АНЫҚТАМАЛАР Осы дипломдық жұмыста сәйкес анықтамалар мен аталымдар қолданылған.
Топырақ - тау жыныстарының жел қағатын қыртысының беткі қабатындағы ашық көп фазалы құрылымы мен күрделі полифункционалды құнарлығы бар жүйе. Түрлі тау жыныстардың, ағзалардың, климаттың және уақыттың кешеді функциясы болып саналады.
Топырақтың құнарлылығы - топырақ құрылысындағы ең басты функция, өсімдіктер дүниесін қажетті коректік заттармен және сумен, ал тамыр жүйесін оттекпен, жылумен, сондай - ақ қолайлы физикалық, химиялық жағдайлармен қамтамасыз ететін жүйе.
Қара шірінді - топырақ құрамындағы ең басты органикалық зат және де өсімдікке қажетті барлық қоректік заттардың ортасы.
Тыңайтқыш - ауыл шаруашылығы дақылдарынан түсетін өнімді арттыратын,сондай - ақ топырақ құнарлығын жақсартып және сақтайтын өте маңызды қоректік зат.