BGCOLORкесте торының ішкі фон түсін тағайындайды (он алтылық RGB форматындағы сан немесе ағылшын тіліндегі белгіленген түс атауы).
BORDER — бүтін сан, кесте жақтаулары сызығының пиксельмен берілген қалыңдығы. Егер BORDER берілмесе, жақтау сызықтары көрсетілмейді.
BORDERCOLOR жақтау сызықтарының түсін тағайындайды (он алтылық RGB форматындағы сан немесе ағылшын тіліндегі белгіленген түс атауы), BORDER атрибутымен бірге қолданылады.
WIDTH – кесте енін анықтайтын бүтін сан, оның мәні пиксельмен немесе пайызбен (%) беріледі.
Кесте тақырыбы
тәгімен төмендегі ережеге сәйкес беріледі:
......
Мұндағы атрибуттардың атқаратын қызметі мынадай болады.
ALIGN атрибуты кесте тақырыбын шет жақтарға туралау кезінде оның мәні LEFT, CENTER (көрсетілмесе, келісім бойынша осы мән қабылданады), RIGHT сөздерінің біріне сәйкес келуі тиіс. Ал егер ол тақырыпты вертикаль бағытта кестенің жоғарғы және төменгі жақтарына орналастыруы қажет болса, онда BOTTOM – жоғарыда (келісім бойынша осы мән қабылданады), ТОР – төменде сөздерінің бірін мән ретінде қабылдай алады.
Кесте жолы