Қазақстан Республикасы Заңының жобасына ТҰжырымдама заң жобасының атауы



бет2/12
Дата22.12.2023
өлшемі64,6 Kb.
#198562
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
=F5 F8O 07

2.2. Ағымдағы жағдайды талдау.
Қазақстан Республикасында ағымдағы эпидемиологиялық жағдай ішкі және сыртқы биологиялық қауіп-қатерлердің болуымен сипатталады.
Ішкі биологиялық қауіп-қатерлер Қазақстан Республикасының аумағында тарихи қалыптасқан және өте белсенді аса қауіпті инфекциялардың: оба, Қырым-Конго геморрагиялық қызбасы, бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба, кене энцефалиті, күйдіргінің топырақ ошақтары және т. б. табиғи ошақтарының болуымен негізделген.
Аса қауіпті инфекциялардың осы табиғи ошақтарындағы эпидемиялық және эпизоотиялық жағдай олардың динамикалық және бақылаусыз таралу қаупіне байланысты тұрақты бақылауды және мониторингілеуді талап етеді, себебі табиғатта осы инфекциялардың негізгі сақтаушылары мен тасымалдаушылары жабайы жануарлар (ет қоректілер және өсімдік қоректілер, құстар, кеміргіштер және басқалар) және табиғи биоценоздарда еркін қозғалатын және тұрақты және уақытша тұратын жәндіктер (масалар, кенелер, бүргелер және басқалар) болып табылады. Жүргізілген профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың елеулі көлеміне қарамастан, табиғи ошақтардың белсенділігі осы аумақтарда тұратын халық пен жануарлар арасында ауру жағдайларының жыл сайын тіркелуімен расталады.
Ішкі биологиялық қауіп-қатерлерге, сондай-ақ Қазақстанда ауыл шаруашылығы және үй жануарларына күтім жасау және жануарлардан алынатын өнімдерді тамаққа пайдалану нәтижесінде халыққа қауіп төндіретін, Денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы министрліктерінің қарамағындағы зооантропонозды (адам мен жануарларға ортақ) аурулардың (құтырма, бруцеллез, аусыл, листериоз, пастереллез, күйдіргі, құс тұмауы және т.б.) тұрақты тіркелуі жатады.
Аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтарында халықтың биологиялық қауіпсіздігін және зооантропоноздық инфекциялардан қорғауды қамтамасыз ету, жоспарлы тұрақты профилактикалық іс-шараларды жүргізу денсаулық сақтау және ветеринария жүйелерінің эпидемияға қарсы және эпизоотияға қарсы құралымдарының ұдайы әзірлігін, сондай-ақ инфекциялық аурулардың қоздырғыштарымен жұмыс істейтін зертханалардың жұмыс қабілеттілігі мен қуатын қолдауды талап етеді.
Еліміздің барлық өңірлерінде бар зертханалар өздерінің кәсіби қызметіне байланысты террористік тұрғыдан әлеуетті осал объектілер болып табылады. Аса қауіпті патогенді микроорганизмдерге қолжетімділігі бар объектілер мен персонал физикалық қорғаудың және биологиялық қауіпсіздіктің неғұрлым жоғары деңгейін талап етеді.
Әлеуетті ішкі биологиялық қауіп-қатерлерге патогенді биологиялық агенттерді депозиттеу және сақтау, микроорганизмдер коллекцияларын (бірегей қасиеттері бар штаммдар үлгілерінің қорын) құру, сондай-ақ әртүрлі меншік нысанындағы медициналық ұйымдарда, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттарының жанынан микроорганизмдер өсірінділерімен де, биологиялық материалмен де, әлеуетті жұқтырған патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істейтін клиникалық-диагностикалық және микробиологиялық зертханаларды жаппай құру жатады. Осыған байланысты зертханалардың қызметкерлері мен келушілерінің ықтимал жұқтыру қаупі, күнделікті процедураларды орындау (клиникалық үлгілерді жинау, оларды сақтау, буып-түю және тасымалдау, талдау жүргізу, жеке қорғаныш құралдарын алу, медициналық қалдықтармен жұмыс істеу) кезінде патогендерді жұмыс аймағынан тыс жерге шығару және зертханаішілік және қоршаған ортаның микробтық ластану қаупі артады.
Қазақстанның Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша қолайсыз өңірлеріндегі жұмыс тәжірибесі, Эбола қызбасының, MERS және COVID-19 пандемиясының әкеліну қаупі жағдайында эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру биоқауіпсіздік саласында жеткілікті дайындығы жоқ медицина және зертхана қызметкерлері кәсіби ортада да, қоғамда да инфекцияның таралуына ықпал етуі мүмкін.
Зертхана жағдайларында бірқатар патогендер бактериялық және вирустық аэрозольдер түрінде (Brucella spp., SARS-CoV, SARS-CoV-2 және т.б.) тарала алады, бұл зертхана қызметкерлерінің денсаулығына қосымша қауіп төндіреді.
Осы зертханалардың өндірістік қызметімен байланысты биологиялық қауіп мынадай:
- зертхана лардың қызметін жобалау және жоспарлау кезінде жиі орындалатын рәсімдерге байланысты биологиялық қауіп-қатерлерге талдау жүргізілмейді; авария жағдайына шұғыл іс-шаралар жоспарлары, персоналдың денсаулық жағдайын медициналық бақылау, жабдықты техникалық тексеру жоспарлары және т. б. жасалмайды.
- зертханалардың өндірістік қызметі процесінде биоқауіпсіздік саласында персоналды даярлауға, қорғаныш жабдықтары мен жеке қорғаныш құралдарын дұрыс пайдалануға бақылау жүргізілмейді. COVID-19 эпидемиясы кезеңінде зертханалардың қызметін бақылау жеке қорғаныш құралдарын біркелкі қолданудың жоқтығын, биологиялық материалды буып-түю және сақтау принциптері бұзылғанын көрсетті, бұл медициналық мекемелердің де, олардың зертханаларының да персоналына жұқтыру қаупін тудырады.
Патогендік биологиялық агенттермен және оларды ұстауға күдікті биоматериалдармен жұмыс істейтін зертханаларда, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан, медициналық мекемелерде штатта биологиялық қауіпсіздік жөніндегі арнайы оқытылған, тәуелсіз, әлеуметтік қорғалған маманның болуы аса қажет, оның функционалдық міндеттеріне биологиялық қауіп-қатерлерді бағалау және рәсімдердің орындалуын бақылау, персоналды қорғаныш жабдығы мен жеке қорғаныш құралдарын дұрыс пайдалануға үйрету, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің зертханалық және онымен байланысты жұмысын бақылау, аварияларды жою үшін күштер мен құралдарды дайындау және патогенді микроорганизмдердің таралуын болдырмауға бағытталған өзге де іс-шаралар кіреді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда жаңа заттар (өнімдер) өндіру үшін, ауыл шаруашылығының, өнеркәсіптің, медицинаның және т.б. қажеттіліктер үшін тірі микроорганизмдермен және (немесе) тірі организмдерден алынған генетикалық материалмен жұмыстар жүргізетін әртүрлі ведомстволық тиесілілігі мен меншік нысанындағы биотехнологиялық зертханалардың кең желісі жұмыс істейді, бұл ретте ұлттық заңнамада зертханалардың персоналы, халық және қоршаған орта үшін әлеуетті биологиялық қауіп-қатер төндіретін зертханаларға биоқауіпсіздік саласында біріздендірілген талаптар жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет