Қазақстан Республикасында акушерия – гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Акушериядағы деонтология. Акушериялық стационардағы аурулардың алдын алу



бет31/45
Дата12.12.2023
өлшемі157,54 Kb.
#196663
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45
Байланысты:
акушерия және гинекология емдеу ісі каз

Негізгі себептері:
1.Жамбас өлшемдерінің тарлығы;
2. Нәресте салмағының тым кіші немесе ірі болуы.
3. Жатыр ісігі.
4. Нәрестенің кемтарлығы.
5. Жатыр, жамбас түбі бұлшық еттерінің босап, жиырылу, жазылу қасиеттерінің төмендеуі.
6. Толғақтың әлсіздігі.
7. Кіндіктің қысқалығы.
8.Көп және аз сулы жүктілік.
Бастың төбесімен орнығуын тек қынаптық зерттеу арқылы анықтауға болады: үлкен және кіші еңбек бір деңгейде тұрады, бірден екі еңбекте анықталады.Жамбс қуысының кіреберіс жазықтығында сагитальді жігі көлденең, кейде қиғаш өлшемдеріне орналасады.
Биомеханизм ерекшеліктері
1. Бірінші кезең – бас шамалы шалқаяды.
2. Екінші кезең – бас кіші жамбас қуысына түсіп, ішкі бұрылысын жасайды. Жамбас түбінде бұрылыс аяқталып, үлкен еңбек шатқа, шүйде құймышаққа қарап орнығады; сагитальді жік жамбастың тік өлшеміне сәйкес келеді.
3. Үшінші кезең – бастың бүгілуі. Жыныс ернеуінен бірінші үлкен еңбек пен шеке шеті көрінеді. Маңдай және маңдай бұдырмақтары туылғаннан кейін, бас кеңсірік пен шат ернеуіне тіреліп бүгіледі – төбе бұдырмақтары туылады.
4.Төртінші кезең – бастың шалқаюы.Бас шүйде бұдырмағымен құймышаққа тіреліп шалқаяды, жыныс ернеуінен бет, иек шығады.
5. Бесінші кезең – бас сыртқы, иық ішкі бұрылысын жасап, нәресте толық туылады
Жетекші нүктесі үлкен еңбек, бекіту нүктесі екеу – кеңсірік, шүйде бұдырмағы. Бас жыныс ернеуін тік өлшемімен кесіп, жарып өтеді.
Босану ағымы
Босанудың екінші кезеңі ұзаққа созылады, нәресте гипоксиясы, жарақаттануы және аралықтың жыртылуы жиі кездеседі.

Бастың маңдаймен орнығуы сирек кездеседі.
Қынаптық зерттеуде :Маңдай жігі, үлкен еңбектің алдыңғы жиегі, қас үсті доғасы анықталады.
Биомеханизм ерекшеліктері
1.Бірінші кезең – бас шалқаяды, маңдай жігімен көлденең немесе немесе шамалы қиғаш өлшемінде орнығады.
2. Екінші кезең – бас жамбас қуысына түсіп, бетімен алға, щүйдесімен артқа қарай бұрылады, жамбас түбінде, маңдай жігі тік өлшемге сәйкес келеді.Жыныс ернеуінен маңдай, мұрын түбі, шеке шеті туылады.
3. Үшінші кезең – бас үстіңгі жақ сүйегімен шатқа тіреліп бүгіледі, жыныс ернеуінен шүйде туылады.
4. Төртінші кезең – бастың шүйдесі аралық үстіне тіреліп бас шалқаяды, бет түгел туылады.
5. Бесінші кезең – бас сыртқы, иық ішкі бұрылысынжасап нәресте толық туылады.
Жетекші нүктесі – маңдай, бекіту нүктесі екеу – шүйде бұдыры және үстіңгі жақ.Бас жыныс ернеуінен үлкен қиғаш өлшемімен кесіп жарып өтеді.
Босану ағымы
Босану ағымы өте ұзақ. Тек нәресте шала, саалмағы кішкентай болғанда ғана әйел өзі босанады. Себебі нәресте басы жыныс ернеуінен үлкен қиғаш өлшемімен туады, бұл өлшем жамбас қуысының ешқандай өлшемдеріне сәйкес келмейді.Әйелді кесар тілігі арқылы босандырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет