт жобасының келісімделгенін растайтын құжаттардың түпнұсқасы;
- стандарт жобасының соңғы шығарылымын қарастыру бойынша жұмыс тобы отырысының хаттамасы (оны өткізген жағдайда);
- қабылдаушы комиссия (дегустациялық комиссия, (көркем-техникалық Кеңес) отырысының хаттамасы немесе өнімді сынау актісі (қажет болса).
Өкілетті орган стандарт жобасын қарастырып, оны бекіту, қайта құрастыруға (жөндеуге) қайтару немесе құрастырудан босату туралы шешім қабылдайды.
Мемлекеттік стандарттар Өкілетті орган қаулысымен (постановление) әрекетке енгізіледі.
Стандартты әрекетке енгізу күні оны бекіткен уақыттан бастап бір жыл өткеннен кейінгі мерзімнен ерте емес уақытта белгіленеді.
Барлық бекітілген мемлекеттік стандарттар Өкілетті орган бекіткен тәртіпте мемлекеттік стандарттардың Мемлекеттік реестріне енгізіледі.
Қажет жағдайда мемелкеттік стандарттар құрастырушы-кәсіпорынға қайта құрастыруға немесе құрастырудан босатуға қайтарылуы мүмкін.
Стандарттарды құрастырудан босату себептері болуы мүмкін:
- стандарт жобасының міндетті талаптарға, ҚР-да енгізілген стандарттар мен техникалық регламенттерге сәйкес келмеуі;
- стандартты құрастыру кезінде туындаған келіспеушіліктерді жоя алмау жағдайы;
- егер құрастырылып жатқан стандарт жобасында республика территориясында әрекетінің тоқтатылуы қарастырылмаған жағдайда әрекеттегі мемлекеттік және/немесе мемлекетаралық стандарттардың талаптары қайталанса.
Өкілетті орган бекітілген мемлекеттік стандарттар туралы ақпаратты «ҚР-ның Мемлекеттік стандарттары» (ИУ СТ РК) айлық ақпараттық көрсеткіштерде басып шығарады.
Бекітілген мемлекеттік стандарттар Өкілетті орган бекіткен тәртіп бойынша басылып, таратылады.
Стандарттардың тексерілуі мен жаңартылуы экономика, халық қажеттіліктеріне, мемлекеттің қорғаныс жағдайына және халықаралық талаптарға сәйкестілігін қамтамасыз ету мақсатымен жүзеге асырылады.
Тексеру актісі жұмыс тобының отырысында қарастырылады немесе мүдделі, ертерек стандартты келісімдеген ұйымдардың мекен-жайына жолданады. Стандартты тексеру актісі бойынша келіспеушіліктер стандарт жобасы сияқты тәртіпте шешіледі.
Тексеру актісі жұмыс тобының отырысында қарастырылады немесе мүдделі, ертерек стандартты келісімдеген ұйымдардың мекен-жайына жолданады. Стандартты тексеру актісі бойынша келіспеушіліктер стандарт жобасы сияқты тәртіпте шешіледі.
Стандартты тоқтату берілген стандарт бойынша өндірілетін өнім шығарылуы (қызмет көрсету, процестердің жүзеге асырылуы) тоқтағанда, берілген стандарт орнына стандарттау бойынша басқа нормативті құжат құрастырылғанда, сонымен қатар халықаралық стандартты тікелей қолдану кезінде жүзеге асырылады.
Стандартты тоқтату қажеттілігі туындағанда құрастырушы Өкілетті органға стандартты тоқтату туралы ұсынысты, орнына қандай құжат әрекет ететіндігі туралы ақпаратты немесе алмастырылусыз стандартты тоқтату туралы ақпаратты жолдайды.
Бақылау сұрақтары:
Стандарттарды әзірлеген кезде қандай қағидалар пайдаланылады?
Стандарттың қандай құрылымдық элементтері міндетті болып табылады?
Кестені рәсімдеу тәртібі қандай?
Графикалық материалдарды рәсімдеу тәртібі қандай?
Процесстерге арналған стандарттарда не қарастырылады?
1. Ұлттық стандарттарға жалпы сипаттама беріңіз.
2. Ұлттық стандарттың әзірлеу неше кезеңнен тұрады?
3. ТР-дің қай органы жобадағы ұлттық стандартты бекітуге құзіретті?
Достарыңызбен бөлісу: |