Нөмірленген тізім элементтері сол жақтан нөмірлер арқылы белгіленіп орналасады:
1 элемент
2 элемент
3 элеменn
Анықтау тізімдері
Мұндай тізімдер алдыңғы екеуінен күрделірек, бірақ оқуға ыңғайлы болады.
Тізімдерді бірінің ішіне бірін жазып қабаттастыруға болады, бірақ мүлде көп деңгейлер жасап, бұл тәсілмен тым әуестеніп кету қажет емес екені есте болсын.
Тізімдегі бір элемент ішінде бірнеше абзацтар тұруы мүмкін. Ондай абзацтар сол жақ шеттен бірдей қашықтыққа ығысып орналасады.
Тапсырмалар: 1. Осы бөлімдегі 4-2 мысалды теріп алып, оның нәтижесін Internet Explorer-де қарап әр қатарға өз топтарыңдағы студенттер аттарын енгізу керек.
Осы бөлімдегі 4-3 мысалды алып, нәтижесін қарап, әр қатарға өз топтарыңдағы студенттер фамилиясын тізіп жазып, онан кейін қалыңдықтары және түстері әр түрлі болып келген, ұзындықтары да өзгермелі көлденең сызықтар жүргізу қажет.
Жоғарыда келтірілген 4-3 мысалды алып, нәтижесін көріп, қосымша жолдар енгізіп, инженер, дәрігер, бухгалтер мамандықтарына түсінік беріңіздер.
Қысқаша анықтама беретін 4-5 мысалды алып, нәтижесін көріп, әр жолға топ оқушыларының аттарын жазып және оларға “оқу озаты”, “дарынды бала”, “көрікті бойжеткен” сияқты қысқаша анықтамалар беріп, қосымша мінездемелер жазу қажет.
Бақылау сұрақтары Нөмірленбеген тізім тәгтері дегеніміз не?
Нөмірленетін тізім тәгтері қандай? Олардың атрибуттары ше?
Нөмірді 5 санынан бастау үшін не істеу керек?
Нөмірлерді a), b), c), … деген түрде жасауға бола ма? Болса, қалай?
Анықтау тізімдері қалай құрылады? Олар қысқаша құрыла ала ма?