Қазақстан Республикасы Заңының жобасына ТҰжырымдама заң жобасының атауы



бет4/12
Дата22.12.2023
өлшемі64,6 Kb.
#198562
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
=F5 F8O 07

2.3. Реттеу.
Әлемдік саяси, экономикалық, өнеркәсіптік, көші-қон, эпидемиялық процестердің жаһандануы, биотехнологияның дамуы және биологиялық терроризмнің күрт өсуі мемлекеттердің биологиялық қауіпсіздік жүйелерін уақтылы жетілдіру қажеттілігін талап етеді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелері нақты биологиялық тәуекелдердің туындау қаупі кезінде әрдайым барабар және үйлестірілмеген қажетті іс-шараларды жүргізуге арналған құралдар мен әдістер кешені түрінде биологиялық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимылдың белгілі бір әлеуетіне ие.
Қауіпті биологиялық жағдайдың дамуы кезіндегі ықтимал ауқымдар, уақыт шектері, әлеуетті және нақты шығындар елдің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірыңғай ұйымдық құрылымын құруды табандылықпен талап етеді. Бұл құрылым қысқа мерзімде іс-шаралардың басым тізбесін алдын ала іске асыруға тиіс.
Осыған байланысты ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің 2020 жылғы 20 ақпандағы шешімімен Денсаулық сақтау министрлігіне биологиялық қауіпсіздік саласындағы жүйелік бақылауды ұйымдастыру жөніндегі өкілеттіктерді жүктей отырып, биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның функциялары берілді.
Осы өкілеттіктердің шеңберінде Министрлік жүзеге асыратын заңнамалық базаны әзірлеу және жетілдіру биологиялық қауіп-қатерлердің туындауына қарсы іс-қимыл жасау, халықты қорғауды және қоршаған ортаны қорғауды ұйымдастыру, сондай-ақ қауіпті биологиялық факторлардың әсер ету салдарларын жою үшін мүдделі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы негізінде жұмыс істейтін өзара байланысты шаралар жүйесі ретінде биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін кешенді реттеудің болмауын еңсеру мақсатында қажет.
Осы жұмыстың шеңберінде микроорганизмдер коллекцияларын (депозитарийлерін) есепке алу, сақтау, олармен жұмыс істеу, бақылау және мониторингілеу, өзекті (өмірге қабілетті) жағдайда ұстауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі өкілеттіктерді де, аталған бағыттардың әрқайсысы бойынша алгоритмдерді егжей-тегжейлі айқындайтын заңға тәуелді актілерді қабылдауға арналған құзыреттерді де заңнамалық тұрғыдан бекіту және пысықтау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет