Қазақстан Республикасында 2010-2014 жылдарға арналған ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту бойынша бағдарламаны орындау жөніндегі 2010 жылдың І жартыжылдық анықтамасы


мақсат. Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың бәсекеге қабілетті экспортқа бағдарланған ұлттық секторын қалыптастыру



бет3/3
Дата15.09.2017
өлшемі0,66 Mb.
#32491
1   2   3

2 мақсат. Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың бәсекеге қабілетті экспортқа бағдарланған ұлттық секторын қалыптастыру.

Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және IТ-қызметтер секторын дамыту, Отандық жоғарғы технологиялық жабдықты дамыту мақсатында 2011 жылдың І жартыжылдығында әрбір тапсырма бойынша мынадай мақсатты индикаторлар мен нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар қатары жүргізілді:

1) Ақпараттық технологиялар нарығының құрылымы: ақпараттық-технологиялық қызметтердің үлесі – қызметтер, БҚ үлесі және ақпараттық-технологиялық жабдықтың үлесі –:

- қызметтер – 16,0 млрд. тг,

- БҚ үлесі – 2,7 млрд. тг,

- ақпараттық-технологиялық жабдықтың үлесі – 24,5 млрд. тг;

2) Ақпараттық технологиялар нарығының жалпы көлеміндегі қазақстандық қамтудың үлесі*;

3) Ақпараттық-технологиялық қызметтердегі қазақстандық қамтудың үлесі*.

4) IТ-нарығының көлемі – 43,2 млрд.тг;

5) IТ-нарығының жалпы көлеміндегі IТ-қызметтерінің көлемі - 16,0%;

6) IТ-нарығының жалпы көлеміндегі қорабтық (лицензиялық) БҚ-нің көлемі – 2,7%;

7) қорабтық (лицензиялық) БҚ-дің көлеміндегі қазақстандық қамтудың үлесі*.

8) IT-жабдық секторының көлемі – 24,5 млрд.тг;

9) ІТ-нарықтың жалпы көлемінде қазақстандық мазмұнның үлесі*;

10) 100 адамға арнаулы компьютерлер - Қазіргі уақытта 100 тұрғынға компьютерлер саны көрсеткіші бойынша 2011 жыл бойынша деректер ҚР СА ресми сайтында жарияланған жоқ.

Қазіргі уақытта ҚР БАМ ҚР АС бірлесіп, осы көрсеткішті есептеу үшін ақпаратты жинақтау және талдау бойынша әдістемелік ұсыныстар және бірыңғай тетіктерді қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізуде.

Сонымен бірге, осы көрсеткіштің 2004-2010 жылдардағы ақпараты http://www.stat.kz/digital/inf_obshestvo/Pages/default.aspx сілм\теме бойынша «Технологиялық дамудың деңгейі» факторы бойынша Бәсекеге қабілеттілік ғаламдық индексінің көрсеткіштері бөлімінде орналастырылған.

11) Студенттерді халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде оқыту – 602 адам (Мемлекеттік тапсырыс бойынша);

12) 2014 жылға қарай кем дегенде үш IТ-колледждерін құру және Студенттерді IТ-колледждерінде оқыту;**

13) Студенттерді IТ-колледждерінде оқыту.**


2.1 міндет «Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және IТ-қызметтер секторын дамыту» бағыты бойынша.

25-тармақ «Салалық қауымдастықтардың IТ-жобаларды іске асыруын кепілдік беру тетігін әзірлеу және енгізу» (орындаушы ҚР БАМ) орындалу мерзімі 2011 жыл.

«Зерде» АҚ осы мәселені талқылау және ұсыныстарды беру мақсатында салалық қауымдастықтардың қатысуымен мәжіліс өткізуді жоспарлауда.



34-тармақ «Экспортқа жұмыс істейтін отандық IТ-компанияларды қазақстандық кредиттерді шет мемлекеттерге ұсынғанда тапсырыстарды алу бойынша қолдау жөніндегі шараларды әзірлеу» (орындаушы ҚР БАМ) орындалу мерзімі 2010-2012 жылдар.

Осы іс-шараны орындау шеңберінде «Зерде» АҚ салалық қауымдастықтардың қатысуымен мәжіліс өткізуді жоспарлауда.



63-тармақ «Алатау» АТП АЭА-да инфрақұрылымын дамытуда ТЭО әзірлеу» (орындаушы ҚР ИЖТМ) орындалу мерзімі 2010 – 2011 жылдар.

ТЭН-ді әзірлеу 2011 жылдың ІІ жартысында жоспарланып отырғанын хабарлаймыз.

ҚР БАМ «Алатау» АЭА инфрақұрылымдық дамуына ТЭН-не ұсыныстарын ұсынды және ИЖТМ-не жолданды (2011 жылғы 1 сәуірдегі шығыс № 10-03-15/11-85-и)

64-тармақ «Алатау» АТП АЭА инфрақұрылымдық дамыту (өндірістік және тұрғын ғимараттар салу, инженерлік коммуникациялар, электрмен жабдықтау мәселелерін шешу)» (орындаушы ҚР ИЖТМ) орындалу мерзімі 2010 – 2014 жылдар.

Бұл тармақты іске асыру 63-тармақта көрсетілген іс-шара аяқталғаннан соң басталатынын хабарлаймыз.

ҚР БАМ: АТП АЭА дамыту шеңберінде «Зерде» АҚ АКТ-кластерін құру бойынша жұмысты жүргізуде.

ҚР БАМ . 2011 жылғы 16 мамырдағы №06-02-16/1809 хатпен АКТ-кластерінің құрылысы және жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша іс-шараларды қаржыландыру бойынша 2012-2014 жылдар үшін бюджеттік өтінімін ҚР Қаржы министрлігіне жолдады.

ТЭН әзірлеу және сараптамасы бойынша іс-шараларды қаржыландыру 2011 жылғы бюджетті түзету кезінде республикалық бюджеттен қаражатынан жүзеге асыру жоспарлануда.

89-тармақ «В2В, В2С жобаларының мемлекеттік емес электрондық қызметтерін іске асыруды ұйымдастыру» (орындаушы «Зерде» АҚ) орындалу мерзімі 2010 – 2014 жылдар.

Бүгінгі таңда «Зерде» АҚ қатарында құралған электрондық коммерцияны дамыту жұмыс тобы аясында тіркеу жұмыстары жүргізілуі үшін екілік штрих-кодтарды қолданатын қызметтерді ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар «Казконтент» АҚ «Қазақстан Халық банкі» АҚ және «Интервейл Казахстан» ЖШС пен бірге MyPaykz ұялы телефон арқылы төлем жүйесін ұйымдастыру жөнінде жұмыс жүргізіп жатыр.

Кіші және орта бизнестерді қолдау бағдарламасы аясында «Казконтент» АҚ интернет технологиясының мүмкіндіктері туралы консультациялық қызмет көрсету және визитка-сайттарын мен интернет-дүкендерді тегін түрде жетілдіреді.

Бүгінгі таңда 116 интернет-ресурс, оның ішінде 7 интернет-дүкен жетілдірілген.

90-тармақ «Сатуға шығарумен жаңа жобаларды іске қосу» (орындаушы «Зерде» АҚ) орындалу мерзімі 2010 – 2014 жылдар.

Set Top Box және планшеттік компьютерлерді өндіру және сату жоспарлануда. Техникалық ерекшелік келісілді және әлеуетті өндірушілердің коммерциялық ұсыныстарына талдау жасалды.



90-1-тармақ «Ақпараттық технологиялардың ғылыми-зерттеу институтын құру мәселесін қарастыру» (орындаушы «Зерде» АҚ) орындалу мерзімі 2010 – 2012 жылдар.

Ғылыми зерттеу институтының қаржылық экономикалық негіздемесі (ҒЗИ ҚЭН) бойынша.

АКТ саласында ғылыми зерттеу институтын құру үшін техникалық-экономикалық негіздеме ҚР БАМ 2011 жылғы 3 шілдедегі №06-02-16/2528-и хатпен Экономикалық даму және сауда министрлігіне және «Қазақстан мемлекеттік-жеке әріптестік орталығы» акционерлік қоғамына жолданды. Қазіргі уақытта ҚЭН Қазақстан мемлекеттік-жеке әріптестік орталығы» акционерлік қоғамымен қарастырылуда.

90-2-тармақ «Алатау» АТП АЭА аймағында АКТ-кластерінің құрылысы мәселесін қарастыру» (орындаушы «Зерде» АҚ) орындалу мерзімі 2010 – 2012 жылдар.

АКТ-кластері бойынша. АТА АЭА аумағында АКТ-кластерін құру үшін техникалық-экономикалық негіздемені 2011 жылғы бюджетті түзету кезінде Қазақстан Республикасы ЭД 004 деген бюджеттік бағдарлама есебімен жүзеге асыруды жоспарлауда. Осыған байланысты, ҚР БАМ экономикалық сараптама алу үшін ҚР ЭДСМ-не АКТ –кластері бойынша техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалық сметалық құжаттамаларын әзірлеуге инвестициялық ұсынысын 2011 жылғы 12 шілдедегі №10-03-15/2620-и хатпен жолдады.


2.2 міндет. Отандық жоғарғы технологиялық жабдықты дамыту.

36-тармақ «Отандық компьютерлік-коммуникациялық жабдықты сатып алуға кепілді тапсырыстар қалыптастыру бойынша тетіктер» (орындаушы ҚР БАМ) орындалу мерзімі 2010 – 2012 жылдар.

2011 жылғы 18 шілдеде «АТП» АЭА Басқарушы комитеті мәжілісінде ҚР БАМ мемлекеттік АКТ тапсырмасын орналастыру және біріктірудің тетігін ұсынды.

Қазіргі уақытта ҚР БАМ «Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар саласында/ мемлекеттік және жеке тапсырманы біріктірідің тетігін іске асыру мақсатында «индустриалдық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заң жобасына құқықтық нормаларды енгізу бойынша мәселе пысықталуда.

91 тармақ «Жоғары технологиялық жабдықты өндіруді ұйымдастыру» (орындаушы ҚР БАМ) орындалу мерзімі 2010 – 2014 жылдар.

Инавациялық технологияларпаркі арнайы экономикалық аймағында GPON и SeT to box жабдықтарын өндірісін жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта, «Зерде» АҚ 2011 жылдың аяғына дейін жұмыстардың басталуын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарын ұйымдастыруда.
2.3. міндеті Инфокоммуникация саласындағы білімді дамыту.

Бұл міндет бойынша 2011 жылдың І жартыжылдығында орындалынатын іс-шаралар қарастырылмаған.


* Бүгінгі таңда ИТ-саласындағы қазақстандық үлестерді анықтау кезінде қиындытар туындауда.

ИТ-саласындағы қазақстандық үлестерді анықтаудың мониторингі мәселесі бойынша келісілген шешімді анықтау мақсатында ҚР БАМ 2011 жылғы 8 шілдеде ҚР ИЖТМ, ҚР ҚМ мен «Зерде» АҚ өкілдерін шақырып жиналыс өткізді..

Осы жиналыста ҚР ҚМ-нің өкілдері тек мемлекеттік органдар бойынгша ИКТ-саласындағы қазақстандық үлестердің үлесі туралы ақпаратты ұсынуға дайын екендері туралы хабарлады. Өйткені, ұлттық холдингтер мен компаниялар бойынша, жүйені құрайтын кәсіпорныдар мен қазба байлықтарын пайдаланушылар бойынша ҚР ИЖТМ-нің «NADLoc» АҚ-мы жинайды.

Солай бола тұра, ҚР ИЖТМ-нің өкілдері осы жиналысқа қатысқан жоқ.

Осыған байланысты, сондай-ақ бұл мәселені шешудің қажеттілігін ескере келіп, ҚР БАМ-гі ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.О.Исекешовтің жетекшілігімен мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен жиналыс өткізу туралы хат дайындады. Бұл хатқа ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы 2011 жылғы 19 шілдедегі № 17-42/002-904(титул) тапсырмасымен бұл мәселені бірлесіп істеуге және келісіп шешім қабылдауды тапсырды.

ҚР БАМ-де қысқа мерзімді перспективаға арналған (1 жылға дейін) және орташа мерзімді перспективаға арналған (5 жылға дейін) қазақстандық үлестерді дамытудың Салалық жоспары бекітілді.
**«Зерде» АҚ кәсіптік мамандандыру сыныптарынан (9-11 сыныптар) және ИКТ-колледждерінен бастап,, ИКТ-ЖОО (жоғары оқу орны) және мамандардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау орталықтарын аяқтайтын ИКТ мамандарын тоқтаусыз даярлаудың Концепциясын әзірледі. Қазіргі кезде өңірлік ИКТ-колледжін Тараз қаласында ашу үшін ҚЭН (қаржы-экономикалық негіздемелері) әзірлеу аяқталуда (Қазақстан Республикасында Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған Бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жоспарға сәйкес).

ИКТ-колледжді Өскемен қаласында ашудың мүмкіндігі қаралды. 2014 жылға қарай ТКТ-колледждерді Павлодар, Атырау, Алматы, Ақтөбе қалаларында ашудың мүмкіндігін анықтау жөнінде хат дайындалды және Концепцияның жобасы сол қалалардың әкімдіктеріне жолданды.

Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ПМК – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі

ҚР ЖС - Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты

ҚР БП – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

ҚР ҰҚК – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ҚР ҰБ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі

ҚР ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

ҚР ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

ҚР ММ - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

ҚР Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ҚР БАМ – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі

ҚР ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

ҚР ЭДСМ – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі

ҚР Қорғанысмині – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

ҚР БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

ҚР Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

ҚР ӘМ – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

ҚР ҚОКМ – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

ҚР АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

ҚР ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі

ҚР МГМ – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі

ҚР ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

ҚР БҚА - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)

ҚР СА - Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі

ҚР МҚІА - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

МО - мемлекеттік органдар

ЖАО - жергілікті атқарушы органдар

«ҚИҚ» ЗТБ – «Қазақстанның Интернет Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі

«АТКҚҚ» ЗТБ – «IT-компаниялардың қазақстандық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі

ЖМО – «Қазақстан Республикасы Жобалау менеджерлерінің одағы» қауымдастығы

«ҰАТ» АҚ – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы

АТХУ – Ақпараттық технологиялардың халықаралық университеті

БНАЖ – бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйе

РМК – Республиклық мемлекеттік кәсіпорын

АКТ- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

«Зерде» АҚ – «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы

ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік

АҚ – акционерлік қоғамы

ИАЖ – интеграцияланған ақпараттық жүйе

ҒЗЖ – ғылыми-зерттеу жұмыстары

ВАК – Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы заң жобалау қызметінің мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссиясы

ДБЖ – деректерді беру желісі

БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары

«Алатау» АТП» АЭА – «Алатау» ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы

КААЖ - кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйе

ТЭН – техника-экономикалық негіздеме

ТТ – техникалық тапсырма

ҚЭН – қаржы- экономикалық негіздеме

ТжКҰ – техникалық және кәсіби ұйымдар

ХҚКО – халыққа қызмет көрсету орталығы

ЭҮ – электрондық үкімет

ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба

ATSK – цифрлық теледидардың американдық стандарты

B2B – business to business

B2C – business to citizen

CDMA – Code Division Multiple Access

CDMA 1X EV-DO - Code Division Multiple Access Evolution Data Only

DVB – Digital Video Broadcasting

LTE – Long Term Evolution

HSPA – High Speed Packet Access

NGN – Next Generation Network

WCDMA – Wideband Code Division Multiple Access

ҚҚЖП - қоғамдық қолжетімділік пункттері





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет