Ќазаќстан республикасы



бет23/27
Дата07.02.2022
өлшемі1,97 Mb.
#85575
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
ОӘҚ-HTML тілі

FRAMEBORDER – фрейм жақтауларын бөліп тұратын сызық сызады. Ол 1-ге тең болса – дөңес сызық, 0 болса – жай сызық сызылады (мәні берілмесе, келісім бойынша, 1 болып есептеледі).
FRAMESPACING – фреймдер арасындағы бос кеңістік мөлшерін пиксельмен беретін бүтін сан.
BORDER – барлық фреймдер жақтаулары сызығының қалыңды­ғын пиксельмен анықтайды. Мысалы: . Егер оның мәні 0 болса, жақтау сызығы болмайды. Бұл атрибут көрсетілмесе, келісім бойынша, оның мәні 5 болып қабыл­данады. Жалпы оның мәні бестен жоғары болғаны дұрыс, кейбір броузерлер 5-тен төменгі мәнді сызып көрсетпейді. Фреймдердің ішкі бөліктері жақтаулары да FRAMEBORDER және FRA­MESPACING атрибуттары мәнімен анықталады, яғни фрейм жасау кезінде бұларды сыртқы тәгте бір рет көрсету жеткілікті.
BORDERCOLOR атрибутының мәні стандартты түс атаула­рына не­месе түстің он алтылық жүйедегі RGB-мәндеріне сәйкес келе­ді.Мысалы:
ROWS – фрейм жолдарының пайызбен (%), пиксельмен немесе сал­ыс­тырмалы бірлікте (*) берілген биіктігін анықтайды. Мысалы, ROWS="25 %,100,*" үш көлденең орналасқан фреймдерді анықтайды, біріншісінің биіктігі – терезе ұзындығының 25 пайызы, екіншісінің биіктігі – 100 пиксель, ал үшіншісінікі – терезенің қалған бөлігі.
Төмендегі мысалда үш фреймнен тұратын терезе көрсетілген: биіктігі 100 пиксель, ені терезе енімен бірдей тақырып жазу фреймі және оның төменгі жағында екі фрейм орналасқан. Төменгі сол жақтағы фрейм терезе енінің 20 пайызын алып тұрады, оң жақтағы фрейм – терезенің қалған бөлігінде орналасқан.

SRC="heading.htm">





6.3. тәгі


тәгі жеке бір фрейм қасиеттерін анықтайды. Ол FRAMESET контейнерлік – екі жақты тәгтер ішінде орналасатын, жабылмайтын жалқы тәг болып табылады. Мысалы:

...
...

тәгтерінің саны тәгінде ашылған кадрлар санына тең болуы тиіс. Жоғарыдағы мысалда екі фрейм ашылған, бірақ әлі тәгтер атрибуттары толтырылмаған.
тәгінің фрейм қасиеттерін анықтайтын алты атрибуты бар: NAME, MARGINWIDTH, MARGINHEIGHT, SRC, NORESIZE және SCROLLING. Олардың қолданылу ережелері төмендегідей:
SCROLLING=yes|no|auto MARGINWIDTH="мәні"
MARGINHEIGHT="мәні" NORESIZE>
Барлық атрибуттарды пайдалану міндетті емес. Көбінесе тек SRC атрибуты ғана пайдаланылады.
SRC= ... осы фреймде орналасатын гипермәтіндік құжат атын, яғни фреймде көрсетілетін файлдың URL-адресін анықтайды. Үйрену кезінде бұл файл әдетте FRAMESET тәгі жазылған бумада орналасқан кәдімгі HTML құжаты болады. Мысалы,

м1.htm құжатында HTML, HEAD, BODY, т.с.с. тәгтер болуы тиіс немесе ол суреттік файл да бола алады (орман.gif). Егер SRC атрибуты көрсетілмесе, фрейм бос тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет